?Р педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру курсыны? екінші де?гей ба?дарламасы бойынша Алматы ?аласында?ы «?рлеу» филиалында наурыз айыны? 10-ынан бастап, ?з білімімді жетілдіріп жатырмын. Б?л ба?дарламаны? негізгі міндеті-?аза?стан м??алімдеріні? педагогикалы? т?жірибелерін жетілдіру мен ба?алау?а к?мектесу. Бірінші бетпе –бет кезінде ал?ан теориялы? білімді, мектебіме келіп т?жірибеммен ?штастырдым.
«Адам?а дарындылы? пен таланттылы? туа беріле ме, ж?ре дами ма? Таланттылы? пен дарындылы?ты ?алай ажырату?а болады? О?ушыларды? арасынан талантты ж?не дарынды балаларды аны?тау ?шін не істеуге болады?» деген м?селе т??ірегінде талас та туындап ?алатыны бар. Осы с?ра?тар?а жауап беру ма?сатында, мектебіме келгеннен кейін, «Дарынды ж?не талантты о?ушыларды аны?тау жолдары» деген та?ырыпта коучинг ?ткіздім. М?нда бірінші м??алімдерді ше?бер ??рып т?рып, 1-мамыр ?аза?стан хал?ыны? бірлігі к?ніне орай, бір-біріне тілектерін айтты. М??алімдерді бейбітшілік к?ніне арнал?ан ?ндер бойынша ?ш топ?а б?лдім. ?ріптестеріме «?а?азды умаждау» тапсырмасын бердім. Олар о? ?олымен умаждап, сол ?олымен т?зетті. ?рине бастап?ы ?алпына келген жо?. М?нда?ы ма?сатым сол ?олымен ?а?азды т?зету ?аншалы?ты ?иын болса, баланы? бойында?ы дарындылы?ты ашу да сондай ?иын екенін т?сіндіру. Б?л тапсырмадан кейін ?ріптестеріме «Мінсіз о?ушы» та?ырыбына сипаттама беріп, постер ?ор?аттым. 1-топта?ы ?ріптесім Кемалова С «Мінсіз о?ушыны а?аш?а те?еймін, себебі а?ашты ?алай к?тіп баптаса, солай жай?алып ?седі. Ал д?рыс бапталма?ан а?аш ?исы? ?седі» десе, Надирова Г «О?ушы а? ?а?азбен те?, не жазса? бетінде сол т?рады » деген ?демі те?еулермен, т?шымды ойлар айтты. Мен топтарды? тап?ырлы?ына ризашылы?ымды білдіріп, ?ол со?ып, ?олпаштадым. Б?дан кейін ?нді фильмінен ?зінділер к?рсетіп, с?ра?тар ?оя отырып, ал?ан ?серлерін ты?дап, баланы? бойында?ы жасырын дарындылы? туралы т?сінік ?алыптастырдым.
Осыдан со? сергіту с?тін ?ткіздім. Сергіту с?ті ар?ылы дарынды о?ушылар?а ?андай ба?ыт беру керек екенін біледі, ?рі сергіп ?алады. Осыдан со? орта? сурет беріліп, 1- топ?а ма?алдар айту, 2- топ?а ?н айту, 3-топ?а бір шума? ?ле? шы?ару тапсырылды. Топ м?шелері бір- біріне ?олдау к?рсетіп, а?ылдаса отырып, берілген тапсырманы тияна?ты орындады.
?ріптестерім рефлекция кезінде коучингтен ал?ан ?серлері ар?ылы ма?ан ?лкен ?олдау к?рсетті. Мектебімізді? о?у ісіні? ме?герушісі Сада?баева Р: «Коучинг ?те ?серлі ?тті.Дарындылы? пен талант туралы к?птеген м?лімет алдым. О?ушы бойында?ы дарындылы?ты аны?тау жолдарын білдім. О?ушыларды білім ?оймасына айналдырмай, жеке т?л?а ретінде ?алыптастыруымыз ?ажет дегім келеді. Сізге к?п-к?п рахмет. С?ттілік тілеймін!», - деп ж?рекжарды ы?ыласын білдірді.
«Баланы д?рыс т?рбиелеу ?шін ?ркімні? ?з т?жірибесі жетіспейді. Бас?а адамдарды? т?жірибесімен ?немі танысып отыруы керек» - деп М. Ж?мабаев атап к?рсеткендей, осы курста о?ып ?йренгенімді басты назарда ?стап, о?ыту мен т?рбие ж?мыстарыны? тиімді ?дістерін пайдаланып,т?жірибемде жа?а ?мір а?ымына сай жа?а ?діс- т?сілдерді ?олдана отырып, ?ріптестеріммен ынтыма?тасты?та ж?мыс жаса?анда ?ана заман талабына сай, б?секелестікке т?теп бере алатын, білімді ?рпа? т?рбиелей алатынымыз?а к?зім жетті.
Осылайша ?ызмет етіп, терімді т?гіп келемін.
?р маманды т?жірибе шы?дайтынын білемін,
Арман алда, е?бек –же?іс, ?йренерім к?п ?лі
Ал?а деймін, мен ?зіме сенемін!
Сатыбалдиева Жа?аг?л Бимырза?ызы
?тес орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«коучинг заман талабы-биликти мугалим »
Заман талабы-білікті мұғалім
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші деңгей бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы «Өрлеу» филиалында наурыз айының 10-ынан бастап, өз білімімді жетілдіріп жатырмын. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті-Қазақстан мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бірінші бетпе –бет кезінде алған теориялық білімді, мектебіме келіп тәжірибеммен ұштастырдым.
«Адамға дарындылық пен таланттылық туа беріле ме, жүре дами ма? Таланттылық пен дарындылықты қалай ажыратуға болады? Оқушылардың арасынан талантты және дарынды балаларды анықтау үшін не істеуге болады?» деген мәселе төңірегінде талас та туындап қалатыны бар. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында, мектебіме келгеннен кейін, «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдары» деген тақырыпта коучинг өткіздім. Мұнда бірінші мұғалімдерді шеңбер құрып тұрып, 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, бір-біріне тілектерін айтты. Мұғалімдерді бейбітшілік күніне арналған әндер бойынша үш топқа бөлдім. Әріптестеріме «Қағазды умаждау» тапсырмасын бердім. Олар оң қолымен умаждап, сол қолымен түзетті. Әрине бастапқы қалпына келген жоқ. Мұндағы мақсатым сол қолымен қағазды түзету қаншалықты қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу да сондай қиын екенін түсіндіру. Бұл тапсырмадан кейін әріптестеріме «Мінсіз оқушы» тақырыбына сипаттама беріп, постер қорғаттым. 1-топтағы әріптесім Кемалова С «Мінсіз оқушыны ағашқа теңеймін, себебі ағашты қалай күтіп баптаса, солай жайқалып өседі. Ал дұрыс бапталмаған ағаш қисық өседі» десе, Надирова Г «Оқушы ақ қағазбен тең, не жазсаң бетінде сол тұрады » деген әдемі теңеулермен, тұшымды ойлар айтты. Мен топтардың тапқырлығына ризашылығымды білдіріп, қол соғып, қолпаштадым. Бұдан кейін үнді фильмінен үзінділер көрсетіп, сұрақтар қоя отырып, алған әсерлерін тыңдап, баланың бойындағы жасырын дарындылық туралы түсінік қалыптастырдым.
Осыдан соң сергіту сәтін өткіздім. Сергіту сәті арқылы дарынды оқушыларға қандай бағыт беру керек екенін біледі, әрі сергіп қалады. Осыдан соң ортақ сурет беріліп, 1- топқа мақалдар айту, 2- топқа ән айту, 3-топқа бір шумақ өлең шығару тапсырылды. Топ мүшелері бір- біріне қолдау көрсетіп, ақылдаса отырып, берілген тапсырманы тиянақты орындады.
Әріптестерім рефлекция кезінде коучингтен алған әсерлері арқылы маған үлкен қолдау көрсетті. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Садақбаева Р: «Коучинг өте әсерлі өтті.Дарындылық пен талант туралы көптеген мәлімет алдым. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау жолдарын білдім. Оқушыларды білім қоймасына айналдырмай, жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз қажет дегім келеді. Сізге көп-көп рахмет. Сәттілік тілеймін!», - деп жүрекжарды ықыласын білдірді.
«Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен үнемі танысып отыруы керек» - деп М. Жұмабаев атап көрсеткендей, осы курста оқып үйренгенімді басты назарда ұстап, оқыту мен тәрбие жұмыстарының тиімді әдістерін пайдаланып,тәжірибемде жаңа өмір ағымына сай жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, әріптестеріммен ынтымақтастықта жұмыс жасағанда ғана заман талабына сай, бәсекелестікке төтеп бере алатын, білімді ұрпақ тәрбиелей алатынымызға көзім жетті.