kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тулебаева Г?лжанат Ра?ым?ызыны? «Диалогтік о?ыту ар?ылы табысты о?ыту?а ?ол жеткізу»та?ырыбында?ы 1 коучинг саба?ыны?  рефлексивтік есебі

1-б?лім:

Бірінші бетпе-бет кезе?інен кейін ж?мыс істейтін Солт?стік ?аза?стан облысы, Мамлют ауданы Калугино орталау мектебіне барып м??алімдер арасында семинар ?ткіздім. Мектебіміз екі ауысымда ж?мыс  істейді. Семинар?а он бір м??алім ?атысты.  Семинар кезінде екінші де?гей ба?дарламасыны? жеті модуль м?нм?тініні? ма?саттары ж?не міндеттерімен таныстырып, т?сіндіріп ?ттім. Коучинг саба?ыма ?атысу?а ниеттері бол?ан м??алімдерге м?мкіндігінше к?мек к?рсетуге дайын екенімді айттым. Сол семинар саба? барысында м??алімдер ?жымынан бірнеше ?сыныстар т?сті. Бастауыш сынып м??алімдері мен орыс тілі п?ні м??алімі диалогтік о?ыту ар?ылы  о?ыту сапасын к?теруде ?иынды?тар?а кездесіп ж?ргенін айтты. Математика, технология, биология п?ндеріні? м??алімдері о?ушыларды сыни т?р?ыдан ойлау?а ?алай ба?ыттау жолдарын ?йренгісі келетінін, бір бастауыш м??алімі талантты ж?не дарынды балалармен ж?мыс істеуді? ?діс-т?сілдерін ?олдануда ?иынды? ту?ызып ж?рген та?ырыптар аны?талды.Семинар?а ?атыс?ан м??алімдерді? барлы?ы бір дауыстан, диалогтік о?ыту мен сын т?р?ысынан ойлауды ?йрету та?ырыптарында коучинг саба?тарын  ?ткізуімді с?рады. Б?л та?ырыптар мен ?шін де ма?ызды та?ырыптар. Себебі біз ?з ойын ашы? айта алатын, идеяларын д?лелдей алатын ??зіретті т?л?а т?рбиелеуіміз керек. «Диологтік о?ыту» та?ырыбы бойынша жоспарымды т?зіп бірінші коучинг саба?ымды ?ткіздім. Коучинг саба??а ?ш бастауыш сынып м??алімдері,бір математика п?ні,  бір технология п?ні, бір а?ылшын п?ні,  бір география п?ні, бір орыс тілі п?ні, бір биология п?ні м??алімдері, бір ша?ын орталы? тірбиешісі ?атысты.

 Коучинг та?ырыбы:

Табысты о?ыту?а  ?ол жеткізудегі диалогтік о?ытуды? р?лі.

Коучинг ма?саты:

Диалогтік о?ыту ар?ылы табысты о?ыту?а ?ол жеткізу.

Саба?ты м??алімдер ?жымына жа?ымды психологиялы? ахуал орнатып алып,стикерлерге жазыл?ан «мен кіммін?» ойыны ар?ылы диалог  орнатудан бастадым. Смайликтерді та?датып,не ?шін та?да?анын, смайликке ?атысты тілектер айтуларын с?рап диологты ары ?арай жал?астырдым. Н. м??алім б?л ?дістер о?ушылар?а к?шті к??іл к?й сыйлап, диалог?а т?сіруге тиімді т?сіл екенін айтты.Келесі ?рекетімде топта бірлесе отырып ?алай диалог?а т?сетінін бай?ау ма?сатында ?аза?ты? шашуы ар?ылы топ?а б?лдім. Бірінші тапсырмада екі топ?а да ?з топ ережелерін т?зіп шы?уын с?радым Екінші топта?ы ?. м??алімні? с?ретшілік ?нері бар екенін бай?адым.Бірінші топта Ин ойы ж?йріктігімен к?зге т?сті. Бір-бірімізді со?ына дейін ты?дап айтыл?ан пікірлерімізді сыйлайы? деген ?сыныстар айтып отырды.Ж?мыстарын ?ор?атып, екі ж?лдыз бір тілек ар?ылы бір-біріні? ж?мыстарын ба?ылатып отырдым.АКТ ?олданып екі с?би арасында?ы диалогті к?рсеттім. Келесі тапсырма «Жа?а жыл кешінде» та?ырыбына диалог жазуларын с?радым. Мерсерді? ?ш ??гімелер т?ріні? бірі орын алар ма екен? деген с?ра?ыма жауап іздедім. М??алімдерді ба?ылау барысында екі топта да ??гімені? кумулятивтік т?рін ?ана бай?адым. Келесі тапсырмада диалог дегенде нені т?сінетіндерін постер ар?ылы  жеткізулерін с?радым.  Екінші топта орыс тілі маманы отыр?анына ?арамай ол топта ?згерісті бай?амадым. Бірінші топта?ы К м??аліміні? сыни ойланып, диалог дегенде тек ?ана жай ??гімелесу емес ?ой, диалог барысында тартысу, д?лелдеу деген ??гімелер де болады ?ой деп ?з пікірін айтып жат?анын бай?адым.Ж?мыстар арасында кішкене к??іл к?йлерін к?теру ма?сатында сергіту с?тін ?ткіздім.  Келесі тапсырманы бастамас б?рын Мерсерді? ??гімелер т?рлерімен таныстырып ?р ??гімені? т?ріне сипаттама беріп шы?тым. Стикер ?а?аздары ар?ылы ??гімені? т?рлерімен та?ырыптарды та?дап диалог т?зіп, ролдерге орындап шы?уларын   с?радым.  Екінші топ м??алімдерді? барлы?ында да актерлік ?абілеті бар екенін бай?адым.  Екі топ бір-біріні? ж?мысымен танысып, бір біріні? ж?мыстарын ба?алады. Саба?ты? ?орытынды б?лімінде бір с?рет бес с?з ар?ылы ?з идеяларын жазып  берулерін с?радым. ?р бір ж?мыстарыны? со?ында фармативті ба?алап отырдым(?ол шапала?тау, не деген керемет с?здер, бізді? м??алімдер не деген а?ылды, ?андай ша??анды?, т.б.)АКТ к?мегінде диалогтік о?ыту туралы толы? м?ліметтерді ?сындым. Саба?ты? со?ында б?гінгі коучинг саба?ы туралы ал?ан ?серлері туралы рефлексия жасау?а 3минут уа?ыт бердім. Б?л коучинг саба?ы барлы?ына ?на?анын білдім. ?те ?ызы?ты, тамаша, тиімді ?діс т.б. с?здер айтылды. Соны? ішінде орыс тілі м??алімі о?ушыларды? ?з ойларын ашы? айта алуына тиімді ?дістер екенін айтып ?тті. Гн бастауыш сыныптарда ?олданатынын айтты. Себебі,о?ушыларды жас кезінен еркін с?йлеуге, ?з идеясын ашы? айту?а ?йрету керек, сонда ?ана  келешекте біз б?гінгі ал?ан білімін ерте?гі к?нде ?мірде ?олдана алатын ??зіретті т?л?а ретінде т?рбиелей аламыз деді. М??алімдерді? саба? жайлы айтыл?ан пікірлерінен кейін, ?з ба?ылауларымны? н?тижесінде саба?ымны? с?тті ?ткендігіне к?зім жетті. Саба? барысында м??алімдер белсенді ?атысты. Алда?ы о?ыту мен о?у процестерінде м??алімдер ?шін диалогтік о?ытуды? ?діс т?сілдерін  ?олдануда  к?мегім тигеніне ?уандым. Дегенмен с?тсіз ?ткен жері де болды. Мерсерді? ??гімелер т?рі бойынша ролдік ойын барысында бірінші топ тапсырманы? шартын д?рыс тусінбегендіктен тапсырмада?ы ??гімені? т?рлеріне емес та?ырып?а с?йене ж?мыс істеген. Б?л мені? тапсырма барысында?ы ?ателігім. Соны есепке ала т?рып, диалогтік о?ыту туралы м?лімет бергенде  тере?ірек т?сіндіруге тырыстым.

 Коучинг саба?ты ?алай ме?гергенін білу ж?не ?алай ?олданатынын к?ру ма?сатында 3 сынып орыс тілі саба?ына ?атыстым. М??алім саба?ты сыныпта психологиялы? ахуал орнатудан бастады. Жа?а ?дісті? бір елементін к?ргенде ?тілген саба?ым м??алімні? ?ажеттілігін ?ана?аттандыр?анын бай?адым. Со?ынан т?рлі стикерлер к?мегінде  топтар?а б?ліп отыр?ызды. Топты? ж?мыста кластер ж?не постер жасатты. Жаса?ан ж?мыстарын ?ор?атып, екі ж?лдыз бір тілек ар?ылы ба?алатты.

Б?л ?дерісті к?ріп ?атты ?уандым Себебі б?л мені? коуч ретіндегі бірінші жетістігім. Алда?ы уа?ытта ал?ан білімді  мектебіміз м??алімдеріні? к?сіби дамуы жолында ?олданамын. Екінші де?гей ба?дарламасын насихаттау ма?сатында семинарлар ?йымдастырамын. Болаша?та м??алімдерді?  сапалы білім мен саналы  т?рбиеге ?ол жеткізе алулары ?шін бар ынтамды саламын.

 

 

Тулебаева Г?лжанат Ра?ым?ызыны? «Сын т?р?ысынан ойлауды ?йрету» та?ырыбында?ы №2 коучинг саба?ыны?  рефлексивтік есебі

Коучинг та?ырыбы:

 

Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету ар?ылы табысты о?ыту?а ?ол жеткізу. Жоспар бойынша екінші коучинг саба?ымды ?ткіздім. Саба??а то?ыз м??алім ?атысты. Орыс тілі п?ні, математмка п?ні, а?ылшын п?ні,  география п?ні, ша?ын орталы? т?рбиешісі ж?не семинар?а да бірінші коучингке де ?атыспа?ан  химия п?ніні? м??алімі  О ?ызы?ушылы? танытып, коучинг саба??а ?атыс?ысы келетінін айтып ?сыныс білдірді.Мені? бойымда ?зіме деген сенімділік артып, ?зімді к?шбасшы болу?а лайы?ты  екенімді бай?адым. Бірінші коучинг саба?ымнан м??алімдер жа?сы ?сер ал?анды?ына к?зім жетті. М??алімдерді? к?сіби дамуына ы?пал ете ал?анымды бай?адым.

Коучинг ма?саты:

 Сын т?р?ысынан ойлауды  ?йрету ар?ылы ой тол?ау?а, болжау?а шешім ?абылдау?а ба?ыттау. М?селелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасу?а ж?не ?ор?ау?а ?йрету.

 Саба?ты м??алімдер ?жымында жа?ымды психологиялы?  ахуал орнатудан бастадым. Онда ше?бер жасап т?рып бір ?олдарыны? бас барма?ын жо?ары ?арата ?стап т?рып, ал екінші ?олдарыны? ала?анын ашып т?мен ?арата серігіні? бас барма?ыны? ?стіне ?олшатыр сия?ты т?ту, «?ш» дегенде серігіні? бас бама?ын ?стап, ?зіні? бас барма?ын ?статпау?а ?рекет ет? керек.

 ?рі ?арай т?рлі- т?сті стикерлер та?дап, ол т?сті не ?шін та?да?анын сипаттау ж?не сол стикер ?а?азын жа?сы тілектер айтып ?ріптестерге ?сыну болды. Б?л ?рекетімде, сын т?р?ысынан ойлау?а ба?ыт бергенімді м??алімдерді? т?сінгендерін к?ргім келді.Б?л жолы топ?а б?луде стикерлерді пайдаландым. «?демілер тобы», «Аа?ылдылар тобы» деген с?здермен екі топ?а б?лдім.  

Л м??алім: Осылай ?р бір іс- ?рекетімізде о?ушылар?а жа?сы к??іл-к?й сыйлайтын болса?, о?ушылар белсенді ж?мыс істейтініне сенімдімін дегенді айтты. АКТ к?мегінде ??гімені? бір б?лігін  ты?даттым. Енді сол ??гімені топпен ойланып жал?астыруларын с?ра?анымда, И ж?не Ю м??алімдерді? шы?армашылы? ?абілетіні? жо?ары екенін бай?адым. Б?л тапсырма барысында  И ж?не Ю м??алімдер к?шбасшы р?лін ат?арды. Ю м??алім бас?ар?ан топты? ж?мысы  берілген ??гімені? мазм?нымен с?йкес келді. Келесі тапсырма к?рделілеу болып, онда т?рлі к?ліктерді кезе?дерге, к?лік т?рлеріне ж?не жек меншік к?лік, ?о?амды? к?ліктер  деп бірнеше т?рлерге б?ліп орындап, келесі топ?а таныстырып, т?сіндіріп, ?ор?ау ?сынылды.

       Мені мазала?ан, топпен б?л жа?дайдан ?алай шы?ар екен? ?ай м??алімде сын т?р?ысынан ойлауды? да?дыларын бай?айды екенмін? деген с?ра?тарыма жауап іздеп екі топ м?шелері, ?ріптестерімні?  топтарына кезекпе-кезек барып ба?ылау ж?ргізіп отырдым. Ба?ылауларымны? н?тижесінде  И м??алім мен Ю м??алім б?л жолы да алды??ы ?атарлы м??алімдерді? ?атарынан табылды. Сонымен ?атар ша?ын орталы? т?рбиешісіні? ж?не Н м??алімні? ж?йелі, сыни ойлау да?дыларын бай?адым. ?ріптестер бірлесе отырып ынтыма?тасты?та  ж?мыс істеп, ж?мыстарын ?ор?ады. Бір-бірлеріні? ж?мыстарын ба?алап отырды. Ересек адамдармен ж?мыс істеуді?  ?ызы?ты т?стары к?п болады екен. ?р бір ж?мыстарын ?ор?а?ан кезде ?ойыл?ан с?ра?тар?а жай ?ана жауап айтып ?ана ?оймай ?р бір с?зін, ?р бір идеясын д?лелдеп  Мерсер ??гімелеріні? ?ш т?рі де орын алады екен. М??алімдерді кішкене сергітіп алу ма?сатында АКТ к?мегінде «?а??а биін» биледік.

 

Келесі тапсырмада ?р бір топ?а бір-бірден алма ж?не т?тікше беріп, алдарында?ы екі затты? бір-біріне  ?андай байланысы бар екенін аны?тап, постер ар?ылы  бейнелеп, ол ж?мыстарын ?о?ау керек екендігін т?сіндірдім. Б?л жолы екі топ та бірден ж?мыс?а кірісіп кетті. Бір бірімен пікір алмасып, ынтыма?таса, бірлесе, ?р кім ?з идеяларын орта?а тастап, ой б?лісіп ж?мыс істеді. ?з ж?мыстарын ?ор?ады, бір біріні? ж?мыстарын ба?алады.Р?лдік ойындар бойынша келесі тапсырмада жа?ыл?ан шыра??а ?арап отырып адам?а ?андай ойлар  келетіні туралы сценарий т?зіп, р?лдерге б?ліп ойнап шы?у.

М??алімдерімізді? барлы?ында актерлік ?абілеттері жо?ары де?гейлі д?режеде екенін  та?ы бір рет к?рдім. Коучинг саба?ты? ?орытындылау б?лімінде Эдвард де Бононы? «Ойлауды?  6 ?алпа?ы»н пайдалана отырып ?р ?алпа?ты? ?з ?ызметтері бойынша  ?з с?здерімен б?гінгі коучингтен ал?ан ?сері, ?йренген тиімді ?дістер туралы айтып,  ?орытып шы?ты. АКТ пайдаланып сын т?р?ысынан ойлауды? жолдары туралы м?лімет бердім. Саба? со?ында стикер ?а?аздарына ал?ан ?сері мен ?сыныстарын жазып берулерін с?радым.Коучинг саба? с?тті ?тті деп айта аламын. М??алімдерді? барлы?ы да топ болып бірлесе,ынтыма?таса ?иыншылы?тарды же?іп, белсенділік танытты. Ой тол?ап, на?тылы?ты, аны?  д?лелдер келтіріп ж?мыс жасады.

Енді осы білгендерін саба? ?дерісінде ?олдану аясын ба?ылау ма?сатында 6 сыныпты? орыс ?дебиеті  саба?ына кірдім. Саба?ты жа?ымды психологиялы? ахуал орнатудан бастады.

 О?ушылар б?л ?дерісті  жа?сы  к??іл-к?ймен  ?абылдады. Топ?а т?рлі стикерлер ар?ылы б?лді. Топпен бірге топты? ж?мыстарды жа?сы ?йымдастыра алды

Мені? коучинг саба?ымны? н?тижесіні? д?лелдемесі ретінде сыни т?р?ыдан ойлау жолдарын тиімді ?одана ал?анын к?рдім. ?рине б?л мені? коуч ретіндегі жетістігім. Келесі саба?тарда о?ушыларды? ?зін ?зі реттеуі жолында, сын т?р?ысынан ойланып  интерпретация ж?ргізе алатын, пайымдап на?тылап шешім ?абылдайтын, кез келген ситуациядан шы?а алатындай ойлау да?дылары жа?сы ?алыптас?ан ??зіретті т?л?а т?рбиелей алатын к?сіби дамы?ан м??алімдер санын к?бейтуге ат салысамын. Б?л ?шін ?немі ?з біліктілігімді асырып ізденуде боламын. М??алімдерге  ?жымында жиі семинарлар ?йымдастырамын.

                 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп »

Тулебаева Гульжанат Мұғалім портфолиосы Есеп В

Рахимовна ІІ деңгей

V топ Алматы қаласы 22.11. 2013

Тулебаева Гүлжанат Рақымқызының «Диалогтік оқыту арқылы табысты оқытуға қол жеткізу»тақырыбындағы 1 коучинг сабағының рефлексивтік есебі



Коуч жазбалары

Тренер жазбалары

1-бөлім:

Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы Калугино орталау мектебіне барып мұғалімдер арасында семинар өткіздім. Мектебіміз екі ауысымда жұмыс істейді. Семинарға он бір мұғалім қатысты. Семинар кезінде екінші деңгей бағдарламасының жеті модуль мәнмәтінінің мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, түсіндіріп өттім. Коучинг сабағыма қатысуға ниеттері болған мұғалімдерге мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екенімді айттым. Сол семинар сабақ барысында мұғалімдер ұжымынан бірнеше ұсыныстар түсті. Бастауыш сынып мұғалімдері мен орыс тілі пәні мұғалімі диалогтік оқыту арқылы оқыту сапасын көтеруде қиындықтарға кездесіп жүргенін айтты. Математика, технология, биология пәндерінің мұғалімдері оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға қалай бағыттау жолдарын үйренгісі келетінін, бір бастауыш мұғалімі талантты және дарынды балалармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қолдануда қиындық туғызып жүрген тақырыптар анықталды.Семинарға қатысқан мұғалімдердің барлығы бір дауыстан, диалогтік оқыту мен сын тұрғысынан ойлауды үйрету тақырыптарында коучинг сабақтарын өткізуімді сұрады. Бұл тақырыптар мен үшін де маңызды тақырыптар. Себебі біз өз ойын ашық айта алатын, идеяларын дәлелдей алатын құзіретті тұлға тәрбиелеуіміз керек. «Диологтік оқыту» тақырыбы бойынша жоспарымды түзіп бірінші коучинг сабағымды өткіздім. Коучинг сабаққа үш бастауыш сынып мұғалімдері,бір математика пәні, бір технология пәні, бір ағылшын пәні, бір география пәні, бір орыс тілі пәні, бір биология пәні мұғалімдері, бір шағын орталық тірбиешісі қатысты.

Коучинг тақырыбы:

Табысты оқытуға қол жеткізудегі диалогтік оқытудың рөлі.

Коучинг мақсаты:

Диалогтік оқыту арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақты мұғалімдер ұжымына жағымды психологиялық ахуал орнатып алып,стикерлерге жазылған «мен кіммін?» ойыны арқылы диалог

орнатудан бастадым. Смайликтерді таңдатып,не үшін таңдағанын, смайликке қатысты тілектер айтуларын сұрап диологты ары қарай жалғастырдым. Н. мұғалім бұл әдістер оқушыларға күшті көңіл күй сыйлап, диалогқа түсіруге тиімді тәсіл екенін айтты.Келесі әрекетімде топта бірлесе отырып қалай диалогқа түсетінін байқау мақсатында қазақтың шашуы арқылы топқа бөлдім. Бірінші тапсырмада екі топқа да өз топ ережелерін түзіп шығуларын сұрадым.

Екінші топтағы Ә. мұғалімнің сүретшілік өнері бар екенін байқадым.Бірінші топта Ин ойы жүйріктігімен көзге түсті. Бір-бірімізді соңына дейін тыңдап айтылған пікірлерімізді сыйлайық деген ұсыныстар айтып отырды.Жұмыстарын қорғатып, екі жұлдыз бір тілек арқылы бір-бірінің жұмыстарын бақылатып отырдым.АКТ қолданып екі сәби арасындағы диалогті көрсеттім. Келесі тапсырма «Жаңа жыл кешінде» тақырыбына диалог жазуларын сұрадым. Мерсердің үш әңгімелер түрінің бірі орын алар ма екен? деген сұрағыма жауап іздедім. Мұғалімдерді бақылау барысында екі топта да әңгіменің кумулятивтік түрін ғана байқадым. Келесі тапсырмада диалог дегенде нені түсінетіндерін постер арқылы жеткізулерін сұрадым. Екінші топта орыс тілі маманы отырғанына қарамай ол топта өзгерісті байқамадым. Бірінші топтағы Км мұғалімінің сыни ойланып, диалог дегенде тек қана жай әңгімелесу емес қой, диалог барысында тартысу, дәлелдеу деген әңгімелер де болады ғой деп өз пікірін айтып жатқанын байқадым.Жұмыстар арасында кішкене көңіл күйлерін көтеру мақсатында сергіту сәтін өткіздім.


Келесі тапсырманы бастамас бұрын Мерсердің әңгімелер түрлерімен таныстырып әр әңгіменің түріне сипаттама беріп шықтым. Стикер қағаздары арқылы әңгіменің түрлерімен тақырыптарды таңдап диалог түзіп, ролдерге орындап шығуларын сұрадым. Екінші топ мұғалімдердің барлығында да актерлік қабілеті бар екенін байқадым. Екі топ бір-бірінің жұмысымен танысып, бір бірінің жұмыстарын бағалады. Сабақтың қорытынды бөлімінде бір сүрет бес сөз арқылы өз идеяларын жазып берулерін сұрадым. Әр бір жұмыстарының соңында фармативті бағалап отырдым(қол шапалақтау, не деген керемет сөздер, біздің мұғалімдер не деген ақылды, қандай шаққандық, т.б.)АКТ көмегінде диалогтік оқыту туралы толық мәліметтерді ұсындым. Сабақтың соңында бүгінгі коучинг сабағы туралы алған әсерлері туралы рефлексия жасауға 3минут уақыт бердім. Бұл коучинг сабағы барлығына ұнағанын білдім. Өте қызықты, тамаша, тиімді әдіс т.б. сөздер айтылды. Соның ішінде орыс тілі мұғалімі оқушылардың өз ойларын ашық айта алуына тиімді әдістер екенін айтып өтті. Гн бастауыш сыныптарда қолданатынын айтты. Себебі,оқушыларды жас кезінен еркін сөйлеуге, өз идеясын ашық айтуға үйрету керек, сонда ғана келешекте біз бүгінгі алған білімін ертеңгі күнде өмірде қолдана алатын құзіретті тұлға ретінде тәрбиелей аламыз деді. Мұғалімдердің сабақ жайлы айтылған пікірлерінен кейін, өз бақылауларымның нәтижесінде сабағымның сәтті өткендігіне көзім жетті. Сабақ барысында мұғалімдер белсенді қатысты. Алдағы оқыту мен оқу процестерінде мұғалімдер үшін диалогтік оқытудың әдіс тәсілдерін қолдануда көмегім тигеніне қуандым. Дегенмен сәтсіз өткен жері де болды. Мерсердің әңгімелер түрі бойынша ролдік ойын барысында бірінші топ тапсырманың шартын дұрыс тусінбегендіктен тапсырмадағы әңгіменің түрлеріне емес тақырыпқа сүйене жұмыс істеген. Бұл менің тапсырма барысындағы қателігім. Соны есепке ала тұрып, диалогтік оқыту туралы мәлімет бергенде тереңірек түсіндіруге тырыстым.

Коучинг сабақты қалай меңгергенін білу және қалай қолданатынын көру мақсатында 3 сынып орыс тілі сабағына қатыстым. Мұғалім сабақты сыныпта психологиялық ахуал орнатудан бастады. Жаңа әдістің бір елементін көргенде өтілген сабағым мұғалімнің қажеттілігін қанағаттандырғанын байқадым. Соңынан түрлі стикерлер көмегінде топтарға бөліп отырғызды. Топтық жұмыста кластер және постер жасатты. Жасаған жұмыстарын қорғатып, екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалатты.



Бұл үдерісті көріп қатты қуандым Себебі бұл менің коуч ретіндегі бірінші жетістігім. Алдағы уақытта алған білімді мектебіміз мұғалімдерінің кәсіби дамуы жолында қолданамын. Екінші деңгей бағдарламасын насихаттау мақсатында семинарлар ұйымдастырамын. Болашақта мұғалімдердің сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізе алулары үшін бар ынтамды саламын.
























Тулебаева Гүлжанат Рақымқызының «Сын тұрғысынан ойлауды үйрету» тақырыбындағы №2 коучинг сабағының рефлексивтік есебі

Коуч жазбалары

Тренер жазбалары

Коучинг тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Жоспар бойынша екінші коучинг сабағымды өткіздім. Сабаққа тоғыз мұғалім қатысты. Орыс тілі пәні, математмка пәні, ағылшын пәні, география пәні, шағын орталық тәрбиешісі және семинарға да бірінші коучингке де қатыспаған химия пәнінің мұғалімі О қызығушылық танытып, коучинг сабаққа қатысқысы келетінін айтып ұсыныс білдірді.Менің бойымда өзіме деген сенімділік артып, өзімді көшбасшы болуға лайықты екенімді байқадым. Бірінші коучинг сабағымнан мұғалімдер жақсы әсер алғандығына көзім жетті. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ете алғанымды байқадым.

Коучинг мақсаты:

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы ой толғауға, болжауға шешім қабылдауға бағыттау. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.

Сабақты мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Онда шеңбер жасап тұрып бір қолдарының бас бармағын жоғары қарата ұстап тұрып, ал екінші қолдарының алақанын ашып төмен қарата серігінің бас бармағының үстіне қолшатыр сияқты тұту, «үш» дегенде серігінің бас бамағын ұстап, өзінің бас бармағын ұстатпауға әрекет етү керек.

Әрі қарай түрлі- түсті стикерлер таңдап, ол түсті не үшін таңдағанын сипаттау және сол стикер қағазын жақсы тілектер айтып әріптестерге ұсыну болды. Бұл әрекетімде, сын тұрғысынан ойлауға бағыт бергенімді мұғалімдердің түсінгендерін көргім келді.Бұл жолы топқа бөлуде стикерлерді пайдаландым. «Әдемілер тобы», «Аақылдылар тобы» деген сөздермен екі топқа бөлдім.

Л мұғалім: Осылай әр бір іс- әрекетімізде оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын болсақ, оқушылар белсенді жұмыс істейтініне сенімдімін дегенді айтты. АКТ көмегінде әңгіменің бір бөлігін тыңдаттым. Енді сол әңгімені топпен ойланып жалғастыруларын сұрағанымда, И және Ю мұғалімдердің шығармашылық қабілетінің жоғары екенін байқадым. Бұл тапсырма барысында И және Ю мұғалімдер көшбасшы рөлін атқарды. Ю мұғалім басқарған топтың жұмысы берілген әңгіменің мазмұнымен сәйкес келді. Келесі тапсырма күрделілеу болып, онда түрлі көліктерді кезеңдерге, көлік түрлеріне және жек меншік көлік, қоғамдық көліктер деп бірнеше түрлерге бөліп орындап, келесі топқа таныстырып, түсіндіріп, қорғау ұсынылды.

Мені мазалаған, топпен бұл жағдайдан қалай шығар екен? Қай мұғалімде сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын байқайды екенмін? деген сұрақтарыма жауап іздеп екі топ мүшелері, әріптестерімнің топтарына кезекпе-кезек барып бақылау жүргізіп отырдым. Бақылауларымның нәтижесінде И мұғалім мен Ю мұғалім бұл жолы да алдыңғы қатарлы мұғалімдердің қатарынан табылды. Сонымен қатар шағын орталық тәрбиешісінің және Н мұғалімнің жүйелі, сыни ойлау дағдыларын байқадым. Әріптестер бірлесе отырып ынтымақтастықта жұмыс істеп, жұмыстарын қорғады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап отырды. Ересек адамдармен жұмыс істеудің қызықты тұстары көп болады екен. Әр бір жұмыстарын қорғаған кезде қойылған сұрақтарға жай ғана жауап айтып қана қоймай әр бір сөзін, әр бір идеясын дәлелдеп Мерсер әңгімелерінің үш түрі де орын алады екен. Мұғалімдерді кішкене сергітіп алу мақсатында АКТ көмегінде «Қаңқа биін» биледік.

Келесі тапсырмада әр бір топқа бір-бірден алма және түтікше беріп, алдарындағы екі заттың бір-біріне қандай байланысы бар екенін анықтап, постер арқылы бейнелеп, ол жұмыстарын қоғау керек екендігін түсіндірдім. Бұл жолы екі топ та бірден жұмысқа кірісіп кетті. Бір бірімен пікір алмасып, ынтымақтаса, бірлесе, әр кім өз идеяларын ортаға тастап, ой бөлісіп жұмыс істеді. Өз жұмыстарын қорғады, бір бірінің жұмыстарын бағалады.


Рөлдік ойындар бойынша келесі тапсырмада жағылған шыраққа қарап отырып адамға қандай ойлар келетіні туралы сценарий түзіп, рөлдерге бөліп ойнап шығу.


Мұғалімдеріміздің барлығында актерлік қабілеттері жоғары деңгейлі дәрежеде екенін тағы бір рет көрдім. Коучинг сабақтың қорытындылау бөлімінде Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы»н пайдалана отырып әр қалпақтың өз қызметтері бойынша өз сөздерімен бүгінгі коучингтен алған әсері, үйренген тиімді әдістер туралы айтып, қорытып шықты. АКТ пайдаланып сын тұрғысынан ойлаудың жолдары туралы мәлімет бердім. Сабақ соңында стикер қағаздарына алған әсері мен ұсыныстарын жазып берулерін сұрадым.


Коучинг сабақ сәтті өтті деп айта аламын. Мұғалімдердің барлығы да топ болып бірлесе,ынтымақтаса қиыншылықтарды жеңіп, белсенділік танытты. Ой толғап, нақтылықты, анық дәлелдер келтіріп жұмыс жасады.

Енді осы білгендерін сабақ үдерісінде қолдану аясын бақылау мақсатында 6 сыныптың орыс әдебиеті сабағына кірдім. Сабақты жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастады.

Оқушылар бұл үдерісті жақсы көңіл-күймен қабылдады. Топқа түрлі стикерлер арқылы бөлді. Топпен бірге топтық жұмыстарды жақсы ұйымдастыра алды

Менің коучинг сабағымның нәтижесінің дәлелдемесі ретінде сыни тұрғыдан ойлау жолдарын тиімді қодана алғанын көрдім. Әрине бұл менің коуч ретіндегі жетістігім. Келесі сабақтарда оқушылардың өзін өзі реттеуі жолында, сын тұрғысынан ойланып интерпретация жүргізе алатын, пайымдап нақтылап шешім қабылдайтын, кез келген ситуациядан шыға алатындай ойлау дағдылары жақсы қалыптасқан құзіретті тұлға тәрбиелей алатын кәсіби дамыған мұғалімдер санын көбейтуге ат салысамын. Бұл үшін үнемі өз біліктілігімді асырып ізденуде боламын. Мұғалімдерге ұжымында жиі семинарлар ұйымдастырамын.





















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп

Автор: Тулебаева Гульжанат Рахимовна

Дата: 11.01.2015

Номер свидетельства: 153024


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства