абақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.
2. Дамытушылық: Өлеңнің мазмұнын түсіну, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Абайдың ұлылығын терең сездіру, адамгершілік қасиеттерге баулу, Абай мұрасына қызығушылықты арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ұмтылдыру.
Түрі: шығармашылық ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі
Әдістері: мазайка әдісімен топтық, жұптық,, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытынды жасау,
Көрнекіліктері:
кітаптар, интерактивті тақта, Абайдың портреті, ақын туралы жазылған кітаптар, ақын өлеңдерінің жинақтары;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Қызығушылықтарын ояту.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге жасасып келеді.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып, қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз? Өткенді пысықтау мақсатында " Абай әлемі" тақырыбында берілген сұрақтарға жауап берейік!
2. Туған жерін ата. (Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Ақын қайда жерленді?
4. Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы шықты? 1909ж
5. Абайдың өскен ортасы, туған – туыстары туралы не білесің?
6. Абай қай жылы әкімшілік, билік жұмыстарына араласты? 1858ж
7. Қай жазушы Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады. (Мұхтар Әуезов)
8. Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жазды?
9. А. Құнанбаев қай жылы «Ескітам» медресесінде дәріс алды? 1853 ж
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет - Риза.)
2.Жаңа сабақ: Кіріспе сөз:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Осы бір ауыз өлеңде-бүкіл Абай атамыздың өмірінің терең сыры жатыр. Мұңы қараңғы елдің мылқау күшімен арпалысқан аяулы жанның кейінгіге жолдаған арызы деуге де болады. Бұрынғы қазақ елінің әлеуметтік халін білмей,Абай Құнанбаевтың туған айналасын өмір ұясының кім екенін түсінбей жоғарыдағыАбай атамыздың жұмбағын шешу де қиын.
Өлең дегеніміз не?
Өлең - белгілі бір өлшеммен қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі.
Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?
Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лиракасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы
3. Мағынаны тану /ҚЫСҚАША ШОЛУ/
Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сызба бойынша талдау
1. Авторы Абай Құнанбаев
2. Тақырып – бұл өлең табиғат туралы. Өлеңде ақын табиғат пен махаббатты үндестіре суреттейді.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең).
4. Идеясы - Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді. Жазғытұры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» Абай табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды, үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»ойын бос жүріс, алдымен білім алу керектігін жастарға айта білді. - философиялық лирика
Абай лирикасы кең көлемді, биігі бітпес, терені таусылмас рухани асыл мұра. Оның лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер керек болса, Абай өлендерінде соның бәрі бар.
3.Оқушыларды мазайка әдісімен үш топқа бөлу:
«Нұр» тобы
«Даналық» тобы
«Қазына» тобы
1-ші топ: Абайдың табиғат лирикасы
А) «Қыз» «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз»
Б) «Желсіз түнде жарық ай»
2-топ. Абайдың саяси лирикасы
А) «Қалын елім, қазағым, қайран жұртым»
Б) «Сегіз аяқ»
3-топ. Философиялық лирикасы
А) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Б) «Ғылым тапай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге»
Ой салу технологиясы бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды, талдау жасайды, жауаптарын бағалайды.
4.Сабақты бекіту:
Білемін Білдім Білгім келеді
Абай-данышпан Бес асыл істі. Ақынның ғибратты қара
ақын Аулақ болар бес сөздері, өлендері
дұшпанды
5.Сабақты қорытындылау. Бағалау
А.Е.Имангаликова
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
«№21 кешкі мектебі» КММ
Жарма ауданы