kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ты? ?лтты? киімдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерлерді?  киетін  ?лтты?  киімдеріні?  жиынты?ы  мыналардан  т?рады:  жейде,  шалбар,  же?сіз  ?амзол,  бешпет,  шапан,  ?олдан  то?ыл?ан  шекпен,  ?ыста  киетін  ішік,  тон  ж?не  к?пі.

Бас киім.  ?аза? хал?ыны?  ?лтты? бас киім ?лгілері-к?не заман тарихымен  бірге дамып келе жат?ан бай ?азына. К?ні б?гінге  дейін ?зіні? ?адір-?асиетін жоймай, ?ол?нерді? озы? ?лгісі ретінде ?ана емес, ?рі ?сем, ?рі ы??айлылы?ымен де пайдаланудан ?алмай келе жат?ан ?лтты? бас киімдер ?лі де аз емес. Оларды? кейбіреулерін ?арияларымыз ескіні?  к?зі деп киіп ж?рсе, енді біреулерін ?ыз ?зату, келін т?сіру  тойларында, ойын-сауы?тарда, мерекелерде  пайдаланады. Сонымен ?атар театрларды? арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп ж?ргендері де аз емесе. ?аза? ?дет-??рпында бас киім к?ріктілік пен с?нділікті, баршылы?ты  білдіретін ?асиетті киім санал?ан.

 ?аза? ?ауымыны? ?детінде ер мен ?йелді? бас киімі де ?р бас?а. Ерге т?н бас киімдер: та?ия, б?рік, тыма?, ??ла?шын, ?алпа?, шалма, шыт, дулы?а, жы?а, ?ырпу, к?лапара, жалба?ай. Оларды теріден, а? терілерінен, тысты? маталардан сырып тігеді. ?йел бас киімдері: кимешек, жаулы?, к?ндік, шаршы, с?укеле, желек, ш?лі, б?ркеніш, берген т.б. Б?лар к?бінесе іштік же?іл, е? ?ымбатты а? терілерінен тігіледі.

?аза?  ??рпында бас киім к?ріктілік  пен с?нділікті, баршылы?ты білдіретін ?асиетті киім санал?ан. ?аза?ты? ‘’Дос басы?а, д?шпан ая?ы?а ?арайды’’ дейтін ма?алы осы жайдан хабардар етсе керек. Сол сия?ты сыпайылы? к?рсеткенде, біреуден біреу кешірім ?тінгенде, ая??а жы?ыл?анда бас киімді шешіп не б?рігін ая? астына тастап, а? ?ру да осы бас киімді ?астерлеуден ту?ан.

?р облыста тыма? ?р алуан ?лгіде тігіледі. Оларды?  ?р?айсысы ‘’ар?ын тыма?’’, ‘’?йсін тыма?’’, ‘’найман тыма?’’ деп ж?не ‘’?лы ж?з ?лгісі’’, ‘’орта ж?з ?лгісі’’, ‘’кіші ж?з ?лгісі’’ деп т?р-т?рге б?ліп айтады.

В.Плотниковты? 1859-1862 жылдары жаз?ан ?аза? киімдеріні? ішінен б?рік пен тыма?ты? 15 т?рлі ?лгісіні? атаулары бар. Соларды? ішінде жаба салма, ?айырма, т?рт сай, сегіз сай, д??гелек т?бе, шаша? т?бе, ?шкей тыма? деген т?рлері ел арасында ?азір де к?п кездеседі. Жаба салма тыма? негізінен  т?лкі терісінен, се?се?нен тігіледі де ??ла?ы мол милы?ы ке?, т?бесі аласа болып келеді. ?айырма тыма?та т?лкі мен ?озы терісінен тігіледі, оны? ма?дайы т?бесіне ?арай ?лкен ?айырмалы келіп, ж?рындары жалпа? болады. Т?рт сай тыма?тарды? т?бесі т?рт б?лек, сегіз сай тыма?ты? т?бесі  сегіз б?лек тері мен киізден ??ралады. Д??гелек т?бесі тыма?ты? т?бесі жайпа?,  милы?ты, жата?ан  балса, шоша? т?белі тыма?ты? т?бесі ?шкірлене биік етіп сырылады. Тыма?ты? б?лшектері т?бе, ма?дай, екі алды??ы ??ла? ж?не арт?ы етек болып беске б?лінеді. Екі алды??ы ??ла?ты? сырт жа?ынан бастыр?ан екі бауы бар. Тыма?ты? ??ла?ы мен етегіні? т?бесімен жал?ас?ан жерін милы? деп атайды. Аса ?шекейлі тыма?тарды? т?бе аралы?тарын, милы?ын алтын, к?міс, о?амен жола?тап ?демілейді. Ал к?лапара  тыма?ты? сыртынан сулы? ретінде киеді.

 А? ?алпа?. ?зіні? атына сай, а? ?озыны? к?зем ж?нінен, кейде т?біт араластырып бас?ан, ж??а киізден жасал?ан жазды? бас киім. Кейде айыр ?алпа? деп те атайды. А? ?алпа? ?ара бар?ыт  ара к?міспен ?діптеледі. Ол т?бесі  ен т?рт сай болып, тігісі ?ара жіп немесе ?ара бар?ыт не ?ара шибар?ыт, ш??а секілді маталармен к?мкеріледі. ?айырма етегі мен т?бесін т?рлі т?сті жібек матамен тыстайды немесе ою-?рнекпен ?шекейленеді. ?алпа?ты? т?бесіне т?гілдіре шаша?ты маржан та?ылган, кейде ?айырма етегіні? алды-арты жыры? келеді. Осы?ан орай б?л бас киім айыр ?алпа? деп аталады.

Ерлер  та?иясы. Та?ияны ерлер ?ысы-жазы басынан тастамай киетін, себебі ол ?зіні? ы??айлылы?ымен, ?арапайымдала?ымен ?рі тиімділігімен ерекшеленді.  Та?ияны бір т?сті матадан, с?тен, ш??а, бар?ыт сия?ты маталардан аласа, т?бесі т?рт сай немесе д??гелек т?белі етіп тігіледі. ?лтты? ?рнек на?ышына ж?не тігілу технологиясына ?арай та?ия пішімі ?р т?рлі болды. Ерлерге арнал?ан та?ия кестелі немесе кестесіз сырып тігілген т?рлері ?олданылды. ?олмен немесе тігін машинасында ’’та?дай’’, ’’ирек’’, ‘’?абыр?а’’ тігістерімен сырылып тігілді. Кестелі та?ияны? жиегіне зермен  ?ош?ар м?йіз т.б. ?рнектер т?сірілді.

Ерлер б?рігі. К?ршілес халы?тар ішінде орыс, татар, ?збек, ?ыр?ыздар т.б. ?лтты? бас киімдері  (б?рік) с?ндік ?рі суы?тан ?ор?ану ма?сатында ?олдан?ан.

Б?рікті ?аза? хал?ы ерте кезден пайдаланып келеді. Ол мерзімге байланысты ?ысты? ж?не жазды? болып б?лінеді. ?ысты? б?рікті жылы болу ?шін ж?н немесе ма?та салып ?абып тігеді. Б?рікті? жиегі а? немесе ?ымбат ба?ала матамен жиектеліп тысталады.  Ойын той?а ?ымбат ба?алы тастармен ?шекейленген б?рік киген. ?сіресе сал серілер ?шекейлі, ?кілі б?рік киген. Б?рікті? пішімі мен тігілу технологиясы ?р ру?а байланысты ?згше ?лгіде кездеседі.

Тыма?. Тыма?-?ысты? аязды, боранды к?ндері киетін ерлерді? бас киімі. Тыма? тігілген тері атауына сай се?се?, тыма?, елтірі тыма?, ??ндыз тыма?, т?лкі тыма? т.с.с. аталды. Тыма?ты? пішімі т?рт сайлы, биік т?белі, ??ла? бау мен арт?ы етек б?ліктерінен  ??ралады. ?атты бораннан са?тайтын бас киім т?рі. Ол адамны? ма?дайын, екі ??ла?ын ж?не мойын жотаны жауып т?рады. Оны? іші тері, сырты са?и, п?ліш, бар?ыт матамен ?апталады. Екі ??ла?ты? сырт жа?ын бастыра отырып матадан жалпа? екі бау та?ылады. ?аза? рулары мен ж?здері ішінде тыма?ты? тігілу ерекшелігі ?р т?рлі. Жаз бен к?зде киетін с?нді ?рі же?іл елтірі тыма?тарды ‘’жекей тыма?’’ кей жерлерде ‘’мала?ай‘’ деп те аталады.

Жалба?ай. Тыма? т?різденіп ?алы? не ж??а матадан тігілетін бас киім.  Жалба?айды?  екі жаны мен арт?ы етегі т?тас тігіліп, иы? пен желкені жауып т?рады. Жыл?ышылар ?ыстыг?ні  жалба?айды т?ма? сыртынан киеді. Тарихты зерттеуші ?ылымдарды? айтуына ?ара?анда ?р жерде жалба?айды далба?ай немесе далбай, жалбай тіпті к?л?пара деген   бол?анды?ы ж?нінде м?ліметтер береді.

?йелдерді? ?лтты? бас киімдері.

?йел бас киімдері де бірнеше т?рге б?лінеді. Олар та?ия, б?рік, орамал, жаулы?, кимешек, к?ндік, с?укеле, желек, ш?лі, берет, ?алпа?  т.б. ?аза? ??рпында ерді? де ?йелді? де бас киімсіз, жала?бас  ж?руі ерсі санал?ан. ?сіресе ?йелдер жала?бас ж?рмейтін.

С?укеле-?затылу тойында  киетін ?алы?ды?ты? бас кимі. Оны ?затыл?ан ?ыздар ж?не оны? жанына еріп ж?рген н?керлері  киген. С?укелені жас келіншек той-думандар?а, мереке-жиындар?а да киіп баратын бол?ан, ал кей жерлерде келіншек т???ыш баласын босан?анша  киіп ж?руге болады деп есептеген.  ?.Мар??лан ?з е?бектерінде: ‘’С?укелені жас келін бір жылдай киіп, онан кейін 4-5 жылдарда тек с?н-салтанаттарда, ?лкен    жиындарда киген’’- деп жаз?ан.

XІX ?асырда ?ымбат с?укелелер 100 жор?аны?  ??нына те?  ба?ала?анды, ?рине м?ндай ?ымбат с?укелелер сирек кездеседі. Халы? ісмерлігі с?укелені ?зірлеуде мейлінше сезімтал шеберлікпен ?семдей білді. Ол бас киімдерді? ішінде е? ?шекейлісі де, к?рделісі де ?рі ба?алысы да  болып саналады. С?укелені? негізгі б?ліктері –т?бе, ??ла?бау  бет-монша?, жа?тама. С?укеле т?бесіні?  биіктігі екі с?йем, кейде одан да  биік  болады. С?укелені ?лшеп-пішіп алып,  ішін астарлады, сырт жа?ына ?стап т?ру ?шін, бидай ш?беректі жиі етіп сыриды, одан со? сыртын ?ам?а, д?рия, тор?ын сия?ты матамен тыстады. С?укелені ?шекейлеу ?шін оны? тысын зер жіппен оюлап, кестелеп тікті. Оны? тегін ма?палмен не ?ара, ?ызыл бар?ытпен ?діптеп к?мкереді. Ал, ма?дай т?сын зерлеп немесе  жібек шаша?ты? шо?тары та?ылды. Шаша?ты? с?укелеге жал?ас?ан т?сына асыл  тастан к?з орнатып, алтын, к?міс салпынша?ты ?шекейлі  жібек матамен т?гілтіп  жаулы? жауып ?ояды. Ол к?йлекті? етегі сия?ты жерге дейін с?йретіліп ж?рді.

       С?укелеге ?зын ??ла? бау та?ылып, оны? шеті шыр  айналдыра зер не жібек  жіппен шалып к?мкеріп, с?нді т?йреуіш т?йреді. Ісмерді? тал?амына сай с?укеле пішімі мен оны ?шекейлеу т?рі де т?рліше болады.

       С?укелені? т?бесіне талдырма етіп ?озы ж?нінен арнайы бас?ан а? киізден, не арасына ?ыл салып сыры?ан асыл матадан істеледі. Содан кейін т?бені кестелеген, шет-шетін  ?усырып ж?рын ?ста?ан ж?не алтын, к?міс о?амен зерлеген тыспен тыстайды. С?укелені? екі жа? самай т?сынан бетке жеткізе шолпы т?різдендіріп бірнеше ?атар маржан тізілген салпынша?тар бетмонша? ж?не с?укелені? т?бесінде алтын, к?міспен ?шекейленген ?атыр?ы болады. Тізілген монша?тары, асыл матадан, а? жібектен ж?ргізген жиекті осы ?абыр?а?а бекітеді. М?ны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты ??сты? бірер тал ?ауырсынын тігінен ?ыстырып бекітіп ?ояды. Оны ?ар?ара дейді. С?укелені? арт ??ла?ы шаш?ап  белге дейін жетеді. С?укелені? е? сыртынан жауып ?ой?ан шаша?тап ?шекейлі жібек мата бар. Ол к?йлекті? етегі сия?ты, жерге с?йретіліп ж?реді.

       Желек- жас келіншектер басына жамылып ж?ретін  ш?лі орамал.      Кейде желек с?укелеге ??сас ?има конусты ?арапайым пішінді, негізі ?атты, к?нделікті т?рмыста ?олдану?а ы??айлы ?лгілерін келіншек жыл бойы бала тап?ан?а дейін пайдаланды. Б?л бас киімді де шеберлер к?міс пен алтын, ортасына ба?алы тастан к?з орнатыл?ан салпынша?ты ілмелермен ?шекеййледі.

Желекті ?ызыл, а? материалдан тігіп, алтыннан, к?містен, ?р т?рлі асыл тастармен с?ндеді.

       Та?ия- ?ыздарды? же?іл бас киімі. Пішіміне ?арай  та?ия цилиндрлі, тайпа? д??ес немесе ?шкірленіп, ер кісілер та?иясы секілді т?рт немесе алты сайлы, жо?ар?ы б?лігі т?тас, т?менгі жа?ы жа?таулы болып пішіледі. Та?ияны Шы?ыс ?аза?станды?тар-‘’кепеш’’, Ма??ыстаулы?тар ‘’телпек’’деп атайды.

       Шеберлер та?ия пішімін шы?ару ?шін ?атты ?а?аздар-ды та?ия  арасына салып сырып тікті, кейде астарын бас?а  ?атты

       маталармен  сы-рып тігіп, белгілі  формалар?а келтірді. Та?ия сырын шебер ?з тал?амына сай алтын жіптермен кестелеп, бас-тырмалап, тіпті к?міс салпынша? то?алармен, ти-ындармен ?ше-кейлеп, та?ия т?бесіне ?кі та?ты.

       Та?ияны к?біне бар?ыт матадан тіккен. Оны? жота б?лігіне шаш?ап ретінде ?рі с?н ?шін ?зынды?ы белге жететін до?ал пішінді б?лік орнатып, оны? бетін ?шекейлеп, безендірді. Б?л бас киім ?лгісін со??ы   кездері ?асаба   деп атап ж?р.

       Б?рік - ?аза?ты? ертеден келе жат?ан ?йелдер бас киімі. Оны ба?алы а? терісінен ж?не жас т?лді?  елтірісінен   тігеді. Б?рікті? т?рмесі кейде жалпа?, кейде ж?мыр етіліп жасалады. Оны? жазды?  ж?не ?ысты? т?рлері болады. Теріні? т?ріне ?арай  б?рік: ??ндыз б?рік, сусар б?рік, к?мшат б?рік, елтірі б?рік т.б. деп аталады. Оны ерлер де, ?ыздар да киеді. Б?рікті? т?бесі  к?бінесе алты сай /?иы?/, т?рт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен ?лшеп алып, т?рт не алты сай етіп ж??а киізден пішеді. Оларды? ?р сайыны? т?йісетін ?штары ?шб?рыш т?різді болады да, етек жа?тары тік т?рт б?рыш етіп алынады. Осы ?иындыларды? бір бетіне ш?беректен астар, екі арасына ж??а матадан ш?берек салып, жиі етіп сыриды. Одан со? жеке-жеке сайлары біріне-бірін беттестіріп ішінен де сыртынан да  ж?рмеп тігеді. Оны? сыртын ?з тал?амдарына ?арай ?семдеуге болады. Б?рік сыртын асыл матамен (бар?ыт, п?ліш, ?ам?а т.б.) тыстайды. Егерде б?рікті? іші сай болса,  оны? тысы да сай болады. Б?дан кейін б?рікті?  т?бесін, етегін жай матамен астарлап тігіп, т?менгі жа?ын т?рт  елідей терімен (?ылшы?ын сыртына ?аратып) к?мкереді. Т?бесіне ?кі, жібек шаша? та?ып, зер жіппен, жібек жіппен кестелеп, меруерт, маржан тізбелер, алтын, к?міс т?йме ?адайды. Кейде б?рікті? етегін жауып т?ратындай етіп айналдыра зерлеп, жібек шаша?тар тігеді.

Кимешек - б?л ?йелдерді? бас киіміні? т?менгі б?лігі, жо?ар?ы б?лігі шалма деп аталады.?аза? ?йелдер б?л бас киімні? екі б?лігін де а? матадан тіккен. Кимешекті кестелермен, маржандармен т?рлі ба?алы тастармен безендірді. Тіпті к?нделікті киетін кимешекті де ?шекейлеп тікті. Тек жесір ?йелдер кимешекті ?шекейсіз киген. О?т?стік ?аза?станда кимешекті? айналасына ?ызыл, ?ара жиек немесе таспа бауларды жиектеп ?шекейледі. ?те бір к?рделі ?рі ?сем кестелі ?шекейлерді б?лек мата?а кестелеп ?діптеп бет айналасына ?ондырып тіккен, кимешек тоз?ан жа?дайда осы кестелі б?лікті ?иып алып келесі кимешекке орналастыратын.

       Жетісу ??ірінде найман руы ?йелдеріні?  кимешектері ?те ?сем бол?ан. Олар кимешектерін тек бет айналасында ?ана кестелеп ?оймай, сонымен ?атар, к?кірек т?старын да к?ркем

 кестелермен (шынжыр, саба?ты кестемен) ?шекейлеген.  К?кшетау ??іріндегі кимешектерді маржан меруерт тастармен ?семдеген.

Кимешекті? пішімі ?аза? руларына, еліне т?р?ан жеріне байланысты т?рліше болды. ?ыс?а кимешекті жас ?йелдер кисе, егде ?йелдерді? кимешегіні? жота б?лігі ?шкір ?рі ?зындау етіп пішілді. Оны О?т?стік ??ірде ‘’екше’’ деп атайды. Кимешекті? жо?ыр?ы жа?ынан жаулы?ты т?рліше етіп шаршуалап байлап ж?рген. Осы кименшек пен жаулы?ты ?йлесімді ?рі ?сем пішінде бас?а орап, байлауына с?йкес ?йелге мінездеме берген.   

       Хал?ымызды? ?лтты? киімі - м?дени м?рамыз. ?лтты? киіміміз ?лем хал?ыны? алдында ?лтымызды? ерекшелігін танытады, ?нерімізді паш етеді. ?лтты? киімімізді ?нер туындысы деп ?араса? та болады. Ол атадан бала?а мирас болып келе жат?ан байлы?ымыз. Ендеше ?лтымызды? бет-бейнесі болып саналатын ?лтты? киімімізді ?астерлеу, дамыту б?гінгі ?рпа?ты? еншісінде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? киімдері »

Қазақтың ұлттық киімдері

Ерлердің киетін ұлттық киімдерінің жиынтығы мыналардан тұрады: жейде, шалбар, жеңсіз қамзол, бешпет, шапан, қолдан тоқылған шекпен, қыста киетін ішік, тон және күпі.

Бас киім. Қазақ халқының ұлттық бас киім үлгілері-көне заман тарихымен бірге дамып келе жатқан бай қазына. Күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық бас киімдер әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін қарияларымыз ескінің көзі деп киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында, ойын-сауықтарда, мерекелерде пайдаланады. Сонымен қатар театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жүргендері де аз емесе. Қазақ әдет-ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған.

Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр басқа. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақшын, қалпақ, шалма, шыт, дулыға, жыға, қырпу, күлапара, жалбағай. Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталардан сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі, бүркеніш, берген т.б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл, ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың ‘’Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды’’ дейтін мақалы осы жайдан хабардар етсе керек. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп не бөрігін аяқ астына тастап, аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған.

Әр облыста тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. Олардың әрқайсысы ‘’арғын тымақ’’, ‘’үйсін тымақ’’, ‘’найман тымақ’’ деп және ‘’ұлы жүз үлгісі’’, ‘’орта жүз үлгісі’’, ‘’кіші жүз үлгісі’’ деп түр-түрге бөліп айтады.

В.Плотниковтың 1859-1862 жылдары жазған қазақ киімдерінің ішінен бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісінің атаулары бар. Солардың ішінде жаба салма, қайырма, төрт сай, сегіз сай, дөңгелек төбе, шашақ төбе, әшкей тымақ деген түрлері ел арасында қазір де көп кездеседі. Жаба салма тымақ негізінен түлкі терісінен, сеңсеңнен тігіледі де құлағы мол милығы кең, төбесі аласа болып келеді. Қайырма тымақта түлкі мен қозы терісінен тігіледі, оның маңдайы төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. Төрт сай тымақтардың төбесі төрт бөлек, сегіз сай тымақтың төбесі сегіз бөлек тері мен киізден құралады. Дөңгелек төбесі тымақтың төбесі жайпақ, милықты, жатаған балса, шошақ төбелі тымақтың төбесі үшкірлене биік етіп сырылады. Тымақтың бөлшектері төбе, маңдай, екі алдыңғы құлақ және артқы етек болып беске бөлінеді. Екі алдыңғы құлақтың сырт жағынан бастырған екі бауы бар. Тымақтың құлағы мен етегінің төбесімен жалғасқан жерін милық деп атайды. Аса әшекейлі тымақтардың төбе аралықтарын, милығын алтын, күміс, оқамен жолақтап әдемілейді. Ал күлапара тымақтың сыртынан сулық ретінде киеді.

Ақ қалпақ. Өзінің атына сай, ақ қозының күзем жүнінен, кейде түбіт араластырып басқан, жұқа киізден жасалған жаздық бас киім. Кейде айыр қалпақ деп те атайды. Ақ қалпақ қара барқыт ара күміспен әдіптеледі. Ол төбесі ен төрт сай болып, тігісі қара жіп немесе қара барқыт не қара шибарқыт, шұға секілді маталармен көмкеріледі. Қайырма етегі мен төбесін түрлі түсті жібек матамен тыстайды немесе ою-өрнекпен әшекейленеді. Қалпақтың төбесіне төгілдіре шашақты маржан тағылган, кейде қайырма етегінің алды-арты жырық келеді. Осыған орай бұл бас киім айыр қалпақ деп аталады.

Ерлер тақиясы. Тақияны ерлер қысы-жазы басынан тастамай киетін, себебі ол өзінің ыңғайлылығымен, қарапайымдалағымен әрі тиімділігімен ерекшеленді. Тақияны бір түсті матадан, сәтен, шұға, барқыт сияқты маталардан аласа, төбесі төрт сай немесе дөңгелек төбелі етіп тігіледі. Ұлттық өрнек нақышына және тігілу технологиясына қарай тақия пішімі әр түрлі болды. Ерлерге арналған тақия кестелі немесе кестесіз сырып тігілген түрлері қолданылды. Қолмен немесе тігін машинасында ’’таңдай’’, ’’ирек’’, ‘’қабырға’’ тігістерімен сырылып тігілді. Кестелі тақияның жиегіне зермен қошқар мүйіз т.б. өрнектер түсірілді.

Ерлер бөрігі. Көршілес халықтар ішінде орыс, татар, өзбек, қырғыздар т.б. ұлттық бас киімдері (бөрік) сәндік әрі суықтан қорғану мақсатында қолданған.

Бөрікті қазақ халқы ерте кезден пайдаланып келеді. Ол мерзімге байланысты қыстық және жаздық болып бөлінеді. Қыстық бөрікті жылы болу үшін жүн немесе мақта салып қабып тігеді. Бөріктің жиегі аң немесе қымбат бағала матамен жиектеліп тысталады. Ойын тойға қымбат бағалы тастармен әшекейленген бөрік киген. Әсіресе сал серілер әшекейлі, үкілі бөрік киген. Бөріктің пішімі мен тігілу технологиясы әр руға байланысты өзгше үлгіде кездеседі.

Тымақ. Тымақ-қыстың аязды, боранды күндері киетін ерлердің бас киімі. Тымақ тігілген тері атауына сай сеңсең, тымақ, елтірі тымақ, құндыз тымақ, түлкі тымақ т.с.с. аталды. Тымақтың пішімі төрт сайлы, биік төбелі, құлақ бау мен артқы етек бөліктерінен құралады. Қатты бораннан сақтайтын бас киім түрі. Ол адамның маңдайын, екі құлағын және мойын жотаны жауып тұрады. Оның іші тері, сырты сағи, пүліш, барқыт матамен қапталады. Екі құлақтың сырт жағын бастыра отырып матадан жалпақ екі бау тағылады. Қазақ рулары мен жүздері ішінде тымақтың тігілу ерекшелігі әр түрлі. Жаз бен күзде киетін сәнді әрі жеңіл елтірі тымақтарды ‘’жекей тымақ’’ кей жерлерде ‘’малақай‘’ деп те аталады.

Жалбағай. Тымақ тәрізденіп қалың не жұқа матадан тігілетін бас киім. Жалбағайдың екі жаны мен артқы етегі тұтас тігіліп, иық пен желкені жауып тұрады. Жылқышылар қыстыгүні жалбағайды тұмақ сыртынан киеді. Тарихты зерттеуші ғылымдардың айтуына қарағанда әр жерде жалбағайды далбағай немесе далбай, жалбай тіпті күләпара деген болғандығы жөнінде мәліметтер береді.


Әйелдердің ұлттық бас киімдері.

Әйел бас киімдері де бірнеше түрге бөлінеді. Олар тақия, бөрік, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, берет, қалпақ т.б. Қазақ ғұрпында ердің де әйелдің де бас киімсіз, жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер жалаңбас жүрмейтін.

Сәукеле-ұзатылу тойында киетін қалыңдықтың бас кимі. Оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүрген нөкерлері киген. Сәукелені жас келіншек той-думандарға, мереке-жиындарға да киіп баратын болған, ал кей жерлерде келіншек тұңғыш баласын босанғанша киіп жүруге болады деп есептеген. Ә.Марғұлан өз еңбектерінде: ‘’Сәукелені жас келін бір жылдай киіп, онан кейін 4-5 жылдарда тек сән-салтанаттарда, үлкен жиындарда киген’’- деп жазған.

XІX ғасырда қымбат сәукелелер 100 жорғаның құнына тең бағалағанды, әрине мұндай қымбат сәукелелер сирек кездеседі. Халық ісмерлігі сәукелені әзірлеуде мейлінше сезімтал шеберлікпен әсемдей білді. Ол бас киімдердің ішінде ең әшекейлісі де, күрделісі де әрі бағалысы да болып саналады. Сәукеленің негізгі бөліктері –төбе, құлақбау бет-моншақ, жақтама. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп-пішіп алып, ішін астарлады, сырт жағына ұстап тұру үшін, бидай шүберекті жиі етіп сыриды, одан соң сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты матамен тыстады. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысын зер жіппен оюлап, кестелеп тікті. Оның тегін мақпалмен не қара, қызыл барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал, маңдай тұсын зерлеп немесе жібек шашақтың шоқтары тағылды. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсына асыл тастан көз орнатып, алтын, күміс салпыншақты әшекейлі жібек матамен төгілтіп жаулық жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге дейін сүйретіліп жүрді.

Сәукелеге ұзын құлақ бау тағылып, оның шеті шыр айналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріп, сәнді түйреуіш түйреді. Ісмердің талғамына сай сәукеле пішімі мен оны әшекейлеу түрі де түрліше болады.

Сәукеленің төбесіне талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырыған асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетін қусырып жұрын ұстаған және алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтар бетмоншақ және сәукеленің төбесінде алтын, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақтары, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген жиекті осы қабырғаға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды. Оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақтап әшекейлі жібек мата бар. Ол көйлектің етегі сияқты, жерге сүйретіліп жүреді.

Желек- жас келіншектер басына жамылып жүретін шәлі орамал . Кейде желек сәукелеге ұқсас қима конусты қарапайым пішінді, негізі қатты, күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы үлгілерін келіншек жыл бойы бала тапқанға дейін пайдаланды. Бұл бас киімді де шеберлер күміс пен алтын, ортасына бағалы тастан көз орнатылған салпыншақты ілмелермен әшекеййледі.

Желекті қызыл, ақ материалдан тігіп, алтыннан, күмістен, әр түрлі асыл тастармен сәндеді.

Тақия- қыздардың жеңіл бас киімі. Пішіміне қарай тақия цилиндрлі, тайпақ дөңес немесе үшкірленіп, ер кісілер тақиясы секілді төрт немесе алты сайлы, жоғарғы бөлігі тұтас, төменгі жағы жақтаулы болып пішіледі. Тақияны Шығыс Қазақстандықтар-‘’кепеш’’, Маңғыстаулықтар ‘’телпек’’деп атайды.

Шеберлер тақия пішімін шығару үшін қатты қағаздар-ды тақия арасына салып сырып тікті, кейде астарын басқа қатты

маталармен сы-рып тігіп, белгілі формаларға келтірді. Тақия сырын шебер өз талғамына сай алтын жіптермен кестелеп, бас-тырмалап, тіпті күміс салпыншақ тоғалармен, ти-ындармен әше-кейлеп, тақия төбесіне үкі тақты.

Тақияны көбіне барқыт матадан тіккен. Оның жота бөлігіне шашқап ретінде әрі сән үшін ұзындығы белге жететін доғал пішінді бөлік орнатып, оның бетін әшекейлеп, безендірді. Бұл бас киім үлгісін соңғы кездері қасаба деп атап жүр.

Бөрік - қазақтың ертеден келе жатқан әйелдер бас киімі. Оны бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік: құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, елтірі бөрік т.б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты сай /қиық/, төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, төрт не алты сай етіп жұқа киізден пішеді. Олардың әр сайының түйісетін ұштары үшбұрыш тәрізді болады да, етек жақтары тік төрт бұрыш етіп алынады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайлары біріне-бірін беттестіріп ішінен де сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын өз талғамдарына қарай әсемдеуге болады. Бөрік сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа т.б.) тыстайды. Егерде бөріктің іші сай болса, оның тысы да сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесін, етегін жай матамен астарлап тігіп, төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді. Төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, зер жіппен, жібек жіппен кестелеп, меруерт, маржан тізбелер, алтын, күміс түйме қадайды. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зерлеп, жібек шашақтар тігеді.

Кимешек - бұл әйелдердің бас киімінің төменгі бөлігі, жоғарғы бөлігі шалма деп аталады.Қазақ әйелдер бұл бас киімнің екі бөлігін де ақ матадан тіккен. Кимешекті кестелермен, маржандармен түрлі бағалы тастармен безендірді. Тіпті күнделікті киетін кимешекті де әшекейлеп тікті. Тек жесір әйелдер кимешекті әшекейсіз киген. Оңтүстік Қазақстанда кимешектің айналасына қызыл, қара жиек немесе таспа бауларды жиектеп әшекейледі. Өте бір күрделі әрі әсем кестелі әшекейлерді бөлек матаға кестелеп әдіптеп бет айналасына қондырып тіккен, кимешек тозған жағдайда осы кестелі бөлікті қиып алып келесі кимешекке орналастыратын.

Жетісу өңірінде найман руы әйелдерінің кимешектері өте әсем болған. Олар кимешектерін тек бет айналасында ғана кестелеп қоймай, сонымен қатар, көкірек тұстарын да көркем

кестелермен (шынжыр, сабақты кестемен) әшекейлеген. Көкшетау өңіріндегі кимешектерді маржан меруерт тастармен әсемдеген.

Кимешектің пішімі қазақ руларына, еліне тұрған жеріне байланысты түрліше болды. Қысқа кимешекті жас әйелдер кисе, егде әйелдердің кимешегінің жота бөлігі үшкір әрі ұзындау етіп пішілді. Оны Оңтүстік өңірде ‘’екше’’ деп атайды. Кимешектің жоғырғы жағынан жаулықты түрліше етіп шаршуалап байлап жүрген. Осы кименшек пен жаулықты үйлесімді әрі әсем пішінде басқа орап, байлауына сәйкес әйелге мінездеме берген.

Халқымыздың ұлттық киімі - мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады, өнерімізді паш етеді. Ұлттық киімімізді өнер туындысы деп қарасақ та болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз. Ендеше ұлтымыздың бет-бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақтың еншісінде.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза?ты? ?лтты? киімдері

Автор: ?ыдыр?лі Насиба Нишанбай?ызы

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201477

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ассамблея?а 20 жыл "
    ["seo_title"] => string(22) "assamblieiag-a-20-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "167968"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423154718"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Туган тілім, бабам тілім, өз тілім!"
    ["seo_title"] => string(33) "tughan_tilim_babam_tilim_oz_tilim"
    ["file_id"] => string(6) "385049"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485677462"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз "
    ["seo_title"] => string(47) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshymyz"
    ["file_id"] => string(6) "172115"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423758966"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) ""?лияны? ерлігі - елге м?ра, ?рпа??а ?ран! " ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(69) "liianyn-ierlighi-ielghie-mu-ra-u-rpak-k-a-u-ran-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "315891"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459969346"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ер есімі-ел есімде "
    ["seo_title"] => string(23) "ier-iesimi-iel-iesimdie"
    ["file_id"] => string(6) "208372"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430800894"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства