kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - басты міндет
2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.

Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.

Біліммен қарау деген түсінікті, алшаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзіндерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Нанның біздің өміріміздегі маңызы туралы – бұл тамаққа ата - ана баласын ізгі құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Халқымыз нанды ежелден қастерлеп, құрметтеп келеді. Алайда нанның бар екеніне әрі оның әрқашан болатынына деген сенімділік. Адамға жалғыз нан ғана қажет емес, бірақ нанда минералды заттар бар. Мысалы, калий орталық нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінде жетекші роль атқарады, темір – қан түзетін элемент және т. б. Бидай мен қара бидайдың дәнінде витаминдердің едәуір мөлшері бар. Әсіресе, ол В тобындағы витаминдерге: тиамин (В1), рибофлавин (В2), никотин қышқылына (РР) бай. Балалардың тамақтануында В2 және РР витаминдерінің ролі өте зор. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді. Бұл жерде нанға деген құрмет, шаруақорлықпен пайдалану туралы әңгіме тіпті де төтенше жағдайға байланысты туып отырған жоқ. Жалпы, бұл жерде ата - ананың функционалдық сауаттылығы, соның ішінде баланың нанға деген ұқыптылықпен қарауы болып отыр.

Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата - ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс. Әкесі дәнекерлей білсе – баласын да үйретсін. Анасы: он саусағынан өнер тамған шебер екен, әрине қызын өнеріне сөзсіз үйретеді.

Екіншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы екіншіден, мектептен басталады.

Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 45 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеде

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даналықты білдіретін құзыреттерді қалыптасытыру орта мектептердегі жаратылыстану бағытындағы пәндер басым бағыттарының бірі болып табылады. Ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде, өзгелерінен гөрі, тезірек дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны физика. Сондықтан да болар, бүгінгі таңдағы роль атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр. Жыл сайын көптеген жаңашылдардың беті ашылуда. Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы.

Олай болса, функционалдық сауаттылық оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және білім, білік дағдыларының жиынтығы. Ол тек білім мен білік әлеміне барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамуының өлшемі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.

Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық.
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.
2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету
4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету
5. Оқушылардың білімдерін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудағы 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге ( TIMS, PISA және PIRLS) қатыстыру.
Сапалы есептер шығару барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, өз бетінше шешім қабылдауға және болашақта мамандық таңдауына ынталандырылады. Сабақта сапалы есептер шығару арқылы алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстырып отырады, өйткені оқушы ойлауға да ойлануға да қабілетті.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – барлық салиқаны қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияның мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту, ортақ парыз, абыройлы міндет!» дейді. Осы ортақ парызды, абыройлы міндетті кім қалай түсінеді, кім қалай орындайды. Елбасымыздың жылқы жылындағы Жолдауын мұғалімдердің негізгі орындау міндетіне: пән сабақтарында болашақ Қазақстанның нағыз азаматының функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр.

Ортақ Отанымыз – Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп және мұғалімдер тек қана адал салиқалы еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығарымыз  деп уәде етеміз

«Білімнен қымбат нәрсе жоқ.
Көңілде жатса баспай тот» дегендей оқушылар алған сапалы білімдерін, тәрбиесін, бойға дарыған өнерлерін үнемі жаңғыртып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруы тиіс.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.

« № 2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында баяндама

Технология пәнінің : Салкенова Ж.Т

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»»

2016-2017 оқу жылы

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»

Автор: Салкенова Жанар Толеуовна

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398144

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) ""Химия саба?тарында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын арттыру жолдары" баяндама"
    ["seo_title"] => string(81) "khimiiasabaktaryndaokushylardynfunktsionaldyksauattylygynarttyruzholdarybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "273545"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452246003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(210) "Коучинг «Саба? барысында тапсырмалар ар?ылы о?ушыларды?  о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын  дамыту тиімділігі»"
    ["seo_title"] => string(121) "kouchingh-sabak-barysynda-tapsyrmalar-ark-yly-ok-ushylardyn-ok-ushylardyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-damytu-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "259802"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448821441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Тарих п?нінде о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(65) "tarikh-p-nindie-ok-ushylardyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "190195"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427118714"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Повышение функциональной грамотности учеников"
    ["seo_title"] => string(47) "povyshenie_funktsionalnoi_gramotnosti_uchenikov"
    ["file_id"] => string(6) "554480"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1593873492"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства