kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл- басты қазына

Нажмите, чтобы узнать подробности

                           

                                             Тіл-басты қазына

Мақсаты: ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы-туған тіліміз. Тіл-тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Сайыс сабақта асыл мұраларымыз-мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, шешендік сөздерді жас ұрпақ қаншалықты білетіндігін сарапқа салу.

Жүргізушінің сөзі:Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Тіл-басты қазынам» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға тек қана сәт-сапар тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

-Балалар, ана тілімізді «мен қазақпын» деген азаматтар ардақ тұтуы керек. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Өз тіліміздің құдіретін асқақтата білейік!

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түр қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы!-дейді М.Шаханов.

Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып сақтау-қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Алдымен, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру.

2.Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

3.Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

4.Жаңылтпаштар сайысы.

5.Жұмбақтар(жанкүйерлер үшін).

6.Өлең құрастыру(Тақырыбы ана туралы).

7.Көрініс(шешендік сөздерден көрініс қою).

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

-Сайысты бастамас бұрын бүгінгі сайысымызды сарапқа салатын қазылар алқасымен танысайық:

1.Гүлден мұғалім-директордың оқу жөніндегі орынбасары.

2.Бейсенбай мұғалім-мектеп директоры.

Бірінші бөлім: - Сайыстың алғашқы шарты бойынша сөз екі топтың мүшелеріне беріледі. Топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.

Екінші бөлім:- Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал -мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шарт.

1 -топқа: мынадай мақалдар ұсынылады:

1. Ағасы бардың- жағасы бар.. (Інісі бардың- тынысы бар.)

2. Балапан ұядан не көрсе. (Ұшқанда соны іледі.)

3. Жаздың бір күні. (Қыстың мың түні.)

4. Сумен ойнама- батарсың.(Отпен ойнама- жанарсың. )

5. Оқу инемен,.. (Құдық қазғандай).

6. Батыр туса- ел ырысы,. (Жаңбыр жауса- жер ырысы).

7. Жеті жұрттың тілін біл,. (Жеті түрлі білім біл).

8. Өзге елде сұлтан болғанша,. (Өз елінде ұлтан бол).

9. Үленді сыйласаң, қадірлі боларсың,.. (Кішіні сыйласан, құрметті боларсың).

10. Жері байдың. (Елі бай)

2-топқа: ұсынылатын мақалдар ұсынылады.

1. Асыл тастан шығады,.(Өнер жастан шығады)

2. Туған жердей жер болмас,..(Туған елдей ел болмас.)

3. Жақсыдан – үйрен,. (Жаманнан- жирен)

4. Отан.(Оттан да ыстық)

5. Айдағаның- бес ешкі,.(Ысқырғаның жер жарады).

6. Әзіл айтсаң да. (Әділ айт)

7. Білгенің- бір тоғыз,. (Білмегенің – тоқсан тоғыз)

8. Біреуі тоңып секіреді,. (Біреуі тойып секіреді).

9. Қына тасқа бітеді,. (Білім басқа бітеді).

10. Оқусыз- білім жоқ,. (Білімсіз күнің жоқ)

Үшінші бөлім: Ендігі кезек- өлең – жырларға беріледі. Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Төртінші бөлім : Балалар, сайысымыздың келесі шарты бойынша – жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға тиіспіз. Ақын, көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин ағамыз «Жаңылтпаш- бұл сабақ, тәжірибе. Бұл- тіл орамдылығы мен ыңғайлылығын қажет ететін ойнақы да қисынды сөз. Ертеде жаңылтпаш жиылған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Жаңылтпаш – ойлы сөз», - дейді. Осы ойлы сөзді жаңылмай жеткізіп көрейік.

  Естеріңізге сала кетейін, екі топқа бірдей жаңылтпаштар беріледі:

  1. Екеуінің жасы шамалас.

     Бірінің шашы- қара шаш.

     Екіншісінің шашы- ақ шаш аралас.

  1. Ас аспай бас аспазшы,

Ас асты жас аспазшы.

  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім?

Неше кіші ішік піштім?

  1. Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта.

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта.

  1. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

  1. Шеше, кеше, неше кесе,

Сынды кеше.

 Жанкүйерлерге. Келесі кезекті жанкүйерлерге бермекпіз. Көрермендердің белсенділігіне, толардың берген жауаптарына да баға беріліп, ол баға топ мүшелеріне қосылады.

  1. топқа берілетін жұмбақтар:
  1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады. (Бас киім)
  2. Белі бүкір, алысқа түкір (Мылтық)
  3. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең, көп жауар (Елек)
  4. Аяғы жоқ- жүрмейді, үй бағады – үрмейді (Құлып)
  5. Қар сияқты аппақ, өзі сондай тәтті- ақ (Қант)
  1. топқа берілетін жұмбақтар:
  1. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап- шағын (Сандық)
  2. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді (Құлып)
  3. Көлдің қарама қарсы бетінде адамдар бір-біріне уық лақтырып ойнайды. (Көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу)
  4. Бар ма, жоқ па – білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа)
  5. Жылт- жылт етеді, жылғадан өтеді (Су)

Бесінші бөлім: Келесі сайысымыз - өлең құрастыру. Ана тақырыбына шығарған өлеңдерін оқыту.

Алтыншы бөлім. Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдын- ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөздерден көрініс қояды. Сол көріністерді бірге тамашалайық!

(Оқушылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады. Қазыларалқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды).

Қымбатты балалар, біз сайыс барысында білім біліктеріңізді сарапқа салдық. Жеңіске жеткені, жеңілгені бар, қалай болғанда да, асыл сөздерімізді ұмытпағанымыз абзал. Тіл-әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік, сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек.   

                       Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»    Алматы «Жазушы», 2004 ж
  2. «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік нұсқау

                                                             Алматы «Рауан» 1994 ж

 

          3.  «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы   № 9     2005 ж

          4.   «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы   № 11    2007 ж

     

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл- басты қазына»

Тіл-басты қазына

Мақсаты: ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы-туған тіліміз. Тіл-тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Сайыс сабақта асыл мұраларымыз-мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, шешендік сөздерді жас ұрпақ қаншалықты білетіндігін сарапқа салу.

Жүргізушінің сөзі:Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Тіл-басты қазынам» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға тек қана сәт-сапар тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

-Балалар, ана тілімізді «мен қазақпын» деген азаматтар ардақ тұтуы керек. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Өз тіліміздің құдіретін асқақтата білейік!

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түр қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы!-дейді М.Шаханов.

Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып сақтау-қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Алдымен, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру.

2.Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

3.Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

4.Жаңылтпаштар сайысы.

5.Жұмбақтар(жанкүйерлер үшін).

6.Өлең құрастыру(Тақырыбы ана туралы).

7.Көрініс(шешендік сөздерден көрініс қою).

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

-Сайысты бастамас бұрын бүгінгі сайысымызды сарапқа салатын қазылар алқасымен танысайық:

1.Гүлден мұғалім-директордың оқу жөніндегі орынбасары.

2.Бейсенбай мұғалім-мектеп директоры.

Бірінші бөлім: - Сайыстың алғашқы шарты бойынша сөз екі топтың мүшелеріне беріледі. Топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.

Екінші бөлім:- Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал -мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шарт.

1 -топқа: мынадай мақалдар ұсынылады:

1. Ағасы бардың- жағасы бар ..... (Інісі бардың- тынысы бар.)

2. Балапан ұядан не көрсе... (Ұшқанда соны іледі.)

3. Жаздың бір күні ...... (Қыстың мың түні.)

4. Сумен ойнама- батарсың ...(Отпен ойнама- жанарсың. )

5. Оқу инемен, ..... (Құдық қазғандай).

6. Батыр туса- ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса- жер ырысы).

7. Жеті жұрттың тілін біл, .... (Жеті түрлі білім біл).

8. Өзге елде сұлтан болғанша, .... (Өз елінде ұлтан бол).

9. Үленді сыйласаң, қадірлі боларсың,..... (Кішіні сыйласан, құрметті боларсың).

10. Жері байдың .... (Елі бай)

2-топқа: ұсынылатын мақалдар ұсынылады.

1. Асыл тастан шығады, ....(Өнер жастан шығады)

2. Туған жердей жер болмас, .....(Туған елдей ел болмас.)

3. Жақсыдан – үйрен, ... (Жаманнан- жирен)

4. Отан ....(Оттан да ыстық)

5. Айдағаның- бес ешкі, ....(Ысқырғаның жер жарады).

6. Әзіл айтсаң да ... (Әділ айт)

7. Білгенің- бір тоғыз,.... (Білмегенің – тоқсан тоғыз)

8. Біреуі тоңып секіреді, ... (Біреуі тойып секіреді).

9. Қына тасқа бітеді, ... (Білім басқа бітеді).

10. Оқусыз- білім жоқ, ... (Білімсіз күнің жоқ)

Үшінші бөлім: Ендігі кезек- өлең – жырларға беріледі. Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Төртінші бөлім : Балалар, сайысымыздың келесі шарты бойынша – жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға тиіспіз. Ақын, көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин ағамыз «Жаңылтпаш- бұл сабақ, тәжірибе. Бұл- тіл орамдылығы мен ыңғайлылығын қажет ететін ойнақы да қисынды сөз. Ертеде жаңылтпаш жиылған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Жаңылтпаш – ойлы сөз», - дейді. Осы ойлы сөзді жаңылмай жеткізіп көрейік.

Естеріңізге сала кетейін, екі топқа бірдей жаңылтпаштар беріледі:

  1. Екеуінің жасы шамалас.

Бірінің шашы- қара шаш.

Екіншісінің шашы- ақ шаш аралас.

  1. Ас аспай бас аспазшы,

Ас асты жас аспазшы.

  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім?

Неше кіші ішік піштім?

  1. Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта.

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта.

  1. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

  1. Шеше, кеше, неше кесе,

Сынды кеше.

Жанкүйерлерге. Келесі кезекті жанкүйерлерге бермекпіз. Көрермендердің белсенділігіне, толардың берген жауаптарына да баға беріліп, ол баға топ мүшелеріне қосылады.

  1. топқа берілетін жұмбақтар:

  1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады. (Бас киім)

  2. Белі бүкір, алысқа түкір (Мылтық)

  3. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең, көп жауар (Елек)

  4. Аяғы жоқ- жүрмейді, үй бағады – үрмейді (Құлып)

  5. Қар сияқты аппақ, өзі сондай тәтті- ақ (Қант)

  1. топқа берілетін жұмбақтар:

  1. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап- шағын (Сандық)

  2. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді (Құлып)

  3. Көлдің қарама қарсы бетінде адамдар бір-біріне уық лақтырып ойнайды. (Көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу)

  4. Бар ма, жоқ па – білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа)

  5. Жылт- жылт етеді, жылғадан өтеді (Су)

Бесінші бөлім: Келесі сайысымыз - өлең құрастыру. Ана тақырыбына шығарған өлеңдерін оқыту.

Алтыншы бөлім. Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдын- ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөздерден көрініс қояды. Сол көріністерді бірге тамашалайық!

(Оқушылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады. Қазыларалқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды).

Қымбатты балалар, біз сайыс барысында білім біліктеріңізді сарапқа салдық. Жеңіске жеткені, жеңілгені бар, қалай болғанда да, асыл сөздерімізді ұмытпағанымыз абзал. Тіл-әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік, сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл- басты қазына

Автор: Жунусова Самал Калмурзаевна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Салтым - асыл қазынам"
    ["seo_title"] => string(20) "saltym_asyl_k_azynam"
    ["file_id"] => string(6) "383331"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485270043"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "«Тіл - асыл қазынам»"
    ["seo_title"] => string(17) "til_asyl_k_azynam"
    ["file_id"] => string(6) "386944"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486036587"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Cыныптан тыс ж?мыс.Жеті ?азынаны? бірі"
    ["seo_title"] => string(43) "cynyptan-tys-zhu-mys-zhieti-k-azynanyn-biri"
    ["file_id"] => string(6) "273824"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452273156"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салт-д?ст?р – асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(24) "salt-d-stur-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "204507"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429684175"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Квадрат те?деу т?бірлеріні? формулалары "
    ["seo_title"] => string(43) "kvadrat-tien-dieu-tubirlierinin-formulalary"
    ["file_id"] => string(6) "142328"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418276827"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства