kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік  хат

        Мектептi? бiлiм беру ж?йесiнде бастауыш сынып о?ушыларын  жан – жа?ты дамыту мен т?рбиелеуде, оларды? жалпы м?дениетiн ?алыптастыруда, т?л?аны шы?армашылы??а т?рбиелеуде, ?зiнi? таби?ат пен ?о?ам алдында?ы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi са?тауда д?ниетану п?нi ?лкен р?л ат?арады.Кішкентай адамны? ішкі ?лемі ?демі ж?не бай болуы ?мірде ?те ма?ызды. «Ту?ан ?лке» курсы   білімні? ?ызы?ты ?леміне есік ашады, ?з  Отаны –?аза?стан туралы ма?л?мат бере отырып, таби?атты? к?птеген ??пияларын  тану?а ж?не оларды? сырларын  ашу?а к?мектеседі.                                                           

Курсты? материалы ?аза?станны? географиялы? жа?дайымен, таби?и айма?тарымен,  жануарлар ж?не ?сімдіктер ?лемімен,  жер ?ойнауыны?  е? бай ?орларымен,к?лдермен ж?не ?зендермен,таулармен ж?не   ?оры?тармен, тарихи ескерткіштермен  танысу?а м?мкіндік береді.

         Сонымен бірге бізді? ?аза? хал?ыны? м?дениетімен, салт-д?ст?рімен таныстырады. Отанс?йгіш ?рпа? т?рбиелеу ?шін Отан тарихын сапалы ?рі тиімді о?ыту ?ажет. Б?гінгі орта білім беру ж?йесіндегі Отан тарихын о?ытуды «Ту?ан ?лке» п?ні ар?ылы бекітетін болса?, о?ушыны? тарихи санасыны? ?алыптасуы мен патриотты? сана-сезімі ана??рлым арта т?сер еді. Себебі, «?згені тану ?шін, алдымен ?зі?ді тани біл!» деген жалпыадамзатты? ?а?иданы басшылы??а ала отырып,  Отан тарихын ?лке тарихы ар?ылы тану?а негіз ?алар еді.   Сонды?тан б?л  ба?дарлама о?ушыларды ?аза?станны? таби?ат ?ажайыптары туралы, ?орша?ан орта туралы білімдерін ке?ейтуге негізделген.

Білім беру ж?йесіндегі б?гінгі к?ндегі ?згерістер Отанды? тарихтан білім беруде о?ытуды? ?ылыми ж?не ?дістемелік де?гейін к?теруді талап етеді. Ту?ан жері мен еліні?, хал?ыны? ?ткен ?мірі мен б?гінгі тіршілігін о?ытып ?йрету о?ушыларды азаматтты? пен ?лтжандылы??а, Отан?а деген с?йіспеншілікке т?рбиелейді, жеке т?л?аны? дамуына септігін тигізеді.

Осы ма?сатта «Ту?ан ?лке» курсы бойынша арнал?ан факультативтік курс ба?дарламасы   бастауыш сынып о?ушыларына арналып жасалды. Ба?дарлама о?у процесінде 4-сынып?а, аптасына 1 са?аттан, жалпы о?у ба?дарламасы 34 са?ат?а арнал?ан.

 Курсты?  ма?cаты:

-о?ушылар?а  ту?ан жер   таби?аты,   м?дениеті, экологиясы  туралы  білім  беру;

-?з  ?лкесін     с?ю  ж?не  ?ор?ау?а  ба?ыттал?ан  этнопедагогикалык  негіздегі  патриотты?  т?рбие  беру.

-о?ушыларды? ?орша?ан  орта?а  деген  парасатты жауапкершілігін  арттыру. -таби?ат?а деген с?йіспеншілікке т?рбиелеу,  олар?а  экологиялы? білім мен т?рбие беру

-о?ушыларды  таби?атты аялау мен ?мірімізді? тіршілік етіп отыр?ан таби?атты ?ор?ау  т?рбиелеу

 -?орша?ан ортаны аялау?а деген адамны? саналы к?з-?арасын ?алыптастыру
-?зіні? ту?ан ?лкесі жайлы білімді тере? ме?герту ж?не дамыту;

-?аза?станны? географиялы? жа?дайымен, таби?и айма?тарымен,  жануарлар ж?не ?сімдіктер ?лемімен таныстыру;  жер ?ойнауыны?  е? бай ?орларымен, к?лдермен, ?зендермен, таулармен ж?не   ?оры?тармен, тарихи ескерткіштермен,  ?аза? хал?ыны? м?дениетімен,салт-д?ст?рімен таныстыру.

 -о?ушы бойында бай?а?ышты?, дербестік  ?рекеттерін жетілдіру; ?з ?лкесін зерттеуге  ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

-ту?ан жерін с?юге,халы? м?дениетіне  ??рметпен ?арау?а, таби?атты аялай білуге ?йрету.

Курсты?  міндеттері:

-О?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын тере?дету;
-Практикалы? ж?не интеллектуалды? да?ды мен шеберлікті ?алыптастыру ж?не дамыту;

-Болаша? маманды?ты саналы т?рде та?дау?а к?мектесу;
 -Жеке т?л?аны? бойында ізденушілік-зерттеушілік ?асиетін, экспедициялы? ж?мыс да?дыларын ?алыптастыру;
-?р т?рлі т?сілдермен о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамытатын ?лкетану ж?мысында?ы кешенділікті са?тау:

К?тілетін  н?тижелер :

 О?ушылар білу тиісті :

- ?аза?станны? жануарлар  ж?не ?сімдік ?лемі;

- ?аза?станны? к?лі ж?не ?зендері;

- тарихи ескерткіштер;

- таулар ж?не ?оры?тар;

- ?алалар ж?не ??ірлер,

- ?аза?станны? ата?ты адамдарды?;

- ?аза? хал?ыны? м?дениеті

-?аза?ты? салт-д?ст?рі.

О?ушыларды? білімі мен іскерліктеріне ?ойылатын талаптар:

-географиялы? жа?дайыны? ерекшеліктерін;

- таби?ат ресурстарыны? жиынты?ын;
-пайдалы ?азбаларыны? негізгі кен орындарын;
-?з ?лкесіні? рекреациялы? м?мкіндіктерін;
- негізгі су нысандарын;
-?з ?лкесіні? ауа райы мен климатыны? ерекшеліктерін;
- топыра?ын, ?сімдік жамыл?ысыны? негізгі т?рлерін;
- ?з ?лкесіні? жануарлар д?ниесіні? негізгі т?рлерін;
-?сімдіктерді? ж?не жануарларды? ерекше т?рлерін;
-?лкені? ерекше ?ор?алатын аума?тарын;
-археологиялы? ескерткіштерді ж?не тарихи нысандарды;

- негізгі халы?тарын, оларды? м?дениетін, д?ст?рлерін, ?дет-??рыптарын ж?не ?ол?нерін;
-?лкені? белгілі, е?бек сі?ірген адамдарын білулері тиіс.
 

?дістемелік н?с?аулар.

         Осы курсты ме?геруде о?ушылар к?п н?рсені ?йренеді: ?здігінен ізденуге, кесте толтыру,рефераттар жазу, т?рлі хабарламалар дайындап м?ліметтерді жинастыру, а?паратпен, картамен ж?мыс жасайды. О?у барысында д?ріс ар?ылы ал?ан білімдері   сына? ж?мыстар (тест) ар?ылы толы?тырылады.

        Д?птерге д?рістер  ??рады, кесте, сызбан?с?а, а?парат к?здерінен жинал?ан т?рлі м?ліметтер, диаграммалар, сонымен ?атар рефераттар дайындап, слайд жасалып, ?рбір ж?мысты ?орытындылап, ба?алау.

?олданатын ??рал-жабды?тар:

        ?аза?станны?  саяси картасы, ?аза?станны?  физикалы? картасы, атластар,   дидактикалы? материалдар, электронды? о?улы?тар, компьютер (слайдтар), кестелер мен ?лестірмелер.

П?наралы? байланыс:

Бейнелеу, музыка, д?ниетану, ?дебиеттік о?у.

О?ытуды? іс-?рекет т?рлері:

-О?ушылар еліміз  туралы деректерді, м?ліметтерді талдап, зерделейді.

-А?парат к?здерінен негізгі ??ымдарды, м?ліметтерді ?ыс?арта жазып, ?орытып, талдау ар?ылы на?ты т?жырым жасайды.

-Даталар, цифрлар, фактілерді есте са?тайды.

-?осымша ?дебиеттер мен мерзімді баспас?здегі ж?не де ?р т?рлі а?парат к?здерінен алын?ан м?ліметтер мен хабарларды ты?дайды, ?з пікірін білдіреді.

-Саба?ты т?рліше де?гейде ?йымдастыра отырып, о?ушыларды? ал?ан білімдеріне тексеру ж?ргізіледі.

Саба?тарды? ?ткізу формалары :

- экскурсия;

- ойын – саяхат;

- к?рнекі о?у ??ралдарымен ж?не аны?тамалы? кітаптармен  ж?мыс;

- шы?армашылы? тапсырмаларды? орындауы;

- викторина -саба?

- пікірталас

-жарыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып »

Түсінік  хат

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде бастауыш сынып оқушыларын жан – жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда дүниетану пәнi үлкен рөл атқарады.Кішкентай адамның ішкі әлемі әдемі және бай болуы өмірде өте маңызды. «Туған өлке» курсы білімнің қызықты әлеміне есік ашады, өз Отаны –Қазақстан туралы мағлұмат бере отырып, табиғаттың көптеген құпияларын тануға және олардың сырларын ашуға көмектеседі.

Курстың материалы Қазақстанның географиялық жағдайымен, табиғи аймақтарымен, жануарлар және өсімдіктер әлемімен, жер қойнауының ең бай қорларымен,көлдермен және өзендермен,таулармен және қорықтармен, тарихи ескерткіштермен танысуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге біздің қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырады. Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «Туған өлке» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Сондықтан бұл бағдарлама оқушыларды Қазақстанның табиғат ғажайыптары туралы, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтуге негізделген.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Осы мақсатта «Туған өлке» курсы бойынша арналған факультативтік курс бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 4-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.


 Курстың  мақcаты:

-оқушыларға  туған жер   табиғаты,   мәдениеті, экологиясы  туралы  білім  беру;

-өз  өлкесін    сүю  және  қорғауға  бағытталған  этнопедагогикалык  негіздегі  патриоттық  тәрбие  беру.

-оқушылардың қоршаған  ортаға  деген  парасатты жауапкершілігін  арттыру. -табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оларға экологиялық білім мен тәрбие беру

-оқушыларды табиғатты аялау мен өміріміздің тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау тәрбиелеу

-қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көз-қарасын қалыптастыру
-өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;

-Қазақстанның географиялық жағдайымен, табиғи аймақтарымен, жануарлар және өсімдіктер әлемімен таныстыру; жер қойнауының ең бай қорларымен, көлдермен, өзендермен, таулармен және қорықтармен, тарихи ескерткіштермен, қазақ халқының мәдениетімен,салт-дәстүрімен таныстыру.

-оқушы бойында байқағыштық, дербестік әрекеттерін жетілдіру; өз өлкесін зерттеуге қызығушылықтарын арттыру.

-туған жерін сүюге,халық мәдениетіне құрметпен қарауға, табиғатты аялай білуге үйрету.


Курстың  міндеттері:

-Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;
-Практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту;

-Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;
 -Жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
-Әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау:

Күтілетін нәтижелер :

Оқушылар білу тиісті :

- Қазақстанның жануарлар және өсімдік әлемі;

- Қазақстанның көлі және өзендері;

- тарихи ескерткіштер;

- таулар және қорықтар;

- қалалар және өңірлер,

- Қазақстанның атақты адамдардың;

- қазақ халқының мәдениеті

-қазақтың салт-дәстүрі.


Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

-географиялық жағдайының ерекшеліктерін;

- табиғат ресурстарының жиынтығын;
-пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарын;
-өз өлкесінің рекреациялық мүмкіндіктерін;
- негізгі су нысандарын;
-өз өлкесінің ауа райы мен климатының ерекшеліктерін;
- топырағын, өсімдік жамылғысының негізгі түрлерін;
- өз өлкесінің жануарлар дүниесінің негізгі түрлерін;
-өсімдіктердің және жануарлардың ерекше түрлерін;
-өлкенің ерекше қорғалатын аумақтарын;
-археологиялық ескерткіштерді және тарихи нысандарды;

- негізгі халықтарын, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және қолөнерін;
-өлкенің белгілі, еңбек сіңірген адамдарын білулері тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру,рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.


Қолданатын құрал-жабдықтар:

Қазақстанның саяси картасы, Қазақстанның физикалық картасы, атластар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу, музыка, дүниетану, әдебиеттік оқу.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

-Оқушылар еліміз туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.

-Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды.

-Даталар, цифрлар, фактілерді есте сақтайды.

-Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды тыңдайды, өз пікірін білдіреді.

-Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

Сабақтардың өткізу формалары :

- экскурсия;

- ойын – саяхат;

- көрнекі оқу құралдарымен және анықтамалық кітаптармен жұмыс;

- шығармашылық тапсырмалардың орындауы;

- викторина -сабақ

- пікірталас

-жарыс

Туған өлке

4 сынып (34 сағат аптасына 1 сағат)


Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтетін күні

Берілетін негізгі түсінік.

Тірек білім

Қалыптасуы тиіс икемділік пен дағды

Кіріспе (1сағат)

1

Туған жер-алтын бесік.

1


Туған өлке пәні нені оқытады, курстың мақсаттары мен міндеттері, білім көздері

Туған жерін сүюге,халық мәдениетіне құрметпен қарауға, табиғатты аялай білуге үйренеді.

Біздің еліміз картада және глобуста. (6 сағат)

2

Қазақстанның картасымен танысып жатырмыз.

1


Қазақстанның аумағы және географиялық жағдайы. Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.

Глобус - Жердің  моделі

1.Карталардың  мазмұнына  қарай  жіктелуі

2. Карталардың  масштабына  қарай  жіктелуі

3.Жер  бедерінің, сулардың, елді-мекендердің  бейнеленуі

Қазақстан Республикасының аумағы, ірі қалалары, қандай мемлекеттермен шектесетіні

туралы алған білімдерін одан әрі толықтырады және жүйелейді.

3

Қазақстанның аумағы және географиялық жағдайы.

1


Аумағы,аумағы бойынша дүние жүзінде алатын орны, көршілес мемлекеттері, саяси-географиялық аймағын, географиялық орналасуының

артықшылықтарын анықтау

Қазақстанның географиялық жағдайымен, табиғи аймақтарымен танысады

4

Қазақстан картасымен жұмыс.

1


Карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жердің планын жасау технологиялары, шартты белгілермен танысу


Қазақстан картасымен жұмыс істей білуге үйренеді, бақылау, қорытынды жасау қабілеттері дамиды.

5

Біздің еліміздің облыстары

1


Қазақстанның облыстардың аумағымен танысу.


Туған өлке туралы оқушылардың білімдері толығады. 

6

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы

1


Саяси-әкімшілік карталар — тақырыптық карталардың мысалы болып табылатынын, оларда белгілі бір территорияның, мемлекеттің саяси бөлінуі және әкімшілік құрылысы бейнеленетінін,ондай карталарда саяси (мемлекеттік) және әкімшілік шекаралар, астаналар, елді мекендер, қатынас жолдары көрсетіледі. Картада одақтас республикалар мен олардың астаналары, автономиялы республикалар, облыстар, өлкелер, округтер, олардың шекаралары және басты қалалары көрсетілетінін түсіндіру.



Қазақстанда 14 облыс бар екенін, облыстар белгіленген карта әкімшілік карта деп аталатынын, әр облыстағы басты қала- облыс орталығы арнайы белгімен белгіленетінін,

біздің Отанымыздың елордасы- Астана мен ерекше мәртебеге ие және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұратынын, одан басқа 85 қала, 160 аудан,176 кент,37 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекен бар екенін біледі.



7

Қазақстанның қалалары

1


Адамзат мәдениетінің ғажайып көріністерімен, яғни сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Қазақстан қалаларымен таныстыру

Қалаларымызды таза ұстап, әсемдеуге үлес қосуға, Қазақстанның кереметтері халықтың мұрасы екендігін ұғындыру, қоғамды дамытуға өз үлестерін қосар адал азаматтық ой өрістерін дамыту.

Менің қымбатты Отаным (2 сағат)

8

Дендерім-кенді елім

1


Ауданның аумағы және географиялық жағдайы.

Ауданымыздың картасымен, тарихымен танысу.

Туған өлке туралы оқушылардың білімдері толығады. 

9

Менің ауылым тарихы

1


Саяхат-сабақ –«Менің ауылым»

«Менің ауылым» тақырыбына шығарма жазу арқылы балалардың ой-өрісі, шығармашылық қабілеті дамиды.

Қазақстан табиғаты (10 сағат)

10

Қазақстан

далалары.

1


Дала республиканың жер көлемінің 29%- ын алып жатырғанын, жалпы жер көлемі 77 млн. га. болатынын, Батыс Сібір жазығы, Торғай үстірті, Мұғалжар тауы, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпаты, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары туралы түсіндіру.

Сабақтарда Қазақстанның табиғи аймақтарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, қорықтары мен өзен-көлдерін, жер асты байлығын оқушыларға таныстыру виртуалды саяхаттар формасында жүргізіледі.

11

Қазақстан шөлдері

1


Қазақстанның шөл зонасы туралы білімдерін дамытуға жағдай жасау. Әрбір табиғат зоналарындағы экологиялық мәселелер мен адам әрекеті туралы,шөл зонасының ерекшеліктерін ажырата білуге жағдай жасау.



Қазақстанның негізгі табиғат зоналарымен таныса отырып,

экологиялық тәлім алады. 

12,

13

Қазақстан таулары

2


Таулар туралы ұғым беру, таулардың пайда болуын, түрін түсіндіру, туған жерінің тауларының биіктігін  білу, картаға тауларды түсіру



Таулы аймақтар республикамыздың тұнып тұрған
байлық көзі екенін айқындай отырып, тауларында жиі қазбалармен танысады.

14,

15

Қазақстан өзендері және көлдері

2


Су нысандарының жіктелуі, атауларының пайда болу тарихын оқып-білу, су ресурстарын пайдалану, су экологиясы туралы түсіндіру



     Қазақстанның көлдері,өзендері мен алаптары, өзен жүйелерінің ерекшелігі туралы білім алады.

16,

17

Жер асты байлықтары

2


Қазақстанның пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу



Пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен танысады.

18

Мал шаруа-шылығы

1


Ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы туралы,мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен,ауыл шаруашылығы өндірісін күш- көлік және тыңайтқышпен қамтамасыз ететінін,мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары , дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынатынын түсіндіру.

Үй жануарларын бағу және өсіру ерекшеліктерімен танысады, өлкеміздегі мал шаруашылығының дамуы туралы білім алады.

19

Қазақстанның өсімдіктер әлемі

1


Өсімдік жамылғысын оқып-білу, өсімдіктердің түрлерін және олардың ішінен ғажайып түрлерін анықтау

Өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып біледі, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысады.

20

Қазақстан жануарлары

1


Жануарлар дүниесін анықтау және оқып-білу, жануарлардың топтарын және олардың ғажайып түрлерін анықтау, жануарлар дүниесін қорғау туралы әңгіме

Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-біледі,қауіпті және пайдалы жәндіктер, кәсіптік жануарлар және олардың маңызы, қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлікпен танысады.

21, 22

Қазақстанның Қызыл кітабы

2


Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екендігін, 1978 жылдан шығарыла бастағанын, «Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылғанын әңгімелеу. 


Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының арнайы комиссиясы құрастырды. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алғанын біледі.

Қазақ халқының дәстүрлері, мейрамы (3 сағат)

23, 24

Қазақ халқының салт- дәстүрлері

2


Қазақ халқының салт- дәстүрлерімен танысу.Салт– дәстүрлердің түрлері: діни әдет- ғұрыптар, отбасылық той –томалақтар мен жиындар, маусымдық халықтық мерекелер туралы әңгімелеу


Оқушылар қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғынады,

баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптасады, халық өнегесін үйренеді.

25

Наурыз мейрамы

1


Наурыз жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.


«Наурыз мейрамы» атты мерекега арналған сабақта оқушылар наурыз мейрамы туралы білімдерін тиянақтайды.

Қазақстан ғажайыптары (4 сағат)

26,

27

Қазақстанның көрікті жерлері

2


Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерімен таныстыра отырып, тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле білуге, оның құпиялылығын түсіне білуге үйрету.

Қоршаған ортамыздағы әсем табиғатты көздің қарашығындай қорғап, сақтау – абзал борыш екендігін,сондықтан да бұл тақырып күнделікті өмірімізбен өзектес екенін түсінеді.


28







29






30

Қорықтар:

1.Ақсу-Жабағылы қорығы

Наурызым қорығы

Алматы қорығы

2.Қорғалжын қорығы

Марқакөл қорығы

Үстірт қорығы

3.Батыс Алтай қорығы

Алакөл қорығы

Барсакелмес қорығы

Қаратау қорығы


3



Қорық – ерекше қорғалатын табиғи аумақ екендігі,қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайтыны, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесінің терең зерттелуі туралы әңгімелеу. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленетінін айту.

Қорықтарды құрудың мақсаты - әр түрлі географиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйінде сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетінін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау екенін түсінеді.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері (2 сағат)

31

Киіз үй құрылымы

1


Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы туралы толықтай түсінік беру

Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет алады.


32

Киіз үйдің ішкі жабдықтары

1


Киіз үйдің ішкі жабдықтарымен, жиһаздарымен танысу (сырмақ, тұскиіз, көрпе,сандық, жастағаш, аяққап және т.б.)

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің түрлері және қазақтың шағын мұражайы атанған киіз үй жайлы толық түсінік алады.

Қорытынды бөлім

33

«Өз өлкеңді білесің бе?»

1


Танымдық білімділер сайысын өткізу.

Өз білімдерін сарапқа салады.

34

Қорытынды.


1


Жыл бойы өткенді қайталау.Тест .

Білімдерін жинақтап, қорытындылайды.






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Атырау энциклопедиясы Алматы,2000

  2. Бейсенова Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.

  3. Бейсенбаев А.М., Бейсенбаева Н.Ә.Оқушы анықтамасы.

  4. «Сен білесің бе?» Кітапшалар топтамасы.

  5. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

  6. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А.Қазақстанның жануарлар әлемі.

  7. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы І том.

  8. Жануарлар әлемінің үлкен атласы. Алматыкітап-2001

  9. Иващенко А.А Қазақстанның өсімдіктер әлемі.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып

Автор: Салыкбаева Гульмира Сидыховна

Дата: 10.05.2015

Номер свидетельства: 209762


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства