Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерін дамыту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік - қайырымдылық»
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі «Мейірім» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.
Атаң болса, анаң мен Алтыннан соққан қорғаның, Ағаң болса, ақылды, Ешкімнен кем болмадың. Інің болса, жанашыр Семсер қылыш білегің. Ақылды қыз, ақылды ұл, Өкпе бауыр, жүрегің.
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Жарылғасов Самиғолла Ғалымұлына беріледі.
Жүргізуші:
Басқа төлдер жатқан кезде жамырап, Жетім қозы анасы жоқ маңырап, Сүт іздейді таңдайына таматын, Оны көру ақын үшін ауыр тым Ауыр алып демімді мен ішімнен, Оның жайын болам, рас, түсінген, Өзге қойға телімесе қозыны, Асыраймын жырдың сауған сүтімен.
Облыстық «Менің қуанышымды бөліс» балалар шығармашылығында мәнерлеп оқу байқауынан I орын алған 6 «б» сынып оқушысы ------------------- орындауында көркем сөз «Бақыт».
Жүргізуші:
Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен, Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем, Жамандарды іздемен өзі ақ табар, Жақсыларды табуың қиын екен...
Құттықтау ауыл әкімі Маманов Талғат Әшімұлына беріледі.
Жүргізуші:
Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да, Күн арқалап кетеді таңды мына Менің жаным ашиды барлығына, Таң нұрына, адамның тағдырына
«Шашу» биі. бишілер тобы
Жүргізуші:
Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын Бекер айттым екен деп қайта алмаймын Өйткені біреулерге бақыт қонса, Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым. Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын Сазды әуенге елітіп алданбаймын Бір әумесер есірсе есі кетіп, Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың
Ауыл мектебінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды, яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік – педагогтар жұмыс істейді. Ә. Жангелдин атындағы мектеп интернатының әлеуметтік педагогы ------------------- мырзаға сөз беріледі.
Жүргізуші:
Жетім қозы жетілер де марқаяр, Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр, Шілдехана жасап ертең ата - анам, Нәрестенің қалжасына мал сояр. Жас нәресте апыл - тапыл жүгірер, Аяқтағы ала жіп те үзілер, Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын, Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел!
Ән:
Жүргізуші:
Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық, Именіп жүретін игіліктен, Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б. Момышұлы )
Ән: орындайтын:
Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты, Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой, Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой» Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау, Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау» Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой! Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!» Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым, Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым, Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда. Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты. Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты! - деп ақын атамыз айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз.
Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір - бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Мейірімділік» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық - саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар.
«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек». С.А. Назарбаева
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірім–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды. Л.Н. Толтой
Мейірімділік - адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік істер жасау арқылы мейірімділік таныта алу.
Мейірімділік – ғажайып өмір есегі, Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім. Қол ұшын бер жетімдерге жылаған, Қайтарма қолын ананың көмек сұраған Оу, Адамзат, сіңірген бойға мейірімді.
3. Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
4. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
5. Біз тілейміз бар бөбекке, Бақытты өмір сүргенін. Туған елге еркелеп, Қуанғанын, күлгенін. Сусынымыз қанады, Өнер, білім, нәрімен. Әлемдегі баланың, Дос боламыз бәрімен.
Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі.