Абай өзінің бүкіл шығармашылығымен, эстетикалық-көркемдік принциптерімен бүкіл қазақ поэзиясының жаңа арнада дамуына, онда реалистік әдістің белең алуына айрықша әсер етті. Абай өзі жазған Шығыс сюжетіне құрылған шығармаларды тек өзі ғана жазбай, шәкірттеріне де тақырып етіп беріп отырған. Сол арқылы оның шәкірттерінің шығармаларында да Шығыстық сюжетке құрылған аса құнды қисса - дастандар, поэмалар туындады. Бұл тақырыпта аянбай еңбек еткен шәкірттерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған. Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды. Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін, - деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мақала АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ РУХАНИ ҮНДЕСТІГІ»
МамыроваМирамкуль Ибраевна
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
№273 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ РУХАНИ ҮНДЕСТІГІ
Абай өзінің бүкіл шығармашылығымен, эстетикалық-көркемдік принциптерімен бүкіл қазақ поэзиясының жаңа арнада дамуына, онда реалистік әдістің белең алуына айрықша әсер етті. Абай өзі жазған Шығыс сюжетіне құрылған шығармаларды тек өзі ғана жазбай, шәкірттеріне де тақырып етіп беріп отырған. Сол арқылы оның шәкірттерінің шығармаларында да Шығыстық сюжетке құрылған аса құнды қисса - дастандар, поэмалар туындады. Бұл тақырыпта аянбай еңбек еткен шәкірттерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған. Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды. Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін, - деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім, - деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың, - дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманын халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады.
Шәкәрімнің Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырудағы бір жемісті қыры - оның эстетикалық мәселелер, дәлірек айтқанда, ақындық өнер, өлеңсөз құдіреті жайындағы пайымдаулары. Бұл тұста ол Абай салған сокпақты, тамаша әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алып қана қойған жоқ, өлең әлемінде, сөз патшалығында өзіндік қолын, өз бағытын табуға ден қойды. Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі ішкі үйлесім, ғажайып үндестік, сырлы бояу мен жаңаша түр оның осы бағыттағы жемісті ізденісін аңғартады.
Абай: "Өз бетіңмен түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың", — деп еді. Сөйте тұра, заманды өзгертпесе де, адамды түзетуге күш салған. Шәкәрім де сүйектен өтер ащы сөзін, ақиқат сырын айта отырып, туған халқын бақытқа жеткізер амал іздейді. "Қазағым, қам ойла, сен де адам едің ғой!" - деп зар шеккенде ұсынар жолы - ағартушылық. Ғылым - жұрттың бәрін сусындатар шалқар көл, халықты бақытқа, байлыққа бөлер таусылмас кең, рухани дерт атаулының бәрін аластайтын, елге қуат, күш беретін дәру. Күнбатыс халықтарын қуат-құдіретке жеткізген ғылым-білімді игерсе, қазақ та тарих көшіне ілеспек, басқалармен басы теңеспек.
Ұлы Абай: "Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім", — дейтін. Абай мектебінен тағылым алған, Абай жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жаққа бірдей назар салады, әлемдік сөз өнерін танып-білуге, оның бар жақсысын бойға сіңіруге, ел игілігіне айналдыруға күш салады. Тіпті, "Шығысым Батыс болып кетті" деген ақын аға ізімен, өмірінің екінші жартысында Еуропа әдебиетіне, оның ішінде әсіресе орыс әдебиетіне айрықша ден қояды.
Екі ақын да туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерелейді, діни және рухни соқырлықтың мән-мағынасын ашуға тырысады. Адам баласының басқа тіршілік иелерінен айырым белгілерін сөз етеді. Адамның өзгеше болмыс-бітімін, оның ақыл-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физологиялық ерекшеліктерін де өлеңге арқау етеді. Еуропа ғылымының адамтану саласындағы жетістіктерін көпшілік алдына тартуды мұрат тұтады.
Шәкәрім Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек кілтін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрді жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны танып, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерттеп терең мән бере қарады. Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды
Абай, Шәкәрімдер неге кедейдің сөзін сөйлеген? Себебі олардың теңсіз екенін түсінген. Бүгінгінің теңсізі кім? Сол баяғы кедейлерге ұқсас бүгінгі кедейлер. Олар жұмыссыздар мен қанша еңбектенсе де бүгінгі күнінен артылдырып, ертеңіне ештеңе жинай алмайтындардан құралады.
Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне, әдеби тілдің ауқымының кеңеюіне Абай шығармашылығығының үлкен үлес қосқаны анық. Шәкәрім де Абайдан соңғы қазақтың ең көрнекті тұлғаларының бірі. Абай мен Шәкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз.Қос ақынның өлеңдерінде, поэмаларында, философиялық ой-толғауларында бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң жатыр. Бұл өлең өрісін, өнер көкжиегін айқындайтын биік меже.Біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған биік жетістік.Шәкәрім Абайдан соңғы ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек. Пайдаланылған әдебиеттер:
.Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы: Қазақ унивеситеті, 1992. – 128 б. 2.М.Мырзахметов. «Абай жүрген ізбенен». Алматы, «Қазақстан», 1985ж. 3.«Мұтылғанның» тағдыры (Құраст. - Ж.Әубәкір).– Семей. - Абайдың мемлекеттік қорықмұражайы, 2011.- 267 б.
4.Мырзахмет М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.- 192 б.