Мұғалім: Тіл –қандай ұлтта,елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл әрбір елдің жаны.
1-оқушы: Ана тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас, Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
2-оқушы: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім, Туған тілім - анам тілім - өз тілім, Туған тілім - далам тілім - өз тілім, Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
3-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.
IV.Оқулықтарыңды ашыңдар.Тапсырмалармен жұмыс.
1)Мәтінмен жұмыс жасау.Оқу,аудару.
2)Тіл туралы ойларын ортаға салу.
1-оқушы. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
2-оқушы. Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
1)Мақал мәтелдер туралы шағын білімдерімізді көрсету.
1. Өнер алды қызыл тіл. 2. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады. 3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.. 4. Тіл қылыштан өткір. 5. Басқа бәле тілден.
6.Ана тілің алпыс тілге татиды.
7. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт
8. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
9. Тіл - достықтың алтын көпірі.
10. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі. Өлең «Отан».
VI.Сергіту сәті.
Жұмбақ.
Бір отаудың ішінде отыз бөрі, Бар жалғыз қызметкері өте епті. Он жігіт алып барып тастағанда, Отаудың бүлкілдейді екі жері. (Тіл, тас, саусақ, ерін)
Мен жұмбақ айтайын табасын ба, Айналып ақ қаланы шабасын ба? (Тіл, тіс)
Екі тақта арасында Қимылдайды қызыл тақта. (Тіл)
Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)