?аза?стан хал?ыны? дамуын ?амтамасыз ететін бірден-бір сала білім ж?йесі болып отыр. Олай болса, ?о?амда?ы ?згерістерді? негізін ?алайтын да сол білім саласында?ы басты т?л?а - м??алім екені аны?. ?аза?стан Республикасыны? Президенті білім ж?не ?ылым ?ызметкерлеріні? ІІ съезінде «Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер – б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе, ?аза?стан сол де?гейде болады. Сонды?тан да ?стаз?а ж?ктелетін міндет ?те ауыр» деген еді. Олай болса, ?азіргі та?да м??алімге ?ойылатын талапты?, о?ан артылатын ж?кті?, о?ан ж?ктелетін міндетті? де ау?ымы ке?. ?лемдік ?ар?ынды даму ?дерісіні? к?шімен ?атарласу ?шін заман м??алімні? ?зіндік жеке к?з?арасы бар, соны ?ор?ай білетін жігерлі т?л?а, зерттеушілік, шы?армашылы?, ойшылды? ?асиеті бар ?рі о?ушыларын осы ?асиеттері ар?ылы ?з бетінше о?ып, ізденіп, ке?ейтілген білім алу?а ?йрете алатын, ?лемдік білім ж?йесіні? озы? ?лгілерін ?з т?жірибесіне батыл енгізіп, оны? отанды? білім саласында?ы ?олданысыны? тиімділігін арттыра білетін, сол ар?ылы алдында?ы ш?кірттеріні? білім сапасын арттыру?а ы?пал ететін ?оз?аушы к?ш болуын к?здеп отыр. Осы ма?статта мемелекетімізде ??зырлы м??алімдерді? біліктілігін арттыру?а ба?ыттал?ан к?птеген игі іс-шаралар енгізіліп, олар б?гінгі та?да ж?зеге асырылуда.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М??алім шеберлігі - ш?кірт же?ісі »
ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы
№65 меуктеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалім Сұлтанбекова Нұржәмила Мұсақызы
Мұғалім шеберлігі – оқушы жеңісі
Қазақстан халқының дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір сала білім жүйесі болып отыр. Олай болса, қоғамдағы өзгерістердің негізін қалайтын да сол білім саласындағы басты тұлға - мұғалім екені анық. Қазақстан Республикасының Президенті білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген еді. Олай болса, қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптың, оған артылатын жүктің, оған жүктелетін міндеттің де ауқымы кең. Әлемдік қарқынды даму үдерісінің көшімен қатарласу үшін заман мұғалімнің өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, шығармашылық, ойшылдық қасиеті бар әрі оқушыларын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп, кеңейтілген білім алуға үйрете алатын, әлемдік білім жүйесінің озық үлгілерін өз тәжірибесіне батыл енгізіп, оның отандық білім саласындағы қолданысының тиімділігін арттыра білетін, сол арқылы алдындағы шәкірттерінің білім сапасын арттыруға ықпал ететін қозғаушы күш болуын көздеп отыр. Осы мақстатта мемелекетімізде құзырлы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған көптеген игі іс-шаралар енгізіліп, олар бүгінгі таңда жүзеге асырылуда.
Сондай біліктілікті арттыру курсының бірініші деңгей бағдарламасының мектептегі машықтану кезеңінде жүріп, менің көзім жеткені: мұғалім мектептегі дәстүрлі жаттанды білім беру үрдісінің сеңін бұзып, сол ағымдағы шәкірттерге білім нәрін өздігінен ізденіп, сыни тұрғыдан зерделеу арқылы, яғни алған ақпараттарын өзінің санасынан өткізу арқылы қабылдауына бағыттайтын нұсқаушы болуы керек екен. Бұл сабақ үдерісіндегі белсенділік мұғалімнен оқушыға көшетін жағдайда ғана жүзеге аспақ. Осындай құзіреттілікті іске асыруда педагагог мамандар алдындағы шәкіртінің жеке тұлғалық қабілеті мен қасиетін, оның жеке қажеттіліктері, талабы мен тілегін, мүмкіндіктерін нақты айқындап, соған бағытталған жұмыстың оңтайлы жолдарын көрсете алған жағдайда мақсат нәтижелі болмақ. Яғни болашақтың ұстазы болашақтың тұтқасы деп танылатын ұрпақтың білімді қалай игеруге, оны қандай жолдармен тиімді түрде алуға болатынына көздерін жеткізіп, әрбір оқушының бойында метасананы қалыптастыра отырып дәріс жүргізуі тиіс.
Сондай-ақ ақпараттар легін жаңа технологиялар арқылы қабылдау мүмкіндігі артқан заманда өмірге келген қазіргі заман оқушыларының АКТ-ны қолдану шеберлігінің оларға білім беруші ұстаздарға қарағанда анағұрлым артық екендігі де жасырын емес. Бұл құбылыс мұғалім қауымының осы тұрғыдағы ізденіс пен біліктілікті дамыту және іскерлікті шыңдау жұмыстарын барынша жетілдіруін қажет етеді. Себебі мұғалім білімінің деңгейі қандай да бір мамандық иелерінен артық болуы тиіс, өзі білім беретін ортадан жоғары сатыда тұруы керек. Керісінше болған жағдайда, ол білім алуға қажетті жағымды ортаны қалыптастыра алмайды.
Машықтану барысында мектеп мұғалімдерінің зерттеушілік әрекетінің төмендігі, оқыту мен оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтай алмайтындығы байқалды. Сол себепті де ұстаз өз жұмысының кемшілігін танып, ондағы ақтаңдақтарды жою жолдарын ұйымдастырмайды. Бұл оқушының білім сапасын арттырудағы басты кедергі болып табылады. Оны жолға қою үшін мұғалім іс-әрекетті зерттеп, зерделеу әдіс-тәсілдерін тереңнен игеруі қажет. Оындай ауқымды ақпараттарды қабылдап, оны іс-тәжірибеде сынап көруге септігін тигіетін бірден-бір көмекші құрал мұғалімдердің мектепішілік немесе мектепаралық қоғамдастығы екендігін де іс жүзінде танып отырмыз. Елімізде енді қолға алынып отырған желілік қоғамдастық жүйесін құру жұмыстары әрбір ұстаздың шеберлігін арттыруға игі ықпал беретіні сөзсіз.
«Ұстаз – уақыт талабы, нәтижесі – уақыт жеңісі» дегендей, мұғалім жұмысының жемісі - шәкірттерінің жеңісімен айқындалатын ұзақ та, қиындығы мол үдеріс. Ол әрбір ұстаздың үздіксіз білім жинақтап, біліктілігін арттыруын, іс-тәжірибесін үнемі шыңдап отыруын, сындарлы оқытудың мектептегі тиімділігін арттыруды мегеруін талап етеді.