kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Казахский язык. Тема: антоним

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерін қалыптастыру

Білімділік -  антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыруКөрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.

І.Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/.  Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1. Лексика дегеніміз не?

2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.

3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.

ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

ІV.Жаңа сабақ.

Өзіндік ізденіс – білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер

Болымды, болымсыздық мағыналар

1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.  (Сәйф Сарайи).

Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті.

2.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)

3.Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)    

Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)    

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

1 тапсырмасы:

Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.

Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б.

2 тапсырмасы:

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына,  жасалу жолына назар аударыңдар.

Мақалдар.

  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
  • Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаңылтпаштар.

  • Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

  • Күн бе, түн бе,

Пілге мінбе.

  • Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы – қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.

  • Түнде бармын,

Күндіз жоқпын.  /жұлдыз/

3- топ тапсырмасы:

АНТОНИМ

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма.  (жеке жұмыс)

Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).

Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.

V.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.

Ашу.... (дұшпан)                                           Ақылдан жақын... (дос) жоқ,

Ақыл... (дос).                                                 Ашудан жаман ...  (қас) жоқ.

VІ.Бекіту кезеңі:

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

Антонимдер

ойды бейнелі түрде жеткізеді

болымды- болымсыздық мағыналары бар

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер

мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.

әр сөз табынан болады

VІІ.Үйге тапсырма беру: 100- жаттығу. 5 жолды өлең құрастыру.

VІІІ.Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Миға шабуыл»

Жаттығу жұмысы

Ой толғаныс

Ой қорыту

Қорытынды баға

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік журналдары

2.5 – сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. «Атамұра», 2010

3. ustaz.kz сайты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Казахский язык. Тема: антоним»

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерін қалыптастыру

Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыруКөрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.

І.Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1. Лексика дегеніміз не?

2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.

3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.

ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

ІV.Жаңа сабақ.

Өзіндік ізденіс – білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер

Болымды, болымсыздық мағыналар

1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи).

Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті.

2.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)

3.Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)

Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)


Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

1 тапсырмасы:

Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.

Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б.

2 тапсырмасы:

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.

Мақалдар.

  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

  • Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаңылтпаштар.

  • Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

  • Күн бе, түн бе,

Пілге мінбе.

  • Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы – қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.

  • Түнде бармын,

Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

3- топ тапсырмасы:

АНТОНИМ




Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын



озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері


Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)

Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).

Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.

V.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.

Ашу ................. (дұшпан) Ақылдан жақын ............... (дос) жоқ,

Ақыл ................ (дос). Ашудан жаман ................ (қас) жоқ.

VІ.Бекіту кезеңі:

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер


ойды бейнелі түрде жеткізеді




Антонимдер



мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.


болымды- болымсыздық мағыналары бар



әр сөз табынан болады





VІІ.Үйге тапсырма беру: 100- жаттығу. 5 жолды өлең құрастыру.

VІІІ.Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Миға шабуыл»

Жаттығу жұмысы

Ой толғаныс

Ой қорыту


Қорытынды баға























Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік журналдары

2.5 – сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. «Атамұра», 2010

3. ustaz.kz сайты



















































Пәні: әдебиет Класс:11

Сабақ тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі.

Сабақ мақсаты:Тақырып бойынша білім қалыптастыру

1. Білімділік: Ақын өмірінің шынайы келбетін көрсететін «Құлагер» поэмасын талдай отырып, қаламгердің асқан дарын, ерен жүйрік  талант екенін шәкірттерге таныту. Ақан бейнесін айқын ашу.

2. Дамытушылық: Құлагер оқиғасы үстінде ақын трагедиясын көрсету, өзіндік тұжырым, пікір жасау дағдыларына үйрену. Эстетикалық- философиялық ой дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ақын өмір мен өнерін бағалап, үлгі- өнеге алуға, жақсы мен жаманды айыра білуге және тарих құндылықтарын жоғалтпауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: тест, Венн диаграммасы, сұрақ- жауап әдісі, талдау, жоспар құру, мәнерлеп оқу, проблемалық сұрақ.

Сабақтың көрнекілігі:тест сұрақтары,слайд,аттың суреттері,шығармашылығы бойынша кестелер,қанатты сөздер

Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, музыка.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аударту. Бүгінгі өтілетін тақырыппен және  материалдар жайлы таныстыру.Сыныпты 3 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырып  І. Жансүгіровтің өмір жолы туралы еске түсіру. Жансүгіровтың өмірі мен шығармаларына құрылған тест сұрақтарын үлестіру. Дұрыс жауабын тақтаға іліп, өз- өздерін тексерту. Топ басшысына қарату. ҰБТ-ге байланысты айту.

Біз өзімізді- өзіміз тексеріп, білім нәтижемізді көрдік.

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың кіріспесі ретінде тұлпарлар туралы қысқаша айту.

Қазақ жеріне небір тұлпарлардың, небір дүлдүлдердің тұяғы тиген ғой. Батыр жырларындағы Тайбурыл, Тарлан ат, тарихтан белгілі хас батырлардың аттары «Ақтабан»т.б. (оқушылар өздері айтады). Сендер білесіңдер Дүние жүзі бойынша чемпион атанған атақты ат бар еді ғой. Қалай аталады? (Абсент)

«Абсент» атына ескерткіш қойылған.(Осылай  тұлпар аттар туралы мағлұмат қалыптастыру).

І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқып, жоспар құрып, Ақан бейнесін ашуға дайындалып келуге іздену жұмыстарын бергенмін. Қазір сендер әр топ мына плакатқа өзара  топ мүшелерімен келісе отырып  жоспарларың бойынша сюжеттік  жоспар жазып шығыңдар. Оқушылардың жазған жоспарларын топ басшысына немесе топ басшысының шешімімен біреуіне оқытамын. Әр топ осылай оқып шығады.Оқушылардан қосымша поэманың  мазмұнын сұраймын. Өзім қысқаша поэманы толықтыра баяндап беремін.

Шығарманы толық түсініп оқып болсақ, Ақан бейнесі айқын бейнеленетін тараулар  бойынша  әр топ болып талдап, дәлелдеп айтып  шығыңдар. Оқушылар әр тарау сайын Ақан бейнесін ашқан шумақтарды келтіре отырып талдап, дәлелдеп шығады.

Мінеки,сері атанған Ақанның жан серігі Құлагер  осылай мерт болған.

«Құлагер» әнінің тыңдаттамын, әсерлерін сұраймын.

Аттың суреттерін көрсету.

Аттың  сынына  байланысты атақты  сыншылар   туралы тапқан сындарын   айтады.

І. Кей –Қауыстың үлгісі    ( ХІ ғ.)

ІІ. Күреңбай  сыншы  үлгісі   ( ХІХ .ғ)

ІІІ. Абайдың  үлгісі    (ХІХ ғ.)

ІV. Шоқай  Шөңкеевтің  үлгісі (ХІХ ғ.)

V. Киікбай  сыншысының    үлгісі  (ХІХ ғ.)

Абайдың  «Аттың  сыны» өлеңін мәнерлеп айтқызу.

Оқушылардың  көзқарастары бойынша жүйірік ат бейнесі дәптерлеріне жазады.

Күреңбай сыншы Абайдың   сынын  салыстыру.

Ұшқан  құстың  қанаты   талып,              Жүріске берік ,ұзақ сапарда иесін

жүгірген  аңның  тұяғы  күйетін,             жолда қалдырып кетпейтін ат

ұзақ   жерге   шабатын ,  жылқы              бейнесін жасаған.

малына  жеткізбейтін   өрен

жүйрікті  суреттейді.

Оқушы сыны:

Мысалы,  шашасына   шаң   жұқпаған,  сауырына  қамшы   салдырмайтын, аузымен   құс  тістеген,  желден  жүйрік  ,  дүлдүл  тұлпар  ат.

Балалар, бізде сын айта алады екенбіз.

І. Жансүгіровтің Ортақ сипаттарын                  Ақан серінің

Ақан серіден                         жазу                                       І. Жансүгіровтен

айырмашылығы айырмашылығын жазу

Сабақты   пысықтау:  Еркін  хат  жазу.

Сабақты  қорыту: Бүгінгі сабақтың  қандай   деңгейде  өткенін саралай, шолып шығу. Сабақты аяқтау кезінде  І.Жансүгіров   және  Ақан сері  Қарамсаұлы   туралы    айта отырып қорытынды  жасаймын.

Қазақ поэзиясының өрен жұйірігі,ақындықтың Құлагері аттанған – Ілияс Жансүгіров «Тұсында сері болсын, пері болсын,Ұнайды өмірімен Ақан маған»деген екен.

Үй  тапсырмасы:  «Құлагер» поэмасынан  үзінді   жаттау.


 

 










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Казахский язык. Тема: антоним

Автор: Әйтеке Қамажай Алтынбайқызы

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384882

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "ТЕМА :   Антонимы 5 класс с казахским языком обучения"
    ["seo_title"] => string(48) "tiemaantonimy5klassskazakhskimiazykomobuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "272382"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451972782"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Урок казахского языка "Антоним""
    ["seo_title"] => string(32) "urok_kazakhskogho_iazyka_antonim"
    ["file_id"] => string(6) "469992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526564494"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) ""Конспект урока по русскому языку в 5 классе: " Антонимы " "
    ["seo_title"] => string(55) "konspiekt-uroka-po-russkomu-iazyku-v-5-klassie-antonimy"
    ["file_id"] => string(6) "187806"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426585208"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "конспект внеклассного мероприятия "турнир знатоков русского языка " "
    ["seo_title"] => string(72) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-turnir-znatokov-russkogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "223172"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1437376680"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Конспект урока по теме:"Поэты и музыканты XX века о Великой Отечественной войне" "
    ["seo_title"] => string(88) "konspiekt-uroka-po-tiemie-poety-i-muzykanty-xx-vieka-o-vielikoi-otiechiestviennoi-voinie"
    ["file_id"] => string(6) "207856"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430665869"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства