Мұғалімдер ортаға шақырылып, бір-біріне жақсы тілек айтады
Топқа бөлу
3 мин
«Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.
Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады. Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды: • 6-12.00 сағат аралығындағылар - секіреді • 12-18.00 сағат аралығындағылар – билейді • 18-24.00 сағат аралығындағылар – жаттығу жасайды Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады. Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп, жаттығулар жасайды да, топтарға бөлінеді.
Қатысушыларға әдістің өз тәжірибесіне қалай қолданатыны туралы нақты бағыттар алуына мүмкіндік береді.
Рефлексия
5 мин
«Екі жұлдыз , бір тілек»
Қорытындылау
2 мин
Құрметті әріптестер, міне бүгін коучинг сәтті өтті. Ол сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында. Коучинг басталмас бұрын біз коучингтің сәтті өтетініне сенімді болдық. Себебі, біз сіздерге сенім арттық. Сенім арту арқылы біз басқаларға жауапкершілік жүктейміз, оларды шабыттандырып, қанат бітіреміз. Сондықтан әр оқушыға сенім артсақ, олардың білімге деген ынтасы артып, тау қопаратындығы сөзсіз. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып,бір-бірімізге қолдау көрсетіп қояйық