kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? хандары" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза? хандары

Саба?ты? ма?саты:

?аза? хандарыны? шы?у тегін, хандарды? ма?сатын, ?стан?ан ба?ытын т?сіндіре отырып, о?ушыларды ?з отанын с?йюге, ?лтжандылы??а, ?з отаныны? басында ?андай ?иын кезе? болсада мойымай к?теруге т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: карта, интерактивти та?та, хандарды? суреттері, плакат

Саба?ты? т?рі: Сайыс саба?

Саба?ты? б?лімі:

  1. ?ткел (хандарды? шы?у тегі, саясаты, ?о?амда?ы орны)
  2. Белес (с?ра??а жауап)
  3. Бекет (тарихи датамен ж?мыс)
  4. Асу (хандарды? за? жорал?ылары)
  5. Жер?йы? (тест с?ра?тарымен ж?мыс)
  6. ?орытынды (же?імпаз топтарды аны?тап, марапаттау)

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру б?лімі: ?атысушыларды сайыс  ережесімен таныстыру. Б?гінгі сайыс саба?ымызда за? жорар?ыларымен ерекшеленген хандар туралы м?ліметтер айтылады. Сайыс саба?ымыз?а  8 «а» сынып о?ушылары «Т?уке хан» тобы,  8 «?» сынып о?ушылары «?асым хан» тобы, 8 «б» сынып о?ушылары «Есім хан» тобы ?атысады. ?р б?лім сайын топтарды? білім де?гейін аны?тап, ?пай ?а?аздары таратылып отырады. Б?гінгі сайыс саба?ымызды бастамас б?рын ?діл ?азылар м?шелерін сайлап алайы?. ?атысушылар?а с?ттілік тілеп сайыс саба?ымызды бастаймыз.

Сайысымызды? бірінші б?лімі : «?ткел» (хандарды? шы?у тегі, саясаты, ?о?амда?ы орны).

?асым хан (1445-1518,20). ?лы хан, ?олбасшы, за?гер, мемлекет ?айраткері, кеме?гер, алып денелі, зор дауысты, парасатты, ?аза? ордасыны? негізін салушы, екі арысты? бірі, Ж?нібек ханны? ?шінші ?лы. Жошы ханны? ?рпа?ынан тара?ан.Анасы Жа?ан  Бегім.    1511-1518жж ?аза? ханды?ын бас?ар?ан.

?асым хан саясаты: аума?ы Жайы? ?зені мен Сырдария алабы. Жетісу жеріні? бір б?лігі. ?лытау ??ірі Бал?аш к?лі. Астанасы Сы?ана? кейін Т?ркістан ?аласы бол?ан.

  1.  Ел бірлігімен ?аза? ханды?ыны? т?уелсіздігі ?шін к?ресті.
  2. Мон?ол шап?ыншылы?ынан кейін барлы? ?аза? рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті.
  3. Орта Азия, Еділ бойы, Батыс Сібір, Ресеймен сауда сатты? ж?не дипломатиялы? байланыс орнатты.
  4. О?т?стік ?аза?стан ?алалары ?шін М?хаммед Шайбани ханмен к?рес ж?ргізді.
  5. ?аза? ханды?ы дербес мемлекет ретінде Шы?ыс Еуропа?а белгілі болды.
  6. Ал?аш рет «?асым ханны? ?ас?а жолы» за?дар жина?ын шы?арды.

Есім хан туыл?ан жылы белгісіз, 1628 жылы ?айтыс бол?ан. «Е?сегей бойлы ер Есім» атан?ан ?лы хан. Т?жірбиелі ?ол басшы, мемлекет ?айраткері, ерлігімен к?зге т?скен білікті саясатшы. 1598-1628 жылдары ?аза? елін бас?ар?ан.

Есім хан саясаты:

  1. Т?ркістан аума?ы ?аза? ханды?ына ?осылып астанасы болды.
  2. Осы уа?ыттан бастап Ташкент ?аласы 200жыл ?аза?тарды? меншігінде болды.
  3. «Есім ханны? ескі жолы» атты ?дет-??рып ережелері жина?ын шы?арды. XVII? ?аза? ханды?ыны? ішкі саяси жа?дайы т?ра?сыз болды.
  4. Ханды? іштей б?лшектеніп федалды? ?а?ты?ыстар к?шейді.
  5. ?ш ж?зді? ?р?айсысында жеке хан билігі орнады.
  6. О?т?стікте іс ж?зінде екі хан билігі орнады.

Т?уке хан XVIII ?асырды? басында?ы халы? зердесінде ?шпес із ?алдыр?ан тарихи т?л?а. 1626-1715 жылдары ?мір с?рген к?реген мемлекет ?айраткері, дарынды ?олбасшы, шешен, ?а?арлы ?мірші, ?зіні? даналы?ы, ?лылы?ы ар?асында хал?ына істеген жа?сылы?ы ?шін «?з Т?уке» атан?ан хан, толы? есімі Т?уекел М?хаммед Батыр хан. 1686-1718жылдары ?аза? ханды?ын бас?ар?ан. Жошы хан ?рпа?ы, Сал?ам Ж??гірді? ?лы.

Т?уке хан саясаты:

  1. Астанасы Т?ркістан ?аласы. Елдегі бытыран?ылы?ты жойып, бір орталы??а ба?ын?ан ?аза? ханды?ын ??ру?а к?ш салды.
  2. Феодал шонжарларды? ?кілдерімен билерден ??рал?ан ханды? ке?есті? ж?не билер ке?есіні? р?лі артты.
  3. Мемлекеттік ??рылысты? негізгі ?станымдарын ай?ындайтын «Жеті жар?ы» за?ын жасады.
  4. ?ш ж?зді? басын  ?осып, мемлекетті? к?ш ?уатын арттыруды ма?сат етті.
  5. Билер ке?есін ішкі ж?не сырт?ы саясатта?ы аса ма?ызды м?селелерді шешетін бас?ару ж?йесіне айналдырды.

Сайысымызды? екінші б?лімі : Белес (с?ра??а жауап)

«?асым хан» тобына:

  1. Археология ?андай ?ылым? Адамдарды? ?мірін затты? деректер бойынша зерттейтін ?ылым.
  2. Са?тар билеушісіні? лауазымы? Патша
  3. ?аза? хандары ту тіккен ?оныс? ?озыбасы
  4. ?асым хан ?андай елдермен дипломатиялы? ?атынас орнатты? Ресеймен, Батыс Сібір ханды?ымен, Еділ бойында?ы елдермен, Орта Азия ханды?ымен.
  5. ?асым хан т?сында халы?ты? саны ?анша?а жетті? 1млн
  6. Сырым Дат?лы баста?ан к?теріліс ?ай аума?та болды? Кіші ж?зде
  7. А?ын к?теріліс басшысы кім? Махамбет ?теміс?лы

«Есім хан» тобына:

  1. Антропология ?андай ?ылым? Адамны? шы?у тегі, бет бейнесі, дамуын зерттейтін ?ылым.
  2.  Ал?аш?ы адамдарды? отаны? Африка
  3. ?йсіндерді? астанасы?  ?ызыл А??ар
  4. Есім хан т?сында?ы ?аза? ханды?ыны? астанасы? Т?ркістан
  5. ?аза? ханды?ыны? со??ы ханы?  Кенесары
  6. Сырым Дат?лы баста?ан к?теріліс неше жыл?а созылды? 14 жыл?а
  7. Ресей империясыны? билігін ал?аш мойында?ан хан? ?білхайыр

«Т?уке хан» тобына:

  1. Этнография ?андай ?ылым? Халы?ты? т?рмыс тіршілігін, салт санасын, ?дет ??рпын зерттейтін ?ылым.
  2. Ал?аш?ы адамдарды? е?бек ??ралдары?  ?шкіртас, жер ?азатын тая?, шо?пар.
  3. ??ндарды? билеушісіні? лауазымы? Ш?ньюй
  4. ?аза? ханды?ыны? негізін ?ала?ан хандар? Керей, Ж?нібек
  5. Т?уке ханны? негізгі ма?саты?  Билер к?мегімен хан билігін ны?айту.
  6. Кіші ж?зде ханды? билік ?ашан жойылды? 1824 жылы
  7. ?ш ж?зді ?амты?ан к?теріліс ?ашан болды? 1837-1847жж

  Сайсымызды? ?шінші б?лімі: Бекет (тарихи датамен ж?мыс)

«?асым хан» тобына:

1445-1518,1520жыл-  ?асым ханны? ?мір с?рген уа?ыты

1475жыл – ?аза? ханды?ыны? ?скери ?олбасшысы болды.

1511жыл – хан та?ына отыр?ан жылы

1513 жыл- Сайрамды басып алды.

1514жыл- Жетісуда билігін ны?айтты.

«Есім хан» тобына:

1598-1628жж – бас?ар?ан уа?ыты

1603-1624жж -  ?аза? Б??ар шай?асы болды

1613жылы – Самархан ?аласын басып алды

1627жылы – бейбіт елді ойрандау?а ?атыс?ан ?ата?ан руын ?лім жазасына кесті.

 1627жылы – ?алма?тарды тал?андады.

«Т?уке хан» тобына:

1626-1715,1718жылдары  - ?мір с?рген уа?ыты

1680-1715,1718 жылдары – бас?ар?ан уа?ыты

1710жылы – ?ара??мда?ы бас ?осуды ?йымдастырды.

1687-1688 жылдары -  Орта Азиямен сауданы дамытты

1685-1693жылдары – Сібірге бес рет елшілік жіберді.

Сайысымызды? т?ртінші б?лімі: Асу (хандарды? за? жорал?ылары)

«?асым хан» тобы: ?асым хан ?дет–??рыптарды бір ж?йеге келтіріп, ал?аш рет за?дар жина?ын шы?арды. «?асым ханны? ?ас?а жолы» ?асым ханды? ??р?ан кезде ел бас?ару ісінде ?олданыл?ан ?дет–??рыпты? за? ережелеріні? жиынты?ы. ?асым хан ?з за?ында ??ран талаптарына ?айшы келмейтін ?аза?и ??рып ерекшеліктерін са?тады. «?асым ханны? ?ас?а жолы» бес б?лімнен т?рады:

  1. Мал м?лік ж?не жерге байланысты ?атынастар.
  2. ?ылмыс пен олар?а ?олданылатын жазалар.
  3. ?скери ?ызметті, ?скери міндетті ат?ару ережелері ж?не ?скер т?рт?бін б?зушылар?а берілетін жазалар.
  4. Елшілік ?атынастарды реттеу.
  5. Халы?ты? д?ст?рді ?ткізу т?ртібі (ас беру, той думандарды ?ткізу).

«Есім хан» тобы: «Есім ханны? ескі жолы» атты  ?дет–??рып ережелері жина?ын шы?арды. Ескі ???ы?ты? ??рыптар мен за?дарды са?тады. Оны? негізі ?асым хан т?сында «?асым ханны? ?ас?а жолы» деген атпен ?абылдан?ан. Есім хан ?асырлар бойы с?рыпталып орны??ан осынау ж?н –жорал?ы, ?дет–??рып жосындарын ?з заманыны? ?скери саяси ж?не ?леуметтік ?ажетттіліктеріне орай жетілдіріп ж?йеледі.?скери міндетті ат?ару ережелері, ?скер т?ртібін б?зушылар?а берілетін жазаны ауырлататын за?дарды са?тады.

«Т?уке хан» тобы: «Жеті жар?ы» XVII ?асырды? ая?ымен  XVIII ?асырды? басында Т?уке хан т?сында ?абылдан?ан. ?аза? хал?ыны?д?ст?рлі ?дет–??рып за?дарыны? жина?ы. Т?уке хан елді? бірлігін арттыратын шаралар ?арастырып ханды? билікті ны?айту?а к?ш салды. ?аза? ?о?амыны? дамуы ?уатты билік пен бірлікті ?амтамасыз ете алатын жа?а за?дар ж?йесін ?ажет етті. «Жеті жар?ы?а» енген ?а?идалар ?аза? ?міріне т?н ?о?амды? ?атынастарды? негізгі салаларын ?амтыды. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, ??н дауы, м?лік дауы, ханды? пен бірлік, ку?лік ету мен ант беру р?сімдері мен та?ы да бас?а м?селелер ?амтыл?ан.

Сайысымызды? бесінші б?лімі: Жер?йы? (тест с?ра?тарымен ж?мыс)

?орытынды: ?діл ?азылар?а с?з беру, же?імпаз топты марапаттау.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? хандары" та?ырыбында?ы ашы? саба? »

Пән мұғалімі: Достанова Куралай Маухановна

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары

Сабақтың мақсаты:

Қазақ хандарының шығу тегін, хандардың мақсатын, ұстанған бағытын түсіндіре отырып, оқушыларды өз отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, өз отанының басында қандай қиын кезең болсада мойымай көтеруге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивти тақта, хандардың суреттері, плакат

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың бөлімі:

  1. Өткел (хандардың шығу тегі, саясаты, қоғамдағы орны)

  2. Белес (сұраққа жауап)

  3. Бекет (тарихи датамен жұмыс)

  4. Асу (хандардың заң жоралғылары)

  5. Жерұйық (тест сұрақтарымен жұмыс)

  6. Қорытынды (жеңімпаз топтарды анықтап, марапаттау)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Қатысушыларды сайыс ережесімен таныстыру. Бүгінгі сайыс сабағымызда заң жорарғыларымен ерекшеленген хандар туралы мәліметтер айтылады. Сайыс сабағымызға 8 «а» сынып оқушылары «Тәуке хан» тобы, 8 «ә» сынып оқушылары «Қасым хан» тобы, 8 «б» сынып оқушылары «Есім хан» тобы қатысады. Әр бөлім сайын топтардың білім деңгейін анықтап, ұпай қағаздары таратылып отырады. Бүгінгі сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділ қазылар мүшелерін сайлап алайық. Қатысушыларға сәттілік тілеп сайыс сабағымызды бастаймыз.

Сайысымыздың бірінші бөлімі : «Өткел» (хандардың шығу тегі, саясаты, қоғамдағы орны).

Қасым хан (1445-1518,20). Ұлы хан, қолбасшы, заңгер, мемлекет қайраткері, кемеңгер, алып денелі, зор дауысты, парасатты, қазақ ордасының негізін салушы, екі арыстың бірі, Жәнібек ханның үшінші ұлы. Жошы ханның ұрпағынан тараған.Анасы Жаған Бегім. 1511-1518жж қазақ хандығын басқарған.

Қасым хан саясаты: аумағы Жайық өзені мен Сырдария алабы. Жетісу жерінің бір бөлігі. Ұлытау өңірі Балқаш көлі. Астанасы Сығанақ кейін Түркістан қаласы болған.

  1. Ел бірлігімен қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күресті.

  2. Монғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті.

  3. Орта Азия, Еділ бойы, Батыс Сібір, Ресеймен сауда саттық және дипломатиялық байланыс орнатты.

  4. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жүргізді.

  5. Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде Шығыс Еуропаға белгілі болды.

  6. Алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағын шығарды.

Есім хан туылған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болған. «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған ұлы хан. Тәжірбиелі қол басшы, мемлекет қайраткері, ерлігімен көзге түскен білікті саясатшы. 1598-1628 жылдары қазақ елін басқарған.

Есім хан саясаты:

  1. Түркістан аумағы қазақ хандығына қосылып астанасы болды.

  2. Осы уақыттан бастап Ташкент қаласы 200жыл қазақтардың меншігінде болды.

  3. «Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. XVIIғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.

  4. Хандық іштей бөлшектеніп федалдық қақтығыстар күшейді.

  5. Үш жүздің әрқайсысында жеке хан билігі орнады.

  6. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады.

Тәуке хан XVIII ғасырдың басындағы халық зердесінде өшпес із қалдырған тарихи тұлға. 1626-1715 жылдары өмір сұрген көреген мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы, шешен, қаһарлы әмірші, өзінің даналығы, ұлылығы арқасында халқына істеген жақсылығы үшін «Әз Тәуке» атанған хан, толық есімі Тәуекел Мұхаммед Батыр хан. 1686-1718жылдары қазақ хандығын басқарған. Жошы хан ұрпағы, Салқам Жәңгірдің ұлы.

Тәуке хан саясаты:

  1. Астанасы Түркістан қаласы. Елдегі бытыранқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш салды.

  2. Феодал шонжарлардың өкілдерімен билерден құралған хандық кеңестің және билер кеңесінің рөлі артты.

  3. Мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын айқындайтын «Жеті жарғы» заңын жасады.

  4. Үш жүздің басын қосып, мемлекеттің күш қуатын арттыруды мақсат етті.

  5. Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды.

Сайысымыздың екінші бөлімі : Белес (сұраққа жауап)

«Қасым хан» тобына:

  1. Археология қандай ғылым? Адамдардың өмірін заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым.

  2. Сақтар билеушісінің лауазымы? Патша

  3. Қазақ хандары ту тіккен қоныс? Қозыбасы

  4. Қасым хан қандай елдермен дипломатиялық қатынас орнатты? Ресеймен, Батыс Сібір хандығымен, Еділ бойындағы елдермен, Орта Азия хандығымен.

  5. Қасым хан тұсында халықтың саны қаншаға жетті? 1млн

  6. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай аумақта болды? Кіші жүзде

  7. Ақын көтеріліс басшысы кім? Махамбет Өтемісұлы

«Есім хан» тобына:

  1. Антропология қандай ғылым? Адамның шығу тегі, бет бейнесі, дамуын зерттейтін ғылым.

  2. Алғашқы адамдардың отаны? Африка

  3. Үйсіндердің астанасы? Қызыл Аңғар

  4. Есім хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы? Түркістан

  5. Қазақ хандығының соңғы ханы? Кенесары

  6. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 14 жылға

  7. Ресей империясының билігін алғаш мойындаған хан? Әбілхайыр

«Тәуке хан» тобына:

  1. Этнография қандай ғылым? Халықтың тұрмыс тіршілігін, салт санасын, әдет ғұрпын зерттейтін ғылым.

  2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары? Үшкіртас, жер қазатын таяқ, шоқпар.

  3. Ғұндардың билеушісінің лауазымы? Шәньюй

  4. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар? Керей, Жәнібек

  5. Тәуке ханның негізгі мақсаты? Билер көмегімен хан билігін нығайту.

  6. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824 жылы

  7. Үш жұзді қамтыған көтеріліс қашан болды? 1837-1847жж

Сайсымыздың үшінші бөлімі: Бекет (тарихи датамен жұмыс)

«Қасым хан» тобына:

1445-1518,1520жыл- Қасым ханның өмір сүрген уақыты

1475жыл – Қазақ хандығының әскери қолбасшысы болды.

1511жыл – хан тағына отырған жылы

1513 жыл- Сайрамды басып алды.

1514жыл- Жетісуда билігін нығайтты.

«Есім хан» тобына:

1598-1628жж – басқарған уақыты

1603-1624жж - Қазақ Бұқар шайқасы болды

1613жылы – Самархан қаласын басып алды

1627жылы – бейбіт елді ойрандауға қатысқан Қатаған руын өлім жазасына кесті.

1627жылы – Қалмақтарды талқандады.

«Тәуке хан» тобына:

1626-1715,1718жылдары - өмір сүрген уақыты

1680-1715,1718 жылдары – басқарған уақыты

1710жылы – Қарақұмдағы бас қосуды ұйымдастырды.

1687-1688 жылдары - Орта Азиямен сауданы дамытты

1685-1693жылдары – Сібірге бес рет елшілік жіберді.

Сайысымыздың төртінші бөлімі: Асу (хандардың заң жоралғылары)

«Қасым хан» тобы: Қасым хан әдет–ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағын шығарды. «Қасым ханның қасқа жолы» Қасым хандық құрған кезде ел басқару ісінде қолданылған әдет–ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан өз заңында құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. «Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрады:

  1. Мал мүлік және жерге байланысты қатынастар.

  2. Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар.

  3. Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртәбін бұзушыларға берілетін жазалар.

  4. Елшілік қатынастарды реттеу.

  5. Халықтық дәстүрді өткізу тәртібі (ас беру, той думандарды өткізу).

«Есім хан» тобы: «Есім ханның ескі жолы» атты әдет–ғұрып ережелері жинағын шығарды. Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады. Оның негізі Қасым хан тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қабылданған. Есім хан ғасырлар бойы сұрыпталып орныққан осынау жөн –жоралғы, әдет–ғұрып жосындарын өз заманының әскери саяси және әлеуметтік қажетттіліктеріне орай жетілдіріп жүйеледі.Әскери міндетті атқару ережелері, әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлататын заңдарды сақтады.

«Тәуке хан» тобы: «Жеті жарғы» XVII ғасырдың аяғымен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсында қабылданған. Қазақ халқыныңдәстүрлі әдет–ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан елдің бірлігін арттыратын шаралар қарастырып хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы қуатты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. «Жеті жарғыға» енген қағидалар қазақ өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын қамтыды. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен бірлік, куәлік ету мен ант беру рәсімдері мен тағы да басқа мәселелер қамтылған.

Сайысымыздың бесінші бөлімі: Жерұйық (тест сұрақтарымен жұмыс)

Қорытынды: Әділ қазыларға сөз беру, жеңімпаз топты марапаттау.


































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?аза? хандары" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Автор: Достанова Куралай Маухановна

Дата: 05.04.2015

Номер свидетельства: 197199


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства