kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы : "Қатынас" Оқу қызметі : "Тіл дамыту" Тақырыбы : "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Күзтуралы ұғымдарын кеңейтіп, күзгі табиғат ерекшеліктерімен  таныстыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту, білуге, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы : "Қатынас" Оқу қызметі : "Тіл дамыту" Тақырыбы : "Алтын күз"»





Алматы облысы , Балқаш ауданы, Ақдала ауылы

«Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі

Ахметбекова Бибзия Муслимбековна



Білім беру саласы : «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:

Білімділік: Күзтуралы ұғымдарын кеңейтіп, күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту, білуге, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелек.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру.

Көрнекілігі: Суреттер, күзгі көріністер суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу: Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, шаттық шеңберін құрып тұрады.

Балалар біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане, бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрып көрейікші. Қандай тамаша. Шеңбер күн сияқты жылы дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір – бірінің бет – жүзін, көзін, күлкісін көре алады. Ендеше балалар айналамызбен амандасып жіберейік.

Қуан! Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Тәрбиеші:

Балалар, мен жұмбақ – өлең оқимын, мұқият тыңдап, не туралы екенін айтып беріңдер.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

  • Қай мезгіл, кім айтады?

  • Күз

  • Дұрыс айтасыңдар, рахмет.

Тәрбиеші:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.

Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап – сары болып сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды. Көрнекілікпен жұмыс.

  1. Балалар мына суретке назар аударыңдаршы. Бұл суретте жылдың 4 мезгілі бейнеленген, 4 мезгілді білеміз ба? Атайық: жаз, күз, қыс, көктем. Қыс мезгілі өте суық мезгіл, айнала ақ қар. Одан кейін көктем. Көктем мезгілі жауын – шашынды, бірақ жылы болады. Көктемде қар еріп, бұлақтардан су ағып, көкшөп шығып, ағаштар бүршік жарады. Бір сөзбен айтқанда табиғат ұйқыдан оянады. Келесі бізде жаз. Жаз жайдары, күн ыстық, гүлдер гүлдеп, табиғатта тіршілік ететін жан – жануарлардың барлығының еңбектенетінуақыты. Енді күз келді. Күз айайында жаңбыр жиі жауады, ағаштардың жапырақтары сарғайып түсе бастайды, күзде астық жиналады. Құстар жылы жаққа қарай ұшады. Күз айлары : қыркүйек, қазан, қараша деп аталады.

  2. Балалар мына суретке қараңдаршы. Суреттегі оқиға қай жерде болып жатыр? Бақта. Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастырайықшы. Дастан ағаштың басына шығып, шелекке алма жинап жатыр. Айнұр шелектегі алманы жәшікке жинады. Сәкен алмұрттарды жинады.

  3. Балалар мына суретте бақшаны көріп тұрмыз. Күз мезгілі. Даланың бәрі сары түске боялған. Бақшадағы көкеністерді жинауға балалар келіпті. Олар бөлініп көкеністерді жинап жатыр. Азамат қолына қырыққабат ұстап келеді. Ол оны үлкен мөшекке салып жинады. Гүліп картоп жинап әкеліп жатыр. Балалар тағы қандай көкеністер өседі?


Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкене ағаштар

Үп – үлкен боп өседі

Ғажайып сәт. (Күз ханшайымын қарсы алу).

Тақпақ. Шуақ шашып, қоңыр салқын күз келді.

Байтақ далам қуанышқа бөленді.

Қарсы алайық Алтын күзді бәріміз

Күздің нағыз ғажайыбын көр енді.

Есік қағылды. Күз ханшайымы келді.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Сәлеметсіз бе Алтын күз!

Тәрбиеші: Балалар енді күз ханшайымына күз туралы тақпақтар, жұмбақтар айтып берейік.

Еңлік:

Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек – шелек балымыз

Ағыл – тегіл ағымыз

Ақерке:

Мейірлі күз мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Айбын:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз!

Сәбіздерміз жазықсыз.


Жанерке:

Жапырақтар ұшып жатыр

Түсіп жатыр жан – жаққа

Жапырақтың сарайғаны

Келген күздің сәніме?

Аяулым:

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Аяру:

Аспай піскен,

Қайнамай түскен? (алма)

Рамазан:

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан. (сәбіз)

Алинұр:

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)


Тәрбиеші: Балалар мен енді сендерге тапсырма бергім келіп тұр.

I – топ. Күннің шуағын жапырақпен желімдейміз.

II – топ. Бұлтты жүннен желімдеп жапсырамыз.

III – топ. Жаңбыр тамшыларын жапсырамыз.

Ойын: «Жасыл қияр»

Ойын шарты:

Балалар шеңбер бойымен айнала жүреді.

Ал шеңбердің ортасындағы тышқан ұйықтаған болып отырады.

Қияр, қияр, қиярлар,

Алысқа кетіп қалмаңдар

Ұйықтап жатыр дәу тышқан

Оятып қане алмаңдар

Қорытынды: Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты және оның әсемдігін.

Игереді: сұрақ – жауап арқылы түсініктері кеңейді.

Меңгереді: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім беру саласы : "Қатынас" Оқу қызметі : "Тіл дамыту" Тақырыбы : "Алтын күз"

Автор: Ахметбекова Бибзия Муслимбековна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434188

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Тілді? достары, ?йге ?айтуы"
    ["seo_title"] => string(29) "tildin-dostary-uighie-k-aituy"
    ["file_id"] => string(6) "316182"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460030676"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Маманды?тарды? б?рі жа?сы""
    ["seo_title"] => string(23) "mamandyktardynbrizhaksy"
    ["file_id"] => string(6) "327511"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463455075"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тіл дамыту.Семинар. "
    ["seo_title"] => string(19) "til-damytu-sieminar"
    ["file_id"] => string(6) "213316"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432033522"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!""
    ["seo_title"] => string(72) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_t_uielsizdik_tu_g_yry_biik_bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "436280"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509623113"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Саба? жоспары : Жеті ?азынаны? бірі "
    ["seo_title"] => string(37) "sabak-zhospary-zhieti-k-azynanyn-biri"
    ["file_id"] => string(6) "214597"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432375797"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства