kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О кембриджской технологии

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: Саба?та диалогтік ??гімені ?олдана отырып, о?ушыларды? когнитивті дамуын жетілдіру

(Кембридж ба?дарламасы бойынша практиканы жал?астыру ж?мысы (1 жылды?))

Зерттеу ж?мысыны? ма?саты:

Саба?та диалогтік ??гімені пайдалана отырып, о?ушыларды? ?з ойларын, идеяларын д?лелдеуіне к?мектесу

Ж?мысты? міндеттері:

·Саба?та?ы диалогты? ??гімені? о?ушыларды? когнитивті дамуына ?серіні? м?нін, мазм?нын ашып к?рсету;

·Диалогты? ??гімелесуді? зерттеушілік, топты?, ??гіме – дебат т?рлерін ?олдануда?ы м??алімге ?ойылатын талаптарды ай?ындау;

·Саба?та диалогтік ??гімені ?олдана отырып, о?ушыларды? когнитивті дамуын жетілдіруге арнал?ан авторлы? саба? ?лгісін жасау

?зектілігі: ?азіргі жа?а о?ыту технологияларыны? енгізілуі ізденістер мен т?жірибе жина?тау ол ?шін білім жетілдіріп отыру м?селесі ж?не орта білім беру ж?йесінде ?лемдік жо?ары де?гейге ?ол жеткізу ма?сатында сындарлы (конструктивті) о?ыту?а негізделген т?сілді енгізу

Зерттеу ма?саты: Саба?та диалогты? ??гімені пайдалану м?селелерін талдап, іс – т?жірибеге енгізу жолдарын к?рсету

Зерттеу объектісі: Кембридж ба?дарламасы негізінде «о?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер» модулін басшылы??а ала отырып ?аза?стан тарихы п?нінен 6 сынып?а арнал?ан жа?а форматта?ы саба? жоспары

Дерек к?зі. Орта білім беру ж?йесінде ?лемдік жо?ары де?гейге ?ол жеткізген ана??рлым танымал о?ыту ?дістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялы? о?у?а негізделген т?сіл ке? тарал?ан. (Hattie, 2009). ?нерк?сіптік революция ая?тал?аннан кейін білім алу ?р адамны? ???ы?ы болып танылды. Алайда, ХХ ?асырды? басында Дьюи (1990) революция н?тижесінде ?о?амны? ?згергеніне ?арамастан мектептер сол ?алпында ?ал?анын айтты. Осы м?селені жою ?шін ол мектептерге мынаны ?сынды…

?орытынды

?ылыми – зерттеу ж?мысына мені? алып отыр?ан та?ырыбым ?зектілігімен ерекше ж?не ?мірше? деп ойлаймын. Себебі д?ниеж?зіндегі к?птеген м??алімдерді? іс-т?жірибесінен т?ра?ты орын ал?ан о?ыту ж?мысын ?йымдастыру мен жоспарлауды? негізгі ?а?идаттарын негізге алдым. Сындарлы о?ытуда?ы модульдерді? бір-бірімен ы?палдасты?ын к?рсете оырып, ?сіресе диалогтік ??гімеге саба?тарымда аса м?н бергенімді, оны? о?ушыларды? танымын ?алыптастыру?а ы?пал ететіндігін к?рсетуге тырыстым. Диалогті? ??гімені? Мерсер к?рсеткен ?ш т?рін де – зерттеушілік ??гіме, топты? ??гіме, дебат-??гімені саба?тарымда ?олдандым. Мені? саба? беретін тарих п?ніні? ?зі диалогтік о?ытуды, сыни т?р?ыдан ойлауды с?рап т?р. Зерттеуге алып отыр?ан та?ырыппен ж?мыс істегеніме екінші жыл болады. ?иынды?тарымен бірге н?тижесі де бар деп айта аламын. Мысалы ?зім саба? беретін сыныптар топты? ж?мыс?а да?дыланып ?алды, олар тек топ?а б?ліну ?ана емес, топта ?алай ж?мыс істеу керектігін де ме?герді. Бір – бірімен диалогтік ??гімеге кез-келген саба?ымда еркін араласады алады. ?р о?ушы ?з білімін к?рсете отырып, танымыны? жетістіктеріне к?з жеткізеді. Бас кезінде о?кшыларды? к?пшілігіні? ?зіне-?зі сенімі т?мен бол?ан еді, ?азір олар сенімдері молай?ан, ?зіні? ?олынан ?йымдастырушылы?, к?шбасшылы? келетініне на?ты к?здері жеткен. Бiз саба?та?ы ж?мысты топтарды? ??рамын ?немi ?згертiп отыратындай етiп ?йымдастыра алуымыз ?ажет. Сонда о?ушы саба? барысында кез келген сыныптасымен диалог?а т?се алатын болып ?алыптасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О кембриджской технологии»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру

(Кембридж бағдарламасы бойынша практиканы жалғастыру жұмысы (1 жылдық))

Жоспары

Кіріспе ……………………………………………………………3-5 бет

І. БӨЛІМ. Сабақтағы диалогтің оқушылардың когнитивті (танымы)дамуына тигізетін әсері

1.1. Сабақта диалогтық әңгімені дамыту жолдары ………………….6-9 бет

1.2. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы 10-11 бет

1.3.Сыни тұрғыдан ойлауды диалогтік тәсілмен дамыту

ІІ БӨЛІМ. Эксперименттік бөлім

2.1. Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.

2.2. Сабақ үлгісі …………………………………………………..12-22 бет

Қорытынды …………………………………………………………23 бет

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………..24 бет

Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Сабақта диалогтік әңгімені пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын, идеяларын дәлелдеуіне көмектесу

Жұмыстың міндеттері:

·Сабақтағы диалогтық әңгіменің оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;

·Диалогтық әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау;

·Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау

Өзектілігі: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу

Зерттеу мақсаты: Сабақта диалогтық әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету

Зерттеу объектісі: Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары

Дерек көзі. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқуға негізделген тәсіл кең таралған. (Hattie, 2009). Өнеркәсіптік революция аяқталғаннан кейін білім алу әр адамның құқығы болып танылды. Алайда, ХХ ғасырдың басында Дьюи (1990) революция нәтижесінде қоғамның өзгергеніне қарамастан мектептер сол қалпында қалғанын айтты. Осы мәселені жою үшін ол мектептерге мынаны ұсынды…

Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ – тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін-өзі басқаруды енгізу – бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады. (1990)

Бұл шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан, Дьюидің көптеген көзқарастары әлі де өзекті. Оқушы/мұғалім өзара қарым-қатынасының маңыздылығы, «мектептегі рухани атмосфераны» өзгерту әрекеті және өзін-өзі басқаруды қолдау сыныпта демократиялық оқытуды құру үшін қазіргі таңда да маңызды. Білім беру идеясына Дьюи ықпалын білім беру саласындағы Карл Роджерс және Джер Брунер сияқты американдық психологтардың, сондай-ақ білім беру саласындағы британдық теоретик Лауренс Стенхауз зерттеулерінен көруге болады.

Америкалық психолог Карл Роджерс 1960 жылы жарияланған өз зерттеулерін «жеке тұлғаға бағдарланған» терапияда қолданды және Дьюи оқыту кезінде қатысушы ретінде тәжірибе алу маңыздылығын мойындағандығымен тығыз байланыста болатын бірқатар қағидаттарды әзірлеумен айналысты. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері туралы Роджерстің тұжырымдамалары бүгінгі таңда «оқушыға бағдарланған» оқыту және «тәжірибелі» оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен, білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалармен мәндес болды. Жеке қағидаттарына адал болған ол өз қорытындыларын бірқатар мәселелер бойынша оқушылармен орнатқан тікелей кері байланысқа негіздеді. Оның теорияларында сыныпта аса белсенді және жағымды жағдайды жасағысы келетін мұғалімдерге арналған мәселелер толық жазылады. Келесі ақпарат Роджерс (1994) оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде нені анықтағандығына жалпы шолу жасаудан тұрады:

Өзінің еңбектерін 1960 жылдары жарыққа шығарған, оқыту саласындағы когнитивтік психолог және теоретик Джером Брунер бұл іске «экспериментальды» оқыту немесе «жаңалық ашу жолымен оқыту» идеясын әкелді. Ол Дьюидің оқушының тәжірибесі сыныпта қолданылуға тиіс екендігі туралы түсінігіне жаңа маңызды ой қосты. Брунер оқу үдерісі мен оқу пәнін бөлуге болмайтындығын атап өтті (1962). 20 ғасыр тәжірибесінде Брунер оқушының жеке мүддесінің шеңберіне қамтылған, оқытудың идеалистік, оның пікірінше, аса «мейірбан» қағидаттарын сынайды және де «білім беру оқушылардың қызығушылығымен шектелуге тиіс деу аз, қызығушылықтардың өздері де құрылуға және ынталануға тиіс» деп айтқан Мұғалім осындай белсенділікті қолдау үшін өте маңызды рөл атқарады және бұл мәселеде Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынады.

Брунер теориясының ажырамас бөлігі «жаңалық ашу» және «егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзіне өзін ашушы болуға рұқсат етілсе (sic!), алынатын шынайы нәтижелер»деген ұғымдар болды (1962, 82-бет). Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арқасында: біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі. Брунер мұндай әдіс арқылы оқытуды, оны дәстүрлі «сипаттау» әдістерінен бөлетін, «болжаулық» тәсілді ұсынатын оқыту ретінде сипаттайды (83-бет). «Іс-әрекет арқылы оқыту»; «сынау және қателер» арқылы оқыту және «жаңалық ашу» ұғымы көптеген елдерде білім беруге қатты ықпал етті. Брунердің Сынау және қателесу үдерісіндегі болжаулық түсінік туралы тұжырымдамасы жаңалық ашу жолымен оқыту ретінде белгілі болған тәсілді қолдайды. Мұндай тұжырымдаманың ажырамас бөлігі тәуекел, яғни идеяны зерттеу кезіндегі сынау мен ықтимал болатын қателер ұғымы болып табылады.

Ванг және басқалар (2004) «Біз «өзгермейтіндік» деген ұғым жоқ деп ойлаймыз, негізгі құзыреттер әрбір бала үшін жарамды. Сонымен қатар когнитивтік құзыреттер бала ұйымдастырушылық қызметке қатысатын белгілі бір мәдениеттерге, әлеуметтік және физикалық жағдайларға, сондай-ақ бала қабылдай алатын мәдени және әлеуметтік талаптарға сәйкес келеді.

Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің «жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсетеді. Оның оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды және ол оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізі ролі туралы айтады.

І. БӨЛІМ. Сабақтағы диалогтің оқушылардың когнитивті дамуына тигізетін әсері

1.1. Сабақта диалогтік әңгімені дамыту жолдары

[img width=«618» height=«340» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image002.gif» align=«left» hspace=«12» alt=«Подпись: » v:shapes="_x0000_s1026"Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.
Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.

Мерсер өзінің зерттеуінде диалогтік әңгіме оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады дей келіп, оның жоғарыдағы үш түрін атап көрсеткен. Мен сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда әңгімелесудің осы үш түрін де пайдаланып жүрмін. Оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс осы тәсілдер арқылы айқын көрінеді. Мысалы: «Шыңғыс хан қазақ» деген пікір ақталады/ ақталмайды тақырыбында Дебат өткізгенімде екі топ өз позицияларын дәлелдеп ғылыми түрде дәлелдеп, өз шешімдерінде қалды. Ал, сабақ үстіндегі зертеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеяларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге ойланады. Зерттеушілік әңгімеде топта өз ойларын айтып, болжамдарын ұсынады, талқылайды, бірін-бірі тыңдап, бір келісімге келеді. Топтық әңгіме оқушылардан төзімділікті талап етеді.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: «жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол, әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.:

-адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

-өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

-іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, — мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;

-айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

-қажеттілік жүйесі;

-шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

-сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы; және т.б. (Г.К. Селевко).

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, таратуында. Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушылардың өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Сындарлы оқытуда пайдаланылатын жеті модуль өзара байланыста болады. Топқа бөлудегі жаңа әдістер оларға ұнайды, бас кезінде өздері қалағандарымен отырғысы келіп, нашар оқушылардан қашқақтаған еді, қазір оқушылардың белсенділігі артқандығы соншалық олар топта кіммен болатындығын ұмытып, қандай тапсырма орындайтындықтарына мән беретін болды. «Оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болатындығын түсінді. Сабақты пысықтау негізінде жүргізілетін ментальды карта жасауды шеберлікпен орындай алуға жетісті. Біреулері суретін ойластырып жатса, екіншілері тапсырманы жүйелеп қалай жазатынын талқылап отырады, аяғында бір шешімге келіп, тапсырманы орындап қорғайды. Мысалы, 8 сыныптағы «Ақмола тарихы» тақырыбында «Астана-біздің мақтанышымыз» атауымен жасаған ментальды карталарында бірінші топ Қазақстан картасын салып, онда Астананы көрсетіп, өлең жолдарымен мақтаса, екінші топ Бәйтерек арқылы Астананың ірі құрылыстарын көрсетті, т.б.

1.2. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы

Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтік қатынасқа түсумен қоса оның білімін тексереміз. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғарғы дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылу қажет. Сұрақ қоюда мүғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ: бірінші түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақта қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сұрақ қоюдың келесі техникасы, сынақтан өткізу сұрағы деп аталады. Мұнда оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Қайта бағыттау сұрағында сұрақты басқа оқушыларға қайта қою, толықтырулар жүреді. Мысалы: 6 сыныпта Қазақстан тарихынан Энеолит тақырыбын өткенде түрткі болу сұрағы ретінде «энеолит неге мыс-тас» дәуірі деп аталады? Олар алғашқы адамдардың мыспен пен тастан жасалған еңбек құралдарын қатар қолданғанын айтады. Сынақтан өтукізуде «Энеолиттің тас дәуірінен басты ерекшеліктері қандай?»; Қайта бағыттауда кімнің энеолит туралы қосары бар деген сұрақтар қойып оқушылардың толық жауап беруіне мүмкіншілік жасадым. Сұраққа берген жауаптарына сенің жауабың «Дұрыс» емес деп кесіп айтуға болмайды, тағы кішкене ойлан, кім жалғастырады, кім толықтырады деген жетекші сұрақтармен көмектесу керек. «Иә», «жоқ» деген жауаптар қанағаттандыратын сұрақтар қоймау керек.

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қоюарқылы:

·оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

·оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

·білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

·оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

·оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді және көмектеседі;

·оқушылардың бір – біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

·әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

·оқытудағы қиындықтар мен түсінісбестіктерді анықтайды.

Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғандадиалогтік сұхбаттасумұғалімдерде, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатынөзара іс – қимылдыңшын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
Оқушылардың ынтасын анықтай және басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде не істеліп жатса да, оқушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі кезде оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, мұғалім белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, балаларға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.

Оқудағы қиындықтарды анықтау:

Құрмет: егер балалар жұптасып, топтасып атқарылатын жұмыстарда өздерін еркін сезіне алмайтын болса, оларды мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Осы мақсатта сыныптағы балалардың кімдермен қарым-қатынас жасайтынын білу керек. Бұған «Достар ортасы» немесе «әлеуметтік тарих» сияқты жаттығулар көмектесе алады.

Мадақтама: баланың қарым –қатынас жасау үшін қабылдаған барлық әрекеттерін марапаттап отыру қажет. Баланың ауызекі тілін жөндеуден аулақ болу, одан да сөйлеуді дамытатын жақсы модельдермен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ету керек. Баланың әлеуметтік дағдыларын, тіл қолданысын арттыруды баланың қызығушылық танытатын істері арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеттері оқушыға:

● пәнді түсінуін дамытуға;

● ақпаратты есте сақтауға және толықтыруға;

● мәтінді оқудағы, жазудағы және ойлау қабілеттеріндегі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беруге тиісті.

Саналы түрде ұғынып оқу оқушылар орындауға тиісті әрекеттермен және олардың өзіндік білім алуын дамыту үшін біздің қолайлы жағдай жасауымызбен ғана шектелмейтіндігін түсіну керек.

1.3.Сыни тұрғыдан ойлауды диалогтік тәсілмен дамыту

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлауды әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен –орта мектептің жоғары сыныптары оқушыларымен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін білім берудің ерте кезінен бастау қажет. 6 «А» сыныбындағы «Ежелгі Үндістан» тақырыбында топтарға берілген Үндістандағы касталық жүйе және оған сенің көзқарасың? тапсырмасында оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, қоғамда адамдардың тапқа, жікке бөлінуі, бай, кедей, адамдардың бірін – бірі қанауына қарсы екендіктері жайында айта отырып топта өзара пікір алысып, ортақ пікірлерін жеткізе білді. Ежелгі Үндістандағы шудраның баласы да шудра болады деген пікірге мүлдем келіспей, адамдардың біліміне, іскерлігіне қарау дұрыс деп айтты. Мерсер айтқан құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығына көзім жетті. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатыны дәлелденген. Педагог Александер тәжірибеде зерттелген диалогтың бес үлгісін анықтады:

1.механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс — әрекеттерді жаттау);

2.декламация – (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);

3. нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);

4.талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);

5.диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуге» тездетуге ықпал ететін саулнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу)

Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастырылады. Диалогтік оқыту ұжымдық, өзара білім алмасуға жағдай туғызатын және қолдаушы болып табылады.

ІІ БӨЛІМ. Эксперименттік бөлім

2.1. Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.

Мен ҚР педагог қызметкерлерінің ІІІ (үшінші) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткеніме қуаныштымын. Себебі педагогикалық тәжірибеме қосымша жаңалық енді, өзгеріс, ізденіс пайда болды, оқушыларға деген көзқарасым өзгерді. Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарда Кембридж тәсілі бойынша мектеп ішінде бірнеше ашық сабақтар беріп, педагогикалық кеңесте мұғалімдермен тәжірибе бөлістім. 6 «А», 8 «А», 10 «А» сынып оқушыларымен сабақта топтық жұмыстарды жиі қолданғандықтан олар тақырыпты қалай оқу керектігіне машықтанып қалды. Топқа бөлудегі жаңа әдістер оларға ұнайды, бас кезінде өздері қалағандарымен отырғысы келіп, нашар оқушылардан қашқақтаған еді, қазір оқушылардың белсенділігі артқандығы соншалық олар топта кіммен болатындығын ұмытып, қандай тапсырма орындайтындықтарына мән беретін болды. «Оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болатындығын түсінді. Сабақты пысықтау негізінде жүргізілетін ментальды карта жасауды шеберлікпен орындай алуға жетісті. Біреулері суретін ойластырып жатса, екіншілері тапсырманы жүйелеп қалай жазатынын талқылап отырады, аяғында бір шешімге келіп, тапсырманы орындап қорғайды. Мысалы, 8 сыныптағы «Ақмола тарихы» тақырыбында «Астана-біздің мақтанышымыз» атауымен жасаған ментальды карталарында бірінші топ Қазақстан картасын салып, онда Астананы көрсетіп, өлең жолдарымен мақтаса, екінші топ Бәйтерек арқылы Астананың ірі құрылыстарын көрсетті, т.б.

10 «А» сыныбында «Рухани мәдениеттің ерекшелігі» тақырыбында оқушыларға сұрақ қоюдың ерекшеліктерін қалай қолданғанымды айтқым келеді. «Орта ғасырда қазақ жерінде жазу болғанын немен дәлелдейсіңдер? Бұл сұрақ толықтыруды қажет етеді. Сондықтан қайта бағыттау сұрағы ретінде «Соғды жазуы тағы қалай аталады, неге?» Сұрақтарды бұрындары да қойып жүрміз ғой, бірақ оның түрлерін білмейтін едім. Қазір сұрақ қойып тұрып қандай мақсатта қойғанымды түсініп тұрамын.Әр сабағымдаМарта Бронсон ұсынған өзін-өзі реттеудің 4 аспектісі толық көрініс тапты деп ойлаймын. Өзімді және оқушыларды өзгертетін жұмыстар әлі жетерлік, ол жалғасын табатын болады.

Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.. Оқушыға өзінің білмейтіндігін өзі мойындауы және басқалардың алдында мойындауы маңызды екенін түсінуге қалай көмектесе аламыз? Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты мүмкіндігінше кеңейту.

Біздің беріп тұрған материалымыз оқушылардың түсінуіне, қабылдануына қиын болса, бұндай жағдайда не істейміз? Бiз қолданатын сөздер оқушыларға қиындықтардың пайда болуы қалыпты құбылыс екендігін және де бұны мойындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.

Мұғалімдер оқушыларға олар қолдауды қажетсінетін салалардағы олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға және өздерінің табысты болғандығын сезінген салаларда көмектесетін мәселелердің бар екендігі туралы тоқтамға келді. Бұл мынадай мәселелер:

Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Бәрінен де неге риза болдың? Сізге ең оңайы не болды? Сізге не ерекше қиын болды?

·Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін мұғалім оқушылармен барынша көп сөйлесуі қажет.

а) Сабақта сөйлесуге қанша уақыт бөлінгенін зерттеу үшін, сабақтың бейнеклипін көру ұсынылады. Бұл орайда оқушылар мен мұғалім айтқан сөздердің ара-қатынасын ескеру қажет.

·Жалпы сабақта әңгімеге қанша уақыт беріледі?

·Әңгіме кезінде кімнің рөлі бастаушы болып табылады?

·Қай оқушы әңгімеге көп қатынасады? Белсенділігі төмен немесе мүлде әңгімеге қатыспаған кім?

·Қай кезде мұғалім көп сөйлейді?

·Қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүреді?

б) Оқушылардың өзара қарым-қатынасы

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін терең зерттеу қажет. Бұл зерттеу түрлі қатынас түрлерінің толық тiзiмін жасауды талап етедi. «Білім алу», «ұйымдастырушылық», «әлеуметтік» және т.б. санаттарды пайдалана отырып, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жіктеуге болады.

Зерттеуге мен үш оқушыны алдым: Аяулым – дарынды оқушы, Әсем – жақсы, талапты, Сернар – орташа, сәл пәл тілінде тұтықпасы бар. Сернарды сабақта топтық жұмыс арқылы белсенділігін арттыруға, оқушылармен қарым-қатынасын жиілетуге тырыстым. Оны дебатқа ұшінші спикер ретінде қатыстырып жұмысымның нәтижесін көрдім. Сабақ айтуға ұялатын Сернар дебатта көпшілік алдына шығып, өз тобының пікірін қолдауы, оны дәлелдеуі менің жұмысымның нәтижесі болды. Әсемің өз пәніме қызығушылығын ояту үшін ғылыми жобаға қатыстырдым. Қаламыздағы көпсалалы колледждің ұйымдастыруымен өткен ғылыми конфернецияда бірінші орын алды.

Қорытынды

Ғылыми – зерттеу жұмысына менің алып отырған тақырыбым өзектілігімен ерекше және өміршең деп ойлаймын. Себебі дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын негізге алдым. Сындарлы оқытудағы модульдердің бір-бірімен ықпалдастығын көрсете оырып, әсіресе диалогтік әңгімеге сабақтарымда аса мән бергенімді, оның оқушылардың танымын қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетуге тырыстым. Диалогтіқ әңгіменің Мерсер көрсеткен үш түрін де – зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, дебат-әңгімені сабақтарымда қолдандым. Менің сабақ беретін тарих пәнінің өзі диалогтік оқытуды, сыни тұрғыдан ойлауды сұрап тұр. Зерттеуге алып отырған тақырыппен жұмыс істегеніме екінші жыл болады. Қиындықтарымен бірге нәтижесі де бар деп айта аламын. Мысалы өзім сабақ беретін сыныптар топтық жұмысқа дағдыланып қалды, олар тек топқа бөліну ғана емес, топта қалай жұмыс істеу керектігін де меңгерді. Бір – бірімен диалогтік әңгімеге кез-келген сабағымда еркін араласады алады. Әр оқушы өз білімін көрсете отырып, танымының жетістіктеріне көз жеткізеді. Бас кезінде оқкшылардың көпшілігінің өзіне-өзі сенімі төмен болған еді, қазір олар сенімдері молайған, өзінің қолынан ұйымдастырушылық, көшбасшылық келетініне нақты көздері жеткен. Бiз сабақтағы жұмысты топтардың құрамын үнемi өзгертiп отыратындай етiп ұйымдастыра алуымыз қажет. Сонда оқушы сабақ барысында кез келген сыныптасымен диалогқа түсе алатын болып қалыптасады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР –ң 2011-2020ж арналған Білім беру бағдарламасы. 2011ж

2. ҚР Білім туралы Заңы

3. ҚР Конституциясы. 1995ж

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2012ж (ІІІ деңгей)

5. Мирсеитова С. Оқыту әзденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері: Қарағанды 2011.

6.Ә. Әлметова «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О кембриджской технологии

Автор: Бокеева Динара Дусупбековна

Дата: 03.11.2015

Номер свидетельства: 247446

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Использование технологии 7 модулей на уроках истории "
    ["seo_title"] => string(58) "ispol-zovaniie-tiekhnologhii-7-moduliei-na-urokakh-istorii"
    ["file_id"] => string(6) "133139"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416473433"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Развитие речи. "Человек! Береги меня!" "
    ["seo_title"] => string(44) "razvitiie-riechi-chieloviek-bierieghi-mienia"
    ["file_id"] => string(6) "131472"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416156725"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Баяндама та?ырыбы:  «Жа?а технология – сапалы о?ытуды? тиімді т?сілі» "
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-tak-yryby-zhan-a-tiekhnologhiia-sapaly-ok-ytudyn-tiimdi-t-sili"
    ["file_id"] => string(6) "172334"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423809175"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "«Внедрение основных идей Кембриджского подхода к обучению и воспитанию на уроках математики»"
    ["seo_title"] => string(80) "vnedrenie_osnovnykh_idei_kembridzhskogo_podkhoda_k_obucheniiu_i_vospitaniiu_na_u"
    ["file_id"] => string(6) "562258"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1604378151"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Jobs of the future "
    ["seo_title"] => string(18) "jobs-of-the-future"
    ["file_id"] => string(6) "169670"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423454903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства