kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жылдық ертегі. Сыныптан тыс жұмыс. 2 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жыл мезгілдерімен қысқы ертегі» жаңа жылдық сценарий

Жүргізуші, Ақшақар, Аяз Ата, Жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс.

Балалар жүргізушімен безендірілген залға кіріп, «Шыршаға бардық» әнін қормен орындап, шыршаны айнала жүреді.

Жүргізуші:

Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің  бастауыш сынып балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

Қош келдің жаңа жылдық мереке

Қыс, шырша, Аяз Ата береке

Балаларды мен құттықтайын

Жұмбақтарды  жасырайын.

Менің білгім келеді,

Кім оны тез шешеді?

  1. Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)

  1. Аяз Ата келеді,

Өзімен бірге ертеді.

Ол кім?

  1. Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте (Шырша)

  1. Бір кісінің он екі баласы бар,
    Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
    Әр баласы сапарға шыққан сайын,
    Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай)

Ой, жарайсыңдар балалар. Жұмбақты өте жақсы шешесіңдер екен!

Ал, қазір ортаға Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

  • Аяз ата! Ақшақар!

Ортаға жалған аяз ата мен Ақшақар келіп әндетеді.

  • Ой балалар, бұл біздің Аяз ата мен Ақшақар емес қой!

Ақшақар кіреді. Ән салады. Балалар шыршаны айналып билейді.

  • Даусың қандай керемет еді.
  • Рахмет балалар. Аяз Атамыз қайда жүр екен? Қане, бәрімізге бірге шақырайық. Аяз Ата!
  • Аяз Ата!
  • Келе жатырмын! Келе жатырмын!

Бір жыл бұрын сендерге,

Келіп едік біз бірге.

Міне келдік тағы

Ән айтып, би билеуге.

Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймыз, Қуаныш, бақыт тілейміз!

Аяз Ата Ақшақарымен балалармен бірге шыршаны айналып әндетеді. «Шыршаға бардық»

Ақшақар: Біздің мерекемізде біз ертегілер еліне барамыз.  Жыл мезгілдерін қонаққа шақырамыз.

Аяз Ата: Ал, қанеки сиқырлы таяғым, бір, екі, үш! Сұлу қыз-Көктемді шақыр! (сиқырлы таяғымен үш рет соғады)

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балақайлар! Менің айларымды танисың ба, жоқ па? Жауап қатшы, тоқтап!

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.

Көктем:

  1. Қане баста, айым Наурыз

Оқи алар қай ұл, қай қыз?!

(кез келген кітаптан мәтін беріледі.)

  1. Келесі кезекте сен Сәуір,

Көрсетші қане қайсың тәуір?!

(жаңылтпашты қайталау)

  1. Мамырдың келді кезегі

Кім бірден жауап береді?!

(математикадан логикалық жұмбақтар)

Ақшақар: жарайсыңдар, балалар. Қандай ақылды дана едіңдер! Рахмет саған Көктем, тапсырмаларыңа.

Жүргізуші: Аяз Ата сіл тынығып, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Алдарыңызда Қасқырбай Айарудың орындауында «Қош келдің Жаңа жыл»әні. (ұлдар гномдар биіне киінеді)

Жүргізуші:

  • Кішкентай ғана адамдар,

         Бәрін жөндеп, іс қылар.

         Көрінбейді біздерге,

         Жауабын кәне табыңдар! (гномдар)

Ия балалар біздің мерекеге гномдар да өз өнерін көрсеткелі отыр. Қарсы алайық.

Аяз ата:

  1.  Күн ысып, су жылынып,

         Егін басын тұр иіп.

         Жеміс тердік бақшадан,

         Жеңімізді түрініп.(Жаз)

Аяз Ата: Ал, қанеки сиқырлы таяғым, бір, екі, үш! Жадыраған  Жазды  шақыр! (сиқырлы таяғымен үш рет соғады. Жаз келеді гүлді киіммен. )

Жаз: менің айларымды білесіңдер ме?

Балалар: маусым, шілде, тамыз

Жаз:

Маусымда сен демаласың,

Шомыласың, шынығасың!

Ал шынығуға бізге Сайқымазақ көмектеседі. Сайқымазақпен бірге билеп, шынығып алайық.

Жаз:

Шілдеде күн ыстықта,

Заңдылықты таптық па?

(тапсырма заңдылықты анықта)

Жаз:

Жаздың соңғы айы тамыз,

Жиынды оңай табамыз.

(Жиынды толықтыр, жиынға атау бер)

Ақшақар: Рахмет саған, Жаз, сенімен өте қызықты болды. Саубол!

Жүргізуші: тапсырмалардан сәл демалып, қызықты сиқырларды тамашалайық. Сиқыршымыз Ғазизұлы Нұркелдіні ортаға шақырамыз.

Аяз Ата: ал мына жұмбағымды шешу оңай болмас.

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)

Аяз Ата: Ал, қанеки сиқырлы таяғым, бір, екі, үш! Берекелі Күзді   шақыр! (сиқырлы таяғымен үш рет соғады. Күз келді сары жапырақты  киіммен. )

Күз: мен алтын күзбін, бас иіп сәлем беремін.

Менің тапсырмаларымды оңай ақ шешіп тастайсыз

Айларымды аташы, қане қайсың бастайсың?

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша

Күз бірінші жапырағын алып қыркүйектің тапсырмасын оқиды.

  1. Қыркүйекте оқу бастаймыз,

Ағылшынша біз сайраймыз.

(Демек тапсырмалар ағылшын тілінде болмақ)

Күз екінші жапырағын алып қазанның тапсырмасын оқиды.

  1. Күздің айы қазанда,

Ән шырқаймын мен таңда.

Күз үшінші жапырағын алып қарашаның тапсырмасын оқиды

  1. Қарашада іш пыспайды.

Балалар ойын ойнайды.

(полиглот ойыны. Сурет көрсетіледі. Атауын қазақша, орысша, ағылшынша атау керек.)

Ақшақар: Рахмет саған, Алтын Күз! Thank you. Good bye!

Жүргізуші: Ақмаржанның орындауында «Джингл белс» әнін қабыл алыңыз. (қыздар биге дайындалады)

2 «Ә» сынып қыздарының орындауында «Тілектер кемпірқосағы» биін тамашалаңыздар.

Аяз Ата: ал енді бұл менің соңғы жұмбағым

 Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада.

Балалар:(Қыс)

Аяз Ата:    Қонаққа ажарлы бізге Қыс  келді

                   Қызығы мен қуанышын ала келді.(сиқырлы таяғы 3 рет соғады)

Қыс: келді міне Қыс- сұлу,

Аязды және аппақ

Әкелді қапқа толтырып,

Ән мен би, тақпақ, жұмбақ

Қандай қыс айларын білесіздер, балалар?

Балалар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Балалар қыс айлары бізге қызықты ойындар әкелген. Ойнаймыз ба? Ойнайық!

Ақшақар: қандай қызықты ойындар рахмет саған Қыс! Кездескенше! Сау бол!

Ақшақар: бүгін біздің мерекеге ескі жыл мен жаңа жыл келіпті. Қане қарсы алайық.

Тауық жылы сөйлейді. Ит жылына орын береді.

Жүргізуші: ескі жыл мен жаңа жылдың құрметіне Телеғұс Нұртаңның орындауында лезгин биі.

Аяз Ата: ой балалар, жарадыңдар. Сендер өздеріңді тек қана көңілді емес, ақылды, зейінді оқушы екендігіңізді  көрсеттіңіздер! Жаңа жыл барлығыңызға тек бақыт әкелсін. Қане бәріміз бірігіп ән шырқап, шыршаны айналып би билейік.

Ән хор «Жаңа жыл»Ақшақар қызым балалардың сыйлығын таратып бере ғой.

Аяз ата: ал балалар қоштасатын сәт те келіп жетті. Көріскенше, қош сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жылдық ертегі. Сыныптан тыс жұмыс. 2 сынып

Автор: Ермагамбетова Сауле Максимовна

Дата: 22.12.2017

Номер свидетельства: 446081

Похожие файлы

object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс ж?мыс "Жа?ажылды? карнавал""
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan-tys-zhu-mys-zhan-azhyldyk-karnaval"
    ["file_id"] => string(6) "297268"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456159059"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс ж?мыс "?здік о?ырман" "
    ["seo_title"] => string(35) "synyptan-tys-zhu-mys-uzdik-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "181775"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425394815"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Жа?аша білім беруді? тиімділігі" та?ырыбында шы?армашылы? есеп"
    ["seo_title"] => string(72) "zhan-asha-bilim-bierudin-tiimdilighi-tak-yrybynda-shyg-armashylyk-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "256971"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448257418"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?лгерімі т?мен о?ушымен ж?мыс. "
    ["seo_title"] => string(37) "ulghierimi-tomien-ok-ushymien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "127590"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415345729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства