"М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан" атты ?деби-?уенді кеш
"М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан" атты ?деби-?уенді кеш
М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан
Армысыздар ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! ?адірменді жыр с?йер ?ауым!
?аза?ты? ?ара ?лені? кие т?тып, ж?регіні? т?бінен ?айнап шы??ан асыл жырларымен ?алы? ж?ртшылы?ты? махаббатына б?ленген жыр д?лділі: а?иы? а?ын, ?асыр а?ыны атан?ан М??а?али Ма?атаев шы?армашылы?ына арнал?ан "М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан" атты поэзия кешіне хош келді?іздер!
?уат алып Абайды? тіл к?шінен,
Жыр жазамын Абайды? ?лгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып т??ілем бір кісіден деп жырла?ан а?ын биыл тірі болса а?пан айыны? то?ызында 83 жас?а толар еді. Біра? біздердей жыр д?лділін ?лы?тайтын ?рпа?ы барда, а?ын есімі м??гі жасайды. Б?гінгі ?ткізілгелі отыр?ан кешіміз де со?ан бір д?лел болма?. Ендеше М. Ма?атаевты? с?зіне жазыл?ан С.?бді?алы?ованы? ?ні "Есі?е мені ал?айсы?"Раза?ова жа?аг?лді? орындауында ?абыл алы?ыздар.
М.Ма?атаев 1931 жылы 9 а?пан алматы обл. Нары??л ауданында?ы ?арасаз ауылында д?ниеге келді. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, м?дени-а?арту саласында т?рлі ?ызметтер ат?ар?ан.
Мектепте ?дебиет п?нінен саба? берді. Ауданды? газетте ?деби ?ызметкер болып істейді.
"?мір ?ле?і" ??рман?алиева Жазира.
А?ынны? "Райымбек! Райымбек", "Ильич", "А??улар ?ы?та?анда", "Мавр", "Моцарт. Жан азасы", т?різді поэма-тол?аулары, к?ркем аудармалары ?ал?ан, мы?нан астам ?ле?дер жаз, ан.
Просмотр содержимого документа
«"М??гі ?лмес жырыменен із ?алдыр?ан" атты ?деби-?уенді кеш »
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өленің кие тұтып, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген жыр дүлділі: ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған "Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған" атты поэзия кешіне хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 83 жасқа толар еді. Бірақ біздердей жыр дүлділін ұлықтайтын ұрпағы барда, ақын есімі мәңгі жасайды. Бүгінгі өткізілгелі отырған кешіміз де соған бір дәлел болмақ. Ендеше М. Мақатаевтың сөзіне жазылған С.Әбдіқалықованың әні "Есіңе мені алғайсың"Разақова жаңагүлдің орындауында қабыл алыңыздар.
М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпан алматы обл. Нарықұл ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарған.
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
"Өмір Өлеңі" Құрманғалиева Жазира.
Ақынның "Райымбек! Райымбек", "Ильич", "Аққулар ұықтағанда", "Мавр", "Моцарт. Жан азасы", тәрізді поэма-толғаулары, көркем аудармалары қалған, мыңнан астам өлеңдер жаз, ан.
Ендеше ақынның "Аққулар ұықтағанда" поэмасынан үзінді тыңдап көрейік. Тоғызбаев Қуат.
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақам жоқ дамылдарға.
Ия, махаббат әлемін Мұқалидай жырлаған адам кем де кем шығар: Ол "нағыз махабат армандады", ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбатада алады.
Ән: "Аңса жаным" Хамидуллаева Айя.
Отан!
Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан-мекенім, - тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақал-өсиет. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің-асқақ үлгісі бұл. Ендеше ақынның туған жеріне, еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік. "Елім саған ғашықпын" Нұртаева Айзере 5 "а".
"Үш бақытым" Шораева Айзат.
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата-баб дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали-поэзия алыбы.
"Поэзия" өлеңі. 7"Б" сынып оқушысы Қеңес Жансая.
Қазынам бар.
Біреуг берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардан өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы-өлең, досыда-өлең. Олай болса, келесі кезекті ақының Қара өлеңіне берейік Боранбаев Азамат 10 "а" сынып оқушысы.
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда, шамасына шаң жуытпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.
Соған байланысты өлеңдеріде өміршең тақырыпты толы.
"Бұзылған үй" Теңізбаева Жанар.
Ақын түс көрді. Түсінде "Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна калсам түсім екен". Анам бақытты болада екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге кеді. Москубаева Аружан.
Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Бірімізден біріміз арыламыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Ақынның жарына, аяулы әжесіне, балаларына,
Достарына, сағынышты махаббатына-баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен сазды да, ақын көкірегінің толғаныс-тебіреністен жасалған; бәрі де адамның өз демі, тынсындай , шынайы, табиғи.
Соның бірі « Сәби -Ана» Қуанышов Еркебұлан 11«А».
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтілделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер, айтылуда. Өткені Мұқали ел есінде қалу үшін туған ақын «Есіңе мені алғайсың» Тоғызбаев Қуат
Мен сені сүйгем
Жаныммен сүйгем жарық күн
Ақ саулең сенің аймалап мені,
Жарық күн
Тұрған да болар үстінде мынау табыттың
Ақынның өмір мен өлім жайындағы өлеңдері де көпшілік.
«Шыда, шыда» Әлібекова Әсел
«Ажалға» Қуанышов Еркебұлан
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.
Сел жырым ақтарылса арнасынан
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар,
Жалғасы бар жырымның жалғасы бар-деп жырлаған ақынның үміті ақталыпты. Поэзияға қалам тербеген жас ақындарымыз да бар. Ақынға арнау Есенжанова перизат.
Молдабекова Айдана ән:
Қазақ жыры мен қазақ өлеңін оқитын ел әр уақытта «өз өмірімен өлең өрген ақынды» сыры мен сиқыры мол ғаламда өзінің құндағына алып тербетер құдіреті жырдың да халқымен бірге, ұлы Тауларымен бірге, Ұлы даласымен бірге өмір сүріп, гұмыр кешері ақиқат. Осымен «мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арнаған поэзия кеші де соңына жетті. Қорытынды сөз кезегін Есенбаева Гүлжайна апайға береміз.