kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топтарға бөлу тәсілдері. Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Мұғалімдердің іс-орынын айқындау, белсенділікке ынталандыру, топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат алу;

-мектеп ұстаздарын курс Бағдарламасымен таныстыру, оқытудың 7 модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану;

- бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету;

- топтық жұмыс нәтижесінде әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал ету;
- ынтымақтастық оқу жағдайында әріптестерімен қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топтарға бөлу тәсілдері. Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.»

Коучинг жоспары

Тақырыбы

Топтарға бөлу тәсілдері. Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Мақсаты

- Мұғалімдердің іс-орынын айқындау, белсенділікке ынталандыру, топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат алу;

-мектеп ұстаздарын курс Бағдарламасымен таныстыру, оқытудың 7 модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану;

- бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету;

- топтық жұмыс нәтижесінде әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал ету;
- ынтымақтастық оқу жағдайында әріптестерімен қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға үйрету.

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:


-Ортада жайлы әрекеттестікті орнату;

-әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнату;

-мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу.

Оқытудың нәтижесі















Күтілетін нәтиже


Коучинг соңында:

- әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;

- ортада жайлы әрекеттестік орнатады ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнатады;

-мұғалімдер белсене қатысады;

• Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.

• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.

• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, миға шабуыл, ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Ресурстар

Интерактивті тақта, бейнеслайдтар, интернеттен қосымша материалдар

Қолданылатын құралдар:

Ватман, А4 парағы, АКТ, маркер, түрлі-түсті қағаздар, суреттер, кәмпиттер, карточкалар, үлестірмелі парақтар, көрнекіліктер.


Коучинг барысы


Коуч әрекеттері

Мұғалімнің әрекеті

Уақыты

1









































2







































































































































3




















Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері».



































Ой қозғау

«Шалқан» ертегісін оқу

Рөлдер таратылады (шал, кемпір, немере, ит, мысық, тышқан)



1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай іс-әрекетті байқадыңыздар?



2. Топтық жұмыс тәсілді қаншалықты жиі және қалай қолданасыздар?



3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?



Қалай ойлайсыздар бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай?


Осы кезде тақырыпты хабарлаймын. (Топтарға бөлу тәсілдері. Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі).

















































































Топтастырудың 1-амалы

Түрлі-түсті стикер арқылы топқа бөлу.


1-тапсырма.

Топтарға ватман таратылады. Постерді әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 5 минут беріледі.






  1. Топ. Топта жұмыс істеу ережелері.

  2. Топ. Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы.

  1. Топ. Топтық жұмыстың тиімсіздігі.

Бағалау парағын толтыру.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.


Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша:

Менің атым Жұмабике. Салмақты мінезім бар, намысшылмын.  Сіз ше?  



(Танысып болған соң): Олай болса, әріптестер, барлығымыз орнымызға жайғасайық.





Ұстаз
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Шал есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде шал шалқанына тамсанып қарайды.
Шал:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Ұстаз:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Шал:
- Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
-Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Ұстаз:
-Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:
- Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз
- Жарайды, апа, сізге көмектесемін.
Ұстаз:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
- Итім, итім көмекке келші.
Ит:
- Аф-аф-аф, көмектес десеңдер көмектесемін.
Ұстаз:
-Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
- Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
- Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Ұстаз:
- Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
- Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
- Әрине көмектесіп жіберемін.
Ұстаз: Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.





Түрлі-түсті стикер арқылы топтарға бөлініп отырады.



Талқылау-мұғалімдер өз идеяларын зерделейді, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады, топтық жұмыстың тиімділігі туралы ой бөліседі.


Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырма-ларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу керек. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтетіндігін жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізетіндігін білулері қажет.





Топтар ереже құрастырады.



Топ мүшелері бағалау парағын толтырады.


4

Топтастырудың 2-амалы

Таратылған әр түрлі кәмпит түрлері бойынша топтастыру


Таратылған кәмпит түрлері бойынша топқа бөлінуге болады.

Топтың көлемі мен саны теңдікте орнату тиіс. Мысалы көптеген шағын топтарда немесе жұптарда шектеулі уақытта тиімді жұмыс істей алады. Белгілі топтарда тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар,

мұғалім топтағы жұмыс түрлері жайлы және оның нәтижелері жайлы бағаланып, қортынды жасау керек.


5

Топтастырудың 3-амалы

Әке, ана, бала туралы өлең жолдары арқылы топтасу


Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.


Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,
Бір адам бар - ол өзіңсің, анам!
Мейірімге бір өзіңнен қанам,
Жылуды да жүрегіңнен алам.


Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек! 
Айдай толған кезімде, 
Би билеймін дөңгелеп!


6

Топтастырудың 4-амалы

От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу



От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.


7

Топтастырудың 5-амалы

Билайн, Актив, Теле2, Кейсел-мен топтау.

Мұғалімдерді өздері пайдаланатын ұялы байланыстың осы атауларына сай топтарға бөлу.


8

Топтастырудың 6-амалы

Геометриялық фигуралар арқылы бөлу

Фигураларды таратып, бірдей түрлері бойынша топ жасақтау.


9

Топтастырудың 7-амалы

Жыл мезгілдері бойынша топқа бөлу

Он екі ай жыл мезгілдері бойынша топтастырылады.


10

Кері байланыс:

1.Қалай ойлайсыздар,сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді?

2.Өз сыныбыңызда топтық жұмысты қолданасыз ба?





Мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді.


11

Бүгінгі сабаққа рефлексия жазуды ұсынамын (кір қыстырғышқа ілуді ұсынамын)


рефлексия жазады.

Екі жұлдыз, бір тілек.





«Топта жұмыс істеу не үшін қажет?»

  • Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.


Топта жұмыс істеудің нәтижесі:

  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін маханикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметттік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

  5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдаалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бұл арқылы топтарда жұмыс істеуде, оқушыларға тапсырма жасату барысында да қолдау көрсетіп, нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсету еді.


«Топтарды қалай ұйымдастыруға болады

Топтарды ұйымдастыру ережелері мынадай:

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Оқушылар достарымен бірге жұмыс істеуін өтінеді. Басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.

Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез-келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатында дағдылары мен стиліне икемделіп бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтық қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.

Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы межелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Осы ретте мұғалімдерге тапсырма берілді. Бұл тапсырманы берудегі мақсатым тапсырманы орындата отырып топтарда қалай жұмыс істеуге болатынын үйрету, соған сәйкес іс-әрекетке түсіру арқылы өзін-өзі реттеуге, бағалауға мүмкіндік беру болды. Топтарға берілген тапсырма «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген сұраққа постер салуға тапсырма берілді.

Мұғалімдер тапсырманы қызыға орындады. Бірлескен жұмыс жүргізілді. Тапсырманы беру барысында әртүрлі пікірлер айтылды. Салынған постерлер эстетикалық және мазмұндық жағынан жақсы шықты. Соның ішінде алғашындағы топтық әңгіме зерттеушілік әңгімеге ұласа отырып, қызу пікірталас жүргізілді. Әр мұғалім өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, дәлелдеуге тырысты.

Содан кейін барып мен бірінші топты құру, екінші топтық жоспарлау, үшінші жоспарды жүзеге асыру, төртінші қызметті жүзеге асыру, бесінші топ жұмысын бағалау екенін айттым.

Мұғалімдер «Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?» деп сұрады. Мен былай түсіндірдім, шағын топтар (4-6 оқушыдан тұратын топ), жұптар (екеуара жұмыс), үлкен топтар (7-10 оқушыдан құралған топ)

Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.

Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды. Шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт шамамен 5 минут барысында тиімді жұмыс істей алады.

Үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы керек.

Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.

Әр мұғалім өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, дәлелдеуге тырысты. Өйткені тапсырма қызықты болды. Өздеріне деген сенімділіктері арта бастаған секілді болды. Ең бастысы бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. Ынтымақтастық ахуал қалыптасты.

ІІІ бөлім бойынша бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

Абдрасилова Гүлбаланың өткізген сабағына қатыстым. Ондағы негізгі мақсатым қорытындылары мен нәтижелерін, не үйренгенін көру. Мұғалім сабақты психологиялық дайындықтан бастады. Оқушыларға 5 түрлі шоколадтар таратылып, сникерсті алғандар 1-ші топ, марсты алғандар 2-ші топ, албени 3-ші топ, 4-ші топ кит-кат, 5-ші топ баунти. Оқушылар топтарға бөлініп жайғасты. Оқушыларға А4 қағаздары таратылып, ішіне аналарың таңертең сендерді қалай еркелетіп оятады (мысалы: ботам, айналайын, құлыным, жаным т.б.) деп сөздерді жазғызды да ұшақ қылып ұшырды.

Оқушылар у-шу болып қызыға кетті. Біреуден алу керек екені ескерілді. Оны ашып оқып, қуаныш сыйлап отырды. Постер салуға тапсырма берілді. Балалар тапсырманы қызыға орындады. Бірлескен жұмыс жүргізілді. Сабақ соңында балалардың рефлексия парақтарынан сабақтың сәтті өткендігін көрдім. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Әрине бұл мені қуантты.

Болашақта коучинг сабақты қайта жүргізуде мен төмендегідей жұмыстарды басшылыққа аламын:

  • Бағалауды мұғалімдердің жеңіл меңгеруі үшін әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

  • Формативті бағалауды түрлендіру.

  • Кері байланысты жүйелі жүргізу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Топтарға бөлу тәсілдері. Бірлескен топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Автор: Кудабаева Жумабике Алписбаевна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393713

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңызы"
    ["seo_title"] => string(65) "ok_ushy_zhietistighin_bag_alauda_kritierialdy_bag_alaudyn_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "378677"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484246393"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Бірлескен және топтық жұмыс."
    ["seo_title"] => string(33) "birlieskien_zh_nie_toptyk_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "378682"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484246754"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жа?ашыл ?дістерді пайдалану жолдары"
    ["seo_title"] => string(35) "zhanashyldistierdipaidalanuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "289224"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454762862"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства