П?наралы? байланыс: Тарих, ?дебиет, бейнелеу ?нері, жаратылыстану, экономика.
К?рнекілігі: ?ол?нер б?йымдары, слайдтар.
Жоспары (1 са?ат?а арнал?ан)
?йымдастыру б?лімі:
Сайысты? та?ырыбымен таныстыру,
Сайыс?а ?атысушы топтармен таныстыру,
?діл?азы ал?аларымен таныстыру,
Сайысты? шарттарымен таныстыру.
Сайысты? барысы.
Сайыс ?орытындысы.
Сайыс барысы:
Ж?ргізуші:
?ыздарымыз с?йкімді болсын деп,
?нер – білімге икемді болсын деп,
Б?йтеректей бойша?дансын деп,
?рен – ?ршіл ?ркенді болсын деп,
Жа?сы жолды та?дайы?.
Жаманды? т?лім алмайы?,
Жа?а мектеп д?ст?рін
Жа?алайы?, жал?айы?,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын та?дайы?, - деп «?ыздар с?лу к?рінер ?нерімен» атты кешімізді бастайы?.
Армысыздар ?адірменді к?рермен ?ауым! Б?л сайыс?а
6 – сыныптарды? «?арлы?аш», «?ыз?алда?» ж?не «Б?йшешек» топтары ?з ?нерлерін к?рсетуге келіп отыр.
3 топты? ?ыздарын орта?а ша?ырамыз.
Сонымен ?адірменді к?рермен ?ауым, а?ылына к?ркі сай ?ыздарымызды? ?нері мен ?негесін, білімі мен парасатын тамашалау?а барша?ыз?а ?ош келді?іздер дейміз.
?нер – білім т???иы?ынан н?р ал?ан сайыскерлерімізді? та?ам дайындау жа?ынан сыналар уа?ыты да жетті. ?р топ салат жасайды.
Келесі 7 – шартымыз бойынша «Шеберді? ?олы орта?, шешенні? с?зі орта?» дейді ?аза?, енді ?ыздарымызды? ?ол?нер б?йымдарын тамашалап, ба?алайы?.
Осымен б?гінгі сайысымыз м?ресіне жетті. Ал ?азір кімні? ?пайы к?п екенін білу ?шін ?діл?азылар ал?асына с?з кезегін береміз. Же?ген топ марапаттау ?а?азымен марапатталады.
?ыздар, б?гін сендер ?з білімдері?ді орта?а салып тамаша ?нер к?рсетті?дер. Сайыс?а ?атыс?ан ?ыздарымыз?а ж?не к?рермендерге ?лкен ал?ысымызды айтамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««?ыздар с?лу к?рінер ?нерімен» атты сайыс саба? »
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайыс сабақ
Өтілу формасы: Конкурс(сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; өнерді түсініп, бағалап меңгеруге бағыт-бағдар беру; өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығулыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, жаратылыстану, экономика.
Көрнекілігі: Қолөнер бұйымдары, слайдтар.
Жоспары (1 сағатқа арналған)
Ұйымдастыру бөлімі:
Сайыстың тақырыбымен таныстыру,
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
Әділқазы алқаларымен таныстыру,
Сайыстың шарттарымен таныстыру.
Сайыстың барысы.
Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер – білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен – өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Жаңа мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты кешімізді бастайық.
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа
6 – сыныптардың «Қарлығаш», «Қызғалдақ» және «Бәйшешек» топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
3 топтың қыздарын ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1- шарт. «Салем - сөздің атасы» деп аталады, әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
2- шарт. «Бәйге» сұрақ – жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен.
3- шарт. «Кім жылдам?» Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр». (қағаздан ою ою)
ә) Картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады)
4- шарт. «Тіл өнері» жұмбақтардың жауабын табу.
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі (оқушының ой-өрісі қандай)
6- шарт. «Ас – адамның арқауы» салат түрлерін дайындау
7- шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз»-қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын,
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Оқу-ісі меңгерушісі: Н.К.Бейсенбекова
Технология пәні мұғалімі: А.А.Копесова
Мектептің психологі: А.С.Нүсіп
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа технология пәнінен 5 сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.
«Бәйге» 1 – топқа 6а сынып
Ұлттық бас киімді ата? (сәукеле, тақия, бөрік)
Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (құрт)
Түксіз кілем? (алаша)
Сумоншақтың орысша атауы? (бисер)
Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
«Бәйге» 2 – топқа 6ә сынып
Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
Көкөністерден дайындалған салқын тағам? (салат)
Шыт, атлас, жібек? (мата)
Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине, жіп)
Уақытша тігістің түрі? (көктеу)
«Бәйге» 3 – топқа 6б сынып
Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал? (салфетка)
Қамырдың негізгі шикізаты? (ұн)
Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімі? (камзол)
Мойынға тағатын әшекей? (алқа)
Үйдеге машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың? (кір жуатын машина, тігін машинасы)
3 – шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі – түсті қағаздан ою ойып беруі керек)
ә) Картоп тазалау (әр топтан бір қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршыуы керек)
б) Инені сабақтап, түйіндеу (тез әрі дұрыс істеуі керек)
г) Бисер тізу (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)
4 – шарт «Тіл өнері»
Ал, қанеки,қыздар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1 топ 6а сыныбы.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (ине)
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (шайнек)
Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (қасық)
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)
2 топ 6ә сыныбы.
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік, май, құртыңда. (сүт)
Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиналар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (қол)
Инеден өзі бір елі қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (жіп)
Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (алжапқыш)
3 топ 6б сыныбы.
Сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір
Қиғанға үйір. (қайшы)
Біреуге киін дейді,
Ал өзі киінбейді. (тігін машинасы)
Саусаққа киіп ем тобатай,
Инені жүгірттім оп-оңай. (оймақ)
Келесі кезекте 5 – шартымыз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушы ой-өрісі)
6а сыныбы.
Қазақ әдебиеті: Қазақ халқында түйе, жылқы, қой, ешкі малдарының жиынын не деп атайды? (төрт түлік мал)
Экономика: Ауылшаруашылық өнімін өндіретін кәсіпорын? (ферма)
Тарих: Алтын адам қай жылы табылды? (1969 жылы Есік қорғанынан)
Жаратылыстану: Жер бетінің неше пайызын су, неше пайызын құрлық алып жатыр? (71% су, 29% құрлық)
Технология: Алжапқыш тігу үшін қандай матаны пайдаланамыз? (шыт, сәтін)
6ә сыныбы.
Қазақ әдебиеті: Әдебиетті «асыл сөз» деп атаған кім? (А. Байтұрсынұлы)
Экономика: Табыс пен шығын арасындағы айырмашылық? (пайда)
Тарих: Қазақтың ең алғашқы хандары қай жылы құрылды? (Керей мен Жәнібек 1466ж XV ғасыр)
Жаратылыстану: Ағылшын оқымыстысы кім? (Исаак Ньютон)
Технология: Талшықтар нешеге бөлінеді? (табиғи және қоспалы)
6б сыныбы.
Қазақ әдебиеті: Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (7 сөз табы бар)
Экономика: Сауда түрлері? (ішкі сауда, сыртқы сауда)
Тарих: Сәулет ескерткіштерін ата? (Айшабибі, Қарақан, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі)
Жаратылыстану: Оптикалық телескоп дегеніміз не? (жарықты линзаға немесе айна табақшаға жинау арқылы жұмыс істейді)
Технология: Тұрмыстық тігін машинасы нешеге бөлінеді? (механикалық және электрлі)
6 – шарт «Ас – адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсең келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер – білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды.
Келесі 7 – шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерге үлкен алғысымызды айтамыз.