kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру. 6 А сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Сынып: 6А

Күні: 25.02.2017ж

Пән: Информатика

Тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттермен фигураларды енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету, көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.

Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, практикалық жұмыс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:слайд, компьютер, суреттер, карточкалар, BILIMLAND.KZ портал. MS Office программалары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет, математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын түгелдеу.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу –құрал жабдықтарын тексеру.

- Оқушылардың ықылас-зейінін сабаққа аудару.

-Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден  айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.

- оқушыларды 2 топқа бөлу Кесте жіне Графика (Ол үшін жеребе арқылы қағаз алады сонда жазылған сөздерді құрастырып сол орынға отырады.

1. Кесте- тігінен орналасқан бағандар және көлденеңінен орналасқан жолдардың қиылысында пайда болған ұяшық жиыны.

2 Қарапайым графикалық элементтер салу, автофигураны енгізу, Жақтау  ішіне мәтін енгізу, мәтінге салынған суретті форматтау, Мәтінге сурет кірістіру, файлдан және Word Art объектілерін енгізу, өңдеу).

ІІ. Үй жұмысын тексеру, «Ой қозғау» сұрақтар:

1. Мәтіндік редактор дегеніміз не? (MS Word)
2. Мәтіндік редакторға кестені қалай орнатамыз?
3. Бір мезгілде бірнеше баған немесе жол қосуға бола ма?
4. Кестеге бағандар мен жолдарды қандай тәсілдермен қосуға болады?
5. Бірнеше бағанның енін бір мезгілде өзгертуге бола ма?
6. Бірден бірнеше ұяшықтағы мәтінді түзеуге бола ма?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе

Word мәтіндік процессоры енгізілген нысандары бар ұжаттар ұруға мүмкіндік береді. Суреттерді сендер графикалық редакторларда өздерін –ақ құра аласыңдар. Бірақ, дайын суреттер мен фотосуреттерді файлдан да енгізуге болады.

Суретті графикалық редактордан қалай қосатынымызды еске түсірейік. Суретті қосу үшін алмасу буферін және ашық программалар арасындағы ауысуларды (есептер тақтасымен немесе Alt+Tab батырмалар көмегімен) қолданады.

Әрекеттер реті:

  1. Экранда графикалық және мәтіндік процессорларды ашу
  2. Графикалық редакторда сурет салу
  3. Мәтіндік процессорда мәтін теру
  4. Суреттерді ерекшелеу
  5. Көшіру бұйрығын таңдау
  6. Мәтіндік процессорға ауысу
  7. Меңзерді суреттің көшірмесін алатын жерге орналастыру
  8. Кірістіру бұйрығын таңдау.

Декоративтік мәтінді кірістіру

Құжатқа Кірістіру-мәтін-WordArt  бұйрығымен қосылатын   WordArt нысаны ұжаттарыңда декоративтік мәтінмен безендіруге мүмкіндік береді.

Иллюстрацияларды кірістіру

MS Word

процессорында суретпен салынған нысандарды қосу үшін жоғарыда сипатталған тәсілден басқа арнайы бұйрықтарды да қолданады

Суретті бейнебаян коллекциясынан кірістіру

Кірістіру- иллюстрациялар-бейнебаян бұйрығы жұмыс  аймағының  оң  жағына осымша терезе шығарады. Бұл терезеде тұтынушы Түйін сөз көмегімен бейнебаянды іздейді. Кірістіру бұйрығы көмегімен немесе тінтірмен әкеліп, таңдалған бейнебаянды мәтінге қосуға болады.

Суретті файлдан кірістіру

    Егер сендердің суреттер сақталған болса, онда Кірістіру- иллюстрациялар -сурет бұйрығының көмегімен пайдалануға болады. Осы жағдайда ашылған терезеде суреті бар файлдың орналасқан жерін көрсету керек. Сендер дискідегі суреттің қайда орналасқанын білулерің керек

Фигураларды кірістіру

Құжата дайын суреттерді қосқаннан басқа, өздерің де суреттер сала аласыңдар. Бірақ кескіндер құру үшін әдетте мәтіндік процессорды пайдаланбайды. Бұл мақсаттар үшін арнайы жасалған графикалық редакторларды қолданады. Осындай редакторлардың бірімен сендер 5 – сыныпта танысқансыңдар. Ол- Microsoft Word графикалық редакторы. Paint мәтіндік процессорындағы сурет салу мүмкіндіктері не үшін қарастырылған? Құжаттарда сурет салу элементтері: шеңберлер, тікбұрыштар, сілтемелер аз кездеспейді. Әртүрлі сызбаларды сурет салу элементтері көмегімен тұрғызады. Кішкене сызба немесе график тұрғызу үшін суретті графикалық редактордан кірістірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда мәтіндік процессордың фигураларын қолданған жөн.

Фигуралар Кірісіру-Иллюстрациялар- Фигуралар бұйрығының көмегімен қосылады.

Бетті жазу нысаны графикалық нысанға мәтін қосуға мүмкіндік береді. Бетіне жазуды кез келген ерекшеленген фигураға қосуға болады. Ол үшін фигурадан шақырылған жанама мәзірде Мәтінді қосу бұйрығын таңдау жеткілікті.

ІV. Практикалық жұмыс Әр оқушыға жеке – жеке тапсырмалар таратылады. Мәтіндік редакторде сол тапсырмаларды орындайды.

V. Сергіту сәті. (1 минут) «Қыдырып қайтайық» видео қосылады оқушылар билейді.

ІV.  Жаңа тақырыпты бекіту. 

1. Кесте тобын. Жіңішке сұрақтарға Ия немесе жоқ жауапты таңдаңыз

Word құжатқа енгізуге болатын графиканың тек қана бір түрі бар

Ия

Жоқ

Сурет – бұл Word құжатына енгізуге болатын графиканың бір түрі

Ия

Жоқ

WordArt –бұл Word құжатына енгізуге болатын графиканың бір түрі

Ия

Жоқ

Word құжатына графиканы арнайы драйверсіз енгізу мүмкін емес

Ия

Жоқ

Бұл Word құжатында мәтін де, графикалық элементте болуы мүмкін

Ия

Жоқ

2. Графика тобына. Ұяшықтардағы сөздерді тартып әкелу арқылы бос жерлерді толтырыңыз

Вставить

Word

WordArt

Рисунок

Формат

Таңдалған суретті енгізу үшін оған екі рет басыңыз немесе суретті белгілеп, «Вставить» батырмасын басыңыз.

Содан кейін сурет Word құжатына енгізіледі, оны белгілесеңіз «Формат» бөлімінің көрінгенін байқайсыз.

«Формат» бөлімінде суреттің түсінің конфигурациясын, суреттің стилін, суреттің орналасуын және т.б. өзгертуге  болады.

Word құжатына сурет енгізу үшін «Вставить» бөліміне барып, «Иллюстрации» категориясындағы «Рисунок» батырмасын бассаңыз, сұхбат терезесі ашылады.

WordArt- баспа мәтінін әдемі күйге келтіретін құралдар панелі

VІ. Қорытынды.

Сабаққа жақсы қатысқан және практикалық жұмысты орындағандарына қарап оқушыларды бағалау.

Үйге: Word -  тың   графикалық    мүмкіндіктерін  пайдаланып  құттықтау және жарнама, хабарландырулар жасаңыз (әр түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдаланыңыз).


 

1. Кесте тобын. Жіңішке сұрақтарға Ия немесе жоқ жауапты таңдаңыз

Word құжатқа енгізуге болатын графиканың тек қана бір түрі бар

Ия

Жоқ

Сурет – бұл Word құжатына енгізуге болатын графиканың бір түрі

Ия

Жоқ

WordArt –бұл Word құжатына енгізуге болатын графиканың бір түрі

Ия

Жоқ

Word құжатына графиканы арнайы драйверсіз енгізу мүмкін емес

Ия

Жоқ

Бұл Word құжатында мәтін де, графикалық элементте болуы мүмкін

Ия

Жоқ

2. Графика тобына. Ұяшықтардағы сөздерді жазу арқылы бос жерлерді толтырыңыз

Вставить

Word

WordArt

Рисунок

Формат

Таңдалған суретті енгізу үшін оған екі рет басыңыз немесе суретті белгілеп, _________________ батырмасын басыңыз.

Содан кейін сурет _________________ құжатына енгізіледі, оны белгілесеңіз «Формат» бөлімінің көрінгенін байқайсыз.

_________________бөлімінде суреттің түсінің конфигурациясын, суреттің стилін, суреттің орналасуын және т.б. өзгертуге  болады.

Word құжатына сурет енгізу үшін «Вставить» бөліміне барып, «Иллюстрации» категориясындағы _________________батырмасын бассаңыз, сұхбат терезесі ашылады.

_________________баспа мәтінін әдемі күйге келтіретін құралдар панелі

Кесте- тігінен орналасқан

бағандар және         көлденеңінен орналасқан

жолдардың қиылысында        пайда болған          

ұяшық жиыны.

Қарапайым графикалық элементтер салу,

автофигураны енгізу,       

Жақтау  ішіне мәтін енгізу,

мәтінге салынған суретті форматтау,

Мәтінге сурет кірістіру,

файлдан және WordArt объектілерін енгізу,өңдеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру. 6 А сынып»

ШЖҚ«Талдықорған қалалық медицина колледжі» МҚК

















Оқу әдістемелік комплекс.



Пән: Информатика


Тақырыбы : «Слайдтарды құру және безендіру. Жан бітірімді баптау»


Мамандығы: стоматология


Курс: 3 курс










ЦӘК отырысында қаралып,

Бекітілді

ЦӘК төрайымы

Манарбекқызы А_______

«___»_______2015ж.




Оқу әдістемелік комплекстің мазмұны:



  1. Сабақтың хронокартасы

  2. Үй тапсырмасын сұрауға семантикалық картаны қолдану.

Қосымша 1

  1. Дәріс

  2. Орындау алгоритмі Қосымша2.

  3. Тәжірибелік тапсырмалар

Қосымша 3

  1. Сабақты қортындылау сұрақтары. Қосымша4.







































Сабақтың тақырыбы: Слайдтарды құру және безендіру. Жан бітірімді баптау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу. Программада жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.

тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың жаңа ақпараттың технологияларға қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың уақыты: 180

Сабақты өткізу орны: компьютер класы

Пәнішілік байланыс: Microsoft Word, Excel

Пәнаралық байланыс: Математика, физика

Сабақтың жабдықталуы: электронды дәріс, электронды оқулық

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Негізгі: В.Я. Гельман «Медицинская информатика»

  2. Энциклопедия «Персональный компьютер 2003»

  3. Самоучитель работы на персональном компьютере

  4. Е.К. Балафанов, Б.Бурибаев, А. Даулеткулов «30 уроков по информатике»


Оқушы білуі тиіс:

  • Слайдтарды құру

  • Слайдтарды безендіру

  • Сурет құралдыр үстелі


Студент істей білуі тиіс:

  • Көрмені әзірлеуді

  • Слайдтарды безендіру

  • Слайдққа өң беру

  • Жан бітірімді баптау

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 100 мин

Ү Қорытындылау – 15 мин

ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин

Сабақ барысы.



І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Жаңа сабақтың мазмұны ашу.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Семантикалық картаны қолдану.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсндіргенде қысқаша баяндаймын. Электронды оқулықты ашып гипермәтіндерді жазып алуларына тапсырма беріледі.

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Электронды оқулықтағы тапсырмалар ретін орындайды.

2. Компьютерлік технологияны қолдана отырып, өз беттерінше жұмыспен айналысу.

Ү Қорытындылау.

Сұрақтарды қолдану.

1. Жасалған нысандарды қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?

2. Кірістірілген суреттерді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?

3. Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға болады?

4. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?



ҮІ Үйге тапсырма. Компьютерлік сауаттылық юойынша оқу –әдістемелік құралы 94 бет.





































Дәріс жоспары:



  1. Слайдтарды безендіру

  2. Жан бітірімді баптау.



Слайдтарды безендіру



Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.

Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10.3-сурет). Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.

Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:

• өң түсін;

• байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;

• тақырыптың түсі мен өлшемін;

• негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;

• еренсілтеме түсін;

• өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.

Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп турады - ол мұқаба слайд емес пе!

Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады.

Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан түрады (10.4-сурет).

Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп апыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы - Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.

Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.

PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Cypem және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс - Құралдар үстелі әмірін тандаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.



Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (10.6-сурет).

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:

- недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы);

- ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);

- ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары);

- жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;

- қаріп түсін таңдау және т.б.

Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар - Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.

Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.

PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды -Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.

Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.

Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.

Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса - Штрих мәнері батырмасы қолданылады.

Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің - Сурет - Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.

Кірістіру әмірін орындаңыз (10.7-сурет).

Суретті сәл-сәл өңдеуге Сурет құралдар үстелі көмектеседі (10.8-сурет).

Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.

Дайын суретті кірістіру үшін Сурет caлy құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірісгіру мәзірінің - Сурет - Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.

WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің - Сурет - WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстермен сызықщтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру - Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.

Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді тандау керек.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командаларын орындалған соң, Слай құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батымасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады.

PowerPoint программасында презентацияларды безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Сонымен қоса жарнама роликтерін де жасай аламыз.

Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлері:

  • Дайын шаблондар арқылы безендіру.

  • Слайдтарды безендіру элементтері.

  • Слайд белгіленуі арқылы.

  • Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.

  • Фондық түстерді өзгерту арқылы.

  • Құю тәсілдерін таңдау арқылы.

  • Жеке слайдтарды безендіру.

  • Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.

  • Мәтін анимациясын таңдау арқылы.

  • Мәтін жазып, безендіру арқылы.

  • Сурет қою арқылы.

  • Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.

  • Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.



Презентациялық бағдарламада слайдпен жұмыс жасаудың 5 режимі бар.

  • Слайдтар режимі./ режим слайда/

  • Құрылымдық режим./ режим структуры/

  • Слайдтарды сұрыптау режимі./ режим сортировщика слайдов/

  • Бетке ескертпе жазу режимі./ режим страниц заметок/

  • Слайдтарды көрсету режимі./ режим показ слайдов





Қосымша 1.

Үй тапсырмасына арналған семантикалық карта.

Семантикалық карта. Төмендегі кестені толтыр. Қатар мен бағанның қиылысына дұрыс жауапқа «таңбасын қоясыз.


Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

Дұрыс жазылған ұяшықтың аумақтары

Қаріптің керекті параметрлерін тағайындау

Латын әріптерімен







Араб цифрларымен







В13:С19







Жол мен бағанның қиылысуы







Ұяшық адресі және теңдік белгісінен басталады.







Ұяшықты пішімдеу



























Қосымша2.

Сабаққа арналған орындау алгоритмі.

        1. Компьютерді іске қосу

        2. Power Point бағдарламасын іске қосу – Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Power Point.

        3. Слайдтарды безендіру:

  • Вставка –Рисунок - Слайдққа объектіні кірістіру

  • Вставка - Клип- дайын бейне клиптерді кірістіру

  • Вставка – Фигуры – әр – түрлі фигураларды кірістіреді

  • Вставка – Диаграмма- диаграмманы кірістіру

  1. Слайтқа өң беру:

  • Дизайн – Тізімнің ішінен керектісін таңдау

  • Тінтуірдің оң жақ батырмасына басу – Формат фигуры- Заливка – рисунок или текстура – Файл – Обзор – керектісін таңдау- Вставить – ОК басу.

5.Жан бітірімді баптау.

- Анимация - Эффекты анимации – керектісін таңдау.

Әр объектіге жеке – жеке – жан бітіру үшін:

  • Объектіні белгілеп алу

  • Анимация- Настройка анимации – добавить эффект - вход немесе выход – пути перемещения осылардан керектісін таңдау.

  • Просмотр командасы арқылы тексеріп көру.

  1. Дайындалған слайдтты сақтау.

























Қосымша3.

Тәжірибелік тапсырмалар:

1- тапсырма : «Менің мамандығым» атты тақырыпта бірнеше слайдтан тұратын жарнамалық презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



2- тапсырма : «Менің тобым» атты тақырыпта презентация құру.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



3- тапсырма : «Алтын ұя - колледжім» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



4- тапсырма : «Ұстазым менің, ұстазым» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік, көркем презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

б/ өлең шумақтарын пайдаланыңыз.

5- тапсырма : «Бүгінгі сабақ жайлы эссе» атты тақырыпта бір слайдтан және бірнеше сөйлемнен тұратын, өз пікіріңзді қорытындылайтын эссе презентациясын жасаңыз.

а/. Сабақ қалай өтті? Қандай әсер алдың?

ә/ Тобыдағы достарыңа не айтасың?

б/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңы, сақтаңыз.







































Қосымша4.

Сабақты қортындылау сұрақтары.

Сұрақ: Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлерін атаңдар?

Жауап: Презентациялық бағдарламада презентацияларды безендірудің бірнеше түрі бар.Мысалы..

  • Дайын шаблондар арқылы безендіру.

  • Слайдтарды безендіру элементтері.

  • Слайд белгіленуі арқылы.

  • Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.

  • Фондық түстерді өзгерту арқылы.

  • Құю тәсілдерін таңдау арқылы.

  • Жеке слайдтарды безендіру.

  • Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.

  • Мәтін анимациясын таңдау арқылы.

  • Мәтін жазып, безендіру арқылы.

  • Сурет қою арқылы.

  • Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.

  • Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру. 6 А сынып

Автор: Абдраймова Бактыгуль Акилбеккызы

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397452

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру."
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_tyn_tak_yryby_grafikalyk_ob_iektilierdi_zh_nie_korkiem_zhazulardy_kiristir"
    ["file_id"] => string(6) "397451"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1488533755"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства