Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олдары?ызды ай?астыры?ыздар. ?олызды тізі?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.
Елестетіп к?рі?іздер: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмотция?ыз бен тілек – ?алауы?ыздыц шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты.
Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шйе т?суде оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді? ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы,ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды. Н?р бірте – бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыстары?ыз?а ба?ытта?ыз. Енді осы н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз. Ж?ймен к?зімізді ашу?а болады. Рахмет.
?й тапсырмасын с?рау.
М. Т?режановты? «Ана-ал?ысы» ??гімесі.
Тал?ылау с?ра?тары:
Анасы Кенжебекті кімге тапсырды?
Кенжебекті ?алай ?арады?
Ана балаларыны? е?бегін ?алай ба?алады?
Кішілерге ?андай ?ам?орлы? жасау?а болады?
?здері?ні? мейірімділік, ?ам?орлы? таныт?ан кездері? болды ма? ??гімелеп бері?дер.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырыңыздар. Қолызды тізіңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмотцияңыз бен тілек – қалауыңыздыц шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшйе түсуде оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға бағыттаңыз. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзімізді ашуға болады. Рахмет.
Үй тапсырмасын сұрау.
М. Төрежановтың «Ана-алғысы» әңгімесі.
Талқылау сұрақтары:
Анасы Кенжебекті кімге тапсырды?
Кенжебекті қалай қарады?
Ана балаларының еңбегін қалай бағалады?
Кішілерге қандай қамқорлық жасауға болады?
Өздеріңнің мейірімділік, қамқорлық танытқан кездерің болды ма? Әңгімелеп беріңдер.
Дәйексөз.
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Халық даналығы.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мағынасын ашу.
Ұлдар оқиды, Қыздар оқиды. Барлығы қосылып хормен қайталайды.
Дәптерлеріне көшіріп жазады.
Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
М. Төрежановтың « Сары тауық пен балапандары» мәтіні.
Талқылау сұрақтары:
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулиды?
Сары тауық өз аналық мейірімін қала көрсете білді?
«Күн ашылып , ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал, сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды шешу:
1-топқа: Сен аулада шанамен ойнап жүрдің, ал сенің досыңның шанасы жоқ, сенің әрекетің қандай?
2-топқа: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3-топқа: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
Дәптермен жұмыс.
Топпен ән салу.
«Кім және не мейірімді?» өлеңі
Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!
Қорытындылау.
Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік іс жасау арқылы мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық таныта алады.
Үйге тапсырма:
«Мен мейірімді баламын» тақырыбы бойынша эссе жазу.
Бағалау.
Алғысымды айтып, қоржындағы «Мейірімділік гүлін» сыйлаймын.