Шы??ыс Айтматов (?ыр?ызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желто?санны? 12 Шекер, ?ыр?ыз АКСР - 2008 ж. маусымны? 10, Н?рнберг, Алмания) - ойшыл гуманист, данаг?й, ?аза?-?ыр?ыз?а орта? халы? жазушысы, Социалистік Е?бек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлы?ыны? ?ш м?рте иегері ж?не Лениндік сыйлы?ты? лауреаты.
Ш. Айтматовты? б?кіл шы?армашылы?ы мен ?мірі бастан-ая? ?аза? хал?ымен ты?ыз байланысты болды. Сонау «Ж?миладан» бастап, ?лемге танымал «?ош бол, Г?лсары», «А? кеме», «?асырдан да ?за? к?н», «Жанпида» сия?ты барлы? шы?армаларында?ы к?ркем образдарыны? рухы мен мінезі ?ыр?ыздан г?рі ?аза??а ?те-м?те жа?ын еді. Жазушыны? ?зі де ?аза? ауылымен іргелес, ?оныстас жерде туып-?скен. ?кесі Т?ре??лды Т?рар Рыс??лов ?олынан жетектеп ж?ріп, Ташкентке о?у?а т?сірген. Кейін ?ыр?ызды? к?рнекті ?о?ам ?айраткері бол?ан, 1938 жылы «халы? жауы» ретінде атылып кеткен Т?ре??л Айтматов Т. Рыс??ловты? тікелей т?рбиесін к?рген ш?кірті бол?ан.
М?хтар ?уезовті ?мір бойы пір т?тып ?ткен жазушы жазып жат?ан жа?а шы?армасын Жуалы топыра?ынан бастама? бол?ан еді. ?аза?станда?ы БТА банкті? ??рметті президенті болып та?айындал?ан. Жазушыны? кандидатурасын жа?ында т?ркітілді елдерді? м?дениет министрлеріні? ке?есі (Т?РКСОY) т?рік ?леміні? атынан Нобель сыйлы?ына ?сын?анды. Ж?не Ш. Айтматов т?ркі ?леміні? дамуына ?ос?ан ерекше ?лесі ?шін Т?РКСОY та?айында?ан халы?аралы? к?рнекті сыйлы?ты? т???ыш лауреаты атан?ан.
2008 жыл ?ыр?ызстанда Айтматов жылы болып жариялан?аны белгілі. Осы жылды? желто?сан айыны? 12-де 80 жас?а толатын жазушыны? мерейтойы халы?ты? мереке ретінде тойланба? еді. Жо?арыда айт?ан Т?РКСОY сыйлы?ы осы 80 жылды? мерейтойына орай тапсырылма? еді. Та?дыр оны кеме?гер жазушы?а тірі к?руді жазбапты.
2008 жылы маусымны? 10 к?ні «Адамзатты? Айтматовы» атан?ан Айтматов 79 жасында Алманияны? Н?рнберг ?аласында?ы ауруханада б?йрек ауруынан ?айтыс болды. Жазушыны? м?рдесі маусымны? 14 Бішкек 10 км ма?ында?ы Чон-Таш (Шын-тас) ауылында?ы «Ата-Бейіт» мемориалды-м?ражай кешеніне ?ойылды. Сол к?н ?ыр?ызстанда ?лтты? ?ай?ыл? деп жарияланды.
Тарихи танымы мен рухани дамуы есте жо? ескі замандардан бермен ?арай саба?тасып жататын ?аза?-?ыр?ыз ?лыстарыны? ?ла?ат биігінен орын ал?ан орта? м?ралары туралы с?з бол?анда, ой?а оралатын ??ндылы?тар шо?ыры адамзат ?ркениетіні? ?зекті бір б?лшегін ??райтынын бай?аймыз. Санадан туындайтын салт пен д?ст?р, таныммен саба?тасатын тылсым сырлы тол?аулар ж?йесі то?ысатын т?старда да ?аза? пен ?ыр?ыз ж?ртыны? рухани ?ндестігі менм?ндалап т?рады.
Басыма кидім а? ?алпа?,
Оюлап шетін сыр?ыз?ан.
Мені? де бетім жап-жалпа?
Айырмам ?ане ?ыр?ыздан!?
- деп жырла?ан к?рнекті ?аза? а?ыны ?біділда Т?жібаев ?ле?індегі тірлігі бір ордалы ж?рттарды? абзал бейнесі - рухани бірлік пен адами ?ндестікті? тарихи дамуда сирек кездесетін н?с?асы. Адамзат?а орта? ??ндылы? - ?лы "Манасты" ??былмалы саясаттан арашалап алу?а ат салыс?ан ?лы М?хтар ?уезов д?ст?рінен д?рмен к?рген текті т?л?алар, ?ай-?ай заманалар болсын, "бір ту?ан" ниетті ?ос ?лысты? игі бірлігіне д?некер болудан жаз?ан емес.
Шы??ыс Айтматовты? алыстарды шарла?ан ата?ы мен да??ына шын пейілімен ?уана ?ол со??ан ?аза? ?ауымыны?, ?лы суреткерге деген ы?ылас-пейіліні? уа?ыт пен замананы? барлы? сынынан с?рінбей ?тіп келе жатуыны? да бір ж?мба?ы осы ?лтты?-адами тере?діктерде жатса керек. Шы??ыс десе: "Адамзатты? Айтматовы", дейтін с?з тіркесі к?лдене?дейді. Б?л, за??ар суреткерге ?аза? бауырларыны? дуалы аузымен телінген тола?ай те?еу болатын. ?з д?уіріні? ?зегін жарып шы??ан дара перзенттерге т?н ерекше ?асиеттерді? к?шбасында оларды? еткен е?бегі мен тындыр?ан шаруасыны? жалпы адамзат?а т?сінікті болуы жатады. Тілі мен дініне, ?деті мен ??рпына, ?о?амды? ??рылысы мен ?ауымды? ?а?идасына, идеологиясы мен идеясына ?арамай м?хит асып, те?із басып, биіктіктермен біте ?айнасып кету ?рдісі де дара т?л?алар?а т?н ??былыс десек, Шы??ыс Т?ре??л?лы осы ?атардан ойып т?рып орын ал?ан ?асырлы? ??былыс.
Адам бойында?ы асыл ?асиеттерді? арда тарма?ын алаулы азаптар ??рсауында ??мыр кешкен, біреулер ?шін - к?пті? бірі, енді біреулер ?шін - биік рухты?, бірегей болмысты? иелері - Ж?мила мен Данияр бейнесі ар?ылы жеріне жеткізе айшы?тап берген жас Айтматов "тау мен дала жыршысы" биігінен еш?ашан аласар?ан жо?. ?арапайым тіршілік пен ?атыгез болмысты? ара-?атынасында жататын иірімдерді? илеуінен шы??ан жазушы кейіпкерлері, зерделі о?ырмандарды? сансыз тол?ынын: "?айткенде адам ?алады адам болып?..." - дейтін тере?ге жетелеп келеді, ?лі де жетелей берері с?зсіз. Суреткер м?раты - Расул ?амзатов айтпа?шы: "Адамдар мені? ж?лдызым, солар?а жетсем бол?аны" - десек, Шы??ыс Айтматов сол м?раттан к?рінген жазушы.
?ркениет тарихына ?зіндік бетб?рыс ?келуімен ерекшеленетін ХХ ?асырды? адамауи галереясын жаса?ан суреткерлер, ?здеріне т?стас д?уірді? ?аламшар кезіп, м?хит табанын тоздырып, жер ??рса?ын індеткен пенделеріні? іс-?рекеті ар?ылы уа?ыт?а уа?ыз айтушылар биігіне к?терілгенін кез келген адам?а мойындата алатын мысалдар жеткілікті. Осы т?ста Габриэль Гарсиа Маркесті? "Ж?з жылды? жал?ызды?ы", Михаил Шолоховты? "Тыны? Доны" мен "Адам та?дыры", Эрнест Хемингуэйді? "Шал мен те?ізі", М?хтар ?уезовті? "Абай жолы" эпопеясы болып жал?аса беретін ?асырлы? с?з-т?л?алар с?ресінде "?ош бол, Г?лсары" "Боранды бекет", "Кассандра та?басы" т?різді ??ндылы?тарды? т?руыны? сыры неде дейтін с?ра?ты? к?лдене?деуі бек м?мкін. Сана сапырылысын сабыр?а ша?ыру ?шін мифологиялы? ?рімдер мен таби?и таным де?гейіндегі ?рістерде жат?ан ?арапайым ?а?идаларды шендестіру, ор?а т?суді о?ыстан дегенімізбен одан шы?уды? т?сілі біреу-а? екендігін мойындай білу, немесе мойындата білу шы?ар. Айтматов феномені міне, осындай ??былыстардан т?ратын к?рделі ?лем бол?анды?тан жо?арыда тілге тиек еткен ?арапайым с?ра?ты? жауабын да осы т?стардан іздеп к?руіміз керек.
Жалпы "Илиада" мен "Одиссея", "Махабхарата" мен "Манастан" бермен ?арай?ы "адами о?улы?тарды?", шамамен "Дон-Кихоттан" бастап екінші демі ашылды деп пайымдау?а ?бден болатын сия?ты. ??гіме, асыра д?ріптеу мен ?сірелей ?рлеуден, тарихи баяндаудан бірте-бірте арыла баста?ан с?з ?нері, енді екінші бір ерекше ?лем - адам зердесіні? ішкі иірімдері мен ой тол?ындарынан бастау алатын таным таби?атына ?арай бет б?ра баста?ан т?с туралы. ?деби ?лемні? осы екінші кезе?інде ту?ан ж?лдыздар шо?ыры ерлік пен ?рлікті?, з?лымды? пен махаббатты?, наным мен сенімні? шырмала шиеленген ?иын т?йіндерін залалсыз шешіп, зардапсыз тар?ату т?сілін зерттеп, зерделей бастады. Д?л осы екінші кезе?ні? т?сында к?шті мен ?лсізді?, билік пен б??араны?, пенде мен таби?атты? ара-?атынастарында?ы аласапыран арпалыстарды? асау а?ындарынан ?ан мен терді?, ?ай?ы мен ?асіретті?, ?міт пен ма?сатты? ара-жігін ажырату амалдарын іздеу м?раты ал?а шы?ты.
ХХ ?асырда сол м?ратты? к?сегесін к?герткен топты? бел ортасында Шы??ыс Айтматовты? суреткерлік т?л?асы т?р.?аза? пен ?ыр?ызды? ?адым заманнан бері к?зіні? ?арашы?ындай са?та?ан ?асиетті ж?дігерлері - таулары мен далаларыны? биіктігі мен ке?дігін, оларда ??мыр кешкен толымды т?л?аларды? жан ?лемі ар?ылы жер-жа?ан?а жар сала д?ріптеген за??ар суреткерді? ?зіне т?стас д?уір болмысына тигізген ?сер-ы?палы да зор бол?анын мойындауымыз керек.
"Адамзатты? б?рін с?й", дейді ?аза?ты? бар жа?сысыны? басында т?р?ан ?лы Абай. Сонды?тан да болар, Ш.Айтматов "Жанпида" романыны? бір желісі ретінде Інжіл а?ыздарымен астас?ан мы?жылды?тарды? б?гінгі болмысын алуан т?рлі ?лт ?кілдеріні? іс-?рекеттері ар?ылы ?діптеп, "т?уелсіздік теориясыны?" м??гілік за?дылы?тарын, Жер бетінен ж?ма? іздегендерді? жанпида тірлігіні? т?йінін - "бостанды? - за? за?арынан жас?анба?анда ?ана бостанды?. Бас?а жа?дайды? б?рі - далбаса" - дейтін философиялы? тере?мен ?штастырады. Жала? т?сініктер мен жада?ай ?рандар ше?берінде "анархия" ??ымымен т?стес болып келетін осынау ой-т?йінні? негізгі нысаны - адам болуды? ал?ы шарттарымен астасатын ??ндылы?тарды к?ксеуді?, т?птеп келгенде: "?айткенде адам ?алады адам болып?!" м?ратыны? а?сауы жат?анды?ын ойлы о?ырман жазбай таныры аны?.
Айтматовты? шабытты ша?ы адамзат тарихыны? алма?айып арпалыстар жан алып-жан беріскен ?ан?амау т?сына д?л келді. Ал ?лы суреткер ?мір с?рген орта - бір-біріне ?арама-?айшы, бірін-бірі жа?адан алып, етектен тарт?ан екі наным мен екі сенімні? майдан даласы еді. Ше?берден шы?ып кету м?мкіндігі мы?нан біреу ?ана б?йыр?ан ?о?амда ж?ріп-а? адамзат?а орта? ?ауіпті? - ?о?амды? ??рылыстар мен идеологиялы? ?станымдарды? т?р-т?сіне ?арамайтынын ас?ан шеберлікпен ал?аш айтып бергендерді? де к?ш басында Шы??ыс Т?ре??л?лы т?р.
Адамзат тарихында?ы "е? жетілген, е?сесі биік, ережесі ?атал" коммунизм ??рушы ?о?амны? ішкі дерті мен ?айшылы?ын елден кетіп, е?сесін т?сірмей-а?, тек суреткерлік ??діретпен сыналап сипаттап, жа??аламай жарып орны-орнына ?оя білген, к?рнекі жерге к?рмелеп орналастырып, ?ауіп-?атерді? алдын алу?а ша?ыра білген шеберлерді? де к?ш басында Шы??ыс Т?ре??л?лы т?р.
Адамзатты? орта? арманын, орта? ма?сатын, ізгі ?мітін о?аша отырып ой елегінен ?ткізгендер тобын тарлан тарих т?л?алар ?атарына ?осады. Жары? пен к?ле?кені? к?лбеуінде жат?ан к?мескі сызы?та к?н кешумен ?ркениет ?рімдерін еселейтін - адамдарды? ара-?атынасында?ы айтса ауыз бармайтын, айтпаса? ары? шыдамайтын, арпалыстарды а? пен ?ара деп ежіктемей суреттеп беру ?шін де т?л?алы? т?рпат керек. "Ж?миладан" басталып, "Жанпидамен" жал?асып, "Кассандра та?басымен" дами т?скен с?з д?уіріні? Шы??ыс Айтматов ?неріні? шо?ты?ын биіктетіп т?р?ан, ?рбіреуі бір-бір кезе?іне татитын шы?армалар шо?ыры б?л к?нде адамзат?а орта? ??ндылы?тар?а айналды.
А?ыз бен а?и?атты астастыру, жаратылыс пен жары? д?ниені ?ндестіру, есте жо? ескі заманалар елесіні? ш?батыл?ан шыр?ала?ын шегендеген шынды? пен ?ділдікті? алтын ар?ауын айшы?тау, ?мір мен ?лім за?ыны? ?ос биігін пайымдау, адами болмысты? Шы?ысы мен Батысында барымта?а т?скен ??ндылы?тарды? к?нбіс ??діретін тол?ау ж?нінде д?л ?азір Айтматовты? алдына т?скен суреткер кемде-кем. Айдай ?лемге ?аза? пен ?ыр?ыз ?лысыны? ?ла?атынан н?р ал?ан тау мен дала бейнесін тарту еткен т?л?аны?, ?дебиет ?леміне, ?ала берді - адамзат ?ркениетіне ?ос?ан ?лесі туралы с?з ?оз?ауымызды? басты себебі де осы т??іректен ?рбіген болатын.
Сонды?тан да, сауатты с?тке тап болып, тола?ай заманда ?мір с?ру м?ратына жеткен ?рбір адамны?, Шы??ыс шы?армаларын т?птіштеп талдаумен, ежіктеп т?сіндірумен ?уреге-сарса??а т?спеуі керек. Шы??ыс Айтматовты тек о?у керек!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР - 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) - ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.
Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БТА банктің құрметті президенті болып тағайындалған. Жазушының кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (ТҮРКСОY) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынғанды. Және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ТҮРКСОY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.
2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерейтойы халықтық мереке ретінде тойланбақ еді. Жоғарыда айтқан ТҮРКСОY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны кемеңгер жазушыға тірі көруді жазбапты.
2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасында Алманияның Нүрнберг қаласындағы ауруханада бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» мемориалды-мұражай кешеніне қойылды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылқ деп жарияланды.
Тарихи танымы мен рухани дамуы есте жоқ ескі замандардан бермен қарай сабақтасып жататын қазақ-қырғыз ұлыстарының ұлағат биігінен орын алған ортақ мұралары туралы сөз болғанда, ойға оралатын құндылықтар шоғыры адамзат өркениетінің өзекті бір бөлшегін құрайтынын байқаймыз. Санадан туындайтын салт пен дәстүр, таныммен сабақтасатын тылсым сырлы толғаулар жүйесі тоғысатын тұстарда да қазақ пен қырғыз жұртының рухани үндестігі менмұндалап тұрады.
Басыма кидім ақ қалпақ,
Оюлап шетін сырғызған.
Менің де бетім жап-жалпақ
Айырмам қане қырғыздан!?
- деп жырлаған көрнекті қазақ ақыны Әбіділда Тәжібаев өлеңіндегі тірлігі бір ордалы жұрттардың абзал бейнесі - рухани бірлік пен адами үндестіктің тарихи дамуда сирек кездесетін нұсқасы. Адамзатқа ортақ құндылық - ұлы "Манасты" құбылмалы саясаттан арашалап алуға ат салысқан ұлы Мұхтар Әуезов дәстүрінен дәрмен көрген текті тұлғалар, қай-қай заманалар болсын, "бір туған" ниетті қос ұлыстың игі бірлігіне дәнекер болудан жазған емес.
Шыңғыс Айтматовтың алыстарды шарлаған атағы мен даңқына шын пейілімен қуана қол соққан қазақ қауымының, ұлы суреткерге деген ықылас-пейілінің уақыт пен замананың барлық сынынан сүрінбей өтіп келе жатуының да бір жұмбағы осы ұлттық-адами тереңдіктерде жатса керек. Шыңғыс десе: "Адамзаттың Айтматовы", дейтін сөз тіркесі көлденеңдейді. Бұл, заңғар суреткерге қазақ бауырларының дуалы аузымен телінген толағай теңеу болатын. Өз дәуірінің өзегін жарып шыққан дара перзенттерге тән ерекше қасиеттердің көшбасында олардың еткен еңбегі мен тындырған шаруасының жалпы адамзатқа түсінікті болуы жатады. Тілі мен дініне, әдеті мен ғұрпына, қоғамдық құрылысы мен қауымдық қағидасына, идеологиясы мен идеясына қарамай мұхит асып, теңіз басып, биіктіктермен біте қайнасып кету үрдісі де дара тұлғаларға тән құбылыс десек, Шыңғыс Төреқұлұлы осы қатардан ойып тұрып орын алған ғасырлық құбылыс.
Адам бойындағы асыл қасиеттердің арда тармағын алаулы азаптар құрсауында ғұмыр кешкен, біреулер үшін - көптің бірі, енді біреулер үшін - биік рухтың, бірегей болмыстың иелері - Жәмила мен Данияр бейнесі арқылы жеріне жеткізе айшықтап берген жас Айтматов "тау мен дала жыршысы" биігінен ешқашан аласарған жоқ. Қарапайым тіршілік пен қатыгез болмыстың ара-қатынасында жататын иірімдердің илеуінен шыққан жазушы кейіпкерлері, зерделі оқырмандардың сансыз толқынын: "Қайткенде адам қалады адам болып?..." - дейтін тереңге жетелеп келеді, әлі де жетелей берері сөзсіз. Суреткер мұраты - Расул Ғамзатов айтпақшы: "Адамдар менің жұлдызым, соларға жетсем болғаны" - десек, Шыңғыс Айтматов сол мұраттан көрінген жазушы.
Өркениет тарихына өзіндік бетбұрыс әкелуімен ерекшеленетін ХХ ғасырдың адамауи галереясын жасаған суреткерлер, өздеріне тұстас дәуірдің ғаламшар кезіп, мұхит табанын тоздырып, жер құрсағын індеткен пенделерінің іс-әрекеті арқылы уақытқа уағыз айтушылар биігіне көтерілгенін кез келген адамға мойындата алатын мысалдар жеткілікті. Осы тұста Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы", Михаил Шолоховтың "Тынық Доны" мен "Адам тағдыры", Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңізі", Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы болып жалғаса беретін ғасырлық сөз-тұлғалар сөресінде "Қош бол, Гүлсары" "Боранды бекет", "Кассандра таңбасы" тәрізді құндылықтардың тұруының сыры неде дейтін сұрақтың көлденеңдеуі бек мүмкін. Сана сапырылысын сабырға шақыру үшін мифологиялық өрімдер мен табиғи таным деңгейіндегі өрістерде жатқан қарапайым қағидаларды шендестіру, орға түсуді оқыстан дегенімізбен одан шығудың тәсілі біреу-ақ екендігін мойындай білу, немесе мойындата білу шығар. Айтматов феномені міне, осындай құбылыстардан тұратын күрделі әлем болғандықтан жоғарыда тілге тиек еткен қарапайым сұрақтың жауабын да осы тұстардан іздеп көруіміз керек.
Жалпы "Илиада" мен "Одиссея", "Махабхарата" мен "Манастан" бермен қарайғы "адами оқулықтардың", шамамен "Дон-Кихоттан" бастап екінші демі ашылды деп пайымдауға әбден болатын сияқты. Әңгіме, асыра дәріптеу мен әсірелей әрлеуден, тарихи баяндаудан бірте-бірте арыла бастаған сөз өнері, енді екінші бір ерекше әлем - адам зердесінің ішкі иірімдері мен ой толқындарынан бастау алатын таным табиғатына қарай бет бұра бастаған тұс туралы. Әдеби әлемнің осы екінші кезеңінде туған жұлдыздар шоғыры ерлік пен өрліктің, зұлымдық пен махаббаттың, наным мен сенімнің шырмала шиеленген қиын түйіндерін залалсыз шешіп, зардапсыз тарқату тәсілін зерттеп, зерделей бастады. Дәл осы екінші кезеңнің тұсында күшті мен әлсіздің, билік пен бұқараның, пенде мен табиғаттың ара-қатынастарындағы аласапыран арпалыстардың асау ағындарынан қан мен тердің, қайғы мен қасіреттің, үміт пен мақсаттың ара-жігін ажырату амалдарын іздеу мұраты алға шықты.
ХХ ғасырда сол мұраттың көсегесін көгерткен топтың бел ортасында Шыңғыс Айтматовтың суреткерлік тұлғасы тұр.Қазақ пен қырғыздың қадым заманнан бері көзінің қарашығындай сақтаған қасиетті жәдігерлері - таулары мен далаларының биіктігі мен кеңдігін, оларда ғұмыр кешкен толымды тұлғалардың жан әлемі арқылы жер-жаһанға жар сала дәріптеген заңғар суреткердің өзіне тұстас дәуір болмысына тигізген әсер-ықпалы да зор болғанын мойындауымыз керек.
"Адамзаттың бәрін сүй", дейді қазақтың бар жақсысының басында тұрған ұлы Абай. Сондықтан да болар, Ш.Айтматов "Жанпида" романының бір желісі ретінде Інжіл аңыздарымен астасқан мыңжылдықтардың бүгінгі болмысын алуан түрлі ұлт өкілдерінің іс-әрекеттері арқылы әдіптеп, "тәуелсіздік теориясының" мәңгілік заңдылықтарын, Жер бетінен жұмақ іздегендердің жанпида тірлігінің түйінін - "бостандық - заң заһарынан жасқанбағанда ғана бостандық. Басқа жағдайдың бәрі - далбаса" - дейтін философиялық тереңмен ұштастырады. Жалаң түсініктер мен жадағай ұрандар шеңберінде "анархия" ұғымымен түстес болып келетін осынау ой-түйіннің негізгі нысаны - адам болудың алғы шарттарымен астасатын құндылықтарды көксеудің, түптеп келгенде: "Қайткенде адам қалады адам болып?!" мұратының аңсауы жатқандығын ойлы оқырман жазбай таныры анық.
Айтматовтың шабытты шағы адамзат тарихының алмағайып арпалыстар жан алып-жан беріскен қанқамау тұсына дәл келді. Ал ұлы суреткер өмір сүрген орта - бір-біріне қарама-қайшы, бірін-бірі жағадан алып, етектен тартқан екі наным мен екі сенімнің майдан даласы еді. Шеңберден шығып кету мүмкіндігі мыңнан біреу ғана бұйырған қоғамда жүріп-ақ адамзатқа ортақ қауіптің - қоғамдық құрылыстар мен идеологиялық ұстанымдардың түр-түсіне қарамайтынын асқан шеберлікпен алғаш айтып бергендердің де көш басында Шыңғыс Төреқұлұлы тұр.
Адамзат тарихындағы "ең жетілген, еңсесі биік, ережесі қатал" коммунизм құрушы қоғамның ішкі дерті мен қайшылығын елден кетіп, еңсесін түсірмей-ақ, тек суреткерлік құдіретпен сыналап сипаттап, жаңқаламай жарып орны-орнына қоя білген, көрнекі жерге көрмелеп орналастырып, қауіп-қатердің алдын алуға шақыра білген шеберлердің де көш басында Шыңғыс Төреқұлұлы тұр.
Адамзаттың ортақ арманын, ортақ мақсатын, ізгі үмітін оңаша отырып ой елегінен өткізгендер тобын тарлан тарих тұлғалар қатарына қосады. Жарық пен көлеңкенің көлбеуінде жатқан көмескі сызықта күн кешумен өркениет өрімдерін еселейтін - адамдардың ара-қатынасындағы айтса ауыз бармайтын, айтпасаң арың шыдамайтын, арпалыстарды ақ пен қара деп ежіктемей суреттеп беру үшін де тұлғалық тұрпат керек. "Жәмиладан" басталып, "Жанпидамен" жалғасып, "Кассандра таңбасымен" дами түскен сөз дәуірінің Шыңғыс Айтматов өнерінің шоқтығын биіктетіп тұрған, әрбіреуі бір-бір кезеңіне татитын шығармалар шоғыры бұл күнде адамзатқа ортақ құндылықтарға айналды.
Аңыз бен ақиқатты астастыру, жаратылыс пен жарық дүниені үндестіру, есте жоқ ескі заманалар елесінің шұбатылған шырғалаңын шегендеген шындық пен әділдіктің алтын арқауын айшықтау, өмір мен өлім заңының қос биігін пайымдау, адами болмыстың Шығысы мен Батысында барымтаға түскен құндылықтардың көнбіс құдіретін толғау жөнінде дәл қазір Айтматовтың алдына түскен суреткер кемде-кем. Айдай әлемге қазақ пен қырғыз ұлысының ұлағатынан нәр алған тау мен дала бейнесін тарту еткен тұлғаның, әдебиет әлеміне, қала берді - адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы сөз қозғауымыздың басты себебі де осы төңіректен өрбіген болатын.
Сондықтан да, сауатты сәтке тап болып, толағай заманда өмір сүру мұратына жеткен әрбір адамның, Шыңғыс шығармаларын тәптіштеп талдаумен, ежіктеп түсіндірумен әуреге-сарсаңға түспеуі керек. Шыңғыс Айтматовты тек оқу керек!