kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг тақырыбы:Блум таксономиясының алты қадамын сабақта ұтымды қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коучинг тақырыбы: « Блум таксономиясының алты қадамын сабақта  ұтымды қолдану»

Маханбетова Баянсулу Канаевна

Тақырыбы:

Блум таксономиясының алты қадамын сабақта  ұтымды қолдану

Мақсаты:

Мұғалімдерге Блум таксономиясының білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екенін түсіндіру. Блум таксономиясының алты қадамын тәжірибеде ұтымды қолданудың әдісін үйретіп, мұғалімдерге бағыт беру.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер Блум таксономиясының критерийлерін сабақта ұтымды қолдана білуді үйренеді. Блумның толық меңгеру теориясы бойынша оқушылардың білім деңгейін қалай қадағалап, жоғарылатып отыру керектігін түсінеді.

Түйінді идеялар:

Блум таксономиясының критерийлері – оқушылардың өз білім деңгейін қадағалап, өздерін өздері биік сатыларға шығару үшін ынталандырып отыратын тиімді тәсіл. Мұғалімдер тәжірибеге таксономияның критерийлерін енгізу арқылы білім сапасының жоғарылауына ықпал ете алады.

«Пойыз» әдісі бойынша 2 топқа бөлемін.

     Шеңбер бойында жүргізіледі. Алдымен 1-ші, 2-ші болып бөлініңіздер. 1-ші нөмірлер алақан соғып, 1 рет аяқпен 2 рет, ал 2-шілер – 2 рет алақан соғып, 1 рет аяқпен топылдайсыздар. қозғалыс кезекпен 1-ші – 2-ші – 1-ші – 2-ші т.с. шеңбер бойынша поездің даусын келтіреміз, бастадық қарқынды үдетіміз. Тағы қатты. Пойыз 2-3 рет айналған соң осы рет арқылы екі топқа бөлінеміз.

  «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" дегендей мұғалімнің ізденісі  оның  жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады.  Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталады. 
   Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылатыны белгілі. Ендеше, мұғалімінің сабақта өз тәжірибелерін жетілдіруге арналған жұмыстары оқушының мақсат, мүдделерін айқындайды.

Қандай жұмыс болсын жоспарлауды қажет етеді. Ал білім берудегі жоспарлау мұғалім үшін маңызды. Жұмысты жоспарлауды алдымен оқытудың негізгі мақсатын анықтап алудан бастаймыз.Оқу мақсаты нақты, айқын түрде келтірілген оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Оқыту нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастырылады.

    Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылатыны белгілі. Ендеше, мұғалімінің сабақта  оқушының мақсат, мүдделерін айқындайтын өз тәжірибелерін жетілдіру  үшін жүргізген  жұмыстарының нәтижесін білу мақсатында постер қорғауға тапсырма беріледі.

  1-топ.  

1.Оқыту үшін қандай  іс -әрекеттер реті қажет және оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін оны қалай ұйымдастырдыңыз?

  2.Мұғалім қолданатын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері
  (Әр сабағыңыз үшін белсенді  оқуды  ынталандыратын  қандай оқыту

әдістерін дайындайсыз?
3. Тақырыпты үйренудегі кедергілерді жеңу
(Өзіңіздің  сабағыңызда  оқушылардың тақырыпты оқып-үйренуі  үшін қандай қолдау жұмыстарын жоспарладыңыз?)

   2-топ
1.Оқу нәтижесі
(Оқушылардың (кейбіреуі немесе барлығы) сабақтар соңында нені біліп шығады, ұғынады немесе істей біледі деп үміттенесіз? Сіздің оқудан күтетін нәтижелеріңіз сыныптағы оқушылардың жасы мен деңгейіне сәйкес келе ме?)
2. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
(Оқушылар тақырып бойынша не біледі? Оқушы қазіргі кезде оқып жатқан тақырыпты одан әрі қалай оқытуды жоспарлап отырсыз? Сабақ соңында Сіз жоспарлағанды оқушы қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз? Оқушыларға қалай оқып-үйренуді білу үшін қандай бағалау тәсілін қолданасыз? )
3. Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту
(Барлық оқушылардың сабаққа қатысқанын қалай білесіз ?)

  «Галереяны шарлау» әдісі бойынша  екі топ бір-біріне бір ұсыныс, бір тілек айту арқылы талқылайды.

   Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделілігі біртіндеп өтеді деп саналады. Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.

 Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.             

  1. «Блум таксономиясы» деген теорияны құрушы автордың (америкалық психолог Бенджамин Блум, 1913 – 1999 жылдар) өмірбаянынан қысқаша мәлімет беру.
  2. Блум таксономиясының білімді игеруге арналған алты қадамы туралы түсінік беру.
  1. «Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау» деген оқушының білім алудағы әрекетіне қойылатын критерийлердің әрқайсысына тоқталып, осындай алты нәтижеге төменнен бастап кезек-кезек жеткен оқушы ғана тақырыпты толық түсініп, алған білімін тәжірибеде қолдана алатындығын түсіндіру.
  2. Осы қадамдардың әрқайсысында оқушы қандай әрекет жасауы керек? (слайдтағы таблица бойынша түсіндіру)
  3. Қазақ тілінің «Сын есім» тақырыбына оқушыларға арнап Блум таксономиясы бойынша құрастырылған тапсырмалар үлгісін әріптестеріме ұсынып екі топқа осы үлгі бойынша тапсырма орындауға беріледі.

Білу: Сын есімнің анықтамасын береді. Қандай сұрақтарға жауап беретінін айтады. Сын есімнің түрлерін ажыратады.

Түсіну: Берілген сөйлемдерден сын есімдерді тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін айтады, түрін ажыратады.

Қолдану: Мәтіннен сын есімдерді табады. Берілген сын есімдерді пайдаланып сөйлемдер құрастырады.

Талдау: Сын есімді зат есіммен салыстырып, айырмашылықтарын анықтайды. Біздің тілімізде сын есімнің алатын орнын, оны не үшін пайдаланатынымыз жайлы өз ойын айтады.

Жинақтау: «Көгілдір көктем келді» тақырыбына эссе жазады. Эсседе сын есімдерді пайдаланады.

Бағалау: Ұлы Абайдың «Күз», «Жаз», «Қыс» өлеңдерінен сын есімдерді тауып, олардың ақын поэтикасындағы алатын орнын дәлелдейді.

  1. Берілген үлгіні негіз ете отырып, әріптестер топтарға бөлініп, менің көмегімсіз өздері пәнді және тақырыпты таңдап, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрастырады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалап, талдайды, қорытынды шығарады.

Өзге топ кері байланыс жасайды.

Қорытынды:

  • Кері байланыс. Өтілген сабақтан алған әсерлерін, не үренгендерін білу үшін мұғалімдерге «Таңдау» әдісі  парақтарын ұсынып, ой-пікірлерін, ұсыныстарын жазуды өтіну

         Коучинг аяқталды. Барлығыңызға көп-көп рахмет айтамын. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақты алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг тақырыбы:Блум таксономиясының алты қадамын сабақта ұтымды қолдану»

Коучинг тақырыбы: « Блум таксономиясының алты қадамын сабақта ұтымды қолдану »

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Коучинг тақырыбы:Блум таксономиясының алты қадамын сабақта ұтымды қолдану

Автор: Маханбетова Баянсулу Канаевна

Дата: 05.12.2016

Номер свидетельства: 365895

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства