Сабақтың басы 10 минут | Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабаққа дайындықтарын тексереді. Психологиялық ахуал -Көңіл күйлеріңіз қалай? Оқушыларды «Ынтымақ тарелкасы» әдісі арқылы топқа бөлінеді. І-топ - "Талант " ІІ-топ - "Өнер" ІІІ-топ - "Шабыт" Үй тапсырмасы: «Шахмат тақтасы» әдісі арқылы сұралады. ҚБ: «Телефон» әдісі «Миға шабуыл» әдісі Балалар,ақын өлеңді не үшін жазады? Ал, Абайдың өлең жазудағы мақсаты не? | Оқушылар амандасып орындарына жайғасады. -Жақсы «Ынтымақ тарелкасы» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. І-топ - "Талант " ІІ-топ - "Өнер" ІІІ-топ - "Шабыт" Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді. «Миға шабуыл» әдісі -Жастарға үлгі насихат ретінде; -Жастардың білім, өнерге бет бұруы | Ынтымақ тарелкасы, қима қағаздар Слайд, проектор |
Сабақтың ортасы 20 минут | 1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі Берілген шумақтар бойынша оқушылар топпен дайындалады. Кімнің жауап беретінін келесі топ шешеді. 3 оқушы шығып, кластерді қорғайды. 1-топ: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды. Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. 2-топ: Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз", Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз". Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Батырдан барымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. 3-топ: Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой! Өлеңі бар өнерлі інім, сізге Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге. Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге? Дескриптор ҚБ: «Телефон» әдісі 2-тапсырма. Өлең құрылысына талдау. Дескриптор ҚБ: «Телефон» әдісі 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Көріктеу құралдарын ажырату. Дескриптор: ҚБ: «Телефон» әдісі 4-тапсырма. Авторға хат Сұрақтар: Қазіргі жастардың білім деңгейі қандай? Неліктен олай ойлайсың? Мысал ретінде кімді айтар едіңіз? Хат жазу талаптары: - Стильді сақтайды; - Сұрақтарға дәлелді жауап береді; - Өз көзқарасын білдіреді; - Салыстыра отырып жазады. ҚБ: «Телефон» әдіс | 1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі Берілген шумақтар бойынша оқушылар топпен дайындалады. Кімнің жауап беретінін келесі топ шешеді. 3 оқушы шығып, кластерді қорғайды. Автор: Абай Құнанбайұлы Тақырыбы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Идеясы: Жастарды білім көкжиегіне шақыру Жанры: арнау Буын- 11-12 Бунақ- 3 Шумақ- 5 Тармақ- 6 Ұйқас- қара өлең Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, а Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. а Көкірегі сезімді, тілі орамды, б Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. а 3-тапсырма. Метафора | Гипербола | Антитеза | Эпитет | Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей | Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз", Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз". | Тасыр ұқпас, талапты ұғар | Қызыл тіл, Көңілінің көзі ашық, Түбі терең сөз артық | Сәлеметсіз бе, ұлттың ұлы жазушысы – Абай Құнанбаев. Сіздің осы шығармаңызды оқи отыра, жастардың білімге құштарлығы сол кезде төмен болған, | Кітап, А3 форматы, фламастер, маркер Дәптер, оқулық, слайд, кесте Кесте, хрестоматия, слайд |
Сабақтың соңы 10 минут | Бағалау. Өзара бағалау. «Телефон» әдісі Үйге тапсырма: Авторға хатты аяқтау, 6-тапсырма. Өлеңді өз ойларыңмен толықтырып, сөз өнеріне, поэзияға арнап (арнау, толғау) жазыңдар. Кері байланыс: «Идея себеті» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша түйгенін, қызықты әрі қиын сәттерін жазып, ой бөліседі. | Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Үй тапсырмасын жазып алады. Кері байланыс орнайды. | Телефон сурет Сладй, проектор Себет, қима қағаздар |