kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жырлайды жүрек » атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың  өмірі,

шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның

өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.

Көрнекілік құралдар: ақын портреті,шарлар, слайдтар.

1-жүргізуші: Кудайбергенов Арыстанбек

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

2-жүргізуші: Амангельдинова Аружан

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де ұлы ақынымыздың туғанына  жыл  86  толуына  арналған «Жырлайды  жүрек»  атты тәрбие сағатымызды  бастауға  рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Кудайбергенов Арыстанбек

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.

2-жүргізуші: Амангельдинова Аружан

Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға

шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген.

Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл,

Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Майгүл атты қызы 10

жасында көлік апатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.

1-жүргізуші: Кудайбергенов Арыстанбек

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен  «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

Ендеше  «Бахыт деген » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Кудайбергенов Арыстанбек

Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың  бірі.Ақынның өзі «Егер  сіздер  шынымен менің  өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек  болсаңдар,онда мен  не  жазсам,соның  бәрін оқып шығуды  ұмытпаңыздар.Мені өз  өлеңімнен  бөліп қарамауларыңызды  өтінем» деген  екен.

2-жүргізуші:Амангельдинова Аружан

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

Поэзия минуты.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

1-оқушы:Акмаржан

Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Өз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да өлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.

2-оқушы:Рамазан

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

3-оқушы:Галия

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

4-оқушы:Арзу

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған

5-оқушы:Илья

Ең бірінші бақытым халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын қорболмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің

6-оқушы:Виалина

Ал екінші бақытым тілім менің
Тас журекті тілімнен тілімдедім
Кей кейде дүниеден түңілсемде
Қасиетті тілімнен түңілмедім

7-оқушы:Вероника

Бақытым бар үшінші отан деген
Құдай деген кім десе отан дерем
Оты сқнген жалғанда жан барсыңба
Ойланбайақ келдағы от алменен

8-оқушы:Анна
Үш бірдей бақытым бар алақанда
Құдай мені бақытты жаратарма
Үшкүн нұрын тқгеді аспанымнан
Атырау,Алтай,Арқа,Алатауға

2-жүргізуші: Амагельдинова Аружан

Көп  адам дүниеге  бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын  көп  шалдырған.

Өлді  деуге  бола  ма,ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын  артына  із  қалдырған!

1-жүргізуші:  Кудайбергенов Арыстанбек

Ақынның сөзі  өлмесе,өзі  де өлмегені.

Осымен Мұқағали  Мақатаев шығармашылығына  арналған «Жырлайды  жүрек» атты  тәрбие сағатымыз  аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек"»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек"

Автор: Елубаева Алия Курмангазыевна

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386311

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Е? мейірімді-, ш??ылалы ж?лдыз-М??а?али"
    ["seo_title"] => string(37) "ienmieiirimdishugylalyzhuldyzmukagali"
    ["file_id"] => string(6) "289985"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454909177"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Сыныптан тыс іс-шара "
    ["seo_title"] => string(21) "synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "179022"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424936757"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""?лы Абай"  саба?тан тыс ж?мыс"
    ["seo_title"] => string(24) "ulyabaisabaktantyszhumys"
    ["file_id"] => string(6) "319758"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460953805"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства