Просмотр содержимого документа
«"Абайды оқы,таңырқа!"»
Тақырыбы:Абайды оқы, таңырқа !
( интеллектуалды ойын )
Мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. -Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. -Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Түрі: сайыс сабақ
Жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен, менікінің айырылғанын, “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлының 175жылдығына арналған шарамызға қош келдіңіздер !
Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау,жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.
Ойын шарты:
Ойынға 5 оқушыдан қатысады.
Ойын төмендегі бөлімдер бойынша жүргізіледі.
І «Білімді мыңды жығар» ( сұрақ - жауап)
ІІ "Өлең сөздің патшасы" (Ұлы ақынның 1 өлеңін жатқа айту)
ІІІ. «Ойлан,тап! » (Абайдың шығармаларын аудару)
ІҮ. «Әуенді тап!» бөлімі
Ү. «Абайдың қарасөздерінің сыры»
ҮІ. Асыл сөздердің жалғасын тап. (Көрермендер сайысы)
Әділ қазылар алқасын сайлау:
IІ. Ой шақыру : (әр топ өздері таңдаған сурет тақырыбына қатысты 4 жол тақпақ айтады) Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін Қыс- 1-топ Күз-2-топ Жазғытұры-3-топ
Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық.
Бейне ролик
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» ( сұрақ - жауап)
І тобына
1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
ІІ тобына.
Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)
Абайдың руы. (Тобықты)
Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
«Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
ІІІ. тобына
1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)
3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)
5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
ІҮ "Өлең сөздің патшасы" (Ұлы ақынның 1 өлеңін жатқа айту)
1-жүргізуші:- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
Ү «Ойлан,тап! » (Абайдың шығармаларын аудару)
Абай кімдердің шығармаларын аударды?
І топ тапсырмасы: Абай кімдердің шығармаларын аударды?
ІІ топ тапсырмасы: Абай кімдердің шығармаларын аударды?
ІІІ топ тапсырмасы: Абай өлеңдерін латын әліпбиімен аударып жазу.
Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. «Халықтар достығы» деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің «горные вершины» өлеңі және қазақ тіліне Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалқып» өлеңі жазылған
Енді осы өлеңді қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілінде тыңдайық - Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Қарға мен түлкі » , «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
ІҮ. «Әуенді тап!» бөлімі .
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)
Досы жоқпен сырлас
-------------------------- (Досы көппен сыйлас)
Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,
--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)
Қорытынды:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады. Оқысаң, ашылады ой тұманы. Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы, Абай сөзі – қазақтың бойтұмары Қазақтың асқан кемелі Жұрттың қамын жеп еді, Ақынның рухы өлмейді, Абай – ұлы себебі! - Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
«№49 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Абайды оқы,таңырқа!»
(Сынып сағаты)
5-6 сынып
2019-2020 оқу жылы
Ойын шарты:
Ойынға 5 оқушыдан қатысады. (Өзім таңдап аламын)
Ойын төмендегі бөлімдер бойынша жүргізіледі.
І «Білімді мыңды жығар» ( сұрақ - жауап)
ІІ "Өлең сөздің патшасы" (Ұлы ақынның 1 өлеңін жатқа айту)
ІІІ. «Ойлан,тап! » (Абайдың шығармаларын аударған адамдар туралы не білесің? Абай кімнің шығармаларын аударған?)
ІҮ. «Әуенді тап!» бөлімі
Ү. Асыл сөздердің жалғасын тап.
ҮІ. «Абайдың қарасөздерінің сыры »
Абайдың мұражайы қай жерде?
Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты?
Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы.
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.
Абайдың жеті атасын атаңыз.
Абайдың үш поэмасы.
Абайдың атақты ертекшісі.
Абайдың ең момын,жуас атасы
Абайдың руы.
Абайдың неше күйі бар?
Абайдың атақты әншісі.
«Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған?
Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.
Құнанбай қайда мешіт салдырды?
Абайдың талантты скрипкашысы кім болған?
Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған?
Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты?
Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған?