№3 « Гүлдер» тобында ұйымдастырылған оқу қызмет технологиялық
Күні,ай,жылы: 12.12.2016.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! »
Мақсаты: Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізге осы тәуелсіздікке жету жолын да талай боздақтарымыздан айырылғанымызды, желтоқсан құрмандарына әрдайым құрмет көрсету, адамгершілікке ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Дамытушылық : Балалардың сөздік қорын молайту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, есте сақтау қабилетін дамыту, патриоттық сезімдерін ояту.
Сөздік жұмыс: Рәміз, Ту, Елтаңба,Әнұран,Елбасы, елорда,желтоқсан боздақтар.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, тақпақ, өлең,мадақтау, қортынды.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекетті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбер.
Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды даламыз!
Жайнай түсті қаламыз!
Қайырлы таң достарым!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар қонақтармен амандасып, қайырлы таң тілейді.
Ұйымдас-
тыраушылық-
ізденістік
Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болады.Оқу қызметіміз бастамас бұрын, оң қолымызды жүрек тұсына қойып әнұранымызды айтайық.
Әнұран.
Балалар,Қ. Р. Егеменді, тәуелсіз ел.
Әрбір жылдың 16 желтоқсан айында еліміздің тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз.
Бүгін оқу қызметіміз сол тәуелсіздікке арналады. Енді мен сендерге тәуелсіздік туралы түсінік беріп өтейін.
«Тәуелсіздік» - дегеніміз егеменді, ешкімге тәуелсіз емес деген ұғымды білдіреді.Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
Енді балалар экранға назар аударайық. Слайдпен көрсетіліп тұрады. Тәуелсіздік жолында бабаларымыз, батырларымыз, найзаның ұшымен, біліктің күшімен жерін қорғаған.
1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып, алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында
Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджанова, Ляззат Асанова,
Қайрат Рысқұлбеков бар енді.Өздерінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін ғұмырын сарп еткен, осы аға апаларымыздың арқасында тәуелсіз ел болдық. 1991 жылы толық тәуелсіздігін алды.1992 жылы 6- маусымда Республикамыздың астанасында өз жалауымыз желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны, пайда болды, тіліміз жаңғырды. Төл теңгесін шығарды.Ата заңын қабылдады. Мемлекенттік рәміздерін белгіледі. Алғашқы президентін сайланды. Міне, балалар біздің еліміз осылайша егемендікке қол жеткіздік. Содан бері әр жылдың 16 – желтоқсанында осы тәуелсіздік үшін өмірлерін қиған жастарымызды еске алып, келешек болашағымыз сендердің қолдарыңызда екенін айтып Отанды, өз елімізді тілімізді, дінімізді, қастерлеп жолатып алмау керекпіз.Тәуелсіздік қалай келгенін түсіндіңдер ме, енді рәміздеріміз туралы кім тақпақ айтады?
Сергіту сәтті:
Бір шаңырақ астында.
Тату тәтті тұрамыз,
Бірге ішеміз астыда.
Бірге сайран құрамыз,
Достық үлгі санаған.
Бір үйде тұрамыз,
Қалған ата – бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз.
1. Тәуелсіздік шаттық күн
25 - жылдағы елімнің
Ата - бабам аңсаған
Тұғырындай жерімнің.
2. Аймалаған күн нұры,
Лайланбасын тұнығы.
Берік болсын мәңгілік,
Тәуелсіздік тұғыры.
3. Елбасымыз ол біздің,
Нұрлы жолға бастаған.
Болашаққа жол ашып,
Бүлдіршінді қолдаған.
4. Жайқала бер Отаным,
Көтерген тудың Нұр аға.
Көбейткен досдық қатарын,
Нұр аға ұлы аға.
5. Нұр аға сенің өмірің,
Біз үшін сара жол.
Жас ұрпаққа қашанда,
Жүрген жолдың дара жол.
6 Отан!
Авторы Ермек Өтетілеу.
Отан деген атамекен
Отан деген тұған жер
Отан - Ана!
Отан – үлкен!
Қазақстан Тұған ел!
Біз Қазақстанда тұрамыз.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, сабаққа қызығушылықпен қатысады.Олар Қазақстан Республикасының байлықтарымен, рәміздерімен танысады.
Әнұранның салтанатты жиындарда айтылатынын түсінеді
Тудың түсі көк.
Тудың бетінде
Күн, қыран құс, ою бейнеленген.
Астана.
Ия, мен болдым
Ия бәйтерек көрдім.
Фатима.
Нұрсипат.
Саяжан.
Бекнұр.
Кәусар.
Сыйлаған.
Рефлексті коррекциялаушы
Балалар,біз қандай республикада тұрамыз?
Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?
Қазақсатан Астанасы қай қала?
Біздің ұлтымыз қандай?
Туымыздың түсі қандай ?
Өте жақсы балалар, бүгін барлығынызда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Біз әрқашан да, еліміздің әсем табығатын, байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап аялай білуміз керек.
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қазақстан Республикасының рәмміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран,
Астана.
Біздің ұлтымыз Қазақ.
Туымыздың түсі көк.
Тексерген:
Балабақша әдіскері:
Аймағанбетова С.К.
Күні айы жылы