Әдіс-тәсілі: Шаттық неңбер, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, сурет салу.
Көрнекілігі: Такқырыпқа байланысты слайд, суреттер, ақ қағаз қылқалам, гуашь.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз ?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмеймін
Балаларға әнұранды айтқызу.
(Орындарына отырғызу.)
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Ауа райы қандай ?
-Жаз айында неше ай бар ?
-Өткен тақырыпты қайталау.
Шаттық шеңберіне тұрып амандасады.
Оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық –ізденістік
-Балалар біз қай елде тұрамыз?
-Елбасы кім?
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз Қазақ елінде тұрамыз. Біздің кең байтақ еліміз,жеріміз, көп ұлтты халқымыз, өзен-көліміз, тауымыз бар, әлемдегі бай елдің біріміз. Біздің Отанымызды жақсы көреміз, сүйеміз. «Қазақ» елі екенін дәлелдеп тұратын рәміздеріміз бар.
Рәміздерге: әнұран, ту, елтаңба жатады.(Слайд арқылы түсіндіру.)
ҚР Әнұран-ол жеңістерге жеткенде, қандайда бір мемлекеттік іс-шаралар болғанда және өзіміз әр аптаның бірінші күні оң қолымызды жүрек тұсына қойып айтатын ән. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
ҚР мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сол жағында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығы ½. Авторы: суретші-Шәкен Ниязбеков.
ҚР мемлекеттік Елтаңбасы-дөңгелек пішінді, көк және сары түспен бейнеленген. Ортасында шаңырақ, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде -бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
Біздің елімізде осындай рәміздеріміз бар, біз оны құрметтуіміз керек.
Әдіс-тәсілі: Шаттық неңбер, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, сурет салу.
Көрнекілігі: Такқырыпқа байланысты слайд, суреттер, ақ қағаз қылқалам, гуашь.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері .
Біз қандаймыз , қандаймыз ?
Шұғылалы таңдаймыз ,
Күлімдеген күндейміз ,
Еш уайымды білмейміз.
Балаларға әнұранды айтқызу.
(Орындарына отырғызу.)
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Ауа райы қандай ?
-Жаз айында неше ай бар ?
-Өткен тақырыпты қайталау.
Шаттық шеңберіне тұрып амандасады.
Оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық –ізденістік
-Балалар біз қай елде тұрамыз?
-Елбасы кім?
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз Қазақ елінде тұрамыз. Біздің кең байтақ еліміз,жеріміз, көп ұлтты халқымыз, өзен-көліміз, тауымыз бар, әлемдегі бай елдің біріміз. Біздің Отанымызды жақсы көреміз, сүйеміз. «Қазақ» елі екенін дәлелдеп тұратын рәміздеріміз бар.
Рәміздерге: әнұран, ту, елтаңба жатады.(Слайд арқылы түсіндіру.)
ҚР Әнұран-ол жеңістерге жеткенде, қандайда бір мемлекеттік іс-шаралар болғанда және өзіміз әр аптаның бірінші күні оң қолымызды жүрек тұсына қойып айтатын ән. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
ҚР мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сол жағында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн , оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығы ½. Авторы: суретші-Шәкен Ниязбеков.