kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің тауық жылы қазағыма

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық сценарий. 3 сынып арасында жарыс түрінде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің тауық жылы қазағыма»

Қош келдің, тауық жылы қазағыма

Категориясы: Тәрбие сағаты 

Мәжіліс залына сыныптардың отыру сызба - нұсқасы
Жаңа жылдық сахна


1 - жүргізуші.
Армысыздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!
Жаңа жыл кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
1 - жүргізуші.
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2016 - шы мешін жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2017 - ші тауық жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
2 - жүргізуші.
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
1 - жүргізуші.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (Залға 2 - 4сынып оқушыларын жай музыка ырғағымен қолдарына бенгаль оттарын ұстап кіреді, шыршаны айналып дөңгеленіп вальс билейді.)
2 - жүргізуші.
Лайлының қолтығында жатқан
Жас ұрпақты біліммен сусындатқан
Ботақара мектебінен, тәлім алған
Кішкентай бүлдіршіндердің аулына барайықшы (2 - 4 сыныптар май шамдарын жағады)
1 - жүргізуші. 2 сыныптарға тілек
Чемпион ұлдары бар,
Қызғалдақтай қыздары бар.
Спортпен достасқан
Татулықпен қырды асқан
2 сыныпты қол соғып қостайықшы
2 - жүргізуші.
3 сыныбымыз жеке дара ғой
Алыстан атойлататын қара ғой.
Мектепте әйгілі алыптар өскен
Ұлдары мен қыздары дана ғой
3 сыныпты қол соғып қостайықшы
Мәжіліс залына «Бақыт құсы» ( ) музыкамен ұшып келеді, қолында сиқырлы таяқшамен әр сыныптың үстелінде тұрған май шамды жағып, барлық сыныптар отырған орынға жайғасады.
Бір сәтке адам емес
Бақыт құсы болайықшы,
Қалықтап ұшып, мектеп көлемін шолайықшы,
Мектеп бітірер түлектердің бастарына қонайықшы.
Музыкалық ән - шашу (үй тапсырмасы)
4 сыныптар
3 сыныптар
2 сыныптар

Лоторея (ойнату) әр топтан 2 оқушы қатысады

Ойын газет үстінде вальс билеу

КТК бағдарламасы
Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық тауық жылын
Ұзатып сап мешінді
Қыз: Мешін Жылы – қой жылынан кейін, тауық жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 9-жылы.
Азия халықтарының (қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, Әзірбайжан, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Григорий күнтізбесі бойынша Мешін Жылы 2004 жылдың 22 наурызы мен 2005 жылдың 21 наурыз аралығына келді және ол 2016 – 2017, 2028 – 2029, 2040 – 2041, т.б. жылдары қайталанады.



Уақыт.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа, адамдар, аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа тауық жылмен хабарласады.)
Алло, Алло! Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Тауық жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!


Мешін жылы:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Тауық жылы:
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Мешін жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 - пен 5 - ке оқыңыздар! Өмірдегі бар сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз! Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік - ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Кейіпкерлер ортада кездеседі.
Әрине сіздерге сахна төрінде орын дайын, жайғасыңыздар!
1 - жүргізуші:
Кәне, кәне келіңіздер
Періштелеріміздің биін көріңіздер!
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жыл кеші басталды,
Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!
Аяз ата ұлдарға тапсырма әкеледі. Әр сыныптан 3 бозбаланы ортаға шақырамыз.

1 жұп атқа мініп, шабу.
2 жұп күш сынассын.(қол күрес)
3 жұп кім күшті (арқалап апару)
Ақшақар қыздармен сайыс өткізеді.
1 жұп – бұрымды қыз.
2 жұп – өнерлі қыз (биден сайыс)
3 жұп – викториналық сұрақ - жауап
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
1 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!
1 - жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
1) «Боксерлер» қолғабы.
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:
Тышқан жылы - тыныштық
Сиыр жылы - сыйлық
Барыс жылы - бірлік
Қоян жылы - қамбалы
Ұлу жылы - үлгілі
Жылан жылы - жайлы
Жылқы жылы - жұтсыз
Қой жылы - құтты
Мешін жылы - мерейлі
Тауық жылы - табысты
Ит жылы - игілік
Доңыз жылы - дүниелі -
деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір - қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жан-дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қош келдің тауық жылы қазағыма

Автор: Ибратуллова Индира Акылбаевна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381128

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Қош келдің, Жаңа 2017 жыл"
    ["seo_title"] => string(32) "k_osh_kieldin_zhan_a_2017_zhyl_1"
    ["file_id"] => string(6) "377029"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483974886"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Конспект урока на тему "Құтты болсын Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_uroka_na_tiemu_k_u_tty_bolsyn_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "452003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516724656"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Наурыз – жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz_zhyl_basy_1"
    ["file_id"] => string(6) "394232"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668847"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертегі. Сыныптан тыс жұмыс. 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(53) "zhan_a_zhyldyk_iertieghi_synyptan_tys_zhu_mys_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "446081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513975028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства