kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий

"Жаңа жылдық ертегі" 6-8 сыныптарға арналған жаңа жылдық сценарий

Жоспар:
Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).
Фанфары
1-хоровод Дәрібаевтар Жаңа жыл.
Ертегі басталуға фон
Фон хан сарайы
2-хоровод «Зырлайды шанамыз» айтылады.
3-хоровод «Шыршаға бардық»
«Жаңа жыл» әні. Орындайтындар А.Нагашибаева мен Ж.Өмірбаева
«Танец снежков» 6 «г» -7 «в» сынып оқушылары
Қулмурзин Қанат және Сатбаев Таир Фокус өнері
Барлық шарттар орындалғаннан кейін көктем басталады.(Әсем әуен, тамшылардың дыбысы, құстардың сайрағаны естіледі)
Жұма Гүлнұр үнді биі

Хор «Jingle Bells»

Интерактивті тақтадан жыл қорытындысын көрсету.
Фон тауық жылы  

4-хоровод: Шырша әні

Фон қой кету
Фон медленный

5- хоровод «Жаңа жыл»
Фон хан сарайы
«Бағала» ән, орындайтын Дәулен Е.
Флешмоб  (Санта клаустар) 6 «г» -7 «в»

Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).
Фанфары
Фон сказка

1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын. Ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші:
-Бармысыздар,замандас, бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізүші:
-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де көрмегенде арманда
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
-Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,арайың,
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа-жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші:
-Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1-хоровод Дәрібаевтар Жаңа жыл
Фон Монтаж.
Ертегі басталуға фон

Ұстаз: Бүгінгі үйренетініміз «Жыл мезгілдері». Бір жылда 4 мезгіл жіне 12 ай болады. Олар желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары. Ол кезде боран соғып, сақылдаған аязды күндер көп болады. Тіршілік атаулы өз індерін паналайды. Қыс артынан көктем келеді, наурызда қар еріп, жылғалардан су ағады, ал сәуірде ең керемет кезең басталады. Ағаштар бүр жарып, жер бетіне түрлі гүлдер көктейді, көп гүлдің ңшңнде ең кереметі- бәйшешек. Бәйшешек.

Ханшайым: Тоқта, тоқта. Бәйшешек ол қандай гүл, менің тез арада соны көргім келеді.

Ұстаз: (абыржулы) Бірақ ханшайымым, ол мүмкін емес?! Ол тек сәу»рде гүлдейді. Ал қазір Желтоқсан.

Ханшайым: Тоқтат! Желтоқсан жаңа жыл Таптым қандай сыйлық керегін мереке қарсаңында бәйшешек көргім келеді! Басқа сыйлықтың керегі жоқ маған! Бәйшешек керек, бәйшешек!
Қызметші: ұлы мәртебелім, қазір қыстың қақ ортасы, бұл уақытта ешқашан бәйшешек болмайды да, болуы да мүмкін емес!
Ханшайым: ештеңе де естігім келмейді! Менің бұйрығымды тыңда, Жаз

« кім жаңа жыл қарсаңында патшалыққа бір себет толы бәйшешек әкелсе, сол адамды бір сандық сыйлықпен марапаттаймын!»
(әміріңе құлдық, ұлы мәртебелі ханшайымым. Бұйрығыңызды қара халыққа жеткізейін.)
Хабаршы:
Тыңдаңыздар-тыңдаңыздар!Біздің мәртебелі ханшайымның бұйрығын орындауға шақырамын.Жаңа-жыл қарсаңында кім патша сарайына бір себет толы бәйшешек гүлдерін әкелсе, сол адамға бір сандық алтын береміз! Алтын береміз! Асығыңдар, асығыңдар!
Кемпірдің туған қызы: Анашым, жаңалықты естідің бе,анау біздің Настяны жіберсек қайтеді, орманға барып бір себет
толған бәйшешек әкелсін.
(Алмасын, пирожкиін жеп еркелеп отырады)
Кемпір : Дұрыс айтасың жіберсек, жіберейік.Ақылдым менің,қандай ақылдысың.
Әр мәселенің шешімін оңай таба аласың.
(бетінен сүйіп, маңдайынан иіскейді)
Бір құшақ отынын (ағаштарын) арқалап Настя келеді.
Кемпір: Настя, жаңалықты естідің бе ?Біздің Ханшайым бір себет гүл әкелген адамға бір сандық сыйлық беретінін айтыпты.Енді сен орманға барып, бір себет бәйшешек әкел!
Настя: Мәссаған! Қыс ортасында ненің бәйшешегі. Ол сәуір айында ғана шығады емес пе ?
Туған қызы : Әңгімені қой! Мә, себет, зымыра!
Настя: Мүмкін, мен.таң атқасын барармын? Қазір түн болды, оның үстіне боран соғып тұрғаны!
Кемпір: Бар кет, және бәйшешектерсіз келуші болма!
Егер көршілердің үйінде болғаныңды білсем, менен жақсылық күтпе, ұқтың ба?
Настя: Сендер мені түк те аямайсыңдар! Орманнан тірі оралмайтыным анық!
(жылап шығып бара жатады, боран, желдің дыбысы)
1-жүргізуші: Ал балалар,біз осылай қарап тұра береміз бе? Қанеки
Настяның көңілін көтеріп бір ән шырқап бермейміз бе?
Әр жерден балалардан дауыстары шығады:
- «Иә,иә,әрине, шырқаймыз!Настя, жабырқама, біз саған көмектесеміз!
Настя: Рахмет, балалар!
2-хоровод «Зырлайды шанамыз» айтылады.
Настя: (жылап, тоңып келеді) Жарық, бұл неткен жарық, барып көрейін.
Настя алаңға шығып 12-айды көреді:
Настя: Кеш жарық!Аталарым, ағаларым! Егер сіздердің әңгімелеріңізге
кедергі болмасам, алауларыңыздың қасына жылынып алуыма рұқсат па?
Желтоқсан: Саған да кеш жарық болсын, Настя! Кел жылынып ал, бірақ абайла, күйіп қалма!
Қаңтар: Қызым, бұл не қолыңдағы, себет пе? Сен осындай боран күні
жаңғақ жинауға келіп пе ең!
Настя: Жоқ ата, мен бәйшешекке келдім!
Қаңтар: Қандай бәйшешек? Қарағым ау,қазір бәйшешек гүлдемейді.
Сәуір айын күтуің керек қой!
Настя: Мен өзімде жақсы білемін ғой,ата!Бірақ амалым жоқ,өгей шешем қуып жіберді.. Ендеше, рахмет сіздерге! Алауларыңыздың жылуы жүрегіме дейін жетті.Сау болыңыздар!
Сәуір: Тоқта сұлуым,асықпа!Мәртебелі ағаларым,балалар!
Барлығымыз бір ауыздан бірігіп Настяға көмектеспейміз бе?Ағаларым,
бір сағат уақыт беріңіздерші, Настяға бәйшешек сыйлайын.
Қаңтар: Мен қарсы емеспін! Сендер не айтасыңдар Ақпан, Наурыз айлары?
Наурыз: Біз де келісеміз, солай емес пе ақпан айы?
Ақпан: Иә, келісемін. Бірақ балалар біздің әр қайсымыздың шарттарымызды орындау керек. Балалар не дейді екен?
-Балалар: Біз де келісеміз! Шарттардың барлығын орындаймыз.
Әр ай өз шарттарын қояды, балалар орындайды.
3-хоровод «Шыршаға бардық»
Фон январь

Қаңтар:
Барлық жерде жел соғып,
Қар жауып, дала борасын,
Түнге қарай күшейіп,
Барлық аймақ ақ мамыққа орансын!
Ендеше, шартым менің, балалар,
Түрлі-түрлі әсем әндер шырқалсын!
«Жаңа жыл» әні. Орындайтындар А.Нагашибаева мен Ж.Өмірбаева
Қаңтар:
Ендігі кезек сенде, Ақпан інім.
Ақпан: Жел тоқтасын, боран соқпасын!
Аяз күшейіп, уақытты ақпан қолға алсын!
Ал менің шартым, балалар,
Думан отын оятар
Би биленсін ортада!
«танец снежков» 6-7сынып оқушылары
Ақпан: Кезек сенде, Наурыз інім.
Наурыз: Кең далада қар түсін өзгертеді
Өзендегі мұз сынып,жылғалардан су жүріп,
Жер беті тіріледі.
Менің шартым орындар,Арамызда жігіттер бар

Қулмурзин Қанат және Сатбаев Таир Фокус өнері
Наурыз: иә, Сәуір бауырым, барлық шарттар орындалды, ендігі кезек өзіңде.
Сәуір: Көктем келді ортаға,
Құстар ән сап маңайға,
Көптен күткен бәйшешек
Толып шықты қырларға.
Барлық шарттар орындалғаннан кейін көктем басталады.(Әсем әуен, тамшылардың дыбысы, құстардың сайрағаны естіледі)
Сәуір: Настя, неғып тұрсың жылдам гүлдеріңді жина сенің бір-ақ сағат уақытың бар! (Сәуір бәйшешектерді шашып жүріп айтады)
Настя таңырқап тұрып:
Настя: -Мен үшін қыстың ортасында көктем басталды ма?Өз көзіме өзім сенбей тұрмын!Қандай ғажап!
(гүл теруге кіріседі; интерактивті тақтада көктемнің және бәйшешектердің суреті көрсетіледі)
Настя: Көп рахмет сіздерге 12-ай,көп рахмет сендерге балалар! Сіздерді ешқашан ұмытпаймын! Ал мен енді сарайға асығайын. Қош болыңдар.
Ертегіші: Балалар қуаныш пен шаттық сыйлар  Аяз ата мен Ақшақар да келеді.
Хабаршы залды айналып аяз атаның келе жатқанын хабарлайды:
Қарсы алыңдар Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр. Қарсы алыңдар!
Барлығы бірігіп аяз атаның келуін тамашалайды.
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
 Қуаныңдар, балалар, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
 Аяз ата келеді Ақшақармен,
 Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Шалқар ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
Жұма Гүлнұр үнді биі
1-жүргізуші: Аяз ата, біздің бір қиындығымыз бар. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?
Аяз ата: Әрине мен көмектесемін, мен үшін шешімін таппайтын мәселе бар ма? Қанеки, қиындықтарыңды айтыңдар.
2-жүргізуші: Атажан, біз барлығымыз бірігіп Настяға көмектесіп он екі айдың шарттарын орындадық.
Аяз ата: Ендеше біз де бұл мәртебелі айларға алғыс білдіріп, немерелеріммен бірге бір ән орындап берейін. Қане балаларым.

Хор «Jingle Bells»
Настя: Шырша, шырша, жасыл шырша
Жаңа жылдың мәнісің,
Әрбір үйдің сәнісің!
Сұлу шырша, ғажап шырша,
Қараңғы түнде жанып сен,
Қане маған жол көрсет.!
Шамдарыңды жарқыратшы,
Балаларды таңырқатшы..!
Барлығы бірге: Шамдарыңды жарқыратшы,

                            Балаларды таңырқатшы..!

Фон шырша жану
Настя: Рахмет сендерге,сарайға барар  жол көрсеткеніңе рахмет.

1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “мешін” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алайық
Мешін жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:  Иә,мешін биылғы жылға айтар өкпе назың бар ма?!

Мешін жылы: Уақытқа айтар алғысым шексіз, себебі балалар білімді өнерлі екен, қол жеткізген жетістіктері көп болды. Менің сөзімнің дәлелдеріне назар аударайық.
Мешін жылы:  Осы жерде тауық бауырыма жолығып кетейін деп келдім. Иә Ата, жылдардың алмасу кезеңі де таяп қалыпты.
Фон тауық /осы кезде тауық  жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, мешін жылы! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.

Ертегіші: Армысың жаңа жыл бізде сені асыға күтіп тұрмыз. Ендеше барлығымыз бірге бір әсем ән шырқап алайық.
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата : Ал, балалар, Настяжан, он екі ай, бүгін біз барлығымыз бірігіп үлкен шаруа атқардық, қыс ортасында көктемнің келуі ол бір ғажайып құбылыс, қане Сәуір достым, гүлдеріңді сыйлай ғой Настяға, ал мен болсам басқа елдерге қарай жылжиын.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Сіздердің әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
5- хоровод «Жаңа жыл»
Настя залға қайта оралып: Ұлы мәртебелі патшайым, сіздің тілегіңіз орындалды, бұл бұйрығыңызды орындауға маған көп мейірімді жандардың көмегі тиді.
Ханшайым: тамаша, алақай, менің бәйшешектерім! Қызметшісіне қарап : уәделескен бір сандық сыйлығын беріңдер!
Настя: Балар, мен бүгін сіздердің арқаларыңызда тірі қалып, осындай сыйлыққа ие болдым, енді осы сыйлығыммен сіздермен бөлісейін. Барлығыңызға мың алгыс!
Ертегіші: Настя еліне қайтып, патшалыққа гүл әкеледі, ал патшалық Настяға сандық толы сыйлықтар береді. Бірақ Настя ол сыйлықтарды өзіне алмай, балаларға алғыс ретінде таратады. Ал кемпір мен оның туған қызын «12-ай» жазалағаны туралы хабар келеді.
«Бағала» ән, орындайтын Дәулен Е.
Настяның үйіне аман-есен жетіп, бақытты өмір сүруіне орай оқушылар, жалпы зал, барлық карнавалға қатысушылар болып флэш-моб билейді.

Назарларыңызға рахмет!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий»

"Жаңа жылдық ертегі" 6-8 сыныптарға арналған жаңа жылдық сценарий

Жоспар:
Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).
Фанфары
Фон сказка
1-хоровод Дәрібаевтар Жаңа жыл
Фон Монтаж.
Ертегі басталуға фон
Фон хан сарайы

Фон сказка!
Фон боран
2-хоровод «Зырлайды шанамыз» айтылады.
Фон боран.

Фон гари –гари ясно
3-хоровод «Шыршаға бардық»
Фон январь
«Жаңа жыл» әні. Орындайтындар А.Нагашибаева мен Ж.Өмірбаева
«Танец снежков» 6 «г» -7 «в» сынып оқушылары
Қулмурзин Қанат және Сатбаев Таир Фокус өнері

Фон көктем
Барлық шарттар орындалғаннан кейін көктем басталады.(Әсем әуен, тамшылардың дыбысы, құстардың сайрағаны естіледі)
Фон аяз ата
Жұма Гүлнұр үнді биі

Хор «Jingle Bells»

Фон шырша жану
Фон мешін жылы
Интерактивті тақтадан жыл қорытындысын көрсету.
Фон тауық жылы

4-хоровод: Шырша әні

Фон қой кету
Фон медленный

5- хоровод «Жаңа жыл»
Фон хан сарайы
«Бағала» ән , орындайтын Дәулен Е.
Флешмоб (Санта клаустар) 6 «г» -7 «в»

















Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).
Фанфары
Фон сказка

1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын. Ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші:
-Бармысыздар,замандас, бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізүші:
-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де көрмегенде арманда
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
-Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып ,арайың,
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа-жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші:
-Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп ,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1-хоровод Дәрібаевтар Жаңа жыл
Фон Монтаж.
Ертегі басталуға фон

Ертегіші:
Ертегі көруге шақыру туралы сөз:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар,
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Айлар келіп бір шешімге,
Достаспақшы ниетпен,
Жиналыпты келісімге
Соныменен,балалар,
Жаңа-жылға арналған,
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Фон хан сарайы

Ұстаз: Бүгінгі үйренетініміз «Жыл мезгілдері». Бір жылда 4 мезгіл жіне 12 ай болады. Олар желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары. Ол кезде боран соғып, сақылдаған аязды күндер көп болады. Тіршілік атаулы өз індерін паналайды. Қыс артынан көктем келеді, наурызда қар еріп, жылғалардан су ағады, ал сәуірде ең керемет кезең басталады. Ағаштар бүр жарып, жер бетіне түрлі гүлдер көктейді, көп гүлдің ңшңнде ең кереметі- бәйшешек. Бәйшешек ....

Ханшайым: Тоқта, тоқта... Бәйшешек ол қандай гүл, менің тез арада соны көргім келеді.

Ұстаз: (абыржулы) Бірақ ханшайымым, ол мүмкін емес?! Ол тек сәу»рде гүлдейді. Ал қазір Желтоқсан...

Ханшайым: Тоқтат!!! Желтоқсан жаңа жыл Таптым қандай сыйлық керегін мереке қарсаңында бәйшешек көргім келеді! Басқа сыйлықтың керегі жоқ маған! Бәйшешек керек, бәйшешек!
Қызметші: ұлы мәртебелім, қазір қыстың қақ ортасы, бұл уақытта ешқашан бәйшешек болмайды да , болуы да мүмкін емес!
Ханшайым: ештеңе де естігім келмейді! Менің бұйрығымды тыңда, Жаз

« кім жаңа жыл қарсаңында патшалыққа бір себет толы бәйшешек әкелсе, сол адамды бір сандық сыйлықпен марапаттаймын!»
(әміріңе құлдық, ұлы мәртебелі ханшайымым. Бұйрығыңызды қара халыққа жеткізейін....)
Хабаршы:
Тыңдаңыздар-тыңдаңыздар!Біздің мәртебелі ханшайымның бұйрығын орындауға шақырамын .Жаңа-жыл қарсаңында кім патша сарайына бір себет толы бәйшешек гүлдерін әкелсе, сол адамға бір сандық алтын береміз!!! Алтын береміз! Асығыңдар, асығыңдар!!
Фон сказка
Кемпірдің туған қызы: Анашым, жаңалықты естідің бе,анау біздің Настяны жіберсек қайтеді, орманға барып бір себет
толған бәйшешек әкелсін.
(Алмасын, пирожкиін жеп еркелеп отырады)
Кемпір : Дұрыс айтасың жіберсек, жіберейік.Ақылдым менің,қандай ақылдысың...
Әр мәселенің шешімін оңай таба аласың...
(бетінен сүйіп, маңдайынан иіскейді)
Бір құшақ отынын (ағаштарын) арқалап Настя келеді.
Кемпір: Настя, жаңалықты естідің бе ?Біздің Ханшайым бір себет гүл әкелген адамға бір сандық сыйлық беретінін айтыпты .Енді сен орманға барып, бір себет бәйшешек әкел!
Настя: Мәссаған!!! Қыс ортасында ненің бәйшешегі. Ол сәуір айында ғана шығады емес пе ?
Туған қызы : Әңгімені қой! Мә, себет, зымыра!!!
Настя: Мүмкін , мен ...таң атқасын барармын? Қазір түн болды, оның үстіне боран соғып тұрғаны!!!
Кемпір: Бар кет, және бәйшешектерсіз келуші болма!
Егер көршілердің үйінде болғаныңды білсем, менен жақсылық күтпе, ұқтың ба?
Настя: Сендер мені түк те аямайсыңдар! Орманнан тірі оралмайтыным анық!!!
Фон боран
(жылап шығып бара жатады, боран, желдің дыбысы)
1-жүргізуші: Ал балалар,біз осылай қарап тұра береміз бе? Қанеки
Настяның көңілін көтеріп бір ән шырқап бермейміз бе?
Әр жерден балалардан дауыстары шығады:
- «Иә,иә,әрине, шырқаймыз!Настя, жабырқама, біз саған көмектесеміз!!!
Настя: Рахмет, балалар!
2-хоровод «Зырлайды шанамыз» айтылады.
Фон боран.

Настя: (жылап, тоңып келеді) Жарық, бұл неткен жарық, барып көрейін.
Настя алаңға шығып 12-айды көреді:
Настя: Кеш жарық!Аталарым, ағаларым! Егер сіздердің әңгімелеріңізге
кедергі болмасам, алауларыңыздың қасына жылынып алуыма рұқсат па?
Желтоқсан: Саған да кеш жарық болсын, Настя! Кел жылынып ал , бірақ абайла, күйіп қалма!
Қаңтар: Қызым, бұл не қолыңдағы , себет пе? Сен осындай боран күні
жаңғақ жинауға келіп пе ең!
Настя: Жоқ ата, мен бәйшешекке келдім!
Қаңтар: Қандай бәйшешек? Қарағым ау,қазір бәйшешек гүлдемейді.
Сәуір айын күтуің керек қой!
Настя: Мен өзімде жақсы білемін ғой,ата!Бірақ амалым жоқ,өгей шешем қуып жіберді....... Ендеше, рахмет сіздерге! Алауларыңыздың жылуы жүрегіме дейін жетті...Сау болыңыздар!
Сәуір: Тоқта сұлуым,асықпа!Мәртебелі ағаларым,балалар!
Барлығымыз бір ауыздан бірігіп Настяға көмектеспейміз бе?Ағаларым,
бір сағат уақыт беріңіздерші, Настяға бәйшешек сыйлайын.
Қаңтар: Мен қарсы емеспін! Сендер не айтасыңдар Ақпан, Наурыз айлары?
Наурыз: Біз де келісеміз, солай емес пе ақпан айы?
Ақпан: Иә, келісемін. Бірақ балалар біздің әр қайсымыздың шарттарымызды орындау керек. Балалар не дейді екен?
-Балалар: Біз де келісеміз! Шарттардың барлығын орындаймыз.
Әр ай өз шарттарын қояды, балалар орындайды.
3-хоровод «Шыршаға бардық»
Фон январь
Қаңтар: Барлық жерде жел соғып,
Қар жауып, дала борасын,
Түнге қарай күшейіп,
Барлық аймақ ақ мамыққа орансын!
Ендеше, шартым менің, балалар,
Түрлі-түрлі әсем әндер шырқалсын!!!
«Жаңа жыл» әні. Орындайтындар А.Нагашибаева мен Ж.Өмірбаева
Қаңтар: Ендігі кезек сенде, Ақпан інім.
Ақпан: Жел тоқтасын, боран соқпасын!
Аяз күшейіп, уақытты ақпан қолға алсын!
Ал менің шартым, балалар,
Думан отын оятар
Би биленсін ортада!!!
«танец снежков» 6-7сынып оқушылары
Ақпан: Кезек сенде, Наурыз інім.
Наурыз: Кең далада қар түсін өзгертеді
Өзендегі мұз сынып,жылғалардан су жүріп,
Жер беті тіріледі...
Менің шартым орындар,

Арамызда жігіттер бар

Қулмурзин Қанат және Сатбаев Таир Фокус өнері

Фон көктем
Наурыз: иә, Сәуір бауырым, барлық шарттар орындалды, ендігі кезек өзіңде...
Сәуір: Көктем келді ортаға,
Құстар ән сап маңайға,
Көптен күткен бәйшешек
Толып шықты қырларға...
Барлық шарттар орындалғаннан кейін көктем басталады.(Әсем әуен, тамшылардың дыбысы, құстардың сайрағаны естіледі)
Сәуір: Настя, неғып тұрсың жылдам гүлдеріңді жина сенің бір-ақ сағат уақытың бар! (Сәуір бәйшешектерді шашып жүріп айтады)
Настя таңырқап тұрып:
Настя: -Мен үшін қыстың ортасында көктем басталды ма?Өз көзіме өзім сенбей тұрмын!Қандай ғажап!
(гүл теруге кіріседі; интерактивті тақтада көктемнің және бәйшешектердің суреті көрсетіледі)
Настя: Көп рахмет сіздерге 12-ай,көп рахмет сендерге балалар! Сіздерді ешқашан ұмытпаймын!!! Ал мен енді сарайға асығайын.. Қош болыңдар.
Ертегіші: Балалар қуаныш пен шаттық сыйлар Аяз ата мен Ақшақар да келеді.
Хабаршы залды айналып аяз атаның келе жатқанын хабарлайды:
Қарсы алыңдар Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр. Қарсы алыңдар!!!
Барлығы бірігіп аяз атаның келуін тамашалайды.
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
Қуаныңдар, балалар, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Фон аяз ата
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
2-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
1-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
- Көлі шалқып, балығы қойдай тулаған, талай батыр мекені қарт Шалқарға келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Шалқар ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
Жұма Гүлнұр үнді биі
1-жүргізуші: Аяз ата, біздің бір қиындығымыз бар. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?
Аяз ата: Әрине мен көмектесемін, мен үшін шешімін таппайтын мәселе бар ма? Қанеки, қиындықтарыңды айтыңдар.
2-жүргізуші: Атажан, біз барлығымыз бірігіп Настяға көмектесіп он екі айдың шарттарын орындадық.
Аяз ата: Ендеше біз де бұл мәртебелі айларға алғыс білдіріп, немерелеріммен бірге бір ән орындап берейін. Қане балаларым...

Хор «Jingle Bells»

(Қараңғы, Настя шыршаның жануын өтініп, жол көрсетуін сұрайды, балалар да оған қосылып сұрайды. Сол сәтте шырша жанып, барлығы қуанады)
Настя: Шырша, шырша, жасыл шырша
Жаңа жылдың мәнісің,
Әрбір үйдің сәнісің!
Сұлу шырша, ғажап шырша,
Қараңғы түнде жанып сен,
Қане маған жол көрсет...!
Шамдарыңды жарқыратшы,
Балаларды таңырқатшы.....!
Барлығы бірге: Шамдарыңды жарқыратшы,

Балаларды таңырқатшы.....!

Фон шырша жану
Настя: Рахмет сендерге,сарайға барар жол көрсеткеніңе рахмет.


1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “мешін” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алайық
Фон мешін жылы
Мешін жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата: Иә,мешін биылғы жылға айтар өкпе назың бар ма?!

Мешін жылы: Уақытқа айтар алғысым шексіз, себебі балалар білімді өнерлі екен, қол жеткізген жетістіктері көп болды. Менің сөзімнің дәлелдеріне назар аударайық.

Интерактивті тақтадан жыл қорытындысын көрсету.
Мешін жылы: Осы жерде тауық бауырыма жолығып кетейін деп келдім. Иә Ата, жылдардың алмасу кезеңі де таяп қалыпты.
Фон тауық /осы кезде тауық жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, мешін жылы! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.

Ертегіші: Армысың жаңа жыл бізде сені асыға күтіп тұрмыз. Ендеше барлығымыз бірге бір әсем ән шырқап алайық.

4-хоровод: Шырша әні
Қой : Ал, мешін інім, жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Мешін жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
Фон қой кету
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата : Ал, балалар, Настяжан, он екі ай, бүгін біз барлығымыз бірігіп үлкен шаруа атқардық, қыс ортасында көктемнің келуі ол бір ғажайып құбылыс, қане Сәуір достым, гүлдеріңді сыйлай ғой Настяға, ал мен болсам басқа елдерге қарай жылжиын.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Сіздердің әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
фон медленный
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін..
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
5- хоровод «Жаңа жыл»
Фон хан сарайы

Настя залға қайта оралып: Ұлы мәртебелі патшайым, сіздің тілегіңіз орындалды , бұл бұйрығыңызды орындауға маған көп мейірімді жандардың көмегі тиді.
Ханшайым: тамаша, алақай, менің бәйшешектерім! Қызметшісіне қарап : уәделескен бір сандық сыйлығын беріңдер!
Настя: Балар, мен бүгін сіздердің арқаларыңызда тірі қалып, осындай сыйлыққа ие болдым , енді осы сыйлығыммен сіздермен бөлісейін. Барлығыңызға мың алгыс!
Ертегіші: Настя еліне қайтып, патшалыққа гүл әкеледі, ал патшалық Настяға сандық толы сыйлықтар береді. Бірақ Настя ол сыйлықтарды өзіне алмай, балаларға алғыс ретінде таратады. Ал кемпір мен оның туған қызын «12-ай» жазалағаны туралы хабар келеді.
«Бағала» ән , орындайтын Дәулен Е.
Настяның үйіне аман-есен жетіп, бақытты өмір сүруіне орай оқушылар, жалпы зал, барлық карнавалға қатысушылар болып флэш-моб билейді.

Назарларыңызға рахмет!!!




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий

Автор: Загитова Мирамгуль Загитовна

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378566

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Алтын балық" ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(71) "altyn_balyk_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "447592"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514901046"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Жа?а жылды? ертегі" 5-7 сыныптар?а арнал?ан жа?а жылды? сценарий"
    ["seo_title"] => string(76) "zhan-a-zhyldyk-iertieghi-5-7-synyptarg-a-arnalg-an-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "273787"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452269274"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства