kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?згерістерім тиімді болды ма

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мен ?уелде, 2 ?атар болып, бір-бірімізге ?арама-?арсы  т?рып с?лемдесуден бастай келіп, Кіріспе с?зімде: курсты? ма?сат-міндеті мен «коучинг» с?зіне то?талдым. Ал?аш?ы коучинг бол?анды?тан, 3 де?гейлік курсты? ма?сат-міндеті, 7 модуль, оны? бірі «О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер» екендігін, оны? бір т?рін б?гінгі сессиямызда ?оз?айтынымызды айттым. Сергіту с?ті, топ?а б?ліп, табыс  тілеу кезе?інде «К?кпар» ойынын: К?к серкені ?ріптесіне таста?ан кезде барлы?ымыз д??геленіп т?рып табыс, тілек   тілеу, жылы лебізді с?здерді м??алімдер ?здері 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?згерістерім тиімді болды ма»



Менің енгізген өзгерістерімнің тиімді болғанын қалай көріп түсінуге болады?

Менің өз мектебіме енгізген өзгерістерімнің тиімді болғандығын қалай көруге болады дегенге келсек, оны төмендегі коучингтер мен өткізілген сабақтардың нәтижелерінен көруге болады деп ойлаймын. Менің мақсатым: Оқытудағы жаңа тәсілдердің әріптестерімнің өз тәжірибелерінде қолданылуы және қолдау табуы болып отыр. Егер күтілетін нәтижеге келер болсақ: әріптестерім мен оқушыларымыздың қызығушылығы мен ішкі уәжінің қажеттілігінің туындауында.

1-коучингті әдістеме бірлестіктерінің жетекшілері мен секция басшыларымен өткіздім, барлығы – 15 мұғалім қатысты. Коучинг бірінші аусымнан кейін өтті. Қосымша-1.

Мен әуелде, 2 қатар болып, бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып сәлемдесуден бастай келіп, Кіріспе сөзімде: курстың мақсат-міндеті мен «коучинг» сөзіне тоқталдым. Алғашқы коучинг болғандықтан, 3 деңгейлік курстың мақсат-міндеті, 7 модуль, оның бірі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» екендігін, оның бір түрін бүгінгі сессиямызда қозғайтынымызды айттым. Сергіту сәті, топқа бөліп, табыс тілеу кезеңінде «Көкпар» ойынын: Көк серкені әріптесіне тастаған кезде барлығымыз дөңгеленіп тұрып табыс, тілек тілеу, жылы лебізді сөздерді мұғалімдер өздері ретпен айтты: сөз-А, Б, С, Д әріптерінен басталды. Осылай: А, Б, С, Д топтарына бөлдім.

Келесі мақсатым:

-Біздің еліміздің мектептерінде, түлектер үшін ҰБТ тапсырудың қажеттілігі бар ма?

-Қажеттілігі бар болса себебі қандай?

-Әлде қажетсіз деп ойлайсыз ба? Себебі?

-Біз, жаңа ғана,ҰБТ жайлы айтқанда қандай тәсілдерді қолдандық?

-Бұл әңгіменің қандай түрі деп ойлайсыздар? Неге?

Коучинг тақырыбын анықтау. Алдарына қойған мақсаттарына тоқталу.

-Сонымен, қандай тақырып бойынша сабақ болады деп ойлайсыздар?

сұрақтарға жауап бергізу жолымен тақырыпқа шығу болды.

Осылай сабақтың тақырыбын:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер екендігін анықтадық.

Сабақтың мақсатын:Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие екенін, яғни оқушылардың сапалы білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінің бірі зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі екендігін түсіну дедік. Сосын, жоспарды анықтадық:

1. Диалог,оның ішінде зерттеушілік әңгіме деген не?

2.Зерттеушілік әңгімеге байланысты зерттеу жүргізген ғалымдар

3. Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстіндегі іс-әрекет және мұғалімдер үшін маңызы

Негізгі кезеңінде: «Диалог», Зерттеушілік әңгіме сөзіне тоқтала отырып, Диалог, түрлері, оның ішінде зерттеушілік әңгіме деген не, Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? сияқты ойларын бөлісуге мұғалімдер белсене қатысты.

Менің қалауыммен:1.әр топта спикер тағайындау жүзеге асты,жасалған жұмысты «5» саны сәйкескен мұғалім қорғады. 2.әр топта 1 бақылаушы тағайындау жүзеге асты. «4» саны сәйкескен мұғалім бақылаушы болады. Бақылаушы-топ мүшелерінің қандай іс-әрекетте болғандығын жұмыстың соңында айтты. Тапсырма топтарға ортақ беріліп, топпен, Диалог,түрлері,оның ішінде зерттеушілік әңгіме, зерттеу жүргізген ғалымдар және оның мұғалімдер үшін маңызы бойынша әр топ өз ойын плакатқа түсіріп, постермен жұмыс жасады. Спикерлер сәтті қорғап шықты. Топтың әр мүшесі, өз тобынан басқа топтың жасаған жұмысын, постерді бағалады. Бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек» - Стикерге 2 ұнаған жағын, 1 өз ұсынысын жазып, басқа топтың жұмысына апарып ілді. Әріптестерім топпен бірлесіп жұмыс жасаудың тиімділігін,өз тобына басшы бола білуді, бақылай білудің, басқаның жұмысына сын көзбен қарап, жақсы жақтары мен жетіспеушіліктерін ұсыныс ретінде айтудың маңыздылығын үйренді. Ал, Бақылаушы топ мүшелерінің қандай іс-әрекет жасағандығын ауызша айтты. Мұғалімдер топта жұмыс жасауда ешкімнің қалмай, белсенді әрекет жасауына әсерлілігін түсінді. Кейбіреулері сабағымызда осыны іске асырсақ деген сөздер айтып қалды.

-Қатарға тұрғызып, сергіте,топты қайта жасақтадым: «Қара жорға» биінен 2 мин., қатарласа тұрып, Қ-а-р-а әріптері арқылы 4топқа бөліндік. Бұл сәт өте тиімді болғандай. Себебі, бір сергіп қалғандығын, осы биді өзіміз де, оқушыларға да үйретсек дегенінен байқадым.

Осы жолы топ мүшелерінің қалауымен: 1.әр топта спикер тағайындау.

2.әр топта 1 бақылаушы тағайындау жүзеге асты.Топпен жұмыс жасамас бұрын Критерийлерін:1.Негізгі сұрақты ашуы,жауаптың толықтығы, 2.Түр-түсінің нақтылығы, 3.Үш слайдтан аспауы, 4.Топ мүшелерінің үшеуі 3 слайдты жасауы, 5.Жақсы жұмысты уақытында аяқтауы, т.б. жасап алдық.

Мақсат:Топтаса отырып, Әңгіме-дебат пен Кумулятивтік әңгіменің зерттеушілік әңгімеден айырмашылығы мен ұқсастығын табуды слайд презентациямен көрсетті.

Күтілетін нәтиже: Топтаса отырып, Әңгіме-дебат пен Кумулятивтік әңгіменің зерттеушілік әңгімеден айырмашылығы мен ұқсастығын табу болды. Мұнда мақсатқа жетіп, күтілетін нәтиже мәресіне жетті. Мұғалімдер ойларын нақты-нақты етіп, жасаған жұмыстарын топ басшысы, түсінікті етіп қорғай білді.

Сосын «Қозы жамырайды» ойыны арқылы 1,2,3,4,-топтар «Шығыстан-Батысқа», «Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағытымен келесі топқа барып жасаған жұмыстарын таныстырды.

Мұнда да мұғалімдер белсенді, қызығушылықпен жұмыс жасады. Олардың бұл сәтті қалай қабылдағандығын, өздерінің өткізу жолдарды айтып қалып жатқандығынан көрдім. Слайдты бағалауда спикердің басқаруымен, топ болып басқа топтардың жұмысын адамның сөйлеу,көру сияқты мүшелерімен бағалады.Ал Бақылаушы топ мүшелерінің жасаған жұмысын қимыл арқылы бізге жеткізді.

Үлкен топ болып, «Жорға» және «Қара»тобы болып үлкен 2 топқа бөліндік. Топтар бір тақырып төңірегінде: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынды, қатысушылар сұрақ қойды және айтқандарын дәлелдеді «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздер қолдану арқылы рөлдік ойын , айтыс, т.б. түрінде көрсетті.

2 топ бір-бірін интернет, т.б. АКТ-ны қолдану арқылы бағалады.

Рефлексия «Зерттеушілік әңгіме» эссе жазды.

-Қандай жаңа ақпарат алдым ?

-Не қызықты болды?

-Мен өзімді қалай сезіндім?

-Басқа әріптестеріммен қалай жұмыс жүргіздім?

-Қандай қиыншылықтыр болды?

-Өзім үшін не білдім, не алдым?

Ал, Бағалау, Қорытындылауды тыңдаушылар қандай көңілмен кетіп бара жатқанын стикерге «2 жұлдыз,1 тілекке» жазып кетті. Кері байланыс арқылы келесі сабақта: көз жеткізген кемшіліктерге тоқталып кетемін.

Қорытынды ретінде білім беру үдерісінде сұрақтың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер? деген сұрақпен қорытындыладым.

Коучингтің жақсы, әсерлі өткенін алынған кері байланыстан білдім. Уақыт жеткіліксіз болса да, жоспарланған жұмыстардың барлығы жасалды. Мақсаты мен міндеттері орындалды. Күтілген нәтижеге қол жеткіздік. Кездескен кедергілер: коучинг өткізудің уақыты ыңғайсыз уақытқа қойылғандықтан, қатысушылар асығушылық білдірді.

2-коучингті ӘБ жетекшілері, пән мұғалімдері, барлығы-17 мұғалім қатысты. Коучинг бірінші аусымнан кейін, қоғамдық-гуманитарлық ӘБ жетекшісі, бірінші санатты, тарих-география пәні мұғалімі менімен бірлесе отырып қысқа мерзімді жоспарын жасау арқылы (Қосымша-6) Алимова Р.М (сурет-5) өткізді. Қосымша-3

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме деген коучигін алдымен әр халықтың амандасуымен бастады.

Мақсаты: Оқушылардың креативті білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінде әңгіме жүргізу жолдарын үйрету, өз идеясын дәлелдеу, 3 түрі бар екенін, олардың айырмашылықтарын ажырату білуге үйрену

Табыс тілей, дөңгелене тұрып, доп лақтырамен, жылы лебіз білдірді.

Сергіте, қатарласа, туған айлары бойынша 1, 2, 3 сандары арқылы топқа бөлінеді

Бір жағынан қатысушылар бір-біріне деген қарым-қатынасы қалыптасса, екіншіден, көңіл-күйлері көтерілді.

Сұраққа жауап беру арқылы әр топ өз арамызда әңгімелестік. Сергіту сәті және топқа бөлу кезеңі: «Қамажай» биін, «Қамажай » сөзінің соңғы буыны Ж-а-й 3 әрпімен топ болып критерийлерін анықталып, слайд жасады.

Топпен жұмыс жасалып, тыңдаушыларды әңгімеге тартты.

Формативті бағалау. Мадақтау, бағалау. Әр топтың әр мүшесі Номиналды топ әдісімен баға береді. 3 топты басымдығына қарай орналастырады.

Ал, коуч: Риторика. Мимика (жымиып), пантомимика (бас бармақтың басын жоғары қарату арқылы)/А.Гин/

3-коучингтегі мақсат: Зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі екендігін ұғындыру, оқушы ойын ұшқырлауда зерттеушілік әңгіме арқылы іске асыруға дағдылану болды.

Тағы Алимова Р. өткізді. Қатысушы саны: 15 мұғалім. Қосымша-1

4-коучингті жаңа оқыту әдістерін енгізуге қызығушылығын білдірген әріптестеріммен өткіздік. Мақсат:Оқытудағы әңгіменің оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс екеніндігін түсіндіру, дәлелдету, аффективтілікке үйрету. Бұл коучингты тағы да Алимова Р. өткізді. «Белгісіз басшы» тренингін өткізіп, бір қатысушыны сыртқа шығарып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Міндеті сырттан келген адамға білдірмей, көрсеткен қимылды қалғандары қайталауы. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. Сергітуден кейін әріптестерімнің сабаққа деген қызығушылығы артты.

Өткізілген коучинг сабақтарында ұстаздар өздерінің алдағы іс-әрекеттерінде мұғалімдердің өзара бірлесіп жұмыс жасап, өз ойларын білдіре отырып, постер, слайдтар арқылы өз білімдерін жетілдіру, диалогтік оқытуды қолдану мұғалімдерге қандай көмек беретінін, сабақ өткізуге жақсы мүмкіндік жасайтындығын көрсеттік. Слайд жасау мен тақтаны көп мұғалімдер пайдалана бермейтіндігі көрінді.

Мұғалімде білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі бар. Жаңа формациядағы ұстаздардың ізденушілік, инновациялық педагогикалық технологияларды игерумен қатар, оны іс-тәжірибесінде шығармашылықпен дамыта отырып, жаңаша білім беру мазмұнына көшуді талап ететін бұл бағдарлама туралы әріптестерімнің терең білгісі келетіндіктері мені біраз да болсын әсер еткендігімнің көрінісі деп білдім. Бағдарламаның модульдері, жаңа әдіс-тәсілдері туралы терең білгісі келген мұғалімдер бірнеше коучинг өткізілсін деген ұсыныс білдірді . Сонымен қатар сабақ барысында қолданылған материалдарды өздеріне қажет деп сұрап алып жатты. Коучинг соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша олардың өткізілген коучинг сабақ туралы жағымды пікірлерінен кейін, сабақты жоспарлаудағы ұстанымым мен мақсатымның дұрыс екеніне көзім жетті. Постер дайындады. Әр топ өз жұмысын қорғау барысында диалогтік оқытуды қазіргі заманда, жаһандану үдерісі кезеңінде мұғалім үшін қандай маңызды екенін түсінді. Тәлім алушы болуға биыл зейнет жасына жеткен неміс тілінің мұғалімі қызығушылық білдірді. Ол өткізілген барлық коучингтарға белсенділікпен қатысып, берілген тапсырмаларды мұқият орындап отырды. Тәлім алушым - Алимова Р. 7 модуль, диалогтік оқыту туралы түсіндіріп, оны сабақта қолданудың тиімді жақтарын айтып меңгертті. Барлығымыз бірлесе отырып тізбектелген сабақтың жоспарын құрдық. Сол құрылған жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі сабақ өткізді. Енді осы сабақтарға тоқтала отырып, кездескен кемшіліктер мен жетістіктерді талдасам деймін.

Қазір жаңа ғасыр – білім ғасыры. Lesson Study сабағын келесі мұғалімдермен өткіздік: бірінші санатты, тарих – география мұғалімі Алимова Р.М және 2санатты қазақ тілі, қазақ әдебиеті мұғалімі Жөкен Р.М.

Алимова Р.М 7 қазақ сыныбында Қазақстан тарихынан 2 сабақ, Жөкен Р.М қазақ әдебиеті пәнінен 7 қазақ сыныбында Lesson Study тәсілін іске асыру бойынша 2- сабақ берді. Мақсат: 1.Lesson Study - сабақты, іс-әрекетті зерттеу, А, В, С деңгейінің оқушысын бақылай отырып, дамыту болып табылады. 2. Орта мерзімді жоспар құрудың ерекшеліктерін айқындай отырып, жоспар құруды үйрету және жоспар құруға бағыттау. Сабақта қолдануды меңгеру үшін екі-екіден 4 сабақ өткізді. топтың мүшелері А, В, С деңгейінің оқушысын бақылай отырып, олардың дамуына әсер ете отырып бақылау,талдаулар жасалды. А талдау жасадық:негізгі ойды жақсы анықтай алды, алған білімдерін оқу үрдісінде жасалған түрлі жағдайларда қолдана алуын сабақ барысында көрдік (сурет-1). Постер қорғау барысына видеоға түсірудеде ойын толық жеткізе алды (сурет-2).С-сабақта тақырыптан алғанын, үйренгенін постер жасау (сурет-3), қорғау кезінен көрдік. Сабақ соңында қорытындылау кезінде қанағаттанарлықтай деңгейде өзін-өзі көрсетті,мұғалім әдейілеп топты,өзін-өзі бағалауды жүктеді, жақсы орындап шықты.


1-сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен АлимоваР.М. өткізді. Мақсаты: 1-сабақта Ұлы Жібек жолы тақырыбына оқу мен оқытудағы жаңа тәсіл диалогтік оқыту әдісі бойынша Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен еліміздің аумағындағы бағыттарымен таныстыру. Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік, экономикалық, мәдени маңызын ашып сабақ өткізу .

2-сабақта: Орта ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.

Тақырыпты ашып, алдарына мақсат қоя білді.Сергіту сәтінің ұзақтығынан мағынаны ажырату сатысында уақытты қысқартып, оқушылар бір-бірімен сұрақ алмасқанда диалогтық әдісті өте ұтымды қолдана алды деп ойлаймын.

Мағынаны ажыратуда сұрақтарды 3 деңгейде жасыл-А, көк-В, ақ-С деңгейіне арнап құрастырылды. Белсенділігін арттыру үшін смайликтер берілді. Бұл сәт тиімді болды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп қалғаны байқалды.Сабақта алға қойған мақсаттарға жетті деп есептеймін. Оқушыларға сабақтың ұнағандығы «Менің сабақтан кейінгі көңіл-күйім» кестесінен көрініп тұрды. Тәжірибеде жаңа әдіс-тәсілдерді енгізді.

Сабақтың екі тиімді сәті:

1.Деңгейлік тапсырмаларарқылы мұғалімнің уақыт үнемдеуі;

2.Оқушылардың өздерін-өздері бағалауы. Оқушылар өздерін бағалау барысында ұтымды жерлері мен кемшіліктерін түсініп, мойындап, келесі жолы оны жібермеуге тырысады деп мұғалімнің сенімді ойы.

Сабақтың тиімділігін қандай жағдай жақсартар еді:

1.Уақытты жақсы ұтымды пайдаланған жағдайда;

2. Ұлы Жібек жолына байланысты видео көрсеткен жағдайда келесі сабақтарда есепке алса деймін.

Қорытынды:

7-қазақ сыныбына Қазақстан тарихы, алғашқы сабақтың ҚМЖ құру барысында 7 модульді ықпалдастырып, қолданатындығын  ойластырды. Әр сабаққа 4-5-ін, бір-бірімен байланыстыра отырып, жаңаша әдіс-тәсілдер қолдануға тырысты.

Өзекті болып отырған Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме деген ұғым, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептеді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталды, топпен жұмыс істеді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылды. Осылай өзін-өзі құрметтеумен және өзі-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

2-сабақ: «Ғылым, білімнің дамуы. Орта ғасырлық даналар» тақырыбы. Бұл сабақта да мұғалім 7 модульді жақсы кіріктіре алды деп ойлаймын.

Өткізілген сабақтар барысында оқушылардың өзін-өзі реттегенін, өзіндік көзқарасы қалыптасқанын байқадым. Әр сабақты бастамас бұрын, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін түрлі тренингтерді ұйымдастыруда, оқушылардың бірлескен жұмысы ықпалын тигізді.

Өткізілген коучингтер мен сабақтарда  барлық іс-әрекет 7 модульді ықпалдастыру бағытта болды. Әсіресе «Оқушы үніне» назар аударғандығымыз білімді дамытуда пайдасы зор екендігі байқалды.

Оқушылардың  қызығушылықтары артып, әр тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындағанынан, мұғалімнің өз ісіне риза екендігінен жақсы әсер алдым. Оқушыларда өзгерістің болғаны айқын көрінді. Жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланыстылығын, білімді көтеруші жүйе екеніне түсінгендігі маған ұнады. Жаңа әдіс тәсілдерді сабақ барысында қолдану мұғалімдер үшін өте тиімді екен. Себебі мұғалім мен оқушы, оқушы-оқушы арасында өзара диалог  орнатылып, оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасалды. Осы тұрғыда әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына әсер болды деп ойлаймын.

Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылатынын байқадым.

Әр оқушының оқуға деген қарым-қатынасын тек қана бағамен шектемей,  үнемі ынталандырып отыру керек екеніне көзім жетті. Себебі, ынталандырылған оқушылар өзінің оқу үлгеріміне назар аударып,  өзінің  қателерін анықтап, алдағы сабақта меңгеруіне тиіс білімдер мен дағдыларды қалыптастыруына жағдай жасайды деген ойға келдім.


Пайдаланылған әдебиет:

  1. Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық, Бірінші (ілгері) деңгей, Екінші бacылым, «Нaзaрбaев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?згерістерім тиімді болды ма

Автор: Маней Роза Маней

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320407

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Информатикадан ?йірме ж?мысын тиімді ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(46) "informatikadanuiirmiezhumysyntiimdiuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "269804"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450905558"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Жа?аша білім беруді? тиімділігі" та?ырыбында шы?армашылы? есеп"
    ["seo_title"] => string(72) "zhan-asha-bilim-bierudin-tiimdilighi-tak-yrybynda-shyg-armashylyk-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "256971"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448257418"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Коучинг "Критериалды ба?алауды? тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(46) "kouchingh-kritierialdy-bag-alaudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "315446"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459877814"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Доклад на тему " ?аза? тілі саба?ында интербелсенді та?таны  ?олдану тиімділігі" "
    ["seo_title"] => string(85) "doklad-na-tiemu-k-azak-tili-sabag-ynda-intierbielsiendi-tak-tany-k-oldanu-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "216686"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433104504"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "?аза? тілі п?нін Кембридж т?сілімен о?ытуды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-tili-p-nin-kiembridzh-t-silimien-ok-ytudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "163224"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422456034"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства