Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінің қоғамдағы орны»
Қазақ тілінің қоғамдағы орны
Орыс тілі, кейін ағылшын, тағы қандай тіл міндетті болады екен? 1924 жылдан бастап орыс тілін білмеген адамға нанын тауып жеу қиын еді. Ащы болса да, шындықтың бұл тек бір бөлігі ғана. Ата-анамыз мейлінше орыс сынбына беріп, дүние есігін ашқан сәбилеріне ана тілінде «мен сенің анаңмын» деп емес, «я твоя мама, не болмаса мен сенің мамаңмын» деп айтатын болды. Әдетке кіріп кетті ме, жоқ әлде қазақ тілінің құны кету де ме, күнделікті өмірде де ана, шеше деп айтатын адамды кездістіре алмайсың. 10 адамның 1 ғана айтуы мүмкін. Бұл қарапайым сөздерді тіпті отандық кино шығарушыларымыздың кино немесе сериалдарынан да естімейсің. Ана деген сөзді апа деген сөзге ауыстырып алған. Ішің күйіп кейде, апа деп мен анам мен әкемнің анасын айтамын деп назданасың. Бірақ оны естіп жатқан адам жоқ. Қазақстанда 17млн-ға жуық халықтың қазір барлығы дерлік орыс тілін біледі. Бұл дегеніміз қазақ тілінің жойылуының алғашқы қадамы деп білемін. Бұл тек қысқаша келтірілген мысал. Қазіргі таңда қазақ жерінде жүріп орыс тілін білмеген адам мазаққа айналады, ал қазақ тілін білмесе мән беріп қарамайды да. Бұл сөздеріме айқын мысал, билікте отырған біздің мүддемізді қорғаушылар. Қазақ тілінде бір ауыз сөзді құрастырып айта алмайды. Ішің күйетін нәрсенің бірі осы. Сен орысша білмейсің деп күлген адамға, сен қазақша білмейсің десең, жоғарыдағылар да білмейді ғой деп жұмған аузыңды қайта ашпайтындай қылады. Олай емес дейін десең дәлел көп.
Ағылшын тілінің пайдасы қандай деген сұраққа, еуропалық стандарттқа сай болу үшін, әрбір дамыған мемлекетте ағылшын тілі міндетті деп жауап береді. Ендеше Еуропалақ стандарттқа сай болу үшін бірінші ана тіліңді дамыту, нығайту керек емес пе? Еуропалықтар сияқты бізде ағылшын тілінде сөйледік делік, қарапайым халыққа одан келіп кетер ешқандай пайда жоқ екені түсінікті. Кейде бұның бәрі жағымпаздық секілді. Бәлкім дипломатиялық кездесулер мен отырыстарда еркін сойлесу үшін шығар. Олай болса, неліктен өзге мемлектеттіктер қазақ тілінде сөйлемейді деген тағы бір сұрақ пайда болады. Бұған ағылшын тілі бүкіләлемдәк тіл деп жауап қайтарады. Мейлі, еліміз үшін деп бұған да көзімізді жұмдық. Ендігі кезекте халқымызға ауыр тиген жағдайдың бірі, 1 сынып оқушыларына ағылшын тілін міндетті қылып қою. Біз 5 сыныптан бастап оқыдық, дегенмен ешқандай өзгеріс болмады. 6 жастан енді асқан сәби туған тілінде не жазып, не оқи алмаса, өзге тілді қалай игереді деп ойлайсыздар? Ғалымдар біз дайынбыз деп айтса, қара халықта дайын деген сөз деп ойлайсыздар-ау деймін. Өз басым, 1 сынып табалдырығын аттаған балаларым келешекте ана тілімен қоса, өзге тілді де оқыған қаламаймын. Себебі буыны қатпаған сәбидің ойын қалыптастыруға үлкен үлесін қосатын жер ол білім беру ошағы, мектеп.
Бір елді жойғың келсе бірінші дінінен, сосын тілінен айыр деген. Сонау 550 жылдық тарихы бар қазақ мемлекетінің тілі жетісіп тұрған жоқ. Еліміз 30 дамыған мемлекет қатарына кірді дегенмен, бізді шет мемлекеттерде, өзбек не болмаса қырғыз деп ойлайды. Бұндай ой туюлеріде дұрыс шығар. Себебі, Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған алғашқы әліпбиіміз де тарихта қырғыз-қайсақ атымен қалған. Бәлкім бет-әлпетіміз де ұқсас болғандықтан шығар. Дегенмен ата тегіміз бір болғанымен, намысқа тимей қоймайды-ау. Қазақ болып қанат жайғаннан кейін, қазақ болып таныла біліуімізде керек. Ертеде ел мен жер үшін жауға қарсы тұрып, тілі мен дінін дәріптеген. Олай болса, сақтың ұрпағы, ғұнның тұлпары, ер түріктің сұңқары, қазақ елі! Қасымның қасқа, Есімнің ескі жолын, Тәукенің қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған кезін ұмытпай, тіліміз бен дінімізді сақтайық. Ана тілдің нығаюы мен дамуы жастар, біздің қолымызда. Олай болса өзімізден бастап, өзге тілді дәрәптемей, қазақ тілін жетілдірейік!