kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы».

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 «А» сыныбы.     ?дебиет.

Кіріктіру саба?ы  (тарих, ?аза? ?дебиеті)

Саба?ты? та?ырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы».

Ма?саты: а) білімділік: ?аза? хал?ыны? бай м?расы ауыз ?дебиетіні?

бір саласы – айтыс туралы т?сініктерін

молайта отырып, о?ушылар?а айтыскер а?ын

?з жерлесіміз Н. Байм?ратовты? ?мір

жолдары мен шы?армаларын таныстыру.

?) дамытушылы?: о?ушыларды? танымды? ?абілетін дамыту.

б) т?рбиелік: о?ушылар?а ата-бабамыздан бері келе

 жат?ан бай м?раларды ?астерлеуге, ?з жеріні?

белгілі адамдарыны? шы?армаларын, ?мір

тарихын, ?лке тарихын жете біуге т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекіліктері: «Айтыс» та?ырыбы бойынша «Біржан-Сара» айтысыны? жина?ы, «Айтыскер а?ындар» топтамасы, Н. Байм?ратов жайында м?ражай ??жаттары, Н. Байм?ратов портреті, хаттары, ?ле?дер жина?ы, архив ??жаттары, бейнетаспа, слайд, б?ктеме.

Саба?ты? т?рі: кіріктірілген саба? (?аза? ?дебиеті, тарих).

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. ?й тапсырмасына шолу.

М??алім с?зі: Балалар, біз ?ткен саба?тарда халы? ауыз ?дебиетіні? бір т?рі айтыс, «Біржан-Сара» айтысы туралы толы? о?ы?ан болатынбыз. ?азір ?ткен та?ырыптар?а байланысты мынадай сауалдар?а жауап беріп к?рейік.

С?ра?- жауап:

1. Ауыз ?дебиеті деген не?

2. Ауыз ?дебиетіні? ?андай т?рлерін білеміз?

3. Айтысты? ауыз ?дебиетіні? бас?а т?рлерінен ерекшелігі неде?

4. Біржан кім, Сара кім?

5. «Біржан – Сара» айтысында ?андай ?леуметтік м?селе к?терілген?

6. «Біржан – Сара» айтысы айтысты? ?ай т?ріне жатады?

М??алім с?зі: Балалар, міне, бізді? ?аза? хал?ыны? арасында Біржандай дарынды, сал, сері, Сарадай а?ын ару бол?аны тарихтан белгілі. Б?л екі са?ла? та ?ткен салт- д?ст?р т?сауынан аттай алмай, ескіден келе жат?ан ата- баба салтыны? ??рбаны болып кете бар?ан м??лы?тар екен. Осындай дара т?л?алар ?аза? хал?ыны? арасында ?те к?п бол?ан. Соларды? бірі – белгілі а?ын, ?зіміз туып - ?сен Бес?ара?ай топыра?ыны? тумасы, айтыскер  а?ын Н. Байм?ратов.

ІІІ. Жа?а та?ырып?а к?шу:

Б?гінгі саба?ты? та?ырыбы – ?зіні? ?ршіл мінезін, ?ткір ?ле?дерімен, хал?ына мол м?ра ?алдырып кеткен жерлес а?ынымыз туралы: «Н. Байм?ратов – айтыскер а?ын». (Д?птерлері?е б?гінгі к?н мен саба?ты? та?ырыбын жазып алы?дар).

Н. Байм?ратов тарихта ?з ізін ?алдыр?ан бегілі т?л?а бол?анды?тан б?гінгі  саба?ымызды біз тарих п?німен кіріктіре ж?ргізіп отырмыз. ?азір сендерге тарих п?ніні? м??алімі Молдабекова А. О. Н. Байм?ратов жайында ке?ірек ??гімелеп береді. (О?ушылар негізгелерін д?птерлеріне жазып отырады).

Тарих  п?ніні? м??алімі А. О. Молдабекова:

?р адамны? туып ?скен, ер жеткен, білім ал?ан жері бар. Ол – ту?ан жері,?скен  ?лкесі, кіші Отаны. 2008 жыл бізді? ту?ан ?лкеміз Бес?ара?ай ауданымыз ?зіні? 80- жылды?ымен ?оса ата?ты жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратовты? 120 жылды?  мерей тойын тойлады. ?р адам ?зіні? ту?ан ?лкесіні? тарихын білуі тиіс. Осы?ан орай б?гін сендерді ауданымызды? ірі тарихи т?л?асы, ата?ты жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратовты? ?мірімен таныстырма?шымыз.

А?ынды? – таби?ат ??былысы! А?ынны? ?зі ?лсе де, с?зі ?лмейді. Арамыздан к?п жыл б?рын кетіп ?алса да, Н?рлыбек атамызды? ?шпес м?расы ?аза? поэзиясыны? алтын шы?ы деп айтса? ?ателеспейміз. ?аза? еліне е?бегі сі?ген ?нер ?айраткері, КСРО жазушылар ода?ыны? м?шесі, аса дарынды жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратов 1887 жылы 6 желто?санда  Шы?ыс ?аза?стан облысында д?ниеге келген. ?кесі Байм?рат орыс байларына жалданып, малдарын ба??ан, егінін к?зеткен. Аса кедей адам бол?ан. А?ын ?зіні? кедейшілікте ?ткізген балалы? ша?ын ?зіні? ?ле?дерінде суреттеген. Н?рлыбекті? ?зі жырла?андай бойына а?ынды? ?нері 11-де дары?ан екен. Оны ал?аш?ы а?ынды??а т?рбиелеген ?стазы бес?ара?айлы? Ахметш?ріп Молдажанов деген адам бол?ан. 15 жасынан бастап ?аза?ты? дастандары мен жырларын жаттап, ел арасында таратады. С?йтіп, а?ынды? ата?ы жайылады. Жо?ары білімді Омбы ?аласынан алады. М?хтар ?уезовпен достасады. Н?рлыбек – айтыстар?а ?атыст?ан суырып салма а?ын. 1922 жылы ?аза?ты? аса ж?йрік, ата?ты а?ыны Иса Байза?овпен, 1939 жылы ?ызылордалы? а?ын Нартай Бекежановпен, 1945 жылы а?ын Т?леу К?бдіновпен айтыс?ан. С?здері аса м?нді, ?ткір. 1957 жылы а?ынны? ал?аш?ы кітабы басылып шы?ады, біра? б?гінгі к?нде ол кітабы са?талма?ан. Н. Байм?ратов ?лы Отан со?ысыны? батырлары Т. То?таров, Б. Момыш?лы, М. ?абдуллин, т.б. туралы, оларды? ?шпес ерліктерін ?з шы?армаларында жырла?ан. Артынан ?шпес із ?алдыр?ан ата?ты а?ын 1969 жылы 8 ?арашада ?зімізді? ауданымызды? Ново- Николаевка ауылында 82 жасында к?з ж?мды. Н. Байм?ратов ауданны? ?ана емес, елімізді? тарих сахнасында ?шпес із ?алдыр?ан тарихи т?л?а болып саналады.

IV. М??алімні? с?зі:

 Міне, балалар, жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратов туралы біраз ма?л?маттар алды?дар. Енді а?ынны? б?гінгі к?нде ?зіні? туып ?скен ауылы Ново- Николаевкада ашылып отыр?ан м?ражайынан ?келінген ??жаттармен таныс болайы?. (М?ражай слайды).

V. ?ткен саба?та Н. Байм?ратов жайлы деректер жина?тай отырып а?ын ?ле?дерін жаттап келуге тапсырма ал?ан болатынсыздар. ?азір а?ын ?ле?дерін ты?дап к?релік.

Назерке – «??лыныма»

Г?лн?р – «Т. К?бдіковпен айтысатын ?зінді»

Мерей – «Жамбыл?а»

VI. М??алімні? с?зі:

Балалар, а?ын Байм?ратовты? шы?армалары жайлы айтар болса?, Н?рлыбек – суырып салма а?ындарды? ішіндегі ерекше т?л?а, ол ?мір кезе?дерін ?арапайым с?здермен ?ле?детіп кестелеп о?ырман?а ой салады. ?лы Отан со?ысы жылдарында Н?рлыбек «Ер Т?леген» атты к?лемді поэма жазды. Ол ?аза?ша, орысша, 2 тілде бірдей басылды. А?ынны? с?з шебелігі айтыс ?нерінде ас?а?тай т?седі. О?ан д?лел -1943 жылы ?ара?андылы? Маясар Жа?ыповпен айтыс?ан кезіндегі с?з саба?тауы, оны? с?з ба?асын білетін адам екендігін д?лелдей т?седі. 1945 жыл наурыз айында Семей облысы халы? а?ындарыны? жиынында ш?бартаулы? Т?леу К?бдіковпен айтысады. А?ын 1950 жылы М?скеуде ?ткен ?аза? ?нері мен ?дебиетіні? онк?ндігіне ?атыс?ан. М?скеу ж?ртшылы?ына да ?з ?ле?дерімен, айтыскерлігімен ке?інен танылады. (Бейнетаспадан 1950 жылы М?скеуде ?ткен ?аза? ?нері мен ?дебиетіні? онк?ндігінен ?зінді к?рсетіледі).

VII.Енді балалар, ?азір сендер ?з жерлесіміз белгілі а?ын, Н?рлыбек  а?ынны? шы?армашылы? жолдарын тере? зерттеп ж?рген, а?ын ?мірінен к?п ма?л?маттар жина?та?ан, осы Н?рлыбек жайында деректі «?ла?ат» атты е?бегін жаз?ан, Беген ауылыны? т?р?ыны, ?стаз У?лихан Т?кісов а?алары?ны? ??гімесін ты?дайсы?дар. У?лихан а?а бізге Н?рлыбек а?ын жайында ке?ірек ??гімелеп беру ?шін арнайы ?она??а ша?ырылып отыр.  У?лихан а?а, с?з кезегі ?зі?ізде.

У. Т?кісовты? ??гімесі: Н?рлыбек  - Жамбыл баста?ан халы? а?ындарыны? ішіндегі ?зіндік орны суреттеу м?нері бар ірі т?л?а. ?аза? ССР-іне е?бегі сі?ген ?нер ?айраткері, КСРО жазушылар ода?ыны? м?шесі, аты б?кіл ?аза? еліне м?лім, аса дарынды а?ын. ?кесі Байм?рат аса кедей адам бол?ан. Сол кезгі орыс байларына жалшы боп, малын ба??ан, егінін к?зеткен. А?ын б?л кезе?ді ?з ?ле?інде былайша суреттеген:

Байм?рат ?кем аты, елім Найман,

Дауысым ай?айласам шы?ар ?айдан

Ішінде ?алы? Найман Кенжалысы.

Тара?ан біз бір ?рпа? Еділбайдан. дей келе

      .?атты ?йы?тап ?ал?ан екем шаршап ж?ргем

Т?с к?рдім та??а таяу уа?ыт екен.

Н?рлыбек, сен а?ынсы? ?ле? айт деп,

Т?р?ызып домбыраны ма?ан берген.

А? са?алды, а? ж?зді адам екен,

Дауысы шы?ар- шы?пас мен де келгем

Ала  сап домбыраны ?а?ып-?а?ып,

Т?рінде ?лгі атаны? ?ле?деткем..

А?ынны? ?зі айтып отыр?ан б?л дерегінен о?ан а?ынды? ?нер ?айыптан келіп, арнайы ?он?анын бай?аймыз.

1945 жыл?ы Т?леу К?бдіковпен айтысы са?тал?ан. Ал б?л кезе?нен б?рын?ы айтыстары жазылмай, айт?ан жерде ?алып отыр?анын бай?ады?. А?ынны? айтыстарыны? жазылмай, айт?ан жерде ?алып отыр?анын бай?ады?. А?ынны? айтыстарыны? м?нді де ?ткір екендігін, ты?даушыларын с?йсіндіріп, рахат?а б?леп отыратынын ?арт а?ын Шашубай ?ош?арбаевты? мына бір ?а?ысынан бай?ап ?алды?:

Ол:  Н?рлыбек, с?з с?йледі? аз ба, к?п пе,

Сыйындым бабам Шашар ?азыбекке.

Алды?а келген а?ын ша? келмейді

Келе ?ой, а?ын болса?, жекпе-жекке – деп айтыс?а ша?ырады.

Сонда жасы кіші Н?рлыбек ?зінен бір м?шел ?лкен Шашеке?ді сыйлап:

  • Жо?, Шашеке. Мен сізден же?ілдім,- деп екі ?олын бірдей к?теріп, сыйлы адам?а ?арсы келмей, біліктілігін танытты.

Біра? ?йгілі деп отыр?ан ірі а?ынымыз – Н. Байм?ратов та жазы?сыз ж?бірленіп, кін?сіз ?удалау к?рген са?ла?тарымызды? бірі. Оны? аты да, шы?армалары да мол таралыммен жария болмай к?птеген жылдар бойы насихатталмай жатып ?ал?ан. Е?бегі жанба?ан ?арт а?ын сонау ?иыр шы?ыста?ы ?олыма т?рмесінен еліне оралып, ту?ан хал?ына лайы?ты е?бек істей білгенімен, к?зі тірісінде ?з атына лайы?ты ?ошамет, еш бір жылы с?з естімей, ?зіні? ту?ан жері- Бес?ара?ай ауданыны? Ново-Николаевка ауылында 1969 жылы 8 ?арашада д?л 82 жасында д?ние салды. Міне, балалар, ?з жерлестері? Н?рлыбек аталары? жайында бірсыпыра ??гіме естіді?дер.  Енді б?л аталары?ны? ?мірі, е?бегі, шы?армаларын сендер де жа?сы білесі?дер. А?ын аталары?ды ??рметтеп, ?лгі т?ты?дар.

VI. М??алімні? с?зі:

Сонымен, балалар, біз б?гін жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратов туралы, оны? шы?армашылы?ы жайында бірталай ма?л?маттар алды?. Жасынан жетім ?алып, ?мірді? ?иын кезе?дерін, ащы- т?щысын басынан ?ткерген, жалшылы?пен есейген а?ын, ?нерімен елге таныл?ан. Н?реке? заманымызды? данышпаны Абайдан ж?не ?сет, ?ріп шы?армаларынан да бастау алып, ?йренген а?ын екен. Айтыскер а?ындарды? д?лд?лі Иса Байза?овпен, Нартаймен, Шашубаймен, Маясармен, Т?леу а?ындармен айтыс?а т?скен. Б?гінгі саба?та а?иы? а?ынымызж айында ал?ан білімімізді жина?тай келіп, 5 жолды? ?ле? шума?ымен  ая?тайы?.

1. Зат есім(1)

2. Сын есім (2)

3. Етістік (3)

4. 4 с?зден т?ратын ма?ыналы? с?йлем.

5. Синоним

VII. Саба?ты ?орытындылау:

Міне, балалар, жерлес а?ынымыз Н. Байм?ратов аталары?ны? ?мірі мен шы?армалары сендерге ?лгі болсын дей отырып, ?лі де Н?рлыбек атамызжайында болаша?та к?бірек біле т?суге ?мтыламыз. Биыл Н?рлыбек а?ынны? 120 жылды? мерейтойын аудан, ?ала берді облыс к?лемінде ?лкен дайынды?пен атап ?ттік. А?ынны? ?зі туып- ?скен Ново- Николаевка ауылында жас жеткіншек а?ындарды?, я?ни, атамызды? болаша? ізбасарлары айтысып, ?з ?нерлерін к?рсетсе, тамыз айында аудан орталы?ында б?гінде халы??а танымал бол?ан д?лд?л а?ындарды? аламан айтысы д?рілдеп ?ткен болатын. ?зіміз ?неріне тамсанып, с?йсініп ж?рген Ринат З., ?сем Ж., Н?ржан, ?арлы?аш, Фархат сия?ты а?ындарымыз айтысып, елді бір сілкінтіп кетті.

Сонымен, ?орыта айт?анда, Н?рлыбек атамызды? бір к?ндік емес, ?немі тере? о?ып, біле беруге насихаттайтын ?мірше? м?ра дер едім.

VIIІ. ?йге тапсырма: «А?иы? а?ыны еді Семейді?»- эссе жазып келу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы».»

9 «А» сыныбы. Әдебиет.

Кіріктіру сабағы (тарих, қазақ әдебиеті)

Сабақтың тақырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы».

Мақсаты: а) білімділік: қазақ халқының бай мұрасы ауыз әдебиетінің

бір саласы – айтыс туралы түсініктерін

молайта отырып, оқушыларға айтыскер ақын

өз жерлесіміз Н. Баймұратовтың өмір

жолдары мен шығармаларын таныстыру.

ә) дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларға ата-бабамыздан бері келе

жатқан бай мұраларды қастерлеуге, өз жерінің

белгілі адамдарының шығармаларын, өмір

тарихын, өлке тарихын жете біуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: «Айтыс» тақырыбы бойынша «Біржан-Сара» айтысының жинағы, «Айтыскер ақындар» топтамасы, Н. Баймұратов жайында мұражай құжаттары, Н. Баймұратов портреті, хаттары, өлеңдер жинағы, архив құжаттары, бейнетаспа, слайд, бүктеме.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (қазақ әдебиеті, тарих).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.

Мұғалім сөзі: Балалар, біз өткен сабақтарда халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс, «Біржан-Сара» айтысы туралы толық оқыған болатынбыз. Қазір өткен тақырыптарға байланысты мынадай сауалдарға жауап беріп көрейік.

Сұрақ- жауап:

1. Ауыз әдебиеті деген не?

2. Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білеміз?

3. Айтыстың ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен ерекшелігі неде?

4. Біржан кім, Сара кім?

5. «Біржан – Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

6. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?

Мұғалім сөзі: Балалар, міне, біздің қазақ халқының арасында Біржандай дарынды, сал, сері, Сарадай ақын ару болғаны тарихтан белгілі. Бұл екі саңлақ та өткен салт- дәстүр тұсауынан аттай алмай, ескіден келе жатқан ата- баба салтының құрбаны болып кете барған мұңлықтар екен. Осындай дара тұлғалар қазақ халқының арасында өте көп болған. Солардың бірі – белгілі ақын, өзіміз туып - өсен Бесқарағай топырағының тумасы, айтыскер ақын Н. Баймұратов.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа көшу:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы – өзінің өршіл мінезін, өткір өлеңдерімен, халқына мол мұра қалдырып кеткен жерлес ақынымыз туралы: «Н. Баймұратов – айтыскер ақын» . (Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып алыңдар).

Н. Баймұратов тарихта өз ізін қалдырған бегілі тұлға болғандықтан бүгінгі сабағымызды біз тарих пәнімен кіріктіре жүргізіп отырмыз. Қазір сендерге тарих пәнінің мұғалімі Молдабекова А. О. Н. Баймұратов жайында кеңірек әңгімелеп береді. (Оқушылар негізгелерін дәптерлеріне жазып отырады).

Тарих пәнінің мұғалімі А. О. Молдабекова:

Әр адамның туып өскен, ер жеткен, білім алған жері бар. Ол – туған жері,өскен өлкесі, кіші Отаны. 2008 жыл біздің туған өлкеміз Бесқарағай ауданымыз өзінің 80- жылдығымен қоса атақты жерлес ақынымыз Н. Баймұратовтың 120 жылдық мерей тойын тойлады. Әр адам өзінің туған өлкесінің тарихын білуі тиіс. Осыған орай бүгін сендерді ауданымыздың ірі тарихи тұлғасы, атақты жерлес ақынымыз Н. Баймұратовтың өмірімен таныстырмақшымыз.

Ақындық – табиғат құбылысы! Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Арамыздан көп жыл бұрын кетіп қалса да, Нұрлыбек атамыздың өшпес мұрасы қазақ поэзиясының алтын шыңы деп айтсақ қателеспейміз. Қазақ еліне еңбегі сіңген өнер қайраткері, КСРО жазушылар одағының мүшесі, аса дарынды жерлес ақынымыз Н. Баймұратов 1887 жылы 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі Баймұрат орыс байларына жалданып, малдарын баққан, егінін күзеткен. Аса кедей адам болған. Ақын өзінің кедейшілікте өткізген балалық шағын өзінің өлеңдерінде суреттеген. Нұрлыбектің өзі жырлағандай бойына ақындық өнері 11-де дарыған екен. Оны алғашқы ақындыққа тәрбиелеген ұстазы бесқарағайлық Ахметшәріп Молдажанов деген адам болған. 15 жасынан бастап қазақтың дастандары мен жырларын жаттап, ел арасында таратады. Сөйтіп, ақындық атағы жайылады. Жоғары білімді Омбы қаласынан алады. Мұхтар Әуезовпен достасады. Нұрлыбек – айтыстарға қатыстқан суырып салма ақын. 1922 жылы қазақтың аса жүйрік, атақты ақыны Иса Байзақовпен, 1939 жылы қызылордалық ақын Нартай Бекежановпен, 1945 жылы ақын Төлеу Көбдіновпен айтысқан. Сөздері аса мәнді, өткір. 1957 жылы ақынның алғашқы кітабы басылып шығады, бірақ бүгінгі күнде ол кітабы сақталмаған. Н. Баймұратов Ұлы Отан соғысының батырлары Т. Тоқтаров, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, т.б. туралы, олардың өшпес ерліктерін өз шығармаларында жырлаған. Артынан өшпес із қалдырған атақты ақын 1969 жылы 8 қарашада өзіміздің ауданымыздың Ново- Николаевка ауылында 82 жасында көз жұмды. Н. Баймұратов ауданның ғана емес, еліміздің тарих сахнасында өшпес із қалдырған тарихи тұлға болып саналады.

IV. Мұғалімнің сөзі:

Міне, балалар, жерлес ақынымыз Н. Баймұратов туралы біраз мағлұматтар алдыңдар. Енді ақынның бүгінгі күнде өзінің туып өскен ауылы Ново- Николаевкада ашылып отырған мұражайынан әкелінген құжаттармен таныс болайық. (Мұражай слайды).

V. Өткен сабақта Н. Баймұратов жайлы деректер жинақтай отырып ақын өлеңдерін жаттап келуге тапсырма алған болатынсыздар. Қазір ақын өлеңдерін тыңдап көрелік.

Назерке – «Құлыныма»

Гүлнұр – «Т. Көбдіковпен айтысатын үзінді»

Мерей – «Жамбылға»

VI. Мұғалімнің сөзі:

Балалар, ақын Баймұратовтың шығармалары жайлы айтар болсақ, Нұрлыбек – суырып салма ақындардың ішіндегі ерекше тұлға, ол өмір кезеңдерін қарапайым сөздермен өлеңдетіп кестелеп оқырманға ой салады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Нұрлыбек «Ер Төлеген» атты көлемді поэма жазды. Ол қазақша, орысша, 2 тілде бірдей басылды. Ақынның сөз шебелігі айтыс өнерінде асқақтай түседі. Оған дәлел -1943 жылы қарағандылық Маясар Жақыповпен айтысқан кезіндегі сөз сабақтауы, оның сөз бағасын білетін адам екендігін дәлелдей түседі. 1945 жыл наурыз айында Семей облысы халық ақындарының жиынында шұбартаулық Төлеу Көбдіковпен айтысады. Ақын 1950 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысқан. Мәскеу жұртшылығына да өз өлеңдерімен, айтыскерлігімен кеңінен танылады. (Бейнетаспадан 1950 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінен үзінді көрсетіледі).

VII.Енді балалар, қазір сендер өз жерлесіміз белгілі ақын, Нұрлыбек ақынның шығармашылық жолдарын терең зерттеп жүрген, ақын өмірінен көп мағлұматтар жинақтаған, осы Нұрлыбек жайында деректі «Ұлағат» атты еңбегін жазған, Беген ауылының тұрғыны, ұстаз Уәлихан Түкісов ағаларыңның әңгімесін тыңдайсыңдар. Уәлихан аға бізге Нұрлыбек ақын жайында кеңірек әңгімелеп беру үшін арнайы қонаққа шақырылып отыр. Уәлихан аға, сөз кезегі өзіңізде.

У. Түкісовтың әңгімесі: Нұрлыбек - Жамбыл бастаған халық ақындарының ішіндегі өзіндік орны суреттеу мәнері бар ірі тұлға. Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген өнер қайраткері, КСРО жазушылар одағының мүшесі, аты бүкіл қазақ еліне мәлім, аса дарынды ақын. Әкесі Баймұрат аса кедей адам болған. Сол кезгі орыс байларына жалшы боп, малын баққан, егінін күзеткен. Ақын бұл кезеңді өз өлеңінде былайша суреттеген:

Баймұрат әкем аты, елім Найман,

Дауысым айқайласам шығар қайдан

Ішінде қалың Найман Кенжалысы.

Тараған біз бір ұрпақ Еділбайдан... дей келе



...Қатты ұйықтап қалған екем шаршап жүргем

Түс көрдім таңға таяу уақыт екен.

Нұрлыбек, сен ақынсың өлең айт деп,

Тұрғызып домбыраны маған берген.

Ақ сақалды, ақ жүзді адам екен,

Дауысы шығар- шықпас мен де келгем

Ала сап домбыраны қағып-қағып,

Төрінде әлгі атаның өлеңдеткем.....

Ақынның өзі айтып отырған бұл дерегінен оған ақындық өнер ғайыптан келіп, арнайы қонғанын байқаймыз.

1945 жылғы Төлеу Көбдіковпен айтысы сақталған. Ал бұл кезеңнен бұрынғы айтыстары жазылмай, айтқан жерде қалып отырғанын байқадық. Ақынның айтыстарының жазылмай, айтқан жерде қалып отырғанын байқадық. Ақынның айтыстарының мәнді де өткір екендігін, тыңдаушыларын сүйсіндіріп, рахатқа бөлеп отыратынын қарт ақын Шашубай Қошқарбаевтың мына бір қағысынан байқап қалдық:

Ол: Нұрлыбек, сөз сөйледің аз ба, көп пе,

Сыйындым бабам Шашар Қазыбекке.

Алдыңа келген ақын шақ келмейді

Келе ғой, ақын болсаң, жекпе-жекке – деп айтысқа шақырады.

Сонда жасы кіші Нұрлыбек өзінен бір мүшел үлкен Шашекеңді сыйлап:

  • Жоқ, Шашеке. Мен сізден жеңілдім,- деп екі қолын бірдей көтеріп, сыйлы адамға қарсы келмей, біліктілігін танытты.

Бірақ әйгілі деп отырған ірі ақынымыз – Н. Баймұратов та жазықсыз жәбірленіп, кінәсіз қудалау көрген саңлақтарымыздың бірі. Оның аты да, шығармалары да мол таралыммен жария болмай көптеген жылдар бойы насихатталмай жатып қалған. Еңбегі жанбаған қарт ақын сонау қиыр шығыстағы Қолыма түрмесінен еліне оралып, туған халқына лайықты еңбек істей білгенімен, көзі тірісінде өз атына лайықты қошамет, еш бір жылы сөз естімей, өзінің туған жері- Бесқарағай ауданының Ново-Николаевка ауылында 1969 жылы 8 қарашада дәл 82 жасында дүние салды. Міне, балалар, өз жерлестерің Нұрлыбек аталарың жайында бірсыпыра әңгіме естідіңдер. Енді бұл аталарыңның өмірі, еңбегі, шығармаларын сендер де жақсы білесіңдер. Ақын аталарыңды құрметтеп, үлгі тұтыңдар.

VI. Мұғалімнің сөзі:

Сонымен, балалар, біз бүгін жерлес ақынымыз Н. Баймұратов туралы, оның шығармашылығы жайында бірталай мағлұматтар алдық. Жасынан жетім қалып, өмірдің қиын кезеңдерін, ащы- тұщысын басынан өткерген, жалшылықпен есейген ақын, өнерімен елге танылған. Нұрекең заманымыздың данышпаны Абайдан және Әсет, Әріп шығармаларынан да бастау алып, үйренген ақын екен. Айтыскер ақындардың дүлдүлі Иса Байзақовпен, Нартаймен, Шашубаймен, Маясармен, Төлеу ақындармен айтысқа түскен. Бүгінгі сабақта ақиық ақынымызж айында алған білімімізді жинақтай келіп, 5 жолдық өлең шумағымен аяқтайық.

1. Зат есім(1)

2. Сын есім (2)

3. Етістік (3)

4. 4 сөзден тұратын мағыналық сөйлем.

5. Синоним

VII. Сабақты қорытындылау:

Міне, балалар, жерлес ақынымыз Н. Баймұратов аталарыңның өмірі мен шығармалары сендерге үлгі болсын дей отырып, әлі де Нұрлыбек атамызжайында болашақта көбірек біле түсуге ұмтыламыз. Биыл Нұрлыбек ақынның 120 жылдық мерейтойын аудан, қала берді облыс көлемінде үлкен дайындықпен атап өттік. Ақынның өзі туып- өскен Ново- Николаевка ауылында жас жеткіншек ақындардың, яғни, атамыздың болашақ ізбасарлары айтысып, өз өнерлерін көрсетсе, тамыз айында аудан орталығында бүгінде халыққа танымал болған дүлдүл ақындардың аламан айтысы дүрілдеп өткен болатын. Өзіміз өнеріне тамсанып, сүйсініп жүрген Ринат З., Әсем Ж., Нұржан, Қарлығаш, Фархат сияқты ақындарымыз айтысып, елді бір сілкінтіп кетті.

Сонымен, қорыта айтқанда, Нұрлыбек атамыздың бір күндік емес, үнемі терең оқып, біле беруге насихаттайтын өміршең мұра дер едім.

VIIІ. Үйге тапсырма: «Ақиық ақыны еді Семейдің»- эссе жазып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы».

Автор: Жумагазина Г.Т

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296055


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства