Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыстар.Алғыс айту күні!»
«Құрық орта мектеп- гимназиясы» КММ
Сынып жетекшісі:А.С.Мухамбеткалиева
Мақсаты:
1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
I. Өмірге риза болып, алғыс айт.
- Қайырлы күн, балалар!
- Көңіл күйлеріңіз қалай!
- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!
-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.
- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.
- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.
Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.
- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.
Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.
Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".
-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.
II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!
- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...
Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!
- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.
- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.
Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.
- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?
- Осы шаңырақта кімдер тұрады?
- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.
Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!
-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?
Атам-ақыл бағбаным, Ағам-қамқор,асқарым,
Әжем-асыл ардағым. Інім-мөлдір аспаным.
Әкем- өмір тірегім, Қарындасым-қанатым
Анам-күнім,жүрегім. Биіктерге қонатын!
Ал енді балалар қазір біз шағын жағдаяттарға қарай көрініс қоятын боламыз. Ол үшін әр қатардан оқушылар тақтаға шығып, өздері тандап алған көріністі көрсететі.
1. 1-топ. Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау; ( мұғалім мен оқушы)
2-топ. Ағалы- қарындас туыстардың үйге келген
қонақтарды күтіп алу сәтінсахналау;
(екі қонақ ,қыз және ұл бала)
3-топ. “Ұландар” тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.
(Балалардың ойларын ортаға салу.)
1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.
2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.
3. Тілін алып, кішінің де кәрінің
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің
Үлкендердің айтқан сөзін тыңдауды
Әдептілік белгісі деп таныдым.
4. Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген
Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Әдеппенен үлкенге
Сәлемдесіп жол берем.
5. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.
Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.
III. Бірлігіміз жарасқан -
Таусылмайтын жыр дастан.
- Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?
- Мемлекетіміз қалай аталады?
- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
- Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет..
- Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н. Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!
Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.
- Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!
- Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!
- Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!
Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз.
"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата - аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір - бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер." - С.А. Назарбаева.
Жүректен жүрекке. (Данышпан атаның алғыс батасы)
1. Жасың ұзақ болсын! 7. Еліңе қорған бол!
2. Таудай биік бол! 8. Өнерің өрге жүзссін!
3. Өркенің өссін! 9. Үлкен азамат бол!
4. Бақытты бол! 10. Рахмет!
5. Білімді бол! 11. Әлемде бейбітшілік болсын!
6. Өнерлі бол! 12. Аспанымыз ашық болсын!
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!