kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему:"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамдық қызметі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сабақ :Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамдық қызметі.

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 21.10.2016 ж

СЫНЫП: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: негізгі мазмұнын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: мемлекеттік статус алған тілдер туралы түсінік қалыптасады.

Кейбір оқушылар: салыстырмалы түрде талдайды

Бағалау критерийлері:

Мазмұнын түсінеді;

Статусқа ие болған тілдерді біледі;

Салыстырмалы талдай алады.

Жоғары

Орта

Төмен

    Дескриптор:

Ойлау деңгейлері

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Жоспарланған уақыт

Басталуы

«БІЛУ»

Кім?

Не?

Қашан?

Қайда

«ТҮСІНУ»

Неге?

Неліктен?

Не үшін?

 Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

     Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамының материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынаста болады. Адамдардың өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл. Адам – тілімен адам. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.

Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүруінің кепілі – ұлттық тіл. Қазақтар өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп атайды. Қазақтар ана тілі – қазақ халқының ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Соған қарамастан, халық тілі өз ішінен сараланады. Ол, алдымен, бүкіл қазақ ұлтына және Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттарға ортақ, түсінікті әдеби тіл. Екіншіден, белгілі аймақта, жергілікті сипатта қолданылатын диалектілер, үшіншіден, ауызекісөйлеу тілі. Бұлардың қоғамдағы орны, маңызы, қызметі бірдей емес, бірақ осының бәрі ұлттық тілді құрайды. Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Көп ұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметінтолық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-нің тіл туралы Заңы» 1989 жылы қабылданды. Одан кейін қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылған.

Мемлекеттік тіл – Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын: мемлекеттік басқару, заң шығару, сот  ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары  — радио, теледидар, мерзімді баспасөз сияқты ақпарат құралдары, іс қағаздарының тілі. «Тіл туралы Заң» осы салалардағы тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болады.

АКТ

парта,тақта суреттер

10 мин

 Ортасы

«ҚОЛДАНУ»

Оқулықта берілген жаттығу жұмыстары

«ТАЛДАУ»

Салыстыр айырмашылығы неде?

Қай тіл көп тараған?

     Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулері қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?  Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады. Өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. Америка Құрама Штаттары Лингвистика институтының жуырда жүргізілген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тарағн тіл – қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 миллион адам сөйлейді екен. Ағылшын тілінде – 437 миллион, хинди тілінде – 338 миллион, испан тілінде – 331 миллион адам сөйлейді.

Сөйлеушілердің саны 100 миллионнан асатын тілдердің арасында араб (192 миллион), бенгал (181 миллион), португал (171 миллион), малай (138 миллион), жапон (124 миллион) тілдерін атауға болады. Француз және неміс тілдерінде тиісінше 119, 117 миллион адам сөйлейді.

«Табылады» деген сөзге кешенді талдау жасау.

АКТ

Постер

Таратпа

қағаздар

25 мин

Аяқталуы

«ЖИНАҚТАУ»

Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау

  «Бағалау»

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?

Өз

 ойыңыз?

 Дүние жүзіндегі мемлекеттік статус алған тілдерді топтастыру.

Кері байланыс. Бағдаршам.

Үй тапсырмасы.

Сөйлем талдау. Тақырыпты қайталау.

Кері байланыс жасау үшін қолданылатын сүреттер

10 мин

Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«открытый урок на тему:"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамдық қызметі"»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
открытый урок на тему:"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамдық қызметі"

Автор: Талипова Саяра Каримжановна

Дата: 24.11.2016

Номер свидетельства: 362173


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства