kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қалдырған ізін мәңгілік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 – жүргізуші:

Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, Пана деп сені ұғамын.

Көктемсің нұры, нәрі мол

Дихансың және, кеншісің және мұғалім.

Қалыпшы деп те айта алам,

Құрыштай құйып, шыңдаған балғын жас жанды.

Мектептен түлек майталман,

Батырдың жолы, Бақыттың жолы басталды.

Өзіңсің өрен зергер де

Алмастың қырын, Болаттың жүзін жандырған.

Қарыздар саған елдер де,

Қарыздар космос, қарыздар жер де жаңғырған.

Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып сансыз, Дәптерге қанша түнейсің!

Суарып білім шәрбетпен

Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Мың рахмет, ұстаз-мұғалім!

Ардақтан адам көтерсін сені жыр-таққа.

Ұлы елдің баулап ұланын

Жасарып жылда жасай бер әрбір ұрпақта.

2 – жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқу-өндіріс шеберлері! «Қалдырған ізің мәңгілік» атты мұғалімдер күніне арналған жыр кешіне қош келдіңіздер. Сіздерді төл меркелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

1 – жүргізуші:

Мұғалімдер күні – әлемдегі ең көрікті мерекелердің бірі. Өйткені ғалым мен жұмысшы да, әкім мен ақын да, ғарышкер мен дәрігер де болашаққа ұстаз алдынан қанаттанады. Сондықтан бұл күні әрбір ұстаз мәртебесі биіктей түседі. Сіздерге ақжарқын көңіл, ақылды шәкірт, мол бақыт тілейміз.

2 – жүргізуші:

Абыройлы еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңыз аман болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

1 – жүргізуші:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтайды, ұстаздарым, баршаңды.

Алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Санат Даленұлына беріледі.

Сахналық қойылым

(сахна сыртынан оқылады)

Колледж деген киелі ұғым, ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай-талай азамат!

Күні кеше ғана емес пе еді мектеп табалдырығын жүрегім лүпілдеп аттап партаға отырғаным. Күні кеше ғана емес пе еді балалықтың бал дәуренін достарыммен бірге өткізгенім. Күні кеше ғана емес пе еді колледжге түсіп қолыма диплом алғаным. Күні кеше ғана емес пе еді мектебіммен, колледжбен, ұстаздарыммен қалай қоштасқаным. Бәрі де күні кеше ғана еді.

(Музыка ойнап тұрады, сахнаға көп жылдан соң бас қосқан достар шығады, барлығы ашық-жарқын, қуанышты көңіл күйде.)

Студент:  Міне, бірнеше жылдан соң бас қостық, менің қымбатты студенттік достарым. Білесіңдер ме, мен колледжді қатты сағындым, ұстаздарды сағындым.

Студент: Ал, мен ше? Менің сағынышым тіпті шексіз. Оларға деген сағынышым жыр болып төгіліп еді.

(Өлең оқиды)

Бір арманға тоғысса ойы достардың,

Алда әлі белестер мен асқар шың.

Білім менен ғылым ғана көкжиек,

Ұстаз қауым-жолбасшысы жастардың.

Әлем сонда теңселмейді, нық тұрар,

Сұлулық пен пәк сезімді ұқтырар.

Қаруымен күшейгендер жоғалып,

Үстем болсын, білімменен мықтылар!

Менің ақын болуыма, азамат болуыма сол ұстаздарым елеулі еңбек етті. Бәрің де бір сәт ойланыңдаршы, біз кімнің арқасында осындай дәрежеге жеттік? Бізге білім мен тәрбие берген аяулы жандарды қалай ұмытамыз?

Ақжол, өзіңнің осындай биікке жетіп, мақтаулы қызметкер болуыңа ұзтазыңның үлесі жоқ деп көрші, жоқ дей алмайсың.

Студент: О-о. жоқ деп айтсам, менің күнәға батқаным емес пе? Әрине алпауыт  мекемеде атымның оза шауып жүргені сол ұстаздарымыздың арқасы емес пе?

Студент: Тимур, сені қазір бір үлкен қожалықты басқарып жүр деп естідік.

Студент:Сол ауылшаруашылығына деген қызығушылығымды шыңдап, осындай дәрежеге жетуіме себеп болған ардақты ұстазым Мир ағай еді ғой.

Студент: Дүниеде үш адамның алдындағы парызы өтелмейді дейді. Мүмкін ұстаздар алдындағы қарызымызды болашақта жақсы азамат болып, халқымызға адал қызмет етсек – өтегеніміз шығар.

Студент: Эх! Ұрпақ болшағын жан-дүниесімен толғаған сол аяулы жандар біз туралы еске ала ма екен?

Студент: Иә, өмірімізге үлкен бетбұрыс жасайтын, білімнің нәрін себетін ақылшы дос, адам жан-дүниесінің таразысы – ұстаздар шәкірттерін ешқашан ұмытпайды.

Студент: Ендеше, біздің де оларды ұмытуға қақымыз жоқ, достар!

Студент: Олай болса, ұстаз туралы ән шырқайықшы достар!

Ән: «Ұстазым»

1 – жүргізуші:

Ұстаздарым – сәуле шашар нұрымыз

Биіктерден көрініп сіз тұрыңыз.

Бас иеміз тағзым етіп баршаңа

Бір сіздерге араналады жырымыз.

(Студенттер ұстаздарға арналған жыр шумақтарын оқиды.)

Студенттер:

  • Бүгін осы залда оқу мен тәрбие жолында аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген колледж басшылары отыр.
  • Бүгін осы залда кәсіби жолда білім беріп жүрген оқу-өндіріс шеберлері отыр.
  • Бүгін осы залда білімнің биік шыңына жетелеген ұстаздарымыз отыр.
  • Бүгін осы залда біздің жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырған жанашырымыз – топ жетекшілеріміз, тәрбиешіміз отыр.
  • Бүгін осы залда біз ерекше пір тұтатын, үлгі тұтатын колледжіміздің ұстаздары отыр.

2 – жүргізуші:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін.

Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рахметін.

(залда отырған ұстаздарға гүл сыйлау)

Ән: «Аппақ гүлдер»

1 – жүргізуші:

Жоқ еді-ау сірә, о, ұстазым, сенде мін

Тек өзің ғана қиынды күшпен жең дедің.

Бүгін де біздер көрінсек биік шыңдардан,

Ол-дағы сенің қажымас қайрат еңбегің.

Іздеймін тынбай, табылар деймін керегім,

Барымды сарқа Отанға, елге беремін.

Шабытқа шабыт тудырып әлі жүрсең де,

Бәрі де сенің – ақылың, ойың дер едім.

Би:

2 – жүргізуші:

Үйретіп, тәрбиелеп жас баланы,

Ашылар білімменен жас таланы.

Адамның бойындағы бар жақсылық

Ұстазды қадірлеуден басталады.

Қадірлейік, қастерлейік, құрметтейік ұстазды.

Хор: «Ұстазым.»

1 – жүргізуші:

Жаралған жалын оттан өршіл тұлғаң,

Санама сәуле бердің жарық нұрдан.

Кетпейді құлағымнан қоңыр үнің,

Ассам деп талай асу қия-қырдан.

Бойыңнан сарқылмасын күш ағының,

Мен бүгін ішіндемін құшағыңның.

Сіздерге ұзақ өмір, бақыт тілеп

Құттықтап меркеңмен құшамын мың!

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қалдырған ізін мәңгілік"»

«Сырым колледжі» МКҚК
















«Қалдырған ізің мәңгілік...»

(Ұстаздар күніне арналған мерекелік кештің сценарийі)











Өткізген: Н.Б.Берсебаева













2016 жыл


1 – жүргізуші:

Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, Пана деп сені ұғамын.

Көктемсің нұры, нәрі мол

Дихансың және, кеншісің және мұғалім.


Қалыпшы деп те айта алам,

Құрыштай құйып, шыңдаған балғын жас жанды.

Мектептен түлек майталман,

Батырдың жолы, Бақыттың жолы басталды.


Өзіңсің өрен зергер де

Алмастың қырын, Болаттың жүзін жандырған.

Қарыздар саған елдер де,

Қарыздар космос, қарыздар жер де жаңғырған.


Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып сансыз, Дәптерге қанша түнейсің!

Суарып білім шәрбетпен

Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.


Мың рахмет, ұстаз-мұғалім!

Ардақтан адам көтерсін сені жыр-таққа.

Ұлы елдің баулап ұланын

Жасарып жылда жасай бер әрбір ұрпақта.


2 – жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқу-өндіріс шеберлері! «Қалдырған ізің мәңгілік» атты мұғалімдер күніне арналған жыр кешіне қош келдіңіздер. Сіздерді төл меркелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.


1 – жүргізуші:

Мұғалімдер күні – әлемдегі ең көрікті мерекелердің бірі. Өйткені ғалым мен жұмысшы да, әкім мен ақын да, ғарышкер мен дәрігер де болашаққа ұстаз алдынан қанаттанады. Сондықтан бұл күні әрбір ұстаз мәртебесі биіктей түседі. Сіздерге ақжарқын көңіл, ақылды шәкірт, мол бақыт тілейміз.


2 – жүргізуші:

Абыройлы еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңыз аман болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!





1 – жүргізуші:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтайды, ұстаздарым, баршаңды.


Алғашқы құттықтау сөз колледж директоры Санат Даленұлына беріледі.


Сахналық қойылым

(сахна сыртынан оқылады)

Колледж деген киелі ұғым, ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай-талай азамат!

Күні кеше ғана емес пе еді мектеп табалдырығын жүрегім лүпілдеп аттап партаға отырғаным... Күні кеше ғана емес пе еді балалықтың бал дәуренін достарыммен бірге өткізгенім... Күні кеше ғана емес пе еді колледжге түсіп қолыма диплом алғаным... Күні кеше ғана емес пе еді мектебіммен, колледжбен, ұстаздарыммен қалай қоштасқаным... Бәрі де күні кеше ғана еді...

(Музыка ойнап тұрады, сахнаға көп жылдан соң бас қосқан достар шығады, барлығы ашық-жарқын, қуанышты көңіл күйде.)


Студент: Міне, бірнеше жылдан соң бас қостық, менің қымбатты студенттік достарым. Білесіңдер ме, мен колледжді қатты сағындым, ұстаздарды сағындым...


Студент: Ал, мен ше? Менің сағынышым тіпті шексіз. Оларға деген сағынышым жыр болып төгіліп еді.

(Өлең оқиды)

Бір арманға тоғысса ойы достардың,

Алда әлі белестер мен асқар шың.

Білім менен ғылым ғана көкжиек,

Ұстаз қауым-жолбасшысы жастардың.


Әлем сонда теңселмейді, нық тұрар,

Сұлулық пен пәк сезімді ұқтырар.

Қаруымен күшейгендер жоғалып,

Үстем болсын, білімменен мықтылар!

Менің ақын болуыма, азамат болуыма сол ұстаздарым елеулі еңбек етті. Бәрің де бір сәт ойланыңдаршы, біз кімнің арқасында осындай дәрежеге жеттік? Бізге білім мен тәрбие берген аяулы жандарды қалай ұмытамыз?

Ақжол, өзіңнің осындай биікке жетіп, мақтаулы қызметкер болуыңа ұзтазыңның үлесі жоқ деп көрші, жоқ дей алмайсың...


Студент: О-о... жоқ деп айтсам, менің күнәға батқаным емес пе? Әрине алпауыт мекемеде атымның оза шауып жүргені сол ұстаздарымыздың арқасы емес пе?


Студент: Тимур, сені қазір бір үлкен қожалықты басқарып жүр деп естідік.


Студент:Сол ауылшаруашылығына деген қызығушылығымды шыңдап, осындай дәрежеге жетуіме себеп болған ардақты ұстазым Мир ағай еді ғой.


Студент: Дүниеде үш адамның алдындағы парызы өтелмейді дейді. Мүмкін ұстаздар алдындағы қарызымызды болашақта жақсы азамат болып, халқымызға адал қызмет етсек – өтегеніміз шығар.


Студент: Эх! Ұрпақ болшағын жан-дүниесімен толғаған сол аяулы жандар біз туралы еске ала ма екен?


Студент: Иә, өмірімізге үлкен бетбұрыс жасайтын, білімнің нәрін себетін ақылшы дос, адам жан-дүниесінің таразысы – ұстаздар шәкірттерін ешқашан ұмытпайды.


Студент: Ендеше, біздің де оларды ұмытуға қақымыз жоқ, достар!


Студент: Олай болса, ұстаз туралы ән шырқайықшы достар!


Ән: «Ұстазым»


1 – жүргізуші:

Ұстаздарым – сәуле шашар нұрымыз

Биіктерден көрініп сіз тұрыңыз.

Бас иеміз тағзым етіп баршаңа

Бір сіздерге араналады жырымыз.


(Студенттер ұстаздарға арналған жыр шумақтарын оқиды.)


Студенттер:

  • Бүгін осы залда оқу мен тәрбие жолында аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген колледж басшылары отыр.

  • Бүгін осы залда кәсіби жолда білім беріп жүрген оқу-өндіріс шеберлері отыр.

  • Бүгін осы залда білімнің биік шыңына жетелеген ұстаздарымыз отыр.

  • Бүгін осы залда біздің жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырған жанашырымыз – топ жетекшілеріміз, тәрбиешіміз отыр.

  • Бүгін осы залда біз ерекше пір тұтатын, үлгі тұтатын колледжіміздің ұстаздары отыр.


2 – жүргізуші:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін.

Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рахметін.

(залда отырған ұстаздарға гүл сыйлау)


Ән: «Аппақ гүлдер»


1 – жүргізуші:

Жоқ еді-ау сірә, о, ұстазым, сенде мін

Тек өзің ғана қиынды күшпен жең дедің.

Бүгін де біздер көрінсек биік шыңдардан,

Ол-дағы сенің қажымас қайрат еңбегің.

Іздеймін тынбай, табылар деймін керегім,

Барымды сарқа Отанға, елге беремін.

Шабытқа шабыт тудырып әлі жүрсең де,

Бәрі де сенің – ақылың, ойың дер едім.


Би:


2 – жүргізуші:

Үйретіп, тәрбиелеп жас баланы,

Ашылар білімменен жас таланы.

Адамның бойындағы бар жақсылық

Ұстазды қадірлеуден басталады.

Қадірлейік, қастерлейік, құрметтейік ұстазды.


Хор: «Ұстазым.»


1 – жүргізуші:

Жаралған жалын оттан өршіл тұлғаң,

Санама сәуле бердің жарық нұрдан.

Кетпейді құлағымнан қоңыр үнің,

Ассам деп талай асу қия-қырдан.


Бойыңнан сарқылмасын күш ағының,

Мен бүгін ішіндемін құшағыңның.

Сіздерге ұзақ өмір, бақыт тілеп

Құттықтап меркеңмен құшамын мың!


Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Қалдырған ізін мәңгілік"

Автор: Берсебаева Назгуль Бактыгалиевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399686

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары"
    ["seo_title"] => string(80) "kudierin-zhu-makhan-mausymbaiu-lynyn-omiri-mien-u-rpak-k-a-k-aldyrg-an-mu-ralary"
    ["file_id"] => string(6) "326097"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463103878"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан" атты ?деби-?уенді кеш "
    ["seo_title"] => string(66) "m-n-ghi-olmies-zhyrymienien-iz-k-aldyrg-an-atty-diebi-uiendi-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "133865"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416591522"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?рпа??а ?шпейтіндей із ?алдыр?ан.   ."
    ["seo_title"] => string(32) "urpakkaoshpieitindieiizkaldyrgan"
    ["file_id"] => string(6) "290805"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455024116"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған"
    ["seo_title"] => string(42) "u_rpak_k_a_oshpieitindiei_iz_k_aldyrg_an_1"
    ["file_id"] => string(6) "411183"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493015610"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан"
    ["seo_title"] => string(37) "u_rpak_k_a_oshpiestiei_iz_k_aldyrg_an"
    ["file_id"] => string(6) "344218"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1474115234"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства