kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" ашық тәрбие сағаты»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»


Топ: 304 «ә»

Топ жетекшісі: Қасымжанова Г.Қ.


Семей – 2016 ж.

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»


Тәрбие сағатының мақсаты: ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы,  текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны, шығармаларының маңыздылығын насихаттау. Қазақ халқының ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан қазақтың біртуар азаматтарының бірі Қайым Мұхамедхановтың өмір жолын, еңбек жұмыстарын, ең бастысы өнер мен ғылымға жанашыр тұлға екендігін кейінгі ұрпаққа, жас буын өкілдеріне таныту.


Ашық тәрбие сағаты келесі кезеңдерден тұрады:

  • Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері

  • Қайым Мұхамедханов - әдебиетші, аудармашы, драматург, зерттеуші ғалым, текстолог

  • Қ.Мұхамедханов – абайтанудың абызы

  • Мұхамедханов – Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы

  • Қайым Мұхамедхановтың ұлдары Мұхамедханов Қанағат Қайымұлы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Дегдар Қайымұлымен, Қайым Мұхамедханов тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Смағұлова Ақмаралмен кездесу

  • Түрме қабырғасы жігерін мұқалта алмаған Қайым

  • Түйінсөз: «Ұрпақ үні»

  • Қорытынды



Сахнада ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ туралы слайд жүріп жатады. Қуаныш бұрышта үстел басында. Қ. Мұхамедхановқа арнауын оқып отырады

Сахнаға жүргізушілер Қуаныш пен Алтынай шығады


Алтынай:

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ (05.01.1916 – 30.06.2004) – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы,  текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері. Қайым Мұхамедханов – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым.




Қуаныш:

Қазақ ССР Гимнінің авторы,  КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.


(Экранда хронологиялық таблица)


Алтынай:

Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан. Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған, сол үшін 25 жылға сотталса да  түрме қабырғасы жігерін мұқалта алмаған Қайым туралы сөз ешқашан таусылмақ емес. Кемел ойлы кемеңгер ғалымның соңына қалдырған ұшан терең теңіз еңбектері бұл күнде қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналды.  


Қуаныш:

Қазақ совет энциклопедиясының он екі томына сыни-деректемелік талдау, әдеби-тарихи зерттеулер, Абай мен Махамбет шығармаларының текстологиясы. Бұлар- ғалымдық еңбектің ең үздік үлгілері. Бұл еңбектер қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір – тұжырымдардың  биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.


Алтынай:

Ендеше, зерттеуші-ғалым, кемеңгер-қаламгер   «Абайтану ғылымының ғұламасы - Қайым Мұхаметхановтың» туғанына 100 жыл толуына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты ғибрат ғұмырнамалық,танымдық    ашық тәрбие сағатымызды алдарыңызға ұсынамыз


Презентация


Топ студенттері сахнаға шығады, слайд көрсетіліп жатады (Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері – өмірі, шығармашылығы жайлы)

Топтың алдында Серікжан (Қайым рөлінде)(сахна сыртында баяу музыка ойнап тұрады):

Мен 1916 жылы 5 қаңтарда бұрын Заречная Слабодка деп аталған, қазіргі Жаңа Семейде дүниеге келіппін. Бұл жер 1917 жылдан 1930 жылға дейін Алаш аталып келді. Дәл бүгін осылай атасақ, Семейдің рухы көтерілмей ме?!

Мұхтар семинарияда оқып жүргенде-ақ әкем Мұхамедханұлының туған інісіндей болып кетті де, мені жанына тым жақын тартты. Осы сыйластық үзілмей, ер жеткенде оның рухани інісі етті. Біз қудалауға түскенде, мені оның «жан торсығы» деп тілдеді. Мұхтардың ұлы екенін сол кезде мойындап қойғандықтан ба, бұған менің мұртым да қисайған жоқ, қайта, тіптен қанаттанып қалдым. Мұхтардың тікелей ұсынысымен абайтануды, әсіресе, Абайдың ақындық мектебін зерттеуге ден қойдым.

1951 жылы сәуірде «Абайдың әдебиет мектебі» атты еңбегім бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. Оның арты дау-шарға, пәле-жалаға ұласты.

Ақырында «халық жауы» ретінде бес адам 25 жылға кесіліп айдалдық. Олар: Е. Бекмаханов, Е. Ысмайылов, Б. Сүлейменов, Қ. Жұмалиев және мен – Қ. Мұхамедханов.Мұхтарды да түрмеге тықты, ғылыми диссертацияның күшін жойып, жиған- терген, жазған дүниелерімді жойып жіберді. Осы тәуелсіздікті, Абайдың айналасындағы ақындардың бостандығын өмір бойы аңсадым ғой. Арманыма жеттім!


Экранда презентация (Іздемеске бола ма…)

Гүлназым:

Іздемеске бола ма…

Сағынамыз жыл өткен сайын біздер,

Толқын жуып, қаншама шайылды іздер…

Бұл күндері Семейге келген адам

Ең алдымен елеңдеп Қайымды іздер.

 

Іздемеске бола ма бұл ағаны-

“Бар Семейді жеке алған”ғұламаны.

Қайым десе,кең дала дүбір салып,

Құлағыңа келеді бұлақ әні.

 

Бірлесгүл:

Бірде шарт-шұрт, ал бірде жарқын күліп,

Шартарапқа қиялын талпындырып,

Тарих кенін қазады тыным алмай,

Ауыр жүкті мойнына артып жүріп.

 

Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,

Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек.

Академия бір өзі Семейдегі-

Өзі музей,

Өзі архив

Өзі мектеп.

Айтов Н. Іздемеске бола ма…/ Мұхамедханов Қ. Тағдыр және Карлаг.- Алматы, 2008.-209-211 б./


Жансая:

Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен.  Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан. Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары  Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов,  Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезовтер жатып, кеңесетін думанды отау болыпты». Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді. 


Айша:

Қайымның әкесі – Мұхамедхан Сейтқұлов (1870-1937) – аса мейірімді,   білімді,  жомарт, алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. 1911 жылы Сейтқұлов Міржақып Дулатовты кепілдік салып, тұтқыннан босатады,Шәкәрімнің қамаудан босап шығуына көмектеседі.  

Туған үйдің жылуы, қоршаған ортасы, білім өрісі өзінің елі мен жерін шынайы сүйетін, сондай-ақ ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауды ниет еткен тұлғаны қалыптастырды. Алты жастағы Қайым әкесінің үйінде алғаш рет М.Әуезовты көрді, ол мұнда жиі қонақта болатын.


Жібек:

1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, (27 қарашада УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп) желтоқсанның 2 күні атылған. 

1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таражға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым  сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала  көтеріп, төзе білді.


Гүлден:

1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді.Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін,  Семей пединститутына түсіп, 1941 жылы экстернмен аяқтайды.

Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.


Қуаныш: Ендігі сөз кезегін бүгінгі кешіміздің қонақтары Қайым Мұхамедхановтың ұлдары Мұхамедханов Қанағат Қайымұлына,  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Дегдар Қайымұлына береміз (Мухамедханов Дегдар Габдулкаимович, Мухамедханов Канагат Габдулкаимович)


Презентация


Жібек:

Үздік педагог-тәлімгер өмірінің 60 жылдан астамын жастарды  тәрбиелеу және білім беру ісіне арнады. 

Әкесі тұтқындалғаннан кейін Қайым М. Педагогикалық институттан қуылады. Сол кезде жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда  қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Адамдарды жақсы танитын М.Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. (М.Әуезов Қайымды Абай туралы роман-эпопея жазу барысында түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады).


Бірлесгүл:

Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып, алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған, соның өзінде артына аса мол мұра қалдырған ғұлама - Қайым аға Мұхамедханов. Абайтануда, сондай-ақ  Мұхтар Әуезовтің бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз. Абай шығармаларының текстологиясын жан-тәнімен тәптіштеп реттеуі, ұлы ақынның мұрагерлері туралы «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітап жазып шығаруы - небір үлкен ұжымның да қауқары жетпес шаруа.


Қайымтанушы ғалым Ербол Іргебайұлының сөзі (бейнесюжет)



Жансая:

(Қ.Мұхамедхановтың  мемлекеттік рәміздерді әзірлеуге қосқан үлесі) Қайым Мұхамедханов – Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы (1945). 1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә.Тәжібаевтың, Қ.Мұхамедханов, Ғ.Мүсіреповтің мәтіні қабылданды. Әнұран 1945 жылы бекітілді.

27 жастағы жас жігіт Қ.Мұхамедханов 1943 жылы конкурс жеңімпазы атанды. Алғашқы жолдары  «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» -деп басталады. О заманда мұндай жалын атқан сөзді тек нағыз патриот қана жаза алатын. Сол замандағы билік өз халқын ер, ержүрек деп айтуға жасқанатын, сол себепті «ер» сөзін  «біз» деген сөзге ауыстырып,  жекелеген авторлар – жас ақын  (Қ.Мұхамедханов) және жас композитор (М.Төлебаев) яғни, «серіктестер» ұжымы атынан шығарды.

1992 жылы Қайым тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын шығаруға арналған байқауға қатысып, мәтіні тағы жеңіске жетті.


Гүлден:

Бірақ, ғалымның тағдыры сияқты, шығармашылық жолы да аса даңғыл болмаған. Әнұранға қосалқы автор ретінде иелік еткісі келетіндер де табылды. Ал, алғашқы қазақ әнұраны ешкімге бөле-жара қатысы жоқ,тек Қайымға ғана тиесілі екенін айғақтау үшін тура 37 жылдай уақыт кетіпті. 1980 жылы арнайы комиссия оның жеке дара авторлығын растаған шешім шығарды.

Көрініс: («Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады)

Көрініске қатысушылар: Демеу (С.Бегалин), Қуаныш (М.Әуезов),

Серікжан ( Қ.Мұхамедханов)

Сахнаның ортасында Мұхтар Әуезов (қолында газеті бар) біраз ойланып тұрып, газетті әрі аударып, бері аударып:

- Қазақстан гербін, жалауын жасапты, жақсы (біраз күрсініп), енді бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық.

Бір уақытта сыртта дауыс естіледі: Мұхтар аға, сізге Сапарғали Бегалин келіп тұр

- Кірсін

Сапарғали аптығып келіп: - Мұқа, аманбысыз, шақыртыпсыз ғой, сол хабарды алып жеткенім міне

- Бармысың, асылым. Хабарды алсаң неге шақырғанымды да білетін боларсын?

- Иә, білем, елұранның мәселесі ме?

- Дөп түстің , тыңда, Сапеке, осы гимнді екеуіміз жазайық. Сенің орақ тілді адам екеніңді жақсы білемін, шақырғаным да сол себептен, қолыңнан келеді деп ойлаймын

- Бәлкім, аға, бәлкім

-Жалпы тәртібі былай, мәтін ұзақтау болмауы тиіс, онда елдің өткен өмірі,жүрген жолы,қазіргі жағдайы бейнеленіп, сонымен бірге партия көсемдерінің аттары да аталауы тиіс, уақыт тығыз, жылдамдату керек

- Иә, түсіндім (басын изеп, сәл тұрады), ол мәтін былай болса қалай екен?

- «Кең далада ат тұяғы дүбірлеп...» (Мұхтар оқып тұрған газетін бүктеп)

- Ой, Сапеке, мынауыңыз келіңкіремейді. Негізі мәтін рухты, осы елдің әрбір азаматы түсініп,көкейіне түйіп, ғибрат алатындай болуы керек. Жаның тебірерліктей мәтін болса....

- Болады, Мұқа, болады - деп Сапарғали кетіп қалады


Сырттан келген Қайым:

- Мұқа, кешіріңіз, манағы әңгімені сырттан тыңдап тұр едім, «біраз болса да оған қосар үлесім бар-ау» деп ойлаймын ...., мен жазсам қалай болады екен?

- Әй, бұл сенің қолыңнан келмейді – деп, Мұхтар шорт кеседі

- Мұқа, тым болмаса басын тыңдап көріңізші

- Ал, оқыңыз

- «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,

Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.

Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,

Жарқырап Лениндей күн шығып атты таң.

- Қалай дедің, басын қайталашы

- «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған...»

- Әй, мынауың бірдеңеге келеді - ау деймін, бірақ біраз өңдеу керек

(Қайым алдыға біраз шығып)

- Жоқ, өңдемеймін,салып жіберем осы бетінде

- Жақсы, қалауың болсын, жүр, конверт тауып берейін, бірден поштаға салып жіберелік

- Мақұл (Екеуі сахнадан шығады)

Сахна сыртынан: Құрметті жолдастар, Қазақ ССР нің тұңғыш гимні шырқалады.

Әні: М. Төлебеаев, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловскийдікі.

Мәтің авторлары: Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев, Қайым Мұхамедханов.

Орындайтындар: Роза Жаманова, Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев


Гимн ойналады


Гимн орындалып біткеннен соң сахнаға Қайым шығады, қолында қағазы бар:

«Біз қазақ дей ме, біз? Ер қазақ емес, біз қазақ

«Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,

Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.

Ер қазақ, жауынгер қазақ, ұлан ғайыр жер мен берекелі елдің иесі ер қазақ.

Біз емес, ер...

Әй, бірақ бұлар мұның мәнісін түсіне ме? Түсінбейді ау, түсінсе, болашақ ұрпақ түсінеді-ау, болашақ ұрпақ. Бірақ, кеш болмаса игі еді. Кеш болмаса...

Қуаныш: Сонау бір жылдары барша қазақстандықтар да әр таңын КСРО-ның мемлекеттік гимнімен атыратын. Республикамыздың гимні жұртты сол күннің игі істеріне еліктіретін, сендіретін, серпілтетін,салтанатты сәттерді күттіретін, еліміздің дауысы болып баурайтын

Айпара:

1930-жылдардың аяғында Абай мұрасы, оның шәкірттері мен ізбасарларына жойылып кету қаупі туды. Абай Сөзі  бұрмаланды, шығармалары  ғылыми  тұрғыда зерттелмеді. Қолжазбалары мен жеке заттары жоғалды,  өмірінің куәгері болған қариялар азайды.

М.Әуезов қазақ мәдениетінің елеулі бөлігін сақтауға бағытталған бірқатар тапсырманы өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды:

  • Абайдың тұңғыш Мұражайын ашуға негіздеме қалау

  • Абай шәкірттері мен ізбасарларының мектебін құру және сақтау

  • Ойшыл-ақынның құнды сөзін текстологиялық талдау әдісімен сақтап қалу


Еркежан:

Қайым Мұхамедханов 1940 жылы Қазақстанда, Семей қаласында тұңғыш  Мемлекеттік әдеби-мемориалды Абай мұражайын  ұйымдастыруға өлшеусіз еңбек сіңірді.Қ.Мұхамедханов ұстазы М.Әуезовпен бірге Семей қаласында алғашқы ғимаратты таңдады. Сол кезеңде 500 жәдігер нақтыланды, барлық жәдігерлерге ғылыми сипаттама беріліп, мұражай бойынша толық «Жолбасшы» құрал жазылды.


Малика:

Қызметін мұражайда аға ғылыми қызметкер болып  бастаған Қайым, жоғары оқу орнында сабақ беруін жалғастырды, ал 1947 жылы Мұражай ҚазССР-і Ғылым Академиясы қарамағына өткізілген кезде және ғылыми қызметті сақтап қалу мақсатында, Академия Президенті Қ.Сәтпаевтың бұйрығымен ол Мұражай директоры болып тағайындалып, 1951 ж. репрессияға дейін басшылық етті.


Алтынай: Экранға назар аударуларыңыз сұралады. Біздің колледж Абай қорық-мұражайымен үнемі байланыста жұмыс жасайды. Абай қорық-мұражайында ашылған «Ғалым. Қайраткер. Тұлға» көрмесін тамашалауға және Қайым Мұхамедханов басшылық еткен Абай қорық – мұражайының қазіргі таңдағы директоры Жүнісбеков Болат мырза сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз (топ білім алушыларының мұражайдағы суреттері, мұражай басшысы сөйлеген видео көрсетіледі)


Қуаныш:

Абай қорық мұражайының қызметкерлері «Ғалым. Тұлға. Қайраткер» атты өз көрмесін назарларыңызға ұсынады (көрме жұмысы)

Жаннұр:

Семейлік ғалымның еңбегі сол – ол алғаш рет Абайдың әдеби мектебіне ғылыми негіздеме қалады. Абай мектебі, бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей мектеп.

Абай мектебі – бұл абайтану ғылымындағы жаңа бағыт. Бұлар Абайдан оқыған, кеңесін тыңдаған, Абай арқылы орыс, әлем және шығыс мәдениетімен танысқан бір топ ақын-жыраулар, сазгерлер мен ертегішілер, әншілер.Олар – ақынның өз ұлдары және жас ақындар – Әубәкір, Әріп, Әсет, Баймағамбет, Көкпай, Мағауия, Тұрағұл, Шәкәрім,  алаш зиялылары  тәрізді  ізбасарлары.


Презентация (Карлаг, лагерь туралы)


Қуаныш:

1950 жылғы сталиндік репрессия кезеңінде тарихи шындық үшін әзір болып, басыңды тігетін жағдайлардың болғанын ешкім ашып айта алмады. Сондықтан, жастар ғылыми әділдіктің жеңілдікпен келмегінін білуі тиіс. Ғалымның адами моральдық қағидасы мен этикасы ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауда елеулі орын алады.

 

Серікжан:

 «Абайдың әдеби мектебі» диссертациясын (1951 жылы 7 сәуір) қорғау еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды.  Диссертация қорғалды, бірақ ұстаз бен шәкірт – Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады. Мұның соңы Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен босатумен аяқталды. Соңынан  Қ.Мұхамедханов 1951 ж. 1 желтоқсанда тұтқынға алынды, ол Семей және Алматы қ. НКВД түрмесіне, Қарағанды лагеріне қамауға алынды. Шектен шыққан азаптаулар  – ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады: ол «Абай мектебі бар» деп жауап берді.


Қуаныш:

Айып- ұлтшылдық. Ал, ұлтшылдық өзегі не десеңіз, ол- Абайды қорғау, Әуезовты қорғау, Абай шәкірттерін қорғау, қазақтың қазақтық рухын қорғау. Алматыдағы әркімге мәлім сұр ғимараттың ыстық- суық камераларындағы тамқұқтық азаптардан соң Карлагтың дәмін татты. - деді олар. Одан да өлгенім жақсы емес пе, жалған айтып, қайтіп жер басып жүремін.... 1956жылы ақталып, түрмеден босадым. ... Семейге оралдым. ... ғылыми еңбек жазуға кірістім деп жазған мұражай қорындағы естелігінде Қайым аға.


«Туған ел – алтын бесік, ұшқан ұям,

Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям?

Тарта гөр, Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңе мен еркін сыям...»


Әсем:

Қайым Мұхамедханов толық ақталып, өзінің аңсаған ұстаздық және әдеби шығармашылық қызметіне құлшына қайтадан кіріседі. Дәл сол кездерде ақын Қайымның көп жылдар, тіпті өмір бойы жасырып жүрген мына өлең жолдары туса керек:

Дер едім сонда дүние арманым жоқ,

Тағдырға таба болып қалғаным жоқ

Көрсеттің қорлығыңды, зорлығыңды,

Кеудемнен жүрегімді алғаның жоқ.


Гүлназым:

Өр зорлықпен басымнан еркімді алдың,

Әжім салдың бетіме, көркімді алдың

Аңқылдап ақ көңілмен алданбасқа,

Аузымнан айнымайтын сертімді алдың.


Отқа салдың, отырдым жігер қайнап,

Тордағы арыстандай көзім жайнап.

Шыңдалып шымболаттай шықтым, міне,

Отырмын өзіңменен күліп- ойнап.


Айпара:

Ғалым ғылыми идеяларынан бас тартпады, қазір халық мақтанышына  айналған  Абай мектебін сақтап қалды. Дегенмен, сол кезде Абай шәкірттері буржуазияшыл ұлтшылдар қатарына жатқызылды.  Біз қазір, өмірімізге қауіп төнбеген тыныш заманда шындық үшін күресе аламыз ба? Ал, сол бір қиын кезеңде ғалым-азаматтың адамгершілігі мен жауапкершілігі маңызды құндылықтарды сақтап қалды, сол арқылы біз бүгінгі таңда халық атымызды сақтадық.


Демеу:

Ұстаздың шәкіртіне берген үшінші тапсырмасы - бұл Абай  сөзінің түпнұсқасын сақтау.

Қайым 1940 жылдардан  бастап  және өмірінің соңына дейін Абай шығармаларының текстологиясымен айналысты. Ол Абайдың барлық өлеңдері мен поэмаларына түсініктеме жазды, сонымен ойшыл-ақынның ерекше сөздерінің тазалығын сақтады.


Жаңылсын:

Қайым-текстолог. Мұхамедханов алаш азаматтарының  мұрасын тереңнен зерттеуші болып табылады. Алаш зиялылары туралы алғашқы жариялымдар, ғалым әзірлеген өмірбаяны мен еңбектері баспасөзде жарық көре бастады, соның бірі «Семей таңы» газеті. 

Қайым Шәкәрімнің текстологы болды, сондай-ақ ақын үшін күресті: Шәкәрімнің ұлы Ахатпен бірге ақынның есімін ақтауда бар күш-жігерін аямады,  1958 жылы Мәскеуден Шәкәрімнің ақталғаны туралы анықтама келгеннен кейін, отыз жыл бойы Шәкәрім шығармашылығын ақтап алу үшін және ақынның құнды сөздерінің  тазалығын сақтап қалу үшін күресті. 


Айгерім:

Майталман педагог-тәлімгер Қайым 50 жыл Семей пединститутында дәріс берді, жалпы педагогикалық еңбек өтілі, 1930 жылдары курстарда дәріс оқығанын қосқанда,  барлығы 60 жыл. Ол жастардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олар: педагогтар және ғалым-әдебиеттанушылар, философтар мен мемлекет қайраткерлері, білім және мәдениет мекемелерінің басшылары, ақындар


Серікжан:

Белгілі лингвист ғалым Қинаят Шаяметұлы ұстазы жайында былайша толғайды: "Ол нағыз ұстаз, шын педагог еді. Қаншама шәкірт алдында отырса, соның ең озық - зерегіне арнап соған лайықтап сөйлейтін. Орташа мен төменгіні жетектеп, өсіру жолы осы емес пе?

Қайым (Габдулқайым)- Алаштың асыл арыстандарының, алыптар тобының өміршең, нұрлы шоғырдың өкілі. Кеңестік кезеңдегі мемлекеттік әнұранның алғашқы екі тармағына көз жібертсек:

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан- деген шумақтарда мәңгілік өлмес, өшпес қасиеттер жалындап тұр. Осы екі тармақ жігерлі ескерту емес пе?!


Алтынай: Қинаят Шаяхметұлындай Қайым Мұүхемедханов сынды ұстаздан білім алған, ф.ғ.к., «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, өзіміздің колледжіміздің директоры Жанаева Ш.А. өзінің «Қоңыраулы жылдар күмбірі» кітабында жазған Қайым Мұхамедханов туралы естелігінде:


(Экранда: «Қоңыраулы жылдар күмбірі» кітабы)


Жаңылсын: «Қайран, Қайым аға!. Әлі есімде,әр дәрістің алдында,мінбер қасында басы салбырап,міндетті түрде бір минуттай үнсіз тұратын. «Сонда арманда кеткен Алаш арыстарына дұға қайырып тұратын болуы керек» деп ойлаймын ғой бүгіндері, өзімше.Әйтеуір, сол үнсіз тұрысында үлкен мән бар екендігін лекцияға келіп отырған бәрімізде анық түсінетінбіз. Демімізді ішке алып,қимылсыз қатып қалатынбыз.Қалай басын көтереді,аудитория іші жанданып сала береді.Ол кісінің адамдық, ұстаздық бекзаттығы арыстық кескін – келбетінен-ақ айқын аңғарылып тұратын.Көбіміз секілді ауызбен емес, көмеймен, көкірекпен күлетіндігі де – Қайым ағаға тән айрықша бір дегдарлық нышан еді. Сабақ үстінде саусақтарының ұшы өзінше әдемі жымдасқан қолдарын кезек-кезек жоғары көтере, көркем де көсем сөйлеп беретін.Сонда ұстазымыз әр сөзді әуеге аялай көтеріп,әлпештеп тұрғандай әсер қалдыратын.Айтқанының бәрін аузымыздың суы құрып тыңдайтынбыз.

Бір қызығы, Қайым аға студентке ешқашан нашар баға қоймайтын,барлығымыз кілең төрт пен бес алатынбыз. «Сендерді өмір өзі бағалайды,бағасын өзі қояды,айналайындар!»-дейтін, сынақ кітапшамызға әдемілеп қол қойып жатып...«Біздің қазақтың әдебиеті қазыналы... Заман жақсарады,әлі талай дүниені ашық айтар кез туады!...»-дейтін ол, аузынан жалын атқандай ауыр күрсіне тұрып. Ондайда көмекейі бүлкілдеп,көзі жасаурап, сөзден сәл кідірістеп қалатын. (Тарихымыздың ақтаңдақ кезеңдерін, әдебиетіміздің небір «ақтабан шұбырындысын» қабат-қабат ішкі мұң – шерімен солайша ишаралап меңзейтінін, біз ол кезде қайдан білейік!) Қайран, Қайым аға!...» - деп жазады.


Алтынай: Құрметті, Шағангүл Алдамжарқызы, тәрбие сағатынан естелік ретінде сізге сыйлығымызды ұсынамыз (Қ.Мұхамедхановтың рамадағы суреті)


Қуаныш: 2011 жылдың 9 желтоқсанында колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен колледжіміздің қабырғасында Қ.Мұхамедхановтың атына атаулы кабинет ашылды. Қазіргі кабинет меңгерушісі – Битолеуова Эльмира Даулетжановна.


Экранға назар аударсақ.


Алтынай: Ендігі сөз кезегі Қайым Мұхамедханов тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Смағұлова Ақмаралға қызына беріледі.


Қуаныш:

Адамның бақыты – туған халқынан алған ақ  батасы мен ризашылық білдірген жылы сөзі. Қазіргі заман жастарының жыр-арнаулары патриоттық сезімге толы, өйткені олар үшін Қайымның өмірі – рухани тірек, туған жері мен халқына деген адалдықтың үлгісі.


Алтынай:

Абайтану – Әуезовтану – Шәкәрімтану – Қайымтану –  бұл  өзара логикалық байланыстағы  және қалыптасудың күрделі жолының, күрес пен мәдениетті қорғаудың, ғылым мен  халық рухының  бір-біріне өзара тәуелді үрдісінің  тарихи ақиқаты.  Бұл – халықтың бірегей мәдени кеңістігі. Біздер, бізден кейінгі жас ұрпақ ұлы тұлғалар ілімін сақтап, аялап, толыққанды зерттеп, білімгеенгізуіміз керек.


Қуаныш:

Қайым Мұхамедханов есімі ғасырдан-ғасырға жетеді!Қайым Мұхамедхановтың есімі көптеген энциклопедияларға енді. Ғалым-патриоттың отаны Семей қаласында ескерткіш орнатылды (2010 ж.), ал, өзі өмір сүрген  және еліміз тарихының көрнекті қайраткерлері бас қосқан  үйге Мемориалдық тақта қойылды  (2004 ж.).


Презентация. «Хаттар сөйлейді»


Ұлылықты ұғынған адам

Алтынай:

(Қазанама)

Зерделі, зерттеуші Абай мұрағатын,

Мектебін, шәкірттерін, жұмағатын.

Ұлы Абай, заңғар Мұхтар, ойшыл, ақын,

Шәкәріммен жалғасып тұрар атың…



Семейдің Мұхамедхан мырзасы еді,

Алаштың белгілі бір тұлғасы еді.

Шыңғыстың арқар өрсе шың-құзында,

Қайым аға Көкентау құлжасы еді.



Қуғын көрген кәрінен Қызыл кеңес,

Кемел Мұхаң данамен сырлас еді.

Толстоймен пікірлес дұшпанның,

Толғамай терең ойын тынбас еді.



Қазақтың Күн іспетті көсемдері-

Әлихан, Ахмет елге шын бас еді.

Міржақып, Жүсіпбек пен Мағжандарым,

Қиылған қыршынынан тым жас еді.



Қуаныш:

Елі мен ерлерінің жоғын жоқтап,

Азан, аза бөліскен мұңдас еді.

Ұлылардың ұғынған ұлағатын,

Қайым аты қазаққа қымбат еді!



Ғұмыр кешті жарда тік, құламалы,

Құлағымда, жүректе ұран-әні.

Бағасы: «Бір өзі – академия!»

Қай ғасыр туар енді ғұламаны?



Асырды жарқыратып аршып алған,

Ұлт намысын, санасын қамшылаған.

Қаламынан ақиқат тамшылаған,

Өтті өмірден өрт Қайым – жасын адам!


Түйінсөз: «Ұрпақ үні»

Гүлназым:

* Шәкірт ретінде шажірелі дәрістеріңізді тыңдамасам да, өзіңіз жазған, тынбай еңбектеніп қалдырған зерттеулеріңізді оқи отырып, қарағайдай қайыспас бітім- болмысыңызбен тұрған дана да дара тұлғаңызды таныдым.

Жаңылсын:

* Жастықтың оты жалындап тұрған шағыңда ғылым- білімді ұйреніп, зердеңе тоқып, еліңе пайдалы іс қылуға ниет етсең, сонда нағыз адам болғаның, «атаның баласы болмай, адамның баласы болғаның». Өмір бойы Абайдың ілімін өміріне азық еткеніңіз әр жазған қаламыңыздың ізінен, өнегелі жолыңыздан көрінеді.

Динара:

* Алып жүрегіне қазақтың кең пейілін сыйғызып өткен адал перзентіне туған елі де риза. Рухын асқақтатып, жұрт жадына сақтайды, ұрпағы жыр қылып айтады.

Асем:

* «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де өлмегенмен боласың тең» деген Абайдың сөздеріне әбден лайықты жанның келбетін танып, рухыңызға тағзым етеміз (Бәрі хормен)


Қайымға тағзым – студенттер бастарын иеді.



Қуаныш:

Қорыта келгенде, ойы биік, жаны таза ғалымның тарихымызға қосқан ең үлкен үлесі – ол кісі үзеңгілерімен бірге, о  заман мен бұл заманның арасына салынған алтын көпір бола білді.   «Ғалымның хаты өлмейді» деген, міне, осы.

Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам - Қайым Мұхамедханұлы. 

Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі -  Қайым Мұхамедханов мұрасы бүгінгі жастарға үлгі, өнеге.

Алтынай:

Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі ешуақытта ұмытылмақ емес. Ғасырлар өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шықпақ.

Сан қырлы талант иесі, қайсар да, рухты ғалым Қ.Мұхамедхановты  жас ұрпақ біз ешқашанда ұмытпауға тиіспіз!

Қуаныш: Осымен біздің «Абайтану ғылымының ғұламасы - Қайым Мұхаметхановқа» арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Кешімізге қатысып, көңіл бөлгендеріңізге алғысымызды айтамыз! Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" ашық тәрбие сағаты

Автор: Касымжанова Гаухар Каржасовна

Дата: 05.06.2017

Номер свидетельства: 420447

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек""
    ["seo_title"] => string(33) "t_rbiie_sag_aty_zhyrlaidy_zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "386311"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485925666"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Отаным-м??гі ?ор?аным»"
    ["seo_title"] => string(19) "otanymmnghikorganym"
    ["file_id"] => string(6) "299443"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456512742"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Тұған өлкем - табиғатың қандай көркем"
    ["seo_title"] => string(41) "tu_g_an_olkiem_tabig_atyn_k_andai_korkiem"
    ["file_id"] => string(6) "397449"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488533240"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""М??а?али -м??гілік ??мыр"презентация "
    ["seo_title"] => string(46) "mu-k-ag-ali-m-n-ghilik-g-u-myr-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "179533"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425026801"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?аза? поэзиясыны? Хант??ірі "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-poeziiasynyn-khant-n-iri"
    ["file_id"] => string(6) "176320"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424404358"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства