kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? о?у?а деген ынтасын арттыруда о?ыту ?шін ба?алау мен о?уды ба?алауды? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Адамзат таби?атыны? тере? ?асиеттеріні?

    бірі адамдарды? ?з д?режесінде ба?алануына

                                     деген ??штарлы? болып табылады».

У.Джеймс

          Елімізді? білім беру ж?йесін 2015 жыл?а дамыту т?жырымдамасында: «Жылдам ?згеріп отыратын заманда алын?ан білімні?,к?сіби да?дыларды? негізінде еркін ба?дарлай білетін,?зін-?зі іске асыру?а,?зін-?зі дамыту?а ж?не ?з бетінше  д?рыс,адамгершілік т?р?ысынан жауапты шешімдер ?абылдау?а ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру» деп на?ты к?рсеткен. Осы  ма?сатты? ж?зеге асырыла бастауыны? бірден-бір себебі–сындарлы о?ыту теориясы. ?азіргі уа?ытта о?уды? м??гілік сауалы я?ни  : «Нені о?ыту,?алай о?ыту?» к?рделеніп барады. О?ушыны? жеке т?л?а ретінде ?алыптасуы ?шін міндетті т?рде  білім негіздерін ?з еркімен ?йреніп, іс-?рекетіні? ма?сатын, міндетін, т?рін, т?сілін ал?ан білімін ?мірде ?олдана алатындай  жа?дай?а жеткізуіміз  тиіс. М?ндай т?л?а?а ?ойылатын бірінші кезектегі на?ты талаптар - шы?армашылы?, белсенділік, жауаптылы?,тере? білімділік,к?сіби сауаттылы?. Б?л талаптарды ж?зеге асыру  ?шін о?ушы  білімін  ба?алауда  м?лдем  жа?а ба?ытта  ж?мыс істеу ?ажеттілігі туындайды. Осы ?ажеттіліктерді шешу жолдарыны? бірден-бір жолы о?ыту ?шін ба?алау мен о?уды ба?алау. Мен ?шін биыл?ы жыл ?згерістер мен жа?алы?тар?а толы болды. Сындарлы о?ытуды негізге  ал?ан Кембридж ба?дарламасы бойынша ?ш ай іс-т?жірибем мен білімімді жетілдірдім. О?у барысында 7 модульді о?ып,ойыма т?йгенім к?п болды. Осы жеті модульді? ішінде «О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» модулін о?и отырып,ба?алау туралы пікірім т?бегейлі ?згерді. Александерді? мына с?зі ерекше ?сер етті: Сыныпта?ы ба?алау тек техникалы? т?сіл емес. Жалпы ба?алау дегеніміз  не?  «Ба?алау » термині  «жа?ын отыру» дегенді білдіретін латын  с?зінен шы??анды?ы кездейсо? емес,себебі ба?алауды? негізгі сипаты бір адам бас?а адамны? не айтып,не істегенін немесе ?зін-?зі ба?ылау жа?дайында ?зіні? дербес ойлауын,т?сінігін немесе т?ртібін м??ият ба?ылауы болып табылады. М??алімдер  жазбаша немесе ауызша т?рде  ба?а ?ою жолымен ба?алайды. Олар ?олданатын кез-келген нысанны? артында обьективті немесе обьективті емес нормалар мен стандарттар ?ана емес, сондай-а? баланы? дамуы,о?уы ж?не ынтасы туралы т?сінік,сонымен ?атар ?зін-?зі ба?алау, ?абілеттілік ж?не к?ш- жігер сия?ты ??ымдар?а ?атысты ??ндылы?тар  жатады.[56.МАН]Мені? б?л та?ырыпты ал?анда?ы ма?сатым-ба?алау ?дістеріні? о?ушыларды?  білім сапасыны? артуына ы?пал ететіндігін ж?не тиімділігін  аны?тау.Осы орайда о?ушылар арасында  ?зара т?сіністік ж?не ?жымды? ?арым-?атынасты орнатып,о?ушыларды?  сенімсіздіктерін жойып, м?мкіндіктерін арттыру?а жол ашу. Б?гінгі к?ні  о?ушыларды? о?у жетістіктерін ба?алау-о?у ?дерісіні? ма?ызды да салма?ты б?лігі болып табылады.Сол себептен зерттеу іс-?рекеттері ке?інен ?олданып,о?ушыларды? жетістіктерін б?гінгі к?нні? талабына  сай жа?аша ба?алау ж?йесі ?ажет етіледі. О?ушыны ?андай ма?сатта,не ?шін,?алай ба?алаймыз? Осы сауалдар?а жауап іздей отырып мен ба?алау кезінде мынадай ма?саттарды?  болатынды?ын айт?ым келеді:

  1. О?ытуды? ?иынды?тарын аны?тау.

Орта мектептерде мысалы,сауаттылы? ж?не математика саласында?ы проблемаларды аны?тау ?шін тестлер  ?ткізу,одан кейін ?зіндік т?зету ж?мыстарын ?айталап ?ткізуге болады.

  1. Кері байланыс

(О?ушылар,м??алімдер,ата-аналар ?шін).М?ндай кері байланыс  «?серді? » бейресми ба?алануынан бастап  ресми жазбаша тестлерге дейін т?рленуі м?мкін.

  1. У?ж

Кері байланыс к?бінесе у?ж болып табылады.Ынталандыру ретінде тестіні? немесе емтиханны? ?ткізілуі ?детте кейбір о?ышылар мен м??алімдерді? ойын жина?тап ?рекет етуге итермелейді.

  1. Болжау ж?не с?рыптау

О?ушыны? білімі мен да?дыларын  ба?алау ар?ылы м??алімдер оларды? болаша?та?ы  мінез-??л?ы мен дамуын болжайды.

  1. Стандарттарды ба?ылау ж?не орындау

Ба?алау н?тижесінде біліктілік д?режесін,ал мемлекеттік емтихан н?тижелері бойынша  жо?ары білім алу?а м?мкіндік алады.

  1. О?ыту ба?дарламасыны? мазм?нын ж?не о?ыту стилін ба?ылау.

К?птеген м??алімдер б?л ?шін  ба?ылау ба?алауды?  негізгі ма?сатына тікелей ?атысы жо? екінші кезекті болып табылады.Ба?алауды? екі т?рі бар. О?ытуды,?дістерді ж?не осы м?мкіндіктерді іске асыру т?рлерін жа?сарту м?мкіндіктерін аны?тау?а ба?ыттал?ан  ба?алау  формативті немесе о?ыту ?шін ба?алау болып табылады. Егер ба?алау ма?саты ба?а ?ою,сертификаттау немесе о?ытуды? ал?а жылжуын тіркеу ?шін  о?ыту ?орытындысын шы?ару болса, онда ?зіні? функциясы бойынша ба?алау жиынты? немесе суммативті  болып табылады оны кейде о?уды ба?алау деп атайды. Саба? ма?саты,о?уда?ы ?діс-т?сіл,ба?алау бірге ?олдан?анда о?ушылар?а ?здігінен  білімді ме?геріп,?з к?з?арастарын зейін ?ойып,зерделей берген білім аясында ж?зеге асады.

?лемдегі  со??ы зерттеу ж?мыстары бізді? ??ымымызда формативті  ба?алау ?дерісіні? ед?уір дамуы  мен  білім беру  мен білім алуда ?олдану м?мкіндіктеріне серпін берді.О?ыту ?шін ба?алауды т?сіну ?шін оны д?ст?рлі ба?алау?а ?арама-?арсы ?ой?ан д?рыс.

  1.  

О?ыту ?шін ба?алау

О?уды ба?алау

О?ыту ?шін  (формативті )ба?алау ма?саты кері байланысты ?амтамасыз ету ?шін м??алім ж?не о?ушы ж?ргізеді.

Жиынты? ба?алауды? ма?саты о?ушыны? бір та?ырып немесе то?сан ая?ында жеткен жетістігі немесе белгілі бір стандартты  ме?геруі.

О?ыту ?шін ба?алауда о?ушы нені білетіндігін к?рсетеді,?зін-?зі  ба?алайды ж?не жетілдіреді.Формативті ба?алауды? д?ст?рлі ба?алаудан айырмашылы?ы:

  • К?нделікті саба?та?ы іс-?рекетке килікпейді;
  • Та?ырыпты ме?геру кезінде о?ушыны? білімін дамыту ?шін ?олданылады;
  • О?у жоспарыны? сыныпта орындалуын к?рсетеді;
  • ?рбір жеке т?л?аны?  ?лсіз немесе к?шті  жа?тарын к?рсетеді;
  • О?ушыны? ?лгерімі туралы бірнеше к?рсеткіш к?рсетеді;
  • Е? бастысы ?р?ашан кері байланыс болады;

?азіргі та?да  о?ушы жетістігін ба?алау м?селесі-білім беру ж?йесіндегі ?зекті м?селелерді? бірі.О?ушыны ба?алау-ол білімні? н?тижесі болып табылады.О?ушыларды? саба??а даярлы?ы мен ?абілеті ба?амен есептеледі.Д?ст?рлі саба?тарда о?ушылар  білімін тек м??алім ба?алады. Ал о?ыту ?шін ба?алау мен о?уды ба?алау модулін ?олдана отырып ба?ала?ан кезде  ба?аны о?ушылар ?здері ?ояды ж?не ба?алау критерийлеріне ?арап неліктен осындай ба?а ал?анын о?ушы біліп отырады.Олай болса  ба?аны  ?алай  тиімді ?олдану?а болады? Ба?алау ар?ылы о?ушыларды? о?у?а,саба??а деген ?ызы?ушылы?ын ту?ызу?а,саба?ты тере?  ме?гертуге п?н бойынша білімін  ?алай тере?детуге болады? Ба?алауды? ?андай т?рлері бар ж?не оларды ?алай ?олдану?а болады? «О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау дегеніміз  не?»,- осы с?ра?тар?а жауап іздей отырып,?з т?жірибемнен саба? ?лгілерін ?сын?анды ж?н к?рдім.?дебиеттік о?у п?нінен «??мырс?аны? ?ана?аты» ертегісіні?  ?ыс?а мерзімді жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? о?у?а деген ынтасын арттыруда о?ыту ?шін ба?алау мен о?уды ба?алауды? ма?ызы»

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы



Нарымбетова Анар Болатқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі



«Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің

бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына

деген құштарлық болып табылады».

У.Джеймс

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің ,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсеткен. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден-бір себебі–сындарлы оқыту теориясы. Қазіргі уақытта оқудың мәңгілік сауалы яғни : «Нені оқыту,қалай оқыту?» күрделеніп барады. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жеткізуіміз тиіс. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық,терең білімділік,кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттіліктерді шешу жолдарының бірден-бір жолы оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау. Мен үшін биылғы жыл өзгерістер мен жаңалықтарға толы болды. Сындарлы оқытуды негізге алған Кембридж бағдарламасы бойынша үш ай іс-тәжірибем мен білімімді жетілдірдім. Оқу барысында 7 модульді оқып,ойыма түйгенім көп болды. Осы жеті модульдің ішінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін оқи отырып,бағалау туралы пікірім түбегейлі өзгерді. Александердің мына сөзі ерекше әсер етті: Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Жалпы бағалау дегеніміз не? «Бағалау » термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес,себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында обьективті немесе обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.[56.МАН]Менің бұл тақырыпты алғандағы мақсатым-бағалау әдістерінің оқушылардың білім сапасының артуына ықпал ететіндігін және тиімділігін анықтау.Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып,оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады.Сол себептен зерттеу іс-әрекеттері кеңінен қолданып,оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Оқушыны қандай мақсатта ,не үшін,қалай бағалаймыз? Осы сауалдарға жауап іздей отырып мен бағалау кезінде мынадай мақсаттардың болатындығын айтқым келеді:

  • Оқытудың қиындықтарын анықтау.

Орта мектептерде мысалы,сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестлер өткізу,одан кейін өзіндік түзету жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

  • Кері байланыс

(Оқушылар,мұғалімдер,ата-аналар үшін).Мұндай кері байланыс «әсердің » бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестлерге дейін түрленуі мүмкін.

  • Уәж

Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады.Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқышылар мен мұғалімдердің ойын жинақтап әрекет етуге итермелейді.

  • Болжау және сұрыптау

Оқушының білімі мен дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды.

  • Стандарттарды бақылау және орындау

Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін ,ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік алады.

  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.

Көптеген мұғалімдер бұл үшін бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады.Бағалаудың екі түрі бар. Оқытуды,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою,сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық немесе суммативті болып табылады оны кейде оқуды бағалау деп атайды. Сабақ мақсаты,оқудағы әдіс-тәсіл,бағалау бірге қолданғанда оқушыларға өздігінен білімді меңгеріп,өз көзқарастарын зейін қойып,зерделей берген білім аясында жүзеге асады.

Әлемдегі соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндіктеріне серпін берді.Оқыту үшін бағалауды түсіну үшін оны дәстүрлі бағалауға қарама-қарсы қойған дұрыс.

1-кесте

Оқыту үшін бағалау

Оқуды бағалау

Оқыту үшін (формативті )бағалау мақсаты кері байланысты қамтамасыз ету үшін мұғалім және оқушы жүргізеді.

Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының бір тақырып немесе тоқсан аяғында жеткен жетістігі немесе белгілі бір стандартты меңгеруі.

Оқыту үшін бағалауда оқушы нені білетіндігін көрсетеді,өзін-өзі бағалайды және жетілдіреді.Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы:

  • Күнделікті сабақтағы іс-әрекетке килікпейді;

  • Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының білімін дамыту үшін қолданылады;

  • Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді;

  • Әрбір жеке тұлғаның әлсіз немесе күшті жақтарын көрсетеді;

  • Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді;

  • Ең бастысы әрқашан кері байланыс болады;

Қазіргі таңда оқушы жетістігін бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.Оқушыны бағалау-ол білімнің нәтижесі болып табылады.Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі.Дәстүрлі сабақтарда оқушылар білімін тек мұғалім бағалады. Ал оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін қолдана отырып бағалаған кезде бағаны оқушылар өздері қояды және бағалау критерийлеріне қарап неліктен осындай баға алғанын оқушы біліп отырады.Олай болса бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы оқушылардың оқуға,сабаққа деген қызығушылығын туғызуға,сабақты терең меңгертуге пән бойынша білімін қалай тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау дегеніміз не?»,- осы сұрақтарға жауап іздей отырып,өз тәжірибемнен сабақ үлгілерін ұсынғанды жөн көрдім.Әдебиеттік оқу пәнінен «Құмырсқаның қанағаты» ертегісінің қысқа мерзімді жоспары.

Апта

Күні

Сабақ

Сабақ тақырыбы

Құмырсқаның қанағаты

(ертегі)

Жалпы мақсаты

Ертегінің мазмұнын,негізгі ойын түсіну.


Негізгі міндеттері

1.Ертегідегі негізгі ойды түсіндіру

2..Рөлдерге бөліп оқуға дағдыландыру


Сілтеме

Әдебиеттік оқу

3 сынып

Алматыкітап баспасы

Б.И .Иманбекова

П.Қ Жаманқұл

З.Муфтибекова

2-бөлім

Слайд ; Интернет желісі;

google.kz,

youtube.com

Күтілетін нәтижелер

1.Ертегі мазмұнын түсіне алады.

2.Ертегі кейіпкерлері туралы өз ойларын жеткізе алады.

3.Топ арасындағы ынтымақтастыққа

үйренеді.

Тапсырмалар

1. «Серпілген сауал»

2. «Ойлан-бірік-талқыла» (постер қорғау)

3. «Жұптасып-ойлан-бөліс»

4. Семантикалық карта

5. «Кір жаятын жіп»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады


Мұғалім іс-әрекеті

I.Ой қозғау

1.-Саламатсыздар ма,балалар?

Сабағымызды алдымен сергіту сәтінен бастайық.

2.Үш түрлі смайликтер арқылы үш топқа бөлінеміз.Әр топта 4 оқушыдан..

Үй тапсырмасын тексеру

«Серпілген сауал » әдісі арқылы бір-бірімізге сұрақтар қойып сабақты пысықтаймыз.

Мағынаны тану.

Оқушыларға ертегі туралы түсінік беріледі.Ертегілер 3 ке бөлінеді.Жан-жануарлар,қиял-ғажайып,шыншыл ертегілер.

-Ертегі дегеніміз не?

-Ертегілер нешеге бөлінеді?

-Ендеше бүгінгі өткелі отырған ертегіміз қай ертегіге жатады деп ойлайсыңдар?


Ертегі





Жан-жануарлар шыншыл

туралы қиял-ғажайып

ертегілер ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілерде –ержүрек,батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады.

Ендеше құмырсқаның қанағаты ертегісі қандай ертегіге жатады екен?


Қосымша деректер


Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Құмырсқалар, көбіне топтанып арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” құмырсқалар болады. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оның илеуі де ем болады екен.


«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы бүгінгі

сабақтан алған нақыл сөздерімізді жіпке ілейік.

Түйін

Қанағатшыл,ақылды,иісшіл,ұйымшыл,пайдалы,

еңбекқор,қайратты,сауыт,қорық,илеу,ғұлама,

оқымысты.

Бағалау.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушылардың критерийлік бағалау жүйесі

Оқушылардың аты-жөні

Критерийлер

Жалпы ұпай

Баға

А

В

С

1




1

2


1






























Оқушылар жетістіктерінің жалпы деңгейінің бағалануы төмендегі шкала бойынша жүзеге асады:

0-2 балл – «2»;

3-7 балл – «3»;

8-12 балл – «4»;

13-18 балл – «5»

«Мұзкәмпиттер » арқылы оқушыларға жақсы тілек білдіру.

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін жасап болған соң,топқа бөлініп отырады.

Ертегінің түрлері туралы топтар өз ойларын айтады.

Топтар тақырыпты бір –біріне түсіндіреді.

«Ойлан-бірік-талқыла»

Постер қорғау

1-топ:

Құмырсқаның суретін сала отырып

топтастырып, сипатын жазады.Осы топтан

бір оқушы осы құмырсқаға арнап өлең шығарады.

2-топ:

Оқымысты шалдың суретін салып, сипаттап жазады.Оқымысты шалға өлең шығарады.

Оқымыс-ты





білгір

данышпан



ғұлама

Екі топтан бір-бір оқушы шығып тақырыпты бір-біріне түсіндіреді.

3-топ:

Оқымысты қандай кісі болған?

Ол-барлық жан-жануардың,жәндіктердің,

өсімдіктің тілін білетін кісі болған.

«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі. Мұнда оқушыларды деңгейіне қарай бөле отырып,жұптық

тапсырмаларды орындайды.

Көшбасшылыққа үйренеді ( А)

1-тапсырма:

I-деңгей

Дарынды және талантты оқушыларға

« Еңбекқор құмырсқа» тақырыбына эссе жазу

. Сөйлеу дағдыларын дамытады ( В)

2-тапсырма:

II-деңгей

Мақалдың жалғасын тап

1.Еңбек етсең .....................

2.Еңбектің наны.................

Жалқаудың жаны................

3.Қанағат қарын.....................

3-тапсырма:

Сөздік қорын толықтырады ( С)

III-деңгей

«Құмырсқа » сөзінен бірнеше сөз шығару

Көрініс:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:

диалог,сахналау


«Семантикалық карта»

3 топқа бірдей беріледі.


Құмырсқаның

түрлері

Қорек-

тенуі

Пайдасы

Зияны

Қара


Ортаны

тазартады

улы

Қызыл




Аналық


Емдік қасиеті бар


Аталық




жұмысшы









Құмырсқаның түрлері: қара,қызыл,аналық,аталық,жұмыс-шы

Қоректенуі: өсімдікпен,қалдықтармен,

дәндермен,

тағамдаммен,қоқымдармен қоректенеді.

Пайдасы :ортаны тазартады,емдік қасиеті бар.

Зияны: қара құмырсқалар улы болып келеді.




Кері байланыс

Қызыл-түсінген жоқпын

Сары-түсініксіз

Жасыл-барлығы түсінікті



Оқушылардың берген жауаптарын геометриялық фигуралармен бағаладым.Оқушылардың арасында фигураларды алуға қызығушылық жоғары болды.Фигураларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып,бәсекелестік пайда болды.Сабақ соңында әрбір оқушы өз қолдарындағы фигураларды санап, сабақ соңында жиынтық баға қойдым.Жиынтық бағамен қоса әрбір дұрыс жауабынан кейін мадақтап,ынталандырып отырдым. Сабақ барысында топ басшыларына бағалау критерийлері берілді.Топ басшылары сабақтың басынан бастап соңына дейін топ мүшелерін бағалап отырды.Топ басшылары топтағы оқушылардың әрбір дұрыс жауабына ұпай сандарын беріп отырды.Бұл жерде оқушылардың дәстүрлі сабаққа қарағанда қызығушылығы артып келе жатқандығы байқалды. [1,2,3-суреттер].



1-сурет 2-сурет 3-сурет

Баға оқушының кемшіліктерін табу емес,келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады.Бағалау барысында бала мақтағанды қалайды және соған лайық болуға тырысады.Сондықтан баланы мақтау арқылы жұмысының дұрыстығына тоқталып ,соңынан қате кеткен тұстарына ұсыныс жасау барысында оқушыға жеткізіп отырсақ,онда сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігін анықтадым. Рефлексия жасау арқылы да бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және өзін-өзі бағалауы жақсарады. Келесі сабағым дүниетану пәнінен «Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау» тақырыбында болды. Бұл сабақта оқушыларды топқа бөлгеннен кейін әр топтан бір оқушыдан бақылаушыларды анықтадық.Оқыту үшін бағалауды (формативті) сол бақылаушы оқушылар жүргізді, яғни әрбір тапсырмадан кейін мұнайдың тамшыларымен бағалап отырдым.Сонымен қатар әр топтан топ басшылары сайланып бағалау критерийлерін өздері құрастырды. Тапсырма соңында оқушылар өз жұмыстарына баға беріп басбармақ арқылы формативті бағалады. Сабақ барысында өз білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырды.

4-сурет 5-сурет 6-сурет

Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келсе, енді оқушылар бір – бірін бағалау өлшемдері арқылы бағалауға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарағандарын көрдім. Және оқушылар бірін–бірі бағалаған кезде әділ бағалауға тырысты. Жеке өзін-өзі бағалағанда өзіне жақсы баға қойды.Бұл оқушының өзін - өзі жақсы көруі, алға қарай талпынысы деп ұғындым.Өз бағалауларын қолпаштай отырып, қалай бағалау керек екенін түсіндірдім.Кейіннен оқушылардың бағалау өлшемдері арқылы шығарған бағаларына назар аударып, әр топтың топ басшыларына оқушылардың жинаған ұпай саны мен бағасын шығаруды ұйғардық. Бұл жерде менің байқағаным үш топтың ішінде бір-бірін бағалауда оқушылар нақты бағалағанын көрдім.Сонымен өз тәжірибемде формативті бағалаудың «өзін-өзі бағалау», «жұптық және топтық бағалау» сияқты ауызша түрлерін қолдануға жете мән бердім.

7-сурет 8-сурет 9-сурет

Дегенмен бағалау дағдылары қалыптаса бастағаны байқалып тұрды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің маңыздылығына көзім жетті. Мен өз тәжірибемде осылайша оқушыларды өзін-өзі,өзара,топтық бағалау әдістерін жүйелі қолдандым.Өйткені оқушылар өзін-өзі реттей отырып,өз білім деңгейін анықтайды,өз білімін басқалармен салыстыруды үйренді.Алғашында бағалау кездерінде қиындықтар болды,оқушылар өздеріне жоғары баға беріп,бір-бірін көтермелеп жатты.Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді.Оқушы бағалағанда сөз мәнері,идеялары,өз ойларын дұрыс жеткізе алуы,тәртіптері,ережені сақтауы т.б қарастырылса,бірін-бірі бағалағанда тек критерийлерге сүйеніп бағаланса,өзін-өзі бағалағанда оқушыда әр түрлі сұрақтар туындайды.

«Мен өз ойымды еркін жеткізе алдым ба?»

«Жауабымның дұрыстығына нақты дәлел келтіре алдым ба?»

«Мен жаңа тақырыпты қалай меңгердім?» Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінеді,өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінеді,талдау жасауды,өз білімін басқалармен салыстыруды,білім алу барысында шешім қабылдай білуді үйренеді.Осы бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін төрт басты фактордан тұратындығын айтуға болады:


Сұрақтың дұрыс қойылуы Оқушылармен тиімді

кері байланысты орнату


Сыныптасын және Оқушымен бірге критерийлерді

өзін-өзі бағалауы талдау

Оқушылардың оқуына оң әсер ететін «9 алмаздың» ішіндегі тағы бір маңыздысы 0,73% сапа көрсеткішіне жеткізетін құралдардың бірі – кері байланыс.Сондықтан сабақтарымның соңында міндетті түрде кері байланыс болып отырды.Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін,сабақтың ұнаған ұнамағандығы туралы өз ойларын «Бағдаршам» әдісі арқылы білдіріп жатты. Оқушылардың көбі «маған сабақ қатты ұнады», «тақырыпты жақсы түсіндік», «осындай сабақтар жиі өткізілсе» деген пікірлерін білдірген. Бұл сабақтың соңында байқағаным оқушыларға қолайлы оқу үшін кері байланыс пен мадақтау қажет екен, сонда ғана бағалау ізгі болады [1,36-б]. Сонымен қатар оқушыларды ынталандырып отырғанда ғана,оқушының мұғалімге деген сенім артатынын ескере отырып сабақтың соңында «Мұзкәмпиттер»тарату арқылы оқушыларға жақсы тілек,жылы лебіз де айта білдім.Әр оқушы өздерінің қолындағы мұзкәмпитте жазылған сөздерді оқыды.Онда мен саған сенемін!Сенің белсенділігің өте жоғары болды!Сен ақылды оқушысың! Сенің бүгінгі сабаққа қатысың жақсы болды! Деген секілді тілектерді оқи отырып, оқушылар сабақтан көңілді күймен тарады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымызда мұндай кері байланысты,әдіс -тәсілдерді көп қолданбайтын едік. Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден,оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістер енгізуге; оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.








10-сурет 11-сурет 12-сурет

Сабақтың нәтижесінде оқушылар өз сыныптастарынан қалай оқу керектігін үйрене отырып , бір-бірінің ойын толықтыра отырып оқытты. Сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы бұл мұғалімнің құзырлығының жоғары дәрежеде болуына әсер етеді. Ол үшін мұғалім бойында Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» [1,8-б] деп атаған қасиеттері міндетті түрде болу керек деп ойлаймын. Соның ішінде жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке орай барлық ұстаз бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Мұғалімдер балаға мейірімді және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алатынына сенімдімін. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас, бір-біріне деген құрмет,сыйластық деген секілді қасиеттер орын алғандықтан өз сабағымда аз ғана болса да оқушыларда болашаққа деген ілгерілеушіліктің бар екенін байқадым.

Баға- оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі,осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз,бұл біздің кәсіби өсуімізге әсер етеді.Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Нәтижесінде: осы оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды қолдана отырып,мынадай нәтиже көрдім.Оқушылар шынайы бағалай алды,бір-біріне деген сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды,қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді.Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артты,алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болды.

Сондықтан да мұғалім мен оқушының өсуі, үйлесімді, бір мезгілде жүргенде ғана оқу - әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.«Естігенімді-ұнатамын,көргенімді-еске сақтаймын,өзім істегенімді-меңгеремін»,-деп баяндамамды Конфуцийдің сөзімен аяқтағым келеді.






























Жоспар:


I.Кіріспе бөлім.

Бағалау туралы жалпы түсінік


II.Негізгі бөлім.

2.1. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы.

2.2. Сабақ үлгілері өз іс-тәжірибемнен.


III.Қорытынды.

Нәтижелі сабақ-мұғалімнің жемісі


































Ұсыныс


  • Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау тәсілдерімен аудан көлемінде онлайн жүйесінде сабақтар өткізілсе;


  • Бастауыш сынып мұғалімдері үшін тәжірибе алмасу семинарлары жиі өткізілсе;









































Аңдаухат


Кіріспе бөлімінде,оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы жалпы түсінік беріледі.

Негізгі бөлімінде, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңыздылығын,жаңа технология әдістерінің тиімділігін теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып дәлелденген.

Қорытынды бөлімінде, сабақтағы оқу әрекетінің алуан түрлілігі,оларды пайдалану-бастауыш сынып пәндерін оқыту процесінің тиімді болуының маңызды шарттарының бірі екендігін көрсетеді.

































Исатай ауданы жалпы білім беретінНарын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарымбетова Анардың «Бастауыш сынып оқушыларының

оқуға деген ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы »тақырыбындағы баяндамасына







Пікір

Баяндама мазмұны мен құрылымы тақырыпқа сай,жүйелі жазылған.Оқушыларды оқытуда бағалаудың маңыздылығы баяндамада көрініс тапқан.Авор өз жұмысында тақырыпты теориялық тұрғыдан аша біліп,практикамен ұштастыра отырып нақты мысалдармен дәлелдеген.Баяндама барысында оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды бастауыш сыныпта қолданудың түрлі жолдары көрініс тапқан.

Баяндама сауатты жазылған.Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақтарындағы өзіндік тәжірибесін ұсынып,нақты мысалдар келтірілген.Баяндамаға қосымша материал ретінде сабақ жоспарлары ,жинақ кітапшалары,бастауыш сыныпта қолданатын пәндік тестілер жиынтығы электронды нұсқада ұсынылған.

Баяндаманың құндылығы ескеріліп ,аудандық кезеңге ұсынылады.













Бастауыш пән бірлестігінің жетекшісі: Р.Неталиева



































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2.  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы, үшінші басылым,  «НЗМ» ДББҰ, 2012   

3.    Формативное оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя/ Сост. Р.Х. Шакиров, М.Ф. Кыдыралиева, Г.Н. Сахарова, А.А. Буркитова. – Б.: «Билим», 2012. – 76 с.

4.   www.bilim.idhost.kz     

5. Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика] Wiley-Blackwell Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning:

6 .Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education. (Нұсқаулық, )  


































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Исатай ауданы

Нарын орта мектебі










Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы















Нарымбетова Анар Болатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі















Нарын-2015








































8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Нарымбетова Анар Болат?ызы

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 248108


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства