12.04.2021 | 3 апта | 1-сабақ 1-күн |
Сабақ тақырыбы: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі арқылы білім сапасын арттыру |
Жалпы мақсат: | ӘБ мұғалімдер арасынан бірлесіп жұмыс істейтін адамдар мен мектептің мәселесін анықтау. |
Сілтеме: | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 23-24 б.б. |
Оқу нәтижесі | Әр мұғалім бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керектігін, қалай бағалай алуын топтық жұмыстарда түсінеді. Әріптестерге кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу. |
Түйінді идеялар: | Күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе туралы бара-бар пікір қалыптастыру |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер Коучинг АКТ | Сергіту сәті Топқа бөлу әдісі Термин сөздер әдісі Болжау стратегиясы Эссе жазу Карусель әдісі Формативті бағалау Кері байланыс әдісі |
Дерек көздері: | Аудиожазба, әдеби материалдар, газет-журналдар. |
Тапсырмалар: | Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, авторлық орындық |
Оқуға арналған тапсырма: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
Сабақтың барысы: | 1) Тәлімгерлерді 1,2,3,4 сандарына бөліп отырғызу. 2) сергіту сәті (би). |
І. Қызығушылықты ояту кезеңі | 1. Ой шақыру әдісі – белгілі бір ойды еске түсіре отырып, ретсіз қағазға тізіп жазу. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сәйкес алғашқы білімдерін, ол туралы не білесіңдер? Қалай ойлайсыңдар? Деген сұрақтарды ортаға тастап жіберіп, ойларын еске түсіре отырып, ретсіз қағазға тізіп жаздыру. -Мінсіз оқушы туралы не білесіңдер?-деп ортаға ой тастау (жеке-жеке жұмыс) -Тәлімгерлердің ортақ ойларын тақтаға тізіп жазу |
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі | Термин сөздері стратегиясы - тақтаға мәтінге байланыстырып, карта тарату «Мінсіз оқушы» Бағытталған оқу стратегиясы– «Адам болып қалу» мәтінін алты бөлікке бөлу арқылы жетелеу сұрақтарын қоя отырып, мәтінде ары қарай не болады? Не болуы мүмкін? деген оқырмандардың ойын біле отырып, жетелеуші сұрақтар қойып, мәтіндегі оқиға ары қарай қалай болады екен, оқиға туралы не ойлайсыңдар? Пікірлерін тыңдап, мәтін ары қарай немен аяқталады, не болады, ары қарай оқиға немен шиеленіседі?- Деген сұрақтармен болжата отырып, жетелеп, тақырыптан ауытқымай, оқушыны «Адам болып қалу» мәтін желісіне бағыттау керек, сыни тұрғысынан болжау жасай отырып, аяқта. Эссе жазу әдісі, Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. «Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады» – деген тақырыпта эссе жазуды ұсынды. |
ІV. Бағалау | Эссені бағалау. Эссе жеке-жеке жазылып болған соң дескрипті бағалау түрі жасалып, тақтаға жазылды. Екі тәлімгердің де эссесі оқылып, дескриптер бойынша балл жинақталды. Дескрипті балл жинақтау жолдарын толығымен түсіндіріп, таныстырылымнан бағалау түрлеріне тоқталып өттім . «Эсселерді бағалау рубрикалары» деген критериалды бағалаумен тәлімгерлерді таныстырдым. № | Критерийлер | Дескрипторлар | ,,,+,, | 1,,-,, | 1 | Эссе «5»-ке бағалану үшін...... | 1.Басқаларға ұқсамайтын тезистер енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде қайталамай). | | | 2.Осы тезистер жақсы дәйектемелермен бекітілген (кейбір мұғалімдер тезистерді қолдау үшін қажетті себептердің ең төменгі мөлшерін белгілейді). | | | 3.Осы тезистерге негізгі бақылау дәйектемелер енгізілген. | | | 4.Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілген. | | | 5.Мұқият және қатесіз жазылған. | | | 6. Көлемі 5-тен-7 бетке дейін болу керек. | | | 2 | Эссе «4»-ке бағалану үшін....... | 1.Басқаларға ұқсамайтын тезистер енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде қайталамай). | | | 2.Осы тезистер жақсы дәйектемелермен бекітілген (өткенге қарағанда, себеп саны аз болуы мүмкін). | | | 3.Негізгі мазмұн және қортындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілген. | | | 4.Осы тезистерге негізгі бақылау дәйектемелер енгізілген. | | | 5.Мұқият және қатесіз жазылған. 6.Көлемі 6-7 бет болу керек. | | | 3 | Эссе «3»-ке бағалану үшін....... | 1.Нақты тезистер енгізілген. | | | 2.Осы тезистер пікірлермен бекітілген. | | | 3.Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілген. | | | 4.Мұқият және қатесіз жазылған. | | | 5.Көлемі 4-5 бет болу керек. | | | 4 | Эссе «2»-ге бағалану үшін....... | 1.Тезистік пікірлері жоқ. | | | 2.Кез келген тезисті қолдау үшін қатарластырылған себептер жоқ. | | | 3.Негізгі мазмұны және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілмеген. 4.Мұқият жазылмаған немесе грамматикалық және орфографиялық қателері бар. | | | 5.Үш беттен аз болуы керек- деп. | | | Карусель әдісі. Оқушыларды жұптастырып бір-біріне бағалау бойынша сұрақ қою. Формативті бағалау түрлерімен бағалап, түсіндіру Кері байланыс. |
Үйге тапсырма | Ақ шашты ана мен қара шашты ананың қайсысының тәрбиесі дұрыс, жақтау, даттап келу 3 кочингке. |