Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру (3 мин)
Топқа бөліну (2 минут)
Коучердің кіріспе сөзі:
| «Менің жетістігім...» тренингі Коучингке қатысушылар дөңгеленіп отырады. Барлығына «блоб ағашы» парақшаларын таратамын. Осы «блоб ағашына» әр мұғалім «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі жетістігім» орнын белгілейді. Ағаштағы орындары туралы пікірлерін айтады. Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана, құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз. Коучинг тақырыбымен таныстырамын. | Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады. Тренингтен кейінгі сұрақтар – Сіз неге осы орынды көрсеттіңіз? – Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз? Ендеше, табысты мұғалімнен білім алатын табысты , жетістігі мол оқушыларымыз көбейе берсін, дей отыра мұғалімнің үш көмекшісі арқылы топқа бөлінеміз
|
ІІ. Негізгі бөлім 3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен үзінді.
Топтық жұмыс Постер қорғау (15 минут ) | Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер? Топта ақылдаса отырып, талдау. Топтарға тапсырмалар беріледі: 1-топқа: «Жаңа заманға – жаңа бағдарлама» Ақылдың алты қалпағы әдісі 2-топқа: «ХХІ ғасыр мұғалімі» Синквейн әдісі 3-топқа: «Мектептегі тәжірибе» Свот талдау әдісі | .Қатысушылар мультфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.
Мұғалімдер тапсырмаларын топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын қорғайды. |
Сергіту сәті (5 минут) | Мұғалімдер караокемен ән салады. «Ұстазым менің» әні |
Мұғалімдер ән салып, жақсы көңіл күй орнайды, демалады. |
Таныстырылым көрсету. (10 минут)
|
Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі». - Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма? - Өзіңізге қандай баға берер едіңіз? - Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? | Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
|
Рефлексия
| Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін! Әр мұғалім бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыс жасайды | Кері байланыс парағы Тапсырманы орындау маған ұнады?________________________ Ерекше қиын болды?________________________ Ең қызықты болғаны_______________________ Егер мен бұл тапсырманы тағы орындасам,келесілерді жасар едім______________________ |