kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама.    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі,ана тілі пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика,жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу  қажет.Сондықтан жаңартылған білім беру заман талабы екенін білуіміз қажет.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай, оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Кез келген ата-ананың көкейінде «Бұл бізге не береді?» деген жаңартылған білім беру мазмны жайлы сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «Мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Қыркүйек айынан бастап 1 сынып сабақтарына ену барысында, мұғалімдердің оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуге қарқынды жұмыс жасап жатыр.

Білім саясатының өзекті мәселелері – біліммен қамтамасыз етудің ғылыми әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелерімен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

        Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан – жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндетті жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

        Басты мақсат – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы біліктілікті арттырудың көпдеңгейлі және көпқұзырлы жүйесін құру. Мұның барлығы білім беруші – мұғалімнің өзінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Бұрын біз дәстүрлі сабақты өтудегі мақсатымыз жаңа материалды бере отырып, оқушыға жаңа білімді меңгерту болса, ал іс – әрекетте оқушыға оны тыңдап есінде сақтау керек екенін ескертетінбіз.      

         Сонымен қатар сабақтың құрылымы жоспар бойынша өтілуі тиіс және сабақ тақырыбындағы көзқарас – кітаптың аясында ғана, кітапта баяндалған идеяға негізделген көзқарас еді.

         Оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай берілген тапсырма арқылы олар өз деңгейлерін байқатады. Олардың жеті модульді сабақта кірістіре отырып пайдаланғанда, ойлау оны айта білу, өз – өздеріне сыни көзбен қарап, бірін – бірі бағалау арқылы оқушылардың білімдерінің артатынын білдім.     

 Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып, Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал еу мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердім. Сабақта түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасам, оқушы сыни көзбен қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық жеткізуі оқушының білім деңгейін бір саты болса да жоғарылататынын байқадым. Оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беру кезінде олардың жеткізе білу шеберлігін, ойын дамыта отырып дәлелді ақпараттармен жауап беруіне назар аудардым. Оқушыларға сауалды қоя білсең олардың жауабының мағыналы болып шығатынына көзім жетті. Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, өзімнің сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білімді алуы қуантарлық жағдай деп айтсам болады. Топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушылар да ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды. 
Әр сабақты жоспарлағанда оқушының білім алуы үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландым. Сұрақтарды қою кезеңінде бірнеше әдістерді қолдандым. Жұмыс барысында оқушылардың жауаптарына көлеміне қарай әртүрлі уақыт белгіледім. Тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ – тапсырмаларды орындау кезеңінде балалардың іс – әрекеті нәтижесінде түйгенім:

1. Оқушылар бірінен – бірі қалғысы келмей тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды;

2. Белсенділігі төмен оқушылар жақсы оқитын оқушылар дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды;

3. Жақсы оқитын оқушы дарынды оқушы деңгейіне көтеріледі;

4. Берілген тапсырмаларды өз бетімен де, топтық жұмыс кезеңінде орындауларына жол ашты;

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. 

Осы курста оқып жүрген әріптестермен де кеңесе отырып, біраз әдіс – тәсілдерімізбен алмасып, өзіміздің сабақ үрдісімізді біраз кеңейттік деп айтсам болады. Бір – бірімізбен ақылдаса, пікірлесе отырып, сабақ беру кезіндегі түрлі жағдаяттарды ортада талқылай отырып, өзімізде болатын кері әсерлер мен жағымды жақтарымызды кеңінен толғап, бір – бірімізге кеңес беріп, мол тәжірибе алдым. Себебі топ ішінде идеяларды талқылауда белсенділікпен, қызығушылықпен, қатысатын бір – бірін тыңдай білетін.

«Бетпе – бет» әдісі кезінде  мен сабақ үстінде оқушылармен ұштастыра білуге тырыстым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез – келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы, оқуы мен уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады делінген.

Оқушылардың баға жайында айтқан пікірлеріне мән беріп қарамайтынмын. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша  оқушыларға өзін – өзі бағалау жайында айта отырып, сабақта бірін – бірі бағалауларына күш салдым. Оқушылардың өздеріне бағалату кезеңім алғашқы кезеңде сәтті шықты деп айта алмаймын. Себебі топ ішінде артық бағалап, бір – бірінің көңілдерінен шықпай жатты. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін мен бағалау критерийлерін мүмкіндігінше жасап, топ басшысына беру арқылы бағалатуды ұйғардым. Сабақ соңында критерий бойынша талқылап, топ мүшелерінің бір – біріне қойған бағасымен топ басшысының қойған бағасына назар аударып отырдым. Осы уақыттарда оқушылардың қызығушылығы артып, кері байланыста өзіндік ұсыныстарын оқи отырып, оларға өзін – өзі бағалау ұнағандығын білдім. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау әдісімен оқушылардың өздерін сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір – бірінің жұмысын бағалауды сұрадым.

 Сабақтар топтамасының бірінші сабағында топтық жұмыстардың бағалануы жайында бағалау парақшаларын әр топ басшысына тапсырдым. Сабақта оқушылардан топ басшысының бағалауымен қатар оқушылардың әр топтан көзқарасын, баға беруін сұрадым. Сабақ түрткі болу сұрағынан басталды. Балалар сауалдарға белсене араласа отырып, жаңа сабақтың тақырыбын сауал арқылы аша білді. Әр топқа мәтін бөліктерін бөліп бердім. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы он минут ішінде оқып, түсіну тапсырылды. Берілген уақыттан соң оқушылар әр топтан өз түсініктерін мазмұндап, әр топтың оқушыларының сауалдарына жауап берді. Балалардың тақырыпты түсініп алып, бір – біріне түсіндіруі өте тиімді тәсіл болды. Оны оқушылардың өздері де жақсы меңгергендіктерін айта отырып, сабақ үстінде осылай меңгерсек болады екен ғой деген ойларын айта білді. Сабақтарымда әр түсті стикерлерге сабақтан алған сезімдерін жазу арқылы тақырыпты қалай меңгергендерін смайликтерге жапсыру жұмыстары жүргізілді. Сабақтарда оқушылар өздерін бағалау кезінде бағалау парақшасына берілген тапсырмаларға жауаптың нақтылығы және айқындылығы, қатесіз жауап беруіне мән берілу керектігі жазылған болатын.

Менің бұл жүргізген сабақтарымда күнделікті қорытынды бағалау немесе мадақтау арқылы және сабақ соңында жиынтық бағалау үрдісі жүріп отырды. 

 Оқушыларға бағалау парақшасын берудегі мақсатым:

- Оқушының жауабын өздігінен саралауға, өз – өздерін сынаққа алуға бағыттау, білімдерін әрі қарай кеңейту. 

- Оқушының жауабын талдау арқылы өзара сын көзбен қарауға бейімдеу.

- Бірін – бірі бағалата отырып, білім аясын кеңейтуге, оқушыларды сын көзбен қарата отырып, жаңалықтың бастамасы болуға негіздеу деп ойлаймын. 

Сабақты бекітуде оқушылар бүгінгі сабақта нені түсінгендігін саралады. Білім алудағы жаңа тәсілді қолданып, сыни ойлауын дамытты, бағалау критерийлері бойынша, өзін-өзі бағалап, сыныптастарын бағалап үйренді, ой түйіндеу барысында көшбасшылығын көрсете алды. Балалар пікірлеріне түсінік бердім. Оқушылар пікірінен өзім мынандай қорытынды шығардым: болашақта да топқа бөлінеміз. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр түрлі тәсілдер арқылы тапсырма орындаймыз. Бір - бірімізді бағалаймыз. Үйге тапсырмаға өтілген тақырыпты оқып келу. Бұл сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады.

Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. 
Оқушылардың өзін – өзі бағалау арқылы жеткен жетістігі:

  1. Сыныптастарының жауаптарын мұқият тыңдай білді.
  2. Өз көзқарастарын, өз пікірлерін дәлелді қорғай білді.
  3.  Өз еңбегін бағалаушы, қорытындылаушы. 
     
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жаңаша оқытудың тиімділігі


Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама.    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып ,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі,ана тілі пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика,жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу  қажет.Сондықтан жаңартылған білім беру заман талабы екенін білуіміз қажет.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай, оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Кез келген ата-ананың көкейінде «Бұл бізге не береді?» деген жаңартылған білім беру мазмны жайлы сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «Мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Қыркүйек айынан бастап 1 сынып сабақтарына ену барысында, мұғалімдердің оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуге қарқынды жұмыс жасап жатыр.

Білім саясатының өзекті мәселелері – біліммен қамтамасыз етудің ғылыми әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелерімен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан – жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндетті жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Басты мақсат – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы біліктілікті арттырудың көпдеңгейлі және көпқұзырлы жүйесін құру. Мұның барлығы білім беруші – мұғалімнің өзінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Бұрын біз дәстүрлі сабақты өтудегі мақсатымыз жаңа материалды бере отырып, оқушыға жаңа білімді меңгерту болса, ал іс – әрекетте оқушыға оны тыңдап есінде сақтау керек екенін ескертетінбіз.

Сонымен қатар сабақтың құрылымы жоспар бойынша өтілуі тиіс және сабақ тақырыбындағы көзқарас – кітаптың аясында ғана, кітапта баяндалған идеяға негізделген көзқарас еді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай берілген тапсырма арқылы олар өз деңгейлерін байқатады. Олардың жеті модульді сабақта кірістіре отырып пайдаланғанда, ойлау оны айта білу, өз – өздеріне сыни көзбен қарап, бірін – бірі бағалау арқылы оқушылардың білімдерінің артатынын білдім.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып, Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал еу мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердім. Сабақта түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасам, оқушы сыни көзбен қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық жеткізуі оқушының білім деңгейін бір саты болса да жоғарылататынын байқадым. Оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беру кезінде олардың жеткізе білу шеберлігін, ойын дамыта отырып дәлелді ақпараттармен жауап беруіне назар аудардым. Оқушыларға сауалды қоя білсең олардың жауабының мағыналы болып шығатынына көзім жетті. Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, өзімнің сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білімді алуы қуантарлық жағдай деп айтсам болады. Топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушылар да ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды. 
Әр сабақты жоспарлағанда оқушының білім алуы үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландым. Сұрақтарды қою кезеңінде бірнеше әдістерді қолдандым. Жұмыс барысында оқушылардың жауаптарына көлеміне қарай әртүрлі уақыт белгіледім. Тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ – тапсырмаларды орындау кезеңінде балалардың іс – әрекеті нәтижесінде түйгенім:

1. Оқушылар бірінен – бірі қалғысы келмей тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды;

2. Белсенділігі төмен оқушылар жақсы оқитын оқушылар дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды;

3. Жақсы оқитын оқушы дарынды оқушы деңгейіне көтеріледі;

4. Берілген тапсырмаларды өз бетімен де, топтық жұмыс кезеңінде орындауларына жол ашты;

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. 

Осы курста оқып жүрген әріптестермен де кеңесе отырып, біраз әдіс – тәсілдерімізбен алмасып, өзіміздің сабақ үрдісімізді біраз кеңейттік деп айтсам болады. Бір – бірімізбен ақылдаса, пікірлесе отырып, сабақ беру кезіндегі түрлі жағдаяттарды ортада талқылай отырып, өзімізде болатын кері әсерлер мен жағымды жақтарымызды кеңінен толғап, бір – бірімізге кеңес беріп, мол тәжірибе алдым. Себебі топ ішінде идеяларды талқылауда белсенділікпен, қызығушылықпен, қатысатын бір – бірін тыңдай білетін.

«Бетпе – бет» әдісі кезінде мен сабақ үстінде оқушылармен ұштастыра білуге тырыстым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез – келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы, оқуы мен уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады делінген.

Оқушылардың баға жайында айтқан пікірлеріне мән беріп қарамайтынмын. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша оқушыларға өзін – өзі бағалау жайында айта отырып, сабақта бірін – бірі бағалауларына күш салдым. Оқушылардың өздеріне бағалату кезеңім алғашқы кезеңде сәтті шықты деп айта алмаймын. Себебі топ ішінде артық бағалап, бір – бірінің көңілдерінен шықпай жатты. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін мен бағалау критерийлерін мүмкіндігінше жасап, топ басшысына беру арқылы бағалатуды ұйғардым. Сабақ соңында критерий бойынша талқылап, топ мүшелерінің бір – біріне қойған бағасымен топ басшысының қойған бағасына назар аударып отырдым. Осы уақыттарда оқушылардың қызығушылығы артып, кері байланыста өзіндік ұсыныстарын оқи отырып, оларға өзін – өзі бағалау ұнағандығын білдім. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау әдісімен оқушылардың өздерін сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір – бірінің жұмысын бағалауды сұрадым.

Сабақтар топтамасының бірінші сабағында топтық жұмыстардың бағалануы жайында бағалау парақшаларын әр топ басшысына тапсырдым. Сабақта оқушылардан топ басшысының бағалауымен қатар оқушылардың әр топтан көзқарасын, баға беруін сұрадым. Сабақ түрткі болу сұрағынан басталды. Балалар сауалдарға белсене араласа отырып, жаңа сабақтың тақырыбын сауал арқылы аша білді. Әр топқа мәтін бөліктерін бөліп бердім. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы он минут ішінде оқып, түсіну тапсырылды. Берілген уақыттан соң оқушылар әр топтан өз түсініктерін мазмұндап, әр топтың оқушыларының сауалдарына жауап берді. Балалардың тақырыпты түсініп алып, бір – біріне түсіндіруі өте тиімді тәсіл болды. Оны оқушылардың өздері де жақсы меңгергендіктерін айта отырып, сабақ үстінде осылай меңгерсек болады екен ғой деген ойларын айта білді. Сабақтарымда әр түсті стикерлерге сабақтан алған сезімдерін жазу арқылы тақырыпты қалай меңгергендерін смайликтерге жапсыру жұмыстары жүргізілді. Сабақтарда оқушылар өздерін бағалау кезінде бағалау парақшасына берілген тапсырмаларға жауаптың нақтылығы және айқындылығы, қатесіз жауап беруіне мән берілу керектігі жазылған болатын.

Менің бұл жүргізген сабақтарымда күнделікті қорытынды бағалау немесе мадақтау арқылы және сабақ соңында жиынтық бағалау үрдісі жүріп отырды. 

Оқушыларға бағалау парақшасын берудегі мақсатым:

- Оқушының жауабын өздігінен саралауға, өз – өздерін сынаққа алуға бағыттау, білімдерін әрі қарай кеңейту. 

- Оқушының жауабын талдау арқылы өзара сын көзбен қарауға бейімдеу.

- Бірін – бірі бағалата отырып, білім аясын кеңейтуге, оқушыларды сын көзбен қарата отырып, жаңалықтың бастамасы болуға негіздеу деп ойлаймын. 

Сабақты бекітуде оқушылар бүгінгі сабақта нені түсінгендігін саралады. Білім алудағы жаңа тәсілді қолданып, сыни ойлауын дамытты, бағалау критерийлері бойынша, өзін-өзі бағалап, сыныптастарын бағалап үйренді, ой түйіндеу барысында көшбасшылығын көрсете алды. Балалар пікірлеріне түсінік бердім. Оқушылар пікірінен өзім мынандай қорытынды шығардым: болашақта да топқа бөлінеміз. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр түрлі тәсілдер арқылы тапсырма орындаймыз. Бір - бірімізді бағалаймыз. Үйге тапсырмаға өтілген тақырыпты оқып келу. Бұл сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады.

Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. 
Оқушылардың өзін – өзі бағалау арқылы жеткен жетістігі:

  1. Сыныптастарының жауаптарын мұқият тыңдай білді.

  2. Өз көзқарастарын, өз пікірлерін дәлелді қорғай білді.

  3. Өз еңбегін бағалаушы, қорытындылаушы. 
    Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ – қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандарын ынтымақтастықтың белгісі деп ойлаймын. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймыз.

Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.





Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
4. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

5. Р.М.Айтмамбетова «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» Алматы 1985

6. Игенбаева Б.Қ. Аринова Г.К. «12 жылдық білім беру жағдайында оқыту әдістері технологиялары (әдістемелік құрал)» Астана 2006ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Автор: Сарсенбаева Салтанат Маликаштаровна

Дата: 27.05.2020

Номер свидетельства: 551534

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«?стазым мені шы?армашылы??а шабыттандыр»"
    ["seo_title"] => string(40) "ustazymmienishygarmashylykkashabyttandyr"
    ["file_id"] => string(6) "267739"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450450947"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства