Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Елімізде жылда «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша бір ақынның немесе жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында әр түрлі шаралар өткізіледі. Биыл «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларын, кітаптарын насихаттау мақсатында еліміздің түпкір түкпірінде әр түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Ақындықтың дара тұлғасы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Кешіміз 3 бөлімнен тұрады.
1 –бөлім. Ақын өмірбаянымен таныстыру
2-бөлім. «Шабытты шақ» шығармаларын таныстыру
3- бөлім. «Жыр жолдары» өлеңдерінен үзінді оқу.
Кітапханашы: Бірінші бөлім ақынның өмірбаянымен таныс болыңыздар. Сөз кезегі Сүлейменова Гүлжаханға беріледі.
Кітапханашы:Мінекей сіздер ақынның өмір жолы туралы біраз деректер білдіңіздер. дулат ақын хандық кезең бір жола жойылып,аға сұлтандар атқа мініп билікке келген дәуірдің ақыны. Өз шығармаларында қазақ өлеңінің көркемдік табиғатын арттыру жолында көп ізденіп, халық көкейінен шыққан сұлу да сырлы туындыларды өмірге әкелді.
2- бөлімде ақынның шығармаларымен сіздерді кітапханашы Тулеуова Ранайхан таныстырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ақындықтың дара тұлғасы»
Қауылжыр ауылдық кітапханасы
«Ақындықтың дара тұлғасы»
кештің сценариі
2016 жыл
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Елімізде жылда «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша бір ақынның немесе жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында әр түрлі шаралар өткізіледі. Биыл «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларын, кітаптарын насихаттау мақсатында еліміздің түпкір түкпірінде әр түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Ақындықтың дара тұлғасы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Кешіміз 3 бөлімнен тұрады.
1 –бөлім. Ақын өмірбаянымен таныстыру
2-бөлім. «Шабытты шақ» шығармаларын таныстыру
3- бөлім. «Жыр жолдары» өлеңдерінен үзінді оқу.
Кітапханашы: Бірінші бөлім ақынның өмірбаянымен таныс болыңыздар. Сөз кезегі Сүлейменова Гүлжаханға беріледі.
Кітапханашы:Мінекей сіздер ақынның өмір жолы туралы біраз деректер білдіңіздер. дулат ақын хандық кезең бір жола жойылып,аға сұлтандар атқа мініп билікке келген дәуірдің ақыны. Өз шығармаларында қазақ өлеңінің көркемдік табиғатын арттыру жолында көп ізденіп, халық көкейінен шыққан сұлу да сырлы туындыларды өмірге әкелді.
2- бөлімде ақынның шығармаларымен сіздерді кітапханашы Тулеуова Ранайхан таныстырады.
Кітапханашы: Дулат жырау өмір, тіршілік, тұрмыс қақында, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толқып тебіренеді.Кең ойлы тапқыр тілді ақын заман сияқты алып дененің болмысын тамыршыдай дөп басып, болашақты дәл болжап көріпкелдік танытады. Дулат өлеңдерін оқығанда оның әр шумағында қайталанбас сөз сиқыры бар екені аңғарылады.Келесі кезекте дулат ақынның өлеңдерін оқуға ортаға оқушыларды шақырайық.(Оқушылар ортаға шығады.)
Қорытынды:
Ғасырдан ғасыр оздырып тұтас бір ұлттың рухани болмыстың алтын арқауына айналған ақ алмастай талантымен жарқ еткен ақынның ардақты есімін құрметтеп, асыл мұрасын үкілеп сақтау, дарын даралығын өзіміз ғана танып қоймай, өзгеге таныту әрқайсымыздың перзенттік парызымыз. Дулат атамыздың жырлары елімізбен жасай берсін дей отырып кешімізді аяқтаймыз.
Өмірдерек
Қажым Жұмалиев былай дейді. Дулаттың өмірі жайлы мәлімет өте аз.Халық ақыны Шәкір Әбеновтың және өзіміздің ел аузынан жиыстырған мәліметтерге қарағанда, ол 1802 жылы Семей облысы Аягөз ауданында туған, руы найман оның ішінде Қаракерей. Дулат жасынан өнер қуған адам деседі. Шығармаларына қарағанда мұсылманша хат білген, түркі таныған, сол кездегі қазақ даласында тараған діни көзқарастың шеңберінде дін туралы да біршама түсінігі бары байқалады.Шығармаларының мазмұнына қарағанда қазақ даласында хандық жойылып, аға сұлтандық билеу тәртібі орнаған кезеңде өмір сүріп, сол жағдайлардағы қарым – қатынасты жыр етеді. Бұған оның өмір жолы да дәлел 1871 жылы қайтыс болды дейді, жас шамасы да осы кезге тура келеді. Зор заман поэзиясының көрнекті өкілінің шығармашылығын зерттеу ісі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары мықты қолға алынды. 1992 жылы желтоқсанда Аягөз қаласында Д Бабатайұлының туғанына 190 жыл толуына арнап алғаш рет республикалық ғылыми конференция өткізілді.Бұл үлкен ғылыми жиында белгілі академик Р Сыздықова, профессорлар Г Кәкіш, С.Негимов, Д. Ысқақов ақын туындыларын жан – жақты талдап, мағыналы баяндамалар жасады. 2002 жылы 20 шілдеде ақынның 200 жылдық мерей тойына республикалық ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден Дулат Бабатайұлына арнап кесене бой көтерді.
Қорытынды сөз: Кітапханашы кешті қортындылай келе ақынның ардақты есімін құрметтеп, асыл мұрасын үкілеп сақтауға, оқуға, білуге шақырды. Дулат атамыздың жырлары елімізбен жасай берсін деп кешімізді аяқтады.
Ақынның шығармашылығы
Жыршы өзі өмір сүрген заманның айнасы іспеттес, ол сол кездің ішкі – сыртқы жағдайын жан – жақты сипаттап, барынша терең ашып береді, ел жұрттың басына төнген отаршылдық саясаттың нәзік сырын, ел басқарып жүрген әділетсіз атқа мінерлердің жиіркенішті іс – қылығын қолмен қойғандай суреттейді. Ақынның туындылары көбінесе жеті – сегіз буынды жыр толдғаудан тұрады, қысқа терең ойға құралған өлеңдері де баршылық «О Барақ жас, Барақ жас», «Сүлейменге», «Кеңесбайға» атты туындылары сол кездегі ел басқарған ұлықтарға арналған.Дулат олардың мәртебесіне қарамай, елге қамқоршы болмадыңдар, қысылғанда демеп, қиналғанда сүйемедіңдер, халыққа қысым көрсеттіңдер деп ренішін өлеңі арқылы білдірді.
Мыс: О Барақ жас, Барақ жас
Жегенге тоқ ішкен мас
Жақсы болса ұлығы
Өз елін жаудай таламас.
Шәйірдің туындыларының ішіндегі ең көркемі бас аяғы бір тұтас сом алтындай ерекше туынды «Еспенбет» дастаны.Қалмақтар мен соғыста ерен ерлік көрсеткен жас жігіт Еспенбет ел үшін,ер жеңуге де әзір, өле өлгенше ел деп сол елдің бір кетігіне қалануды арман еткен батыр ұлдың бейнесі көзге елестейді. Еспенбет образын кейінгі ұрпаққа жырау осы жағынан үлгі етеді. Дулаттың өлеңдері 1880 жылы «Өсиетнама» деген атпен жарық көрді.Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер.Жаңаша мағына бергізген ақын ретінде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында елеулі із қалдырды. Дулат Бабатайұлының «Ата қоныс Арқадан», «Әуелгі қазақ деген жұрт» дастандары 40 жылдарда жазылған. «Ата қоныс Арқадан» дастаны қазақтың ақтабан шұбырындыға ұшырап, артынан Арқада қазақ халқының біраз уақыт бейбіт өмір сүргенін баяндайды.
Көрнекті филолог – ғалым Құлмат Өмірәлиев Дулат ақын мұрасын зерттеп, ақын шығармашылығы туралы 1983 жылы «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» атты монографиясы жарық көрді. 1991 жылы Дулат жинағы «Замана сазы» деген атпен жарық көрді. 2002 жылы дулаттанушы ғалым филология ғылымының кандидаты Қайрат Раевтың құрастыруымен ақын туындылары алғаш рет толық нұсқасында «Тұнық тума» деген атпен жарық көрді.
Дулат ақын туралы зерттеулер мен пікірлер жазған ұлы жазушылар М. Әуезов, Қ.Жұмалиев,М.Мырзаахметұлы, Р.Сыздықова, М.Мағауин,Т Шапай, Қ.Раев.