kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналады. Оқушылар Ұлы Абайдың өлеңдерін айтып, шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

 

Өтетін күні: 29.02.2020ж.

Өтетін орны: мектептің акт залы.

Мақсаты: Данышпан ақын Абайдың өнер- білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін паш ету. Білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

  • Шәкірттерді Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен сазгерлігімен таныту.

  • Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

  • Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Барысы:

Сахна жабық. Проектордан Абайдың дүниеге келуі туралы шағын фильм беріледі.

Сахна ашылады: Көрініс.

Көрініс аяқталған сәтте жүргізушілер шығады:

І  Кең дала нұрын шашып маңайына,

Қараймын мақтанышпен Абайыма,

Алдында Ұлжан ана басымды ием,

Теңесер ақылды ару, саналы ермен

Жұлдызы ондай жанның, жанады өрден

Ұлжанды ұлы демей мен кім деймін

Қазаққа қайталанбас дана берген! -  деп мақтан еткен екен әкесі Құнанбай.


ІІ Иә, Абай әке үмітін ақтаған, әке үмітін ғана емес, ел алдындағы өзінің перзенттік парызын толықтай орындаған ұлы да, дара тұлға.


Ұлы тұлғалардың ұлағатты ойлары бір- бірімен әсем үйлесіп, әдемі үндесіп жатады. Соның керемет, кермиық, көркем бір көрінісі- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мен Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы. Осы айтулы екі еңбектің аты мақала болғанымен заты сол атауға сыймайтын әрқайсысы аса салмақты жүк көтеріп, салиқалы, асқан парасатты ой айтқан өте ауқымды еңбек, болашаққа жол сілтеген бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз.

І: Биыл ғұлама 175 жасқа толып отыр, ал оның дүниеден озғанына 116 жыл. Десе де, Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – дегенді айтқан да өзі еді. Айтқанда да, тауып айтты! Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.


ІІ Ендеше, қазақтың мақтанышы болған Абайдай данамыздың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілгелі отырған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.


І Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейік.

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________




ІІ: Иә, халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылықпен ізгілікке тәрбиелейтін дүние:

«Қалың елім –қазағым»-деп жұртты білім алуға үндеп,

І«Біріңді бірің сыйлап ғибрат етіс» деп адамгершілікке,

ІІ:«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекке,

І«Өнерпаз болсаң арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп өнер –білімге тәрбиелейді.





І. Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақынАбай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек.

 ІІ. Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
І: Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

ІІ: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу - ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.
І: Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?

Оқушылар сынып бойынша мәнерлеп оқуды бастайды.


Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Құрметті көрермен түстен кейін сағат 14.30 да ІІ кезең ән байқауы өтеді.


ІІ кезең


Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

 

І: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
ІІ: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
І: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай?

І Ендеше, әнге кезек берейік.

Сахнаға бірінші болып шығатын _______________________________________

____________________________________________________________________



ІІ: Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.

І: Бүгін барлық Қазақстан Абайдың мерейтойына дайындық үстінде, «Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы» деп білеміз.

                   «Тарих қана, халық қана туатын

                     Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

                     Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

                   Керек болды Абай сынды ұлы ақын!»- деп ақын Жарасқан Әбдірашев жырлағандай қазақ халқының мақтанышы, қазақ жырының тәңірі, қара сөздің зергері Абай Құнанбаев.

ІІ. Енді мектеп оқушыларының Абайды қаншалықты білетіндігін байқап көрсек.

І: Көрсек көрейік.

 Сұрақ: «Орысша оқу керек,- дейді ол, хикметт те, мал да, өнер де, ғылым да, - бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмелі керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті,»- деп, «Мен айтқан жол - мал аяр жол емес» деген тақырыбын берген. Бұл Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?

(«Жиырма бесінші сөзі»)







Сұрақ: Абай әндерінің біразы өкінішке, күрсініске, өкпеге толы. Жақсысына қуанады, қайғысына ортақтасады, жаманына ренжиді, ұқпағанына өкінеді. Абай жүрегінен «айналасы жұп жұмыр келген» Ән боп төгіледі де

 «Қайнайды қаным,

Ашиды жаным

Мінездерін көргенде,» - деп халықтан бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын ащы өкінішпен айта келіп, осының себебін іздейді де,
Ол: «Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным

Қаңғыртты қыста басымды,» - деп іштегі запыранын әнмен төгіп – төгіп алды.
Осы өлең жолдары Абайдың қай әнінен алынған? («Сегіз аяқ»)
Сұрақ: Поэманың тақырыбы әділдік пен жауыздықтан құрылған. Ғұлама ғалым арқылы жауыздығын өзіне мойындатып, қан төгуден бас тартқызған Абай поэмасын ата? (Ескендір)

Сұрақ: Абай аудармасынан бір сұрақ беремін.

Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні кімнен аударылған? (Лермонтов)
Сұрақ: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар – тәннің құмары, екіншісі – білсем, көрсем, үйренсем екен дейді, бұл – жан құмары...»
Осы үзінді Абайдың нешінші қара сөзінен алынған? («Жетінші»)
Сұрақ: «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі,» - деп аса көрнекті жазушы баға берген. Ол кім? (Әуезов)
Рахмет, Абайды оқып, Абайды танып білудің еш зияны жоқ.  Қазақ деген ұлт өлмейінше, Абайдың есімі де, оның мұрасы да өлмек емес.

ІОл қалдырған күй даланы кернейді,

Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.

Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.

ІІ: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. 

І: Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.

І: Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Автор: Шуиншалина Сомалтын Жылкыбаевна

Дата: 24.02.2020

Номер свидетельства: 540952

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"
    ["seo_title"] => string(33) "men_zhazbaimyn_olendi_ermek_ushin"
    ["file_id"] => string(6) "489495"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1544248991"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "А. Құнанбайұлы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(54) "a_ku_nanbaiuly_men_zhazbaimyn_olendi_ermek_ushin_oleni"
    ["file_id"] => string(6) "513922"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1559973675"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Коспект на тему: "Мен жабаймын өледі ермек үшін""
    ["seo_title"] => string(53) "kospiekt_na_tiemu_mien_zhabaimyn_oliedi_iermiek_ushin"
    ["file_id"] => string(6) "408478"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491927287"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Абайды? ?мірі мен шы?армашылы?ы бойынша тест тапсырмалары "
    ["seo_title"] => string(64) "abaidyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y-boiynsha-tiest-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "163203"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422453966"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Абайды? ?ндері мен к?йлері""
    ["seo_title"] => string(25) "abaidynndierimienkuilieri"
    ["file_id"] => string(6) "317713"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460439407"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства