kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау»










«ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» пәні бойынша

курстық жұмысқа арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ








Дайындаған оқытушы (разработал преподаватель): ______________________








ӘКЦ отырысында мақұлданды. Хаттама № __ «__» __ _____2016 г


ӘКЦ төрағасы (төрайымы)/Председатель ЦМК: _ _______








Қостанай қ.

Курстық жұмыстарының тақырыптары гуманитарлық пәндер циклының отырысында келісіліп бекітіледі.



Кіріспе

Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

«Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияның оқушылардың даму деңгейіне тигізетін ықпалының тиімділігі мен нақтылығын анықтау;

- технологиялармен оқытудың тиімді жолдарын көрсету;

- жаңа тенологиялық әдіспен оқытудың сабақ жоспарларын көрсету;

- жаңа технологиялардың маңыздылығын, білім жүйесіндегі қызметін айқындау.


Курстық жұмысты жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру курстық жұмысты қарастырылған мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйрену;











Курстық жұмыстың орындау барысында студент өзінің ғылыми және тәжірибелік білімін дәрежесін, тәуелсіздік деңгейін, теориялық дайындылығын және зерттеген тақырып бойынша негізгі концепцияларын көрсету. Қорытындыда орындалған жұмыс қойылған талаптарға сай және қорғауға жіберу мүмкіндігі қарастырылу қажет.

Курстық зерттеудің ұсынылған тақырыптарымен танысу барысында тізімдегі кейбір тақырыптар әдебиет саласының жалпы мәселелерін, ал кейбір тақырыптары арнайы мәселелерді қарастыратынын байқауға болады. Белгілі бір тақырыптар бойынша әдебиеттер өте көп, ал кейбір тақырыптар бойынша басылымдар саны аз болуы мүмкін. Бірақ ғылыми әдебиеттердің жетіспеушілігі, тақырыптың аз өңделуі сияқты қиыншылықтардан қорқу қажет емес. Аз зерттелген мәселе өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін, мақсатты ғылыми ізденісті көбірек көрсетуге мүмкіндік береді.



Курстық жұмыстың жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:

  • курстық жұмыстың тақырыбы бойынша бағдар беріп, жұмыстың құрылымы мен міндеттерін түсіндіреді;

  • студенттерге курстық жұмыстың орындалуының барлық мерзіміне жұмыстың календарлық кестесін құрастыруға көмек көрсетеді;

  • тақырып бойынша қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер және өзге де қайнар көздер туралы мәліметтер береді;

  • кестеге сәйкес студенттермен кездесіп, қажет болған жағдайларда кеңестер береді;

  • жұмыстың орындалуын тексереді.

Тексеру нәтижесінде ғылыми жетекші ескертпелер берсе, жұмыстың тиісті бөлімдері немесе жұмыс толықтай ескертпелерге сәйкес қайта өңделіп, жетілдірілуі тиіс.



Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымы

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен курстық жұмыста қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зерттеу қажет, яғни библиографиямен жұмыс, ал егер мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе, юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.



Жоспар курстық жұмыстың бөлімдерінің атаулары мен әр бөлімнің мазмұнын ашатын негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.

Жасалған жоспарды жетекшімен талқылау керек, жетекші жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана курстық жұмысты жазуды бастау керек. Курстық жұмыстың құрылымы, бөлімдер мен бөлімшелердің саны бойынша ешқандай арнайы ережелер жоқ. Ол курстық жұмыстың тақырыбына және студенттің қолындағы жиналған материалына тәуелді анықталады.



Курстық жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  • титулдық бет

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыстың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Титул беті курстық жұмыстың бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

  • курстық жұмыстың орындалған, ұйымның атауы,

  • жұмыстың түрі - курстық жұмыс,

  • «тақырыбы» деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмыс тақырыбының, атауы,

  • мамандықтың атауы және коды,



  • сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

  • бір жол төмен курстық жұмыс жетекшінің аты жөні,

  • қала және жыл көрсетіледі.



Жұмыстың мазмұнына курстық жұмысы бөлімдерінің атаулары мен тиісті бөлімдерін және бөлімшелерінің басталатынын көрсететін беттердің нөмірлері берілуі қажет.



Кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, курстық жұмысының құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлім бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін және әрбір бөлімшенің жекелеген тармақшаларының болуына жол беріледі. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді, яғни, орындалатын курстық жұмыстың мәні, мазмұны, әдістемесі мен негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Қорытындыда тақырыптың сипатына және курстық жұмыстағы оның зерттелу тереңлігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемемесі бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну мәселері бойынша қарастыруы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.



Курстық жұмысты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 14, шрифт—Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті—30 мм, оң шеті – 10 мм, үстінен – 20 мм, астынан – 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т.б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Курстық жұмыстың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ – мазмұны.. Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және курстық жұмыстың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары парақтың соңғы жазулары болмауы тиіс. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

Курстық жұмыстың құрамына кестелер немесе графиктер енгізуге жол беріледі. Кестені немесе графикті номерлеу бүкіл курстық жұмыс шеңберінде реттік болуы мүмкін. Кесте сөзі және оның реттік саны кестенің жоғарғы оң бұрышынан номерленуі қажет. Бір интервалдан кейін кестенің атауы көрсетіледі.



Кестеге сілтеме жасаған жағдайда кестенің номері мен кесте орналасқан бетті көрсету қажет. Кесте бір параққа сыймаған жағдайда оны келесі параққа жалғастыруға болады, онда келесі парақта жоғарғы оң жағында жазбаша әріптермен «кестенің жалғасы» деп жазылып, оның номері қойылады.

Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге ерекше назар аудару қажет. Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің орналасу тәртібіне сәйкес жазу керек және номерлеу араб цифрларымен нүктесіз жазылады.

Егер оқулық бір автормен немесе үш адамнан аспайтын авторлармен ұжымымен жазылса, оның библиографиялық сипатталуы автордың немесе авторлардың тегі мен иннициалдарын көрсетуден басталады. Содан кейін кітаптың толық атауы; нүкте; тирэ; кітап шығарылған қаланың атауы; қос нүкте; кітапты басып шығарылған баспа атауы, үтір; кітаптың шығарылған жылы; нүкте; тирэ; жалпы парақтың саны беріледі. Егер кітап үлкен авторлық ұжыммен жазылса немесе автор мүлдем көрсетілмесе, кітаптың атауы көрсетіледі.

Егер жұмыста мерзімді басылымдарда немесе жинақтарда жарияланған мақала материалдары пайдаланылса, ол мынадай тәртіпте рәсімделеді: автордың тегі және инициалдары; мақала атауы; екі көлбеу сызықша (//) ; мақала жарияланған мерзімді басылымның немесе жинақтың атауы; тирэ; басылым жылы; нүкте; номер; нүкте; тирэ; мақаланың бірінші және соңғы беттері

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, қайнар көздің сілтемесі жазылуы тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

















Курстық жұмысты қорғауға дайындау

Курстық жұмыстың жетекшісі жұмысты тексеріп, мақұлдағаннан кейін қолын қояды. Жетекші пікірінде жұмыстың әрбір бөлімі бойынша студентпен жүргізілген жұмысқа сипаттама беріледі, тақырыптың ғылыми жаңалығы, кемшіліктері көрсетіледі.

Жұмысқа ұқыпты қарау, қорғаудың оң нәтижесін мақсат тұту, жетекшімен тығыз іскерлік байланыс – студентге жұмысты табысты дайындауға, қорғауға мүмкіндік береді.









































Курстық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу үлгісі









Курстық жұмыс



Тақырыбы: «Орта мекепте қазақ тілін оқытудың өзекті мәселері»

Пәні: «Әдебиетті оқыту әдістемесі»

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»











Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:













Қостанай қаласы 2016 ж.



Мазмұны



Кіріспе.......................................................................................................................3

І. (тараудың тақырыбы) Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселері....................................................................................................................

1.1..............................................................................................................................

1.2..............................................................................................................................

ІІ. Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын орындатудың әдіс-тәсілдері..........................

2.1. .........................................................................................................................

2.2..............................................................................................................................

ІІІ. Қазақ тілі сабағында талдау жүргізудің

негізгі бағыттары................................................................................................

3.1................................................................................................

3.2...............................................................................................

Қорытынды............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................



























Пайдаланылған әдебиеттер
  1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.

  2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.

  3. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы, 1983.

  4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

  5. Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. – Павлодар, 2003.

  6. Богданова М. Методика преподавания литературы. – Москва, 1996.

  7. Рез З.Я. Методика преподавания литературы. – Москва, 1985.

  8. Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы, 1973.

  9. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіг арттыру жолдары. – Адматы, 1974.

  10. Голубков В.В. Методика преподавания литературы. – Москва, 1969.

  11. Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 1984.

  12. Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1978.

  13. Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі. – Алматы, 2001.

  14. Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті: әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2004.

  15. Бабанский Ю.Н. Оптимизация Учебно – воспитательного процесса. - Москва, 1982.

  16. Ә.Қанафин «Әдебиеттен білім мазмұнын жетілдірудің кейбір мәселелері». Алматы 1962, 201-204 б.

  17. Ә.Қоңыратбаев «Әдебиетті оқыту методикасы »-Алматы?Мектеп 117-120-б.

  18. Ә.Қоңыратбаев «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері». Алматы:ҚОМПБ 11.А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы». «Мектеп » баспасы.Алматы-1969. 207-210 б.

  19. Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары». Алматы: Рауан-1990.115-118б.

  20. Қ.Айтқалиев «Сабақ жүйесінде әдеби- теориялық ұғымдардың орны және оны қалыптастыру жолдары». //Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен.-Алматы.1992

  21. Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау

Автор: Джамекеева Эльмира Багитбековна

Дата: 29.12.2016

Номер свидетельства: 374463

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Тіл стилі» арнайы курсыны? ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(39) "til-stili-arnaiy-kursynyn-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "219904"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434432451"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "7-9 cыныптар?а арнал?ан "WEB-ДИЗАЙН" ?олданбалы курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(67) "7-9-cynyptarg-a-arnalg-an-web-dizain-k-oldanbaly-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "151819"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420747113"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "О?у процесін технологияландыру. "
    ["seo_title"] => string(37) "ok-u-protsiesin-tiekhnologhiialandyru"
    ["file_id"] => string(6) "236595"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444122696"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства