Білу, Түсіну. Ой қозғау. «Асыл сөзді көздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адалдықты көздесең, Жатта, тоқы көңілге!» Сұлтанмахмұт Торайғыров Оқушылар сабақты болжайды. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бағалау парақтары таратылады. ҰЖ 1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқулықтан тізбектеп оқиды, содан кейін мәнерлеп, жатқа оқу. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар Көңілінің көзі ашық, сергек үшін «Білгенге маржан» (Өлеңнің жазылу тарихы) Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін өлеңі» 1884 жылы жазылды. Бұл кезде Абайдың ұлы, әрі шәкірті Ақылбай 23 жаста, ақынның өнерге бет бұрған кезі екен. Абай Ақылбайдың кейбір өлең жолдарын сынға алған екен. Ғалым М.Әуезов Абай осы өлеңінде ақын шәкірттеріне айтқан әдеби сыны бар екендігін айтады. Яғни, бұл өлеңін Абай өзі тәрбиелеген шәкірттеріне арнаған. Дескриптор: - Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы біледі;(1) -өлеңді, тізбектеп, мәнерлеп оқи алады.(1) Қолдану. 2-тапсырма. Топтық жұмыс. Абайдың өмірі мен шығармашылығын қамтитын сұрақтарға жауап беру. «Конверт сұрақ» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарды конвертке саламыз. Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Сұрақтың қаншалықты дұрыстығын келесі топ бағалайды. 1. Абай өлеңді не үшін жазады? 2. Абай өмір сүрген кездегі қазақ елінің өмірі қандай болды? 3. Өлең тақырыбындағы көтерілген мәселе не жайлы? 4. Абай оқырмандарына қандай кеңес береді? 5. Автордың айтпақ ойы, идеясы қандай? 6. Автор нені аңсады? ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын. 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Абай өлеңдерінің маңыздылығын қазіргі заманмен байланыстыра отырып сипаттау. «Т кестесі» әдісі арқылы жүзеге асады. Орындалу шарты: Оқушылар дәптерге Т кестесін сызып, сұрақтарға жауап жазады. 1. Абай өмір сүрген заманындағы өлеңдерінің маңызы қандай? 2. Қазіргі кездегі Абай өлеңдерінің адам өмірінде алатын орны қандай? Дескриптор: -Абай өлеңдерін біледі; (1) -Қазіргі заманмен салыстыра сипаттай алады.(1) Сергіту сәтінде «Ән шырқайық» әдісі бойынша, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні интербелсенді тақта арқылы орындалады. Кенет ән тоқтап, оқушылар ары қарай әнді жалғастырып орындайды. Талдау 4 -тапсырма. Топтық жұмыс. Абай өлеңіндегі адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерді сипаттап талдау арқылы автор бейнесін ашу. Графикалық органайзерлердің көмегімен талдау жүзеге асырылады. 1 топ: Қос диаграмма; 2 топ: Венн диаграммасы; 3 топ: Балық қаңқасы. Дескриптор: ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Жинақтау 5-тапсырма. Жеке жұмыс. «Еркін жазу» әдісі арқылы «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», «Есіл өнерді қор етпе», «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», « Сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» тақырыптары негізінде авторға хат жазу. Орындалу шарты: Жазуға уақыт беру. Абай өмір сүрген заманды негізге ала отырып, авторға хат жазады. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқиды.Оқушылардың алған білімдерін қорытады Дескриптор: ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. |