Оқыту әдістері | Тренердің әрекеті | Қатысушылардың әрекеті | Ресурстар |
Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу. 10 минут. | Тренер Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі бойынша түсініктерін бақылау мақсатында "Желпігіш" стратегиясын пайдаланады . | Қатысушылар 1- сабақта ұғып ойға түйгендерін сұрақ ретінде бір - біріне ұсынып жауап алады. | Конспект, 1- күннің жазбалары |
Бейнежазба 5 минут | XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары | Таныстырылым арқылы ой түйеді. | Таныстырылым |
"Миға шабуыл" 15 минут | "Ойлан жұптас, бөліс" стратегиясы. 1. XXI ғасырда оқушылардың қажеттіліктері өзгергендігі туралы 2 минут ойланыңыз. Бұл күнде оқушыларға табысты болуға көмектесетін дағдылар мен қасиеттер қандай? Өткенмен саластырғанда бұл дағдылар мен көзқарастар немен ерекшеленеді? | Жұптас: Серіктеспен 2 минут ойыңызды талқылап, олардың мұғалімдер үшін қандай маңызы барын ойластырыңыз. Оқушыларды оларды күтіп тұрған өмірге дайындау үшін XXI ғасыр мұғалімінің қандай дағдылары мен сипаттамаларын өзгерту қажет? Бөліс: XXI ғасыр мұғалімі болу деген не екенін талқылаңыз. XXI ғасыр мұғалімі үшін маңызды болып табылатын қасиеттердің қысқаша тізімін жасаңыз. | Бейнежазба, таныстырылым : XXIғасыр дағдылары. Білім беру платформасы, стикер, қалам, флипчардқа араналған қағаз. |
Мұғалім көзқарастары 10 минут | Мұғалімнің көзқарастары (Ресурстармен таныстыру) 1. Мұғалім неліктен өзгеру керек? ББП. | Мұғалім мен оқушылардың көзқарастары жайлы біліктілік арттырады. | 1. Мұғалім неліктен өзгеру керек?ББП |
Бейнежазба 10 минут | "Оқушы үні"Бейнежазба ББП. | Бейнежазба арқылы ой түйеді. | "Оқушы үні" Білім беру платформасы |
Топтық жұмыс 10 минут | Мінсіз оқушының сипаттамасы | Карточкадағы сөздерді маңыздылығы бойынша жоғарыдан төменге қарай орналастырады. | Мінсіз оқушының сипаттамасына тірек сөздер, Үлестірме материалдар. |
Сергіту сәті 5 минут | Б сергіту. Зейінді басқа затқа аудару, сілку, ұйқыдан ояту, шашыраңқы назардан әлденеге шоғырланған назарға өтуге көмектесу; | Әріптестер өздері тағайындап келген сергітуін өткізеді. | АКТ |
| | | |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл. 15 минут | XXIғасыр дағдыларына қол жеткізу мақсатында оқыту мен оқу тәжірибелек өзгерістер енгізу үшін POWER POINT бағдарламасы бойынша таныстырылым әзірлеу. | Ойға түйгендерін ескере отырып, таныстырылым әзірлейді. | Ноутбук. |
| | | |
| | | |
6. Бағалау 3 мин. | Стикерлер арқылы топтар бірін- бірі бағалайды | Әр топ өзіне құнды деген топтардың идеяларына стикер жапсырады. | Стикер. Рефлексия сұрақтары |
7. Рефлексия 7 мин. | 1.Сіз не үйрендіңіз? 2. Мұңың сіз үшін мәні қандай ? 3. Бұл қағида тәжірибеде қалай жұмыс жасайды? 4. Сіз қандай да бір жаға көзқарас алдыңыз ба? 5. Талқылау кезінде қандай негізгі кезеңдер болды? | Жазып шығады. | Стикер, кері байланыс парақшасы. |