Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті: | Оқушы әрекеті: |
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. | 2 мин 3мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Үй тапсырмасын «Ішіне-сыртына»әдісі бойынша тексеру.  Қайың,қарағай,емен,шырша ағаштарының жапырақтары бойынша топқа бөлу. | АКТ –ны пайдаланып сергіту сәтін жасайды. Оқушыларды бір және екіге санатып «Ішіне -сыртына» әдісі бойынша үй тапсырмасын жұппен бір-бірін тексерді. Қайың,қарағай,емен,шырша ағаштарының жапырақтарын таңдап алып,топқа бөлініп отырады. |
Білу. | 5 мин | АКТ.Қазақстан табиғаты туралы бейнефильм ұсынылады. | Көрген фильмді жұппен талдай отырып,сабақтың тақырыбып ашып мақсатын айқындайды. |
Түсіну. | 10 мин | ДЖИГСОәдісі бойынша мәтінмен жұмыс. «Тергеу» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар үлестіру: І-топ мәтін бойынша топтастыру жұмысын жүргізеді.  ІІ-топ ағаш пен пластмассаның айырмашылығын ментальды картаға түсіреді. ІІІ-топ мәтін мазмұны бойынша постерге түсіреді. ІҮ-топ табиғат туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді мысалға келтіре отырып,қорытынды жасайды. Сабаққа қажетті ресурстарды таратып беріледі. Белсенді топтарды «Жұлдызша» арқылы мадақтау. | Оқушылар өздігінен,жұппен,топпен жұмыс жасап,мәтіннің мазмұнымен танысады,талдайды. |
Қолдану. | 10 мин | ДЖИГСО.Мәтін бойынша топтардың жұмысын тыңдау. Сергіту сәтін ұйымдастыру.  | Үлкен топ алдындаберілген тапсырмаларын қорғайды. І-топ мәтін бойынша топтастыру жұмысын қорғайды. ІІ-топ ағаш пен пластмасстың айырмашылығын ментальды картаға түсіргендерін баяндайды. ІІІ-топ мәтін мазмұнын постер бойынша әңгімелейді. ІҮ-топ табиғат туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді мысалға келтіре отырып,қорытынды жасайды. Топтар бірін-бірі «Жұлдызша» әдісімен бағалайды.  Тақырыпқа байланысты мүсіндер құрайды.Топ басшысы таныстырады. |
Талдау. | 7 мин | СТО. әдісі бойынша «Керемет қорапша» жазылған түрлі деңгейдегі сұрақтар бойынша жұмыс түрлерін үлестіру. Туған жердің қасиеті оның табиғат байлығы екенін дәлелдеңдер? Мәтіннен ғұлама ақынның сөзін тауып оқып,түсіндіріңдер. Мәтінді Ататүрік сөзімен байланыстырып әңгімелеңдер. Ағаштың пайдасы мен қасиетін автор қалай түсіндірген? Ағашсыз өмір сүруге болар ма? «Стикердегі диалог» әдісі бойынша жұмыс. | СТО әдісі бойынша қорапшада жазылған сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Туған жердің қасиеті оның табиғат байлығы екенін дәлелдейді. Мәтіннен ғұлама ақынның сөзін тауып оқып,түсіндіреді. Мәтінді Ататүрік сөзімен байланыстырып әңгімелейді.. Ағаштың пайдасы мен қасиетін автор қалай түсіндіреді. Ағашсыз өмір сүруге болмайтындығы туралы өз ойларын ортаға салады. «Стикердегі» сұрақтарға топ мүшелерінің әрқайсысы бір-бір сөзден жазып, тақтаға іледі. |
Жинақтау. | 5 мин | ТжДО«Ағаш пен Былқылдық Пластмассаның айтысы » атты шағын күлдіргі мысал ойлап жазғызу. | Жазған мысалдарын жұппен тексереді.Топта талқылайды.Қызықты деген мысалды үлкен топта оқиды. |
Бағалау. | 3 мин | «БББ» әдісін қолдана отырып,қорытынды жиынтық бағаларын шығару.  | БББ» әдісі бойынша нені біледі,нені білді,нені білгісі келетінін кестеге түсіреді, көшбасшы топ мүшелерін бағалайды. |