Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 4.1.3.1 мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және түйінді тұстарын анықтау. 4.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу, сұхбаттасын түсіну және оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру. |
Оқыту әдістері | Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, «Мақта қыз бен мысық» әдісі, «Төрт сурет, бір сөз әдісі», суреттік диктант әдісі. |
I.Сабақтың басы | Оқушылармен амандасады,түгендейді. Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді. | Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады. Назарларын сабаққа аударады. |
Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі арқылы сұралады. Оқушыларға екі сурет таратылады. Мысық суреті бар топ үй тапсырмасын айтады. Мақта қыз суреті бар топ сұрақ қояды. Оқушыларды бағалау үшін смайликтер қолданылады. Сабақ соңында жинаған смайликтеріне байланысты бағаланады. | Үй тапсырмасына жауап береді. |
Қызығушылықты ояту | «Төрт сурет, бір сөз» әдісі Суреттен не байқадыңыздар? Ендеше, бүгінгі жаңа материал: «Сүт» | Суреттерге қарап жауабын табады. |
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Суреттік диктант Сүт – молоко. Сүзбе – творог. Айран – кефир. Құрт Май – масло Қаймақ – сметана Балмұздақ – морженое Дескриптор: 2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Сүт қандай болады? 3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңда, оқы. «Ортадағы қалам» әдісі. Мынау – сүт. Мен күнде сүт ішемін. Мен сүтті жақсы көремін. Сүт сұйық болады. сүттің түсі ақ болады. Сүт денсаулыққа пайдалы, себебі сүтте пайдалы дәрумендер бар. Сұрақтар: Дескирптор: Сергіту сәті. «Қара жорға» 3-тапсырма. Диалог. Оқушылар көршілерімен берілген суреттерге қарап диалог құрастырады. Дескриптор: 4-тапсырма. Толықтырып айт. Сүт тәтті болу үшін ... қосуға болады. Берілген сөздер: қант, какао, бал, тосап. Дескирптор: 5-тапсырма. «Стикер кімде?» әдісі. Сұрақтарға жауап бер. Егер сүтке қант қосатын болсақ ... Егер сүтке какао қосатын болсақ... Егер сүтке бал қосатын болсақ ... Егер сүтке тосап қосатын болсақ ... Дескирптор: | Оқушылар тақтада 1 мин бойы көріп,естеріне сақтаған азық-түліктерді жазады. Сүт сұйық болады. Сүт ақ болады. Сүт дәмді болады. Оқушылар қаламдарын ортаға жинап, мұғалім кімнің қаламын суырып алса, сол мәтінді оқиды. Мәтін осылайша кезекпен-кезек оқылады. Сәлем, Лана! Сәлем, Ботакөз! Қарашы, менің әжем бізге құрт дайындап берді. Жеп көресің бе? Ммм, қандай дәмді. Менің де анам бүгін айраннан тәтті бәліш пісірді. Сен анаңа көмектестің бе? Иә, әрине, көмектестім. Ал әжем маған кішкене өскен соң сиыр сауып үйретемін деді. Қандай керемет! Мен де анамнан сұрап көрейін Сүт тәтті болу үшін қант қосуға болады. Сүт тәтті болу үшін какао қосуға болады. Сүт тәтті болу үшін бал қосуға болады. Сүт тәтті болу үшін тосап қосуға болады. Егер сүтке қант қосатын болсақ түсі өзгермейді, бірақ дәмі өзгереді, тәтті болады. Егер сүтке какао қосатын болсақ түсі де, дәмі де өзгереді. Егер сүтке бал қосатын болсақ түсі сәл өзгереді, дәмі өзгереді. Егер сүтке тосап қосатын болсақ түсі де, дәмі де өзгереді. |
III.Сабақтың соңы Бағалау 3 мин | Сабақ барысында алған смайликтері бойынша бағаланады. «От шашу» | Оқушылар бір-бірін бүгінгі сабаққа қатысуына байланысты бағалап, параққа жазып мұғалімге беріп, қорытынды бағаны өзі қояды. |
V.Ойтаразы 3 мин | «Алақан жылуы» әдісі. Ақ алақан – сабақтан алған жағымды эмоциям. Қара алақан – сабақтан алған жағымсыз эмоциям. | Егер сабақ ұнап, жағымды әсер алған болса, ақ алақан. Егер жағымсыз әсер болса, қара алақанға есімдерін жазып, қорапқа салады. |