kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, Жаңа 2017 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Қош келдің,Жаңа 2017 жыл.

Мақсаты :Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру;шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,балалардың,Аяз атаның,Ақшақардың,Сайықмазақтың карнавалдық киімдеріне назар аударту;көңілді ойындар ойнату;достық қарымқатынас ояту;бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар : жүргізуші,Аязата,Ақшақар,Сайықмазақ,Мыстан -бикеш,балалар,ата-аналар.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші : тезірек тездетіп мында жиналындар.Басталды Жаңа жылдық карнавал,маскада бар,би де бар,асығындар,шырша жаңында қоңақтарды қарсы алындар.Аязата шақырған бірі дағы қалмайды.Басталды,басталды жаңа жылдық карнавал!

Би "ақ үлпа қар".

Карнавалдың иелерін қарсы алайық!(қол шапалақтайды,балалар екі-екіден кіреді)

1 Жүргізуші : Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,

                     Бақытты боп бастады жыл дастанын.

                     Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

                      Құтты болсын жаңа бақыт достарым!

2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар,оқушылар,ұстаздар,қоңақтар жаңа жыл мерекесіне арналған "Қош келдің,Жаңа 2017 жыл" атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 Жүргізуші : Құрметті жамағат жүрекке жылылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білік басшысы Абугалиев Асқар Төлегенұлына  береміз.

2Жүргізуші : Құтты болсын жаңа жыл,барша халық,қуанышқа,шаттыққа тасанайық.БІр -бірімізге шынайы тілек тілеп,бар әлемге бақытпен жар салайық!

(Сайықмазақтар билеп кіреді)

Сайықмазақ : Армысыздар халайық!Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым?Бәріне орын жетті ма?Сендермен кездескедерімізе өте қуаныштымыз.Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

Хоровод ән "Жаңа жыл"

Сайықмазақ : Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,сендермен бірге қызықты ойын ойнайыншы!

Ойын : "Кім жеңеді?"(4 орындықпен)

мыстан кемпір кіру музыка.

мыстан : Уф,шаршадым!Мен өзі қайда келдім?Далада боран соғып тұр түк көрінбейді.мені таңыдыңдар ма ?

Балалар : жоқ

Мыстан : Қалайша сендер мені таңымадыңдар? Мен мыстан кемпірдің жалғыз немересі мыстан -бикешпін.Сендер неге мені жаңа жылға шақырмадыңдар?Қазір мен сендерге көрсетемін,не істесем екен,аааааа таптым,таптым.Мен сендердің шыршаларынды сыйқырлап тастаймын.

Сыйқырлау музыка.

мыстан : аха -ха-ха.

сайықмазақ : (мыстанның қасына барады )сәлеметсің бе мыстан бикеш !жаңа жыл мерекесіне қош келдің !Сен өте әдемісін,сұлусын..неге көңіл күйін жоқ?

мыстан :сендер мені режіттіндер!Жаңа жылға шақырмадындар!

Сайықмазақ : Бізге ренжімеңіз,балалармен бірге ойнаныз,биленіз..

мыстан : ондай болса менің шартым бар !

Сайықмазақ : Қандай ?

Мыстан : маған әдемі ән айтып беріңдер.

Жүргізуші : Қане балалар,мыстан -бикештін шартын орындайсындар ма ?

Балалар : Ия.

(балалар ән айтып,би билейді )

сайықмазақ: Ой рахмет! Балалар мен сендерге ризамын! мыстан екеуміз бірге сенің сыйқырынды қайтарайық.

Мыстан: жараааайды!

(Музыка сыйқырлау әуені)

Ж: Балалар,бізге қоңақ келе жатыр ғой деймін,бір тықылдаған дауыс естіледі.

музыка осы кезде мешін кіріп келеді.

Мешін : Сәлеметсіңдер ме,кешіккен жоқпын ба,мен сондай асықтым,сондай жүгірдім,кешігем деп қатты қорқтым,уақытында жеттім бе ?

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық,бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім:

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2017 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстан!

Келесі жыл бастауын тауыққа берем.

Ж: Қош келдің ескі жыл! Сенің жылын бізге молшылық,бақыт,табыс әкелді,рахмет саған.Балалардың сізге арнаған жаңа жылдық тартуы бар.

Мешін : Рахмет сендерге балалар! Менің кетуім керек,жаңа жыл тауықты тауып,сіздердің тосып отырғандарыңызды айтайын.жақсы балалар сау болындар!

Ж:О,халайық жарандар !

Қилы-қилы заман бар.

Мешін жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар,

о,халайық!

Қош айтысып қалайық!

Б: сау болыңыз!

Ж: Балалар енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Б: Аяз ата,Ақшақар!

Ж: Балалар Аяз ата бізді естімей жатыр ғой деймін,қане қаттырақ дауыстап шақырайық Аяз ата,Ақшақар (2 рет)

(Залға Аяз ата кіреді)

Музыка аяз ата мен Тауық кіреді

Аяз ата : амансыңба ұлдарым!

Амансыңдар қыздарым!

Қандай әсем жүздерін,

Қандай әсем жырларын.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарын сендерге

Шарашап келді алыстан!

Тауық : Мен жаңа жыл тауықпын!

Бақыт,шаттық,молшылық әкелемін.

Бәріміз жаңа жылда аман болайық,

мерекені қарсы алайық,шаттанайық.

Ж: Сәлеметсіз бе Аяз ата мен жаңа жыл қош келдіңіздер!Төрлетіңіздер,шаршадыңыздар,бірәз тыңығып алыңыздар.Аяз ата Ақшақарыңыз қайда ?

Аяз ата : жаңа сендерге келе жатыр едім,немеремнен адасып қалдым. Соны іздей,іздей шаршадым.

Мыстан күліп, музыка

Мыстан: Ей, Аяз ата ондай немерені қайтесін,мына мендей сылқым тұрғанда.Астымдағы көлігім лексус,киімім -Шанель,әтірім -гучи,косметикам -Эйвон.Ал сенің немерен жыл бойы бір модадағы киіммен жүреді,өзі әппақ құдай.

сайықмазақ : Қайдағы сен өзінді сұлу деп тұрсын ба ?Біздің балабақша ата-аналары сенен де әдемі.Әдемі ата аналар ортаға шығыңыздаршы.

Залдан ата аналарды шақырып "Қар лақтыру " ойынын ойнатады.

мыстан : Ой,сендер де сұлу дей салмайсындар ма.Жарайды ата -аналарын сұлу-ақ болсын. Жүр сайықмазақ Ақшақарынды ала бер.

Музыка Ақшақар залға кіреді.

ақшақар. Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарын құтты болсын!

Аяз ата қасына

Мен де еріп келемін.

Сендердей балғын достарға

Иіліп сәлем беремін"

Рахмет сіздерге сұлу ата-аналар!

Ж: Қош келдің Ақшақар кел төрлет! Аяз ата Ақшақар балалардың сіздерге арналған жаңа жылдық тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар айтылады..

Ақшақар : Шырша неге жаңбай тұр?Аяз ата шыршаны жағайықшы.

Аяз ата : Қане балалар,шыршамызды жағайық.Менімен бірге қайталандар

Қуант бізді таңырқат.

Шамдарынды жарқырат! 3 рет

(шырша шамы жанады,алақайлап қол соғады)

аяз ата : балалар менімен бірге ойын ойнайсындар ма ?

Балалар : ия

ойын : шыршаны безендіру

шарты : залда екі кішкентай шыршалар тұрады.Балалар екі топқа бөлініп шыршаны безендіреді.қай топ бірінші болса сол жеңеді.

ақшақар : Аяз ата балаларға сыйлық берейік

Аяз ата : иә,иә дұрыс айтасын!

Аяз ата. жарайсындар балаларым!Мен бүгін бір қуанып алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарын білімді,өнерлі екенсіндер.Киген киімдерін қандай әдемі !солай емес пе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болдыңдар.Ал енді біз жолға шығайықБасқада балалалардың өнерін тамашалайық.ал балаларым сендер өсе беріндер,өркендей беріндер!Аспандарын ашық болсын :Сау болындар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Ж: Құрметті қоңақтар,балалар!"Қош келдің, Жаңа 2017 жыл"жаңа жылдық мерекеміз аяқталып қалды.Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата -аналар,әріптестерім сіздерге мың алғыс!Көріп,тамашалағандарыңызға рахмет!жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, Жаңа 2017 жыл»

Тақырыбы : «Қош келдің ,Жаңа 2017 жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Сайықмазақ,Сыйқыршы, Мыстан–бикеш ,балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!Би снежинка. Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

1 Жүргізуші: Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2017 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

1 Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Абугалиев Аскар Төлегенұлына береміз.

2 Жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бір -бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық!

(Сайықмазақтар билеп кіреді)

Сайықмазақ : Қане біздің қоңақтар

Баскаға мойын бұрмандар!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңыздар!Армысыздар,халайық!

-Жақсы жайғастыңыздар ма,қымбатты достарым?Бәрі естіліп ,көрініп тұр ма ?Бәріне орын жетті ма?Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз.Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

Хоровод ән «Жаңа жыл»

Сайықмазақ :

Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!


Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)


Сайықмазақ :-Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе ?Оны көру үшін бір көздерін жұмындар,ал екінші көздерімен дүрбіге караңдар.Кімді көрдіңдер?

Балалар : ешкім жоқ


Сайықмазақ : дұрыстап қараңдар балалар,дұрыстап.Сонымен ғажайып басталды .....(мыстан кемпір кіру музыка).

Мыстан : Уф,шаршадым .Мен өзі қайда келдім?Далада боран соғып тұр,түк көрінбейді.Мені таныдыңдар ма ?


Балалар :жоқ


Мыстан : қалайша сендер мені танымайсындар?Мен мыстан кемпірдің жалғыз немересі мыстан –бикешпін .Сендер неге мені жаңа жылға шақырмадыңдар?Қазір мен сендерге көрсетемін,не істесем екен ааааа,таптым-таптым.Мен сендердің шыршаларыңды сыйқырлап тастаймын.


(Музыка сыйқырлау)

Мыстан –бикеш :Аха-ха-ха


Сайықмазақ: (Мыстан бикештін қасына барады)Сәлеметсін бе мыстан бикеш!Жаңа жыл мерекесіне қош келдің!Сен өте әдемісін сұлусын...Неге көңіл күйін жоқ?


Мыстан бикеш: Сендер мені реңжіттіндер !Жаңа жылға шақырмадыңдар!


Сайықмазақ:Бізге ренжімеңіз балалармен бірге ойнаныз,билеңіз...


Мыстан бикеш:Ондай болса балалар менің бір шартым бар...


Сайықмазақ:Қандай шартын бар айта ғой.


Мыстан бикеш:Менің шартым ,маған әдемі ән айтып беріңдер.


Жүргізуші : Қане балалар мыстан бикештің шартын орындайсындар ма ?


Балалар : Иә


Жүргізуші : мектепалды даярлық топ тәрбиеленушісі Маукенова Арайлымның орындауында «Шыршаға бардық»әнін қабыл алыңыздар.


Сайықмазақ :Ой рахмет!Балалар мен сендерге ризамын!


Сайықмазақ :Мыстан бикеш екеуміз бірігіп сенің сыйқырынды артқа қайтарайық.


Мыстан :Жарааайды !

(Музыка сыйқырлау әуені)


Жүргізуші : Балалар бізге қоңақ келе жатыр ғой деймін,бір тықылдаған дауыс естіледі .


Музыка (осы кезде мешін кіріп келеді ,амандасады)


Мешін : Сәлеметсіндер ме ,кешіккен жоқпын ба ,мен сондай асықтым,сондай жүгірдім,кешігем деп қатты қорқтым,уақытында жеттім бе?

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім,

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2017 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.

Келесі жыл бастауын тауыққа берем.


Жүргізуші : Қош келдің ескі жыл .Сенің жылын бізге молшылық ,табыс,бақыт әкелді ,рахмет саған.Балалардың сізге арнаған жаңа жылдық тартуы бар.

  1. Мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушісі Макатаева Азияданың орындауында «Жаңа жыл» атты әнің қабыл алыңыз.

  2. Шағын орталық топ тәрбиеленушілердің орындауында «Жалқаубек» биін қарсы алайық.


Мешін :Рахмет сендерге балалар ! Менің кетуім керек,мен жаңа жыл тауықты тауып алып,сіздердің тосып отырғандарыңызды айтайын.Жақсы балалар,сау болындар!


Жүргізуші : О,халайық ,жараңдар!

Қилы-қилы заман бар.

Мешін жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О,халайық,халайық.

Қош айтысып қалайық!


Балалар : Сау болыңыз!


Жүргізуші : Балалар енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.


Балалар:Аяз ата,Ақшақар,Аяз ата,Ақшақар.


Жүргізуші: Балалар Аяз ата бізді естімей жатыр ,қаттырақ дауыстап шақырайық Аяз ата –Аяз ата (2 рет)


Балалар : Аяз ата –Аяз ата (2 рет)


(Залға Аяз ата кіреді)


Музыка Аяз ата мен Тауық кіреді


Аяз ата: Амансыңба ұлдарым,

Амансыңба қыздарым.

Қандай әсем жүздерін,

Қандай әсем жырларын.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарын сендерге,

Шаршап келдім алыстан.


Тауық: Мен жаңа жыл тауықпын,

Бақыт ,шаттық,молшылық әкелемін.

Бәріміз жаңа жылда аман болайық

Мерекені қарсы алайық ,шаттанайық.


Жүргізуші : Сәлеметсіз бе Аяз ата мен Жаңа жыл қош келдіңіздер!Төрлетіңіздер,шаршадыңыздар біраз тынығып алыңыздар.


Жүргізуші : Аяз ата сіздің Ақшақарыңыз қайда ?


Аяз ата : Жаңа сендерге келе жатыр едім,немеремнен адасып қалдым.Соны іздей,іздей шаршадым.

(Мыстан бикеш музыка)

Мыстан бикеш:(күліп) Ей,Аяз ата ондай немерені қайтесін,мына мендей сылқым тұрғанда.Астымдағы көлігім лексус,киімім –Шанель,әтірім –гучи,косметикам –Эйвон .Ал сенің немерен жыл бойы бір модадағы киіммен жүреді ,өзі әппақ қудай.


Сайықмазақ : Қайдағы сен өзіңді сұлумын деп тұрсын ба ? Біздің балабақшаның ата –аналары сенен де әдемі .Әдемі ата-аналар ортаға шығыныздаршы.

Залдан ата-аналарды шақырып «Шелек»ойынын ойнатады.


Ойын шарты: 5-6 ата-ана ортаға шығады,екі командаға бөлінеді.Қолдарына үлкен қасық беріледі,ыдыстағы суды төкпей шелекке құюы керек.Қай команда су көп құйса сол топ жеңеді . (музыка ойнап турады ).


Мыстан бикеш : Ой сендер де ,сұлусың дей салмайсындар ма .Жарайды аналарын сұлу –ақ болсын.Мыстан апама бәрін айтып беремін.Ой-ой көйлегімді кірлетіп алдым.(шешіп ,шелекке салып жуады да ,шыршаны айнала бере басқа шелек алып айналаға шашады)

Жүр Сайықмазақ Ақшақарынды ала бер .(Музыка Ақшақар залға кіреді)


Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме балалар!.Жаңа жылдарын құтты болсын!

Аяз ата қасына,

Менде еріп келемін.

Сендердей балғын достарға

Иіліп сәлем беремін.

Рахмет сіздерге сұлу ата-аналар!


Жүргізуші : Қош келдің Ақшақар кел төрлет!Аяз ата ,Ақшақар Жаңа жылға арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Тақпақтар айтылады.....


Аяз ата : Ой қандай өнерлі баласыңдар,тағы қандай өнерлерін бар ?



Жүргізуші : Аяз ата ,біздің балалар тақпақ ,ән ғана емес биде билей алады.

Қане балалар би билеп берейікші .

  1. Шағын орталық топ тәрбиеленушілердің орындауында «Балапан» биін қарсы алайық.

  2. Мектеп алды даярлық топтың орындауында «Қазақ» биін қарсы алайық.

Сайықмазақ : Ой ,балалар қандай жақсы билерін !

Жүргізуші :

  1. Мектеп алды даярлық топтың орындауында «Теңізшілер» биін қарсы алайық.

  2. Шағын орталық топ тәрбиеленушілермен мектеп алды даярлық топтын бірлесіп орындауындағы «Мики маус» биін қарсы алайық.

  3. Мектепалды даярлық топтыңтәрбиеленушілердің орындауында «Қамажай» биін қарсы алайық.

  4. Шағын орталық топ тәрбиеленушілердің орындауында «Ертегілер әлемінде» биін қабыл алыңыздар.

  5. Мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушісі Сағынбеков Алтынбектің орындауында «Буратино» биін қарсы алайық.

  6. Мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушісі Кумарова Радмираның орындауында «Үнді «биін қарсы алайық.

  7. Шағын орталық топ тәрбиеленушілердің орындауында «Божая коробка» биін қарсы алайық.

Ақшақар : Шырша неге жаңбай тұр ? Аяз ата шыршаны жағайықшы.

Аяз ата : Қане балалар шыршамызды жағайық.Менімен бірге қайталандар

Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат ! 3 рет

(шырша шамы жанады ,алақайлап қол соғады)

Аяз ата : балалар менімен бірге ойын ойнайсындар ма ?

Ойын : Қар лақтыру ойыны

Шарты : залда екі кішкентай шелек тұрады .Балар екі топқа бөлініп шелекке қар лақтырады .Қай топ коп қар жинаса сол жеңеді .

Жүргізуші : Аяз ата біздің балаларымыздың орындауында «Біз бақытты баламыз» хорді қабыл алыңыздар!

  1. Шағын орталық топ тәрбиеленушілердің орындауында Үнді биін қарсы алыңыздар..

  2. Шағын орталық топ тәрбиеленушісі Нурланқызы Еркенурмен Асетқызы Еркенурдың орындауында «Балдырған» әнін қабыл алыңыздар.

  3. Мектеп алды даярлық тобының оқушысы Макатаева Азияданын орындауында «Мен қазақтын қызымын» әнін қабыл алыңыздар.

(Аяз ата Туыққа,сайықмазаққа рахметін айтып,сыйлық таратады)

Аяз ата :Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарын да ақылды,білімді де өнерлі екенсіндер.Киген киімдерін қандай әдемі !Солай емес пе қызым?біздің сыйлығымызға риза болдыңдар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқада балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарын ашық болсын!Қош болындар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Жүргізуші : Құрметті қоңақтар,балалар! «Қош келдің,Жаңа жыл !» жаңа жылдық мерекеміз аяқталып қалды .Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата-аналар,әріптестерім сіздерге мың алғыс!Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!





«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі»КММ


«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры : ДТЖО

Абугалиев А.Т_____ Узақбаева С.С._____










«Қош келдің, Жаңа 2017 жыл» ертеңгілігі






Жауапты :Кокумбаева А.Е

Мукашева Т.С.
















2016-2017оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қош келдің, Жаңа 2017 жыл

Автор: Кокумбаева Айжан Есенгельдиевна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377029

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства